Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Қына жағу қына түні «Kina gecesi» қыз ұзату тойы алдында қыздың 
үйінде құрбы құрдастары, жақын туыстары жиналып өткізілетін бұл дәстүр
түріктерден енген. Оған тек қыз-келіншектер ғана қатысады. Тұрмысқа 
шығатын қызды ортаға алып қынаны суға езіп қыздың алақанына жағады. 
Қызға жағатын қынаны күйеу жігіт жағы әкеледі. Қызға жаққан соң 
қасындағы қыз келіншектерге кезегімен жағылады. 
Осы қына жағу дәстүрі туралы Стамбулда тұратын Айшегүл былай 
деген еді: түріктерден енген сирек жасалатын көңіл көтеретін дәстүрдің бірі, 
«қына жақ» (kina jак), қыздың үйінде қыздың құрбыларын, туған туыс 
әкпелерін шақырып жасалады. Қыз тұрмысқа шығатынның алдында 1 күн 
бұрын жасалады. Билеп, өлең айтып қызық көру, көңіл көтеру үшін 
жасалады. Ал, түріктер қынаны 3 рет жағады. Бірінші құрбандыққа шалған 
қойға жағылады құдай жолына береміз дегені, екінші рет келінге жағамыз, 
тұрмысқа шыққанда күйеу жаққа судай сіңіп, тастай батсын деген мағынаны 
білдіреді, үшінші рет әскерге кеткен жігітке жағады, ол Отанына адал 
болсын дегені (1). 
Қыз ұзату. Белгіленген күні жігіттің үйінде жақын туыстары жиналып 
«құда аттанар» жасалады. Үлкен құда, кіші құда, күйеу жігіт, күйеу жігіттің 
жолдасы 3-4 адам (адам саны әртүрлі болады) қыздың үйіне барады. Қыз 
жақтың да туған-туыс, ағайындары жиналып, қыздың үйіне көмекке келеді.
Келген алыс-жақын туыстары қыздың үйіне түрлі тәттіден шашу шашып, 
көйлектік мата, киіт ретінде кілем, төсек жапқыш, ыдыс-аяқ және тағыда 


82 
басқа заттар сыйлайды. Үйге кіре берісте қыздың анасы, жеңгелері, бірге 
туғандары қарсы алады. Оларға да шашу шашылады.
Түркия қазақтарының тағы бір ерекшелігі қандайда болсын мерекелер 
мен іс-шараларда ошақ басында ер адамдар жүреді. Олар күріштен палау 
басады (ол күрішті «ауған күріш» деп атайды). Шамасына қарай 5-6 қой 
сойылады. Осындай мерекелерде Түркия, Ауған, Иран қазақтарының 
ауызбірлігі бекем, олар осындай жиылыстардан қалмауға тырысады. Бұндай 
іс-шараларды барлығы яғни қыз жақтан рулас, аталас ағайындарының бәрі 
бірігіп жасайды. Қыздың үйіне ағайын-абысындары бауырсақ пісіріп 
дастархан жайып көмектеседі, шәйға түрік халқының тәттілері қойылады. 
Күйеу жігіт келісімен қыз жақтың жеңгелері күйеу жігітті, күйеу жолдас 
екеуін өздерімен бірге дастархан жайылған басқа бөлмеге алып барады. 
Бұрындары отқа май құйғызатын, қазір ол өте сирек десе болады. Бірақ күйеу 
бала келгенде адыраспан тұтандырып, отпен аластайды. Қазіргі кезде 
түріктің салты бойынша түрік саздарын қойып, жастар, қыздың апа-
сіңілілері, құрбылары, жеңгелері күйеу жігітті билеп қарсы алады. Жеңгелері 
күйеу жігіттің қалтасын қарайды, «жеңгетай», «төс тартар» сынды кәде 
ретінде үлестіру үшін күйеу ақша-пұлын дайындап келуі қажет. Бөлек 
бөлмеде жастармен отырған күйеу жігітке қыздың анасы кәмпит салынған 
табақ тартады. Оның үстіне түріктің ақшасы лира немесе доллар салып шашу 
шашады. Күйеу жігітке төс тартқанда күйеу мен қатар қыздың жезделеріде 
күйеу табаққа ақша салып күйеу жігітке көмектеседі. Салған ақшаны 
жеңгелері сонда отырғандар бөліп алып жатады. Күйеу жігіттің бөлмесінде 
ән айтылып, би биленеді, қазіргі кезде жастар түрік музыкасына билейтін 
болған. Тағы бір ерекшелігі осындай жиылыс, мерекелерде ер адамдарға 
бөлек, әйел адамдарға бөлек бөлмелерде дастархан жайылады. Егер үй тар 
болған жағдайда онда ер адамдар бірінші отырып, екінші дастарханды 
әйелдерге арнап жаяды. Кешке жігіт жақтан келген құдалар ауылдарына 
кетеді. Күйеу жігіт пен күйеу жолдас қалады.
«Қыз көрсетер» салты болған. Қыздың жеңгелері күйеу жігітке қызды 
көрсетіп көрімдігін алған. Ол кезде қыз ұялып, оны жеңгелері көтеріп апарып 
көрсететін болған. Яғни, бір бөлмеге төсек салып жігітті отырғызып, сол 
бөлмеге жеңгелері қызды көтеріп апарып күштеп кіргізеді. Ол да ойын 
түрінде өтеді. Бірақ екеуі жақындаспайды. Өзінің де бірталай қайын 
сіңілілері көтеріп бөлмеге кіргізгенін айтады ақпарат беруші (XXХ). Яғни 
бұл салттар әзіл-қалжыңға аралас өтетін болған. Қызды көрсеткен жеңгесіне 
күйеу «жеңгетай» сый деп ақша не білезік, жүзік сияқты бұйымдардан 
қыздың жеңгелеріне берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет