Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет24/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Ескертулер. 1. Екі сын есімнен жасалып, немесе басқа сөздермен аралас келіп, малдың (көбінесе жылқының) меншікті аты - жалқы есім болып тұрған сөздер бірігіп, бас әріппен жазылады: Ақан серінің Құлагері. Менің Торы- төбелім. Құлақасқа Жиренторыдан озып келді.
2. Екі түсті білдіретін бірыңғай анықтауыштарды немесе қос сөздерді күрделі анықтауыштармен шатастырмау керек. Бірыңғай анықтауыштар үтір арқылы, қос сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы: Қызыл-жасыл (киім) киінген жастар тобы көрінді (Қызыл және жасыл киім киінген немесе кызылды және жасылды болып киінген). Ақ, сары гүлдер алыстан көз тартады (ақ және сары гүлдер).


§ 50. Жеке тұрып сол тіркестегі беретін мағынасында қолданылмайтын қақ (тіркестегі мағынасы “екі” және “дәл”), қара (тіркестердегі мағыналары “үлкен”, “жай, күрделі емес, қарапайым” т.б.), қас (тіркестегі мағынасы “нағыз”), қыр (“артқы, соң”), сар(ы) (тіркес құрамындағы мағынасы “үлкен”, “ұзақ”) сияқты сөздермен келген тіркестердің әрбір компоненті белек жазылады: қақ айрылу,қақ алды, қақ басы, қақ бастан (салып қалды), қақ бөлу, қақ жару, қақ маңдай, қақ шеке, қақ төсі, қақ тілу, қара жаяу, қара жол, қара жел, қара өлең, қара сөз, қара халық, қара нәпір, қас батыр, қас маңғаз, қас сұлу (қаса сұлу), қыр желке, қыр соңынан, сар желу, сар(ы) қарын, сар дала, сары буын, сары жілік, сары уайым, сары балақ, (бұлардың да жазылуын емле сөздіктері реттеп көрсетеді).


Е с к е р т у. Бұл қатарға қыркүйек, қақбас (“баласыз” және “жексұрын”), қаскүнем, қаскөй, қасқалдақ, саратан (ай), сарауру, саршұнақ (тышқан), сарсу (ауру), сарыбас (жылан) тәрізді бірге жазылатын сөздер жатпайды. Бұлар аң-кұс, жан- жануар, жәндік, ауру-індет т.б. атаулары болғандықтан, бір сөз ретінде танылады.


§ 51. К ү рделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Күрделі етістіктер екі, үш, кейде төрт, бес сөзден де құралуы мүмкін: келе жатыр, оқып отыр, алып бер, келе қал, бара алмады, жүріп келе жатыр, алып беріп жібер, бара алмай қалды, жүріп келе жатыр еді, оқып отыра бергісі келді, кетіп қала жаздап барып қалды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет