Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет78/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   153
Биологиялық тотығудың схемасы. 
1. Тотығуға ҮКЦ-ның 
ор 
ганикалық қышқылдары жəне алмасудың əртүрлі өнімдері 
ұшырайды. Атап айтсақ, гликолиз өнімдері, май қышқылының 
тотығу өнімдері болуы мүмкін. Бұл органикалық қышқылдар 


160
сəйкес дегидрогеназалардың əсерінен дегидрлену арқылы то-
тығады. Тікелей көптеген субстраттармен əрекеттесіп, оларды 
тотықтыра алатын дегидрогеназаларға пиридин ферменттер 
(ПФ) жатады. Субстрат сутегін жоғалтып тотығады, ал пиридин 
фермент тотықсызданады (оның коферменті НАД
+
НАДН
2
-ге ай-
налады), НАДН
2
өзінің апоферментімен байланысын үзіп, одан 
бөлінеді.
лактат пируват
ПФ (белок–НАД)
НАДН
2
+ белок
Бұл реакцияда бөлінетін энергияның мөлшері аз болғандық-
тан, АТФ синтездеуге жетпейді, сондықтан жылу түрінде бөлінеді.
2. НАДН
2
флавопротеидтермен (ФП) тотығады. НАДН

су-
тектерін жоғалтып тотыққанда, флавопротеидтер сутегін қосып 
алып (ФПН
2
) тотықсызданады. Осы сатыда 43кДж энергия 
бөлінеді. Макроэргтік байланыстың түзілуіне 33кДж энергия 
қажет, сондықтан биологиялық тотығудың осы сатысында бір 
молекула АТФ синтезделеді, ал энергияның қалған бөлігі жылу 
түрінде бөлінеді:
НАДН
2
НАД
+
ФП 
ФПН
2
3. ФПН
2
тотығып, екі сутегін убихинонға береді. Убихинон 
тотықсызданады (КоQН
2
):
ФПН
2
ФП
КоQ 
КоQН
2
4. Тізбектің басынан алыстаған сайын, сутегі атомының элек-
троны мен протоны арасындағы байланыстар əлсірей береді. 
Себебі тотығу-тотықсыздану реакцияларының əрбір сатысында 
электрон энергиясын біртіндеп беріп отырады. КоQH
2
деңгейінде 


161
сутегі атомындағы электрон мен протон арасындағы байланыс 
əбден əлсірегендіктен, біржола үзіледі:
2H → 2H
+
+ 2e

Протон ерітіндіде қалады, ал электрондар цитохром жүйесі 
арқылы оттегінің молекуласына тасымалданады.
5. Протонынан ажыраған электрондар екі Цхb (Ғе
3+

феррицитохромдарға қосылып, оларды 2Цхb (Ғе
2+
) ферро форма-
сына тотықсыздандырады, соңғысындағы темір екі валентті.
Тізбектің 3, 4, 5-ші сатыларындағы тотығу-тотықсыздану ре-
акцияларында энергия аз мөлшерде бөлінгендіктен, макроэргтік 
байланыс түзуге жетпейді, сондықтан бұл сатылардағы энергия 
жылу түрінде таралады:
KoQH
2
KoQ
2Цхb (Fe
3+
) 2Цхb (Fe
2+
)
2H
+
ертіндіде қалады
6. Ферро Цхb-мен ферри Цхс-дың арасында тотығу-тотық-
сыздану реакциясы жүреді. Цхb тотығады, ал Цхc тотық 
сыз-
данады. Бұл реакцияда 46 кДж энергия бөлінеді. Осы бөлінген 
энергияның есебінен АТФ-тың екінші молекуласы синтезделеді, 
қалғаны жылу түрінде бөлінеді:
2Цхb (Fe
2+
) 2Цхb (Fe
3+
)
2Цхс
1
(Fe
3+
) 2Цх с
1
(Fe
2+
)
7. Ферро 2Цхс электрондарын ферри 2Цхс
1
-ға береді. 2Цхс 
тотығады, ал Цхс
1
тотықсызданады:
2Цхc
1
(Fe
2+
) 2Цхc
1
(Fe
3+
)
2Цхс(Fe
3+
) 2Цхс (Fe
2+
)
11–519


162
8. 2Цхс (Ғе
2+
) жəне 2 ферриЦха арасында тотығу-тотық сыз-
дану реакциясы жүреді:
2Цхc (Fe
2+
) 2Цхc (Fe
3+
)
2Цхa(Fe
3+
) 2Цхa (Fe
2+
)
7-ші жəне 8-ші реакцияларда энергия мардымсыз бөлінеді.
9-10. Биологиялық тотығу тізбегіндегі 9-шы жəне 10-шы реак-
циялар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл екі реакция цитохро-
моксидазды (ЦхО) мультиферментті комплекспен жүреді. 2ферро 
Цха екі электрондарын ферри Цха
3
-ке береді. Цха тотығады, ал 
Цха

тотықсызданады:
2Цхa(Fe
2+
) 2Цхa (Fe
3+
)
2Цхa
3
(Fe
3+
) 2Цхa
3
(Fe
2+
)
9. Цха
3
оттегі (О
2
) молекуласымен əрекеттеседі жəне тоты-
ғады. Ал О
2
ионданады 2О

(зарядталады). Оттегінің бір молеку-
ласы тотықсыздану үшін 4е¯ қажет болады. Демек О
2
-мен 4 моле-
кула Цха
3
(Ғе
2+
) əрекеттесуі қажет:
4Цхa
3
(Fe
2+
) + O
2
4Цхa
3
(Fe
3+
) + 2 O
2–
9-шы, 10-шы реакцияларда 102 кДж мөлшерінде энергия 
түзіледі жəне жылу көп бөлінеді.
11. Əрбір ионданған активті оттегі КоQH
2
-ның тотығуы 
кезінде түзіліп, ерітіндіде қалған 2Н
+
-мен əрекеттесіп, Н
2
О түзеді. 
Осылайша, биологиялық тотығудың бір тізбегіндегі реакциялар 
барысында, органикалық қышқылдар молекулалары дегидрле-
ну арқылы тотығып, біртіндеп энергия бөледі. БТ-ның соңғы 
нəтижесі энергияның бөлінуі жəне эндогенді судың түзілуі болып 
табылады. Тотығудың бұл типі оксидазды тотығу деп аталады.
Қорытып айтқанда, БТ-ның 2,6,9 бен 10-шы реакцияларында 
АТФ-тың синтезіне жеткілікті энергия бөлінеді. Бұл нүктелерді 
БТ мен тотыға фосфорланудың қабысатын нүктелері деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет