Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет90/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   224
Байланысты:
биохимия

129
12-сурет. Нуклеозидфосфаттар құрылысы
9–519


130
РНҚ-нан бөлініп алынған пуриндердің көмірсу туындыларын 
белгілеу үшін ұсынды. Кейін бұл атау көмірсудың пурин, пири-
мидиндермен қосындыларына таралды.
Нуклеозидфосфаттар едəуір күшті қышқылдар болғандық-
тан, оларды көбіне цитидил, уридил, аденил жəне гуанил қыш-
қылдары деп атайды (12-сурет).
Нуклеин қышқылдарының əрбір түріне сəйкес жүздеген, кей-
де мыңдаған мононуклеотидтер тұтас бір молекулаға бірігіп, өте 
үлкен полинуклеотидтік тізбек құрайды.
Сонымен, өзінің химиялық құрылысы жағынан нуклеин 
қыш қылдары полирибонуклеотид (РНҚ) жəне полидезоксири-
бонуклеотидтер (ДНҚ) болып табылады. РНҚ жəне ДНҚ моле-
кулаларындағы нуклеотид қалдықтарының қосылуы бір жол-
мен жүзеге асырылады: екі нуклеотид арасындағы фосфор 
қышқылының қалдықтары арқылы жалғасып, күрделі эфир 
бай ланыстарын түзеді. Соңғылары əрқашан да бір нуклео-
тид қалдығының рибозасының (немесе дезоксиробозасының) 
3′-көміртек атомымен жəне келесісі рибозаның (немесе дезок-
сирибозаның) 5′-көміртек атомымен байланысады, ал оны ДНҚ 
жəне РНҚ молекулалары фрагменттерінің - суретте келтірілген 
бейнелерінен көруге болады. Егер ДНҚ мен РНҚ-ның жоғарыда 
бейнеленген фрагменттерінің құрылымын соңғы нуклеотидтер-
мен ойша аяқтасақ, онда дезоксирибоза қалдығының көміртек 
атомындағы ДНҚ жағдайында (немесе РНҚ жағдайындағы) рибо-
зада фосфор қышқылының қалдығы болады, ал тізбектің қарама–
қарсы жағындағы дезоксирибоза (немесе рибоза) қалдығының 
– 3′ - көміртек атомында – гидроксил тобы болады. Бұл нуклео-
тид қалдықтары ДНҚ жəне РНҚ молекулаларының 5′ - жəне 3′ 
– соңы болады. Бірінші, яғни 5

 – соңындағы нуклеотиді нуклеин 
қышқылы молекуласының басы, ал екінші, яғни 3

 – соңындағы 
нуклеотидті молекуланың соңы деп есептеу қабылданған. Ну-
клеотид қалдықтарын полинуклеотидтік тізбектеріне үйлестіру 
үшін рибозаның 2′-көміртек атомындағы гидроксил фосфор 
қышқылының қалдығымен күрделі эфир байланысын түзу 
ешқашан кірістірілмейді. Яғни, ДНҚ-да да, РНҚ-да да байла-
ныстар фосфор қышқылының қалдығы арқылы тек көмірсудың 
3′ - көміртек атомынан бесіншісіне қарай бағытталады (13-сурет).


131
Нуклеин қышқылының молекулалық массасының мөлшеріне 
қарай поликонденсация коэффициенті, яғни бір полинуклео-
тид тізбегіне байланысқан нуклеотид топтарының саны үлкен 
аралықта ауытқиды. Егер нуклеотид қалдығының орташа 
молекулалық массасы 330-ға тең деп алсақ, онда ДНҚ моле-
кулалары үшін поликонденсация коэффициенті оңдаған жəне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет