5. Лигаза (синтетаза) - байланыстардың энергиясын пайдала-
на отырып, екі молекуланың қосылуын катализдейтін ферменттер.
Синтетаза катализдейтін реакцияларда энергия көзі ретінде АТФ
есептелінеді. Бұған көміртегі мен оттегі молекулаларын, күкірт
пен азот немесе қос көміртегі молекуларларының байланыстарын
түзуші (- С – О -) (-S – N-) (-C – C-) ферменттер жатады. Мұндай
байланыстар түзу үшін АТФ жəне басқа да макроэнергиялық
қосылыстардың (ГТФ, ЦТФ, УТФ, т.б.) ыдырауынан шығатын
энергия пайдаланылады, яғни жай заттардан күрделі органика-
лық заттар синтездейтін ферменттер деуге болады. Лигазалардың
5 тобы бар, олар алмасу процесінің анаболиттік кезеңінде қатысады.