142
тРНҚ-ның көбінің 5
′
-шетінде гуанил қышқылы, ал 3
′
-шетінде
тринуклеотид Ц – Ц – А орналасады. тРНҚ-ның 3
′
–
шетін
нуклеотидтің акцепторлық соңы дейді.
тРНҚ-ның екінші реттік құрылымы - кеңістікте комплемен-
тарлы негіздер арасында сутектік байланыстың пайда болуынан
түзілген құрылым. Осындай байланыстар
арқасында тРНҚ-ның
полинуклеотидті тізбегі ширатылып, дара жұпталмаған нуклео-
тидтер ілгектері бар спираль түзеді.
Беде жапырағы пішіндес болып
келетін тРНҚ төрт тармақ-
тан тұрады: дигидроуридилі (қысқаша Д), антикодонды, псев-
доуридилді (Т) жəне ацепторлы, тРНҚ молекуласында үш ілгек
бар – Д, антикодон жəне Т, олар белок синтезі кезінде əртүрлі
қызмет атқарады.
тРНҚ-ның амин қышқылы жалғасатын
соңы акцепторлық соң
деп аталады, бұл ЦЦА нуклеотидтерінің барлық тРНҚ-да орнала-
су реті бірдей.
Т-ілгек көмегімен тРНҚ рибосомамен байланысады.
Д-ілгегінде минорлы негіз дигидроурацил болады, ал Т-ілгекте
псевдоурацил орналасады.
тРНҚ-ның үшінші реттік құрылымының
негізгі белгілері
барлық тірі ағзалар үшін бірдей болады деген болжам бар.
тРНҚ-ның үшінші құрылымы деп кеңістікте тРНҚ-ның барлық
бөліктерінің орналасуы деп түсінеміз. Кеңістікте орналасқан
кезде тРНҚ-ның беде жапырақтарының
тармақтары бір-біріне
жақындап, қосымша сутектік стэкинг байланыстары пайда бо-
лып, пішіні Г əрпіне ұқсас құрылым түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: