Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Құда түсіп, қыз ұзату жоралғылары. Адам өміріндегі ең бір қызықты 
да, қуанышты да ұмтылмас белең – оның үйленіп, жеке отау тігуі.
Қазақ 
халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей 
жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Қазақтар әлемнің қай 
түкпірінде жүрмесін ертеректе баласының болашағын көздеп, өздеріне тең, 
тегін білетін адамдармен құдаласуға тырысатын. Осы жөнінде ғалым Ислам 
Жеменей де, қазақтардың ұл-қыздары өздерінің болашақ жарын таңдауға 
ешқандай еркі болмайтын, қалыңдықты олардың ата-аналары таңдайтын деп 
жазған [31, 126-128 бб.] Бұны Түркиядан келген Айша Полатта: «..қызды
айттыру үшін жігіттің ата-анасы бір үйдің қызын көріп, мақұл деп таныса, 
өздерінің балаларымен ақылдасады. Егер жігіт мақұлдаса қызды сұрап 
барады», - дейді [XXVІІІ]. Бірақ ақпарат берушілердің көбі қазіргі таңда 
жастардың бір-бірін өздері танысып үйленіп жатқандарын айтты. Жігіт 
үйленер алдында әуелі өзіне ұнайтын теңін іздестіреді. Бұл дәстүр – «қыз 
көру», «жар таңдау» деп аталады. Мәселен, мен тұрмысқа шыққанда дейді 
Айшегүл, жігітпен өзінің танысып, біліскен соң үйіндегілерге айтқанын, 
сосын олар жүзік тағып құда түсіп келгендігін айтады. Сонымен 
қандастарымызда ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ дәстүрімен 
құда түсіп, қалың мал төлеп үйленумен қатар, жастар бір-бірін тауып 
үйленуде бар екеніне көз жеткіздік. Бірақ қызды «алып қашу» деген мүлдем 


80 
жоқ. Ол өте ұят саналады. Себебі алып қашу жігіттің әлеуметтік жағдайының 
нашарлығын көрсетеді. Сондықтан оған ағайын-туысқан жол бермейді 
(XXVІІ). 
Жігіт қызбен келіскеннен кейін, оның ата-анасы ағайын-туыстарымен 
ақылдасып қыздың үйіне жаушы жібереді. Жаушы – қыз айттыруға 
баратын өкіл. Ол жөн-жосықты білгіш, сөзге шешен, әзілге жүйрік адам 
болуы шарт. Міндеті – қыз әкесін көндіріп, бойжеткенге құда түсіп, 
құдалыққа келер күнді белгілеп қайту. Бірақ қыз жағы бірден жауап 
бермейді. Сондықтан жаушы кеткеннен қыздың ата-анасы ағайындарын 
шақырып, ақылдасып келісімге келеді. Ал, қыздың жезделерінің бірі жігіттің 
үйіне сүйінші сұрап келеді. Сол кезде құдалық күнінде айта келеді. 
Сүйіншіге әр түрлі зат беріледі. Ол киім, ақша болуы да мүмкін. Жігіт ата-
анасы туған туыс, жақындарын жинап ақылдасып құдалыққа дайындалады 
(XXXV). 
Түркиядағы қазақтарда ертеден келе жатқан «сырға салу», «айттыру» 
дәстүрлері де кездеседі. Кей жағдайларда қыз жігітке ұнаса, жігіттің анасы 
екі жаққа бірдей таныс адамды жіберіп айттырып та жатады. Негізі сырға 
салуға 3-4 үлкен кісілер барады. Ол кезде жігіт пен қыз бір-бірін көрмеуі де 
мүмкін. Айттырып барғанда қызға әдемі орамал, көйлек жабады, алтын сырға 
салады (XXXVІ).
Түркия қазақтары қыздарының тұрмыс құру жасы 14-22 жас аралығы, 
ал ер баланыкі 16-24 жас деп көрсетеді И. Сванберг [32, 179.]. Қазіргі 
уақытта қыздардың тұрмыс құру жасы 18-25 жас, ал жігіт жасы 25 - 30 жасқа 
дейінгі аралықты қамтиды. 
Құдалық. Белгіленген күні жігіт жақтың ағайын туыстары сыйлы
құрметті 3-4 адамнан 10-12 адамға дейін жиналып қыздың үйіне құда түсіп 
барады. Құдалыққа баратын адамның саны әртүрлі болып келеді. Жігіттің 
әкесі, ағайынның үлкені бас құда болады. Жігіттің әкесі не үлкен 
ағайындарының бірі «Алла қосқан құда, пайғамбар қосқан дос болайық»,
қызыңыздың қолын сұрап келдік дейді. Жігіттің анасы – яғни құдағи алдын 
ала қызға салатын алтын сырға, жүзік, алқа, білезігін дайындап апарып қызға 
салады. Онда да алдын ала абысын-ажын, жеңгелерін шақырып ақылдасып 
алады. Бұл Түркия қазақтарының ерекше дәстүрінің бірі. Себебі, бұл да жігіт 
жақтың әлеуметтік жағдайын көрсетеді. Әдетте алтынның құны 1000 
доллардан жоғары болады. Сонымен қатар, қыздың анасына да алтын білезік, 
алтын алқа, не жүзік апарады. Қазіргі кезде кішкене дорбаларға кәмпит 
тәттісі салынған қоржын екінші жағына жеңге көйлектері бар екі қоржын 
апарады. Ол тәттілер мен жеңге көйлектер қыздың туған-туыстарына 
таратылады. Түріктердің кейбір дәстүрі қазақ тұрмысына да енген. Мәселен,
қызды көрсеткенде қыз болашақ енесінің қолын, кейде үлкендердің қолын да 
сүйіп, маңдайына апарады, ал енесі қыздың көзінен сүйеді (ХХХVI). 
Қалың мал құны да жігіттің отбасының әлеуметтік жағдайына 
байланысты болып келеді. Мысалы, біздің Алматы облысы Қарасай ауданы, 
Қаскелен қаласындағы Иран, Түркия, Ауғанстан Қарақалпақстаннан келген 


81 
оралмандар арасында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қандастарымыздан 
біраз мәліметтер алынды. Сол ақпарат берушілердің бірі Торбай Ферузаға 
(Иранда туылған, руы кіші жүз. 1990 жылдары Ираннан Түркияға көшкен, 
одан 1993 жылы квотамен Қазақстанның Қызылорда облысы Жалағаш 
ауданына көшіп келген. 2009 жылы Алматы облысы, Қаскелен қаласында 
тұратын Түркиядан көшіп келген кіші жүздің шөмекей руының өкілі Әшім 
Полаттың төртінші ұлы Ибраһимге тұрмысқа шыққан) 2007 жылы 17 
жасында құда түсіп, 2 жылдан кейін ұзату тойын жасаған. Негізі Түркия 
қазақтары шамасы келгендерінше қызға қолдан ұзату тойын жасап тұрмысқа 
береді. Қалың малға 4000 мың доллар берген. Сол сияқты ақпарат беруші 
Түркиядан келген оралман Мұхамедияр ағамызда өзінің үш ұлына келін 
түсіргенде қалың малға 4 мың доллардан бергенін айтады (І).
Айшегүлдің берген мәліметі бойынша Стамбул қаласындағы 
қазақтардың қалың малға беретін ақшасы әртүрлі шамада болатынын, 
мәселен өзіне бірінші қолымды сұрап келгенде әкеме 500 доллар, құда түсіп 
келгенде 500 доллар, алып кетерде келгенде 1000 доллар бергендігін 
мәлімдейді (XXVІІ).
Қалың малмен бірге «Сүт ақы», «Жүктің көрімдігі» деген ырымдар да 
бар, олардың құны да әртүрлі әдетте 500-1000 долларға дейін жетеді. 
Құдалықта қыз ұзату күні белгіленеді, ол күні белгіленбесе құдалықтан кейін 
жігіттің ата-анасы, туыстары қашан бересің деп сұрап, артынан да белгілеп 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет