Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары.
І тур. Теориялық тур. Тест тапсырмалары.
1. Бұлшықетте сүт қышқылының жинақталуы ненің себебінен? А) оттегінің В) Көмірқышқыл газының С) глюкозаның Д) майдың
2. Ішкі секреция бездері түзілген ұлпа: А) эпителий В) дәнекер С) бұлшықет Д) жүйке
3. Асқазанның қышқылынан қорғайтын ішкі эпителий жасушалары: А) текшелі эпителий В) безді эпителий С) цилиндртәрізді эпителий Д) жалпақ эпителий
4. Фотолиз кезінде оттегі түзіледі: А) қанттан В) түзілмейді С) көмірқышқыл газынан Д) судан
5. Дернәсілдері екі жақты симметриялы, ал ересектері сәулелі симметриялы жануарлар: А) шаяндар В) тікентерілілер С) өрмекшілер Д) бунақденелілер
6. Бұлшықеттің босаңсуына қажет: А) К ионы В) Са ионы С) Fe ионы Д) Mg ионы
7. Гипофиздің алдыңғы бөлігі қайда синтезделеді? А) гипоталамустың ядросында В) гипоталамустың цитоплазмасында С) гипоталамустың хромосомасында Д) гипоталамустың рибосомасында
8. Тіс дентинінің органикалық заты: А) актин В) миозин С) коллаген Д) альбуминдер
9. Құрамында тегіс бұлшықеттер болады: А) қаңқа бұлшықеттері В) жүрек бұлшықеті С) мимикалық бұлшықеттер Д) қан тамырлар
10. Жасушасы май қышқылына қанықпаған жануар: А) тасбақа В) қолтырауын С) бақа Д) балық
11. Былқылдақденелілердің өкпесі: А) ішек өсіндісі В) түрі өзгерген желбезек С) мантия Д) целомодуктаның туындысы
12. Тәуліктің қараңғы уақытында өсімдік саңылаулары арқылы енетін газ: А) оттегі В) көмірқышқыл газы С) глюкоза Д) су
13. Жасушадағы су, ақуыз, бейорганикалық заттардың қатынасы: А) 75:20:5 В) 60:20:20 С) 50:35: 15 Д) 80:20:1
14. Қанының құрамында гемоглобині бар жануар: А) ұлу В) сегізаяқ С) шұбалшаң Д) сиыр цепені
15. Фукоксантин пигменті тән: А) қызыл балдырлар В) қоңыр балдырлар С) жасыл балдырлар Д) диатомды балдырлар
16. Жасуша шырының қышқылды химиялық ортасы басым болғанда өсімдіктерге қандай түс тән? А) жасыл В) сары С) қызыл Д) көк
17. Шеміршекті балықтардың майды көп жинайтын орны: А) ішекте В) теріде С) бұлшықетте Д) бауырда
18. Өсімдік саңылауының ашылуына себеп болатын ион: А) К ионы В) Са ионы С) Fe ионы Д) Mg ионы
19. Сүлік денесіндегі бөлшектер саны: А) 16 В) 45 С) 33 Д) 31
20. Өсімдіктердің каротиноиды табиғатына қарай жатады: А) майларға В) көмірсуларға С) ферменттерге Д) ақуыздарға
21. Өсімдік митозының ерекшелігі: А) центриолийлері болмайды В) ұлпаларда өтеді С) көмірқышқыл газын көп бөледі Д) жасушалық тақтайша түзіледі
22. Жасушадағы а-РНҚ қай жерде түзіледі? А) митохондрияда В) пластидте С) ДНҚ жіпшесінде Д) рибосомада
23. Мойыл өсімдігінің тармақталу типі қандай? A)симподиальді B) дихотомды C) моноподиальді D) жалған дихотомды
24. Жемісі қауашақты өсімдік: A) алма, алмұрт B) асбұршақ, соя C) шие, тұшала D) сасық меңдуана, темекі.
25. Тамыр жүйкелері қандай қызмет атқарады? A) буланудан қорғайды B) жәндіктерді еліктіреді C) фотосинтезге қатысады Д) жапырақтың жұмсақ бөлігіне тірек болады
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
ІІ тур. Практикалық тур.
1-тапсырма. Мыналардың қайсысы қабыршақтылар отрядына жататын жорғалаушылар. болып табылады? _________________________________________________________________________
гавиал, су жылан, геккон, сары бауыр кесіртке, қолтырауын
2-тапсырма.
Бауырсорғыш құртының даму циклын ретімен орналастыр.
1. _____________________
2. _____________________
3. _____________________
4. _____________________
5. _____________________
6. _____________________
аделоскарий, марита, редий, церкарий, жұмыртқа, мирацидий
3-тапсырма.
Төмендегі өсімдіктердің көбею мүшелеріне қарай сәйкестендір.
колеус -------------түбірлік сабы беже ---------------мұртша жер алмұрты--------------жас өркен бүлдірген -------------сабақты өркен терек ------------------түйнек
дұрыс жауабы:
4-тапсырма.
Қай химиялық элемент жетіспеуінен немесе тым көп болуынан өсімдіктерде қандай өзгерістер өтеді?
өсімдіктердің дамуы тежеледі, жапырақтары сарғайып түседі ---- өсімдіктердің бойлап өсуі тежеледі, сабағы, жапырағы нашар дамиды ---- жеміс түзілуі тежеледі, салмағы аз болады ---- шеткі бүрлер және тамырдың зақымдануы мен өлуі --- жапырақ түссізденеді -----
азот, калий, фосфор, магний, кальций
5-тапсырма.
Келесі отряд сипаттайтын тиісті жануармен сәйкестендір.
_____________________аяғында 4/2саусағы бар, көшіп қону тән, азу тістерінде шайнау беті жақсы дамыған
___________ __________жақсы дамыған 3 саусағы, күрек тістері ит және азу тістеріне ұқсас ______________________жоғарғы және төменгі жұп күрек тістері бар, ішегі ұзынырақ келеді ___________________жоғарғы және төменгі жұп , кішірек күрек тістері бар, ішегі ұзын келеді ____________________айдары бар тұмсығы ұзартылған, алдыңғы миында иірім жоқ _____________________тістері қызметіне қарай аз жіктелген, көруі нашар дамыған, қанаттары тері жарғақтарынан тұрады, төс қыры бар
керік, құлан, шиқылдақ тышқан, ондартра, жұпар тышқан, құлақты жарқанат.
6-тапсырма.
Терминдермен жұмыс:
Гентика
Биохимия
Цитология
Тарнскрипция
Репликация
Митоз
Гетеротрофтар
Ассимиляция
ІІІ тур Есеп шығару.
1-есеп. Егер ДНҚ –дағы нуклеотидтер былай орналасса: а) ГАУ ГГЦ; ә) ГУГ ААА; б) АГА ЦГГ; в) ГГГ АЦЦ аминқышқылдардың реттілігі қандай болады?
2-есеп. Глюкозаның химиялық байланыстарындаа жинақталған энергия тотығу барысында жылу түрінде бөлінеді. Егер 631 г глюкозаның көмір қышқыл газы мен суға дейін тотығуы барысында 10069,944 кДж жылу бөлінетін болса, реакцияның жылу эфф