Берілуін толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, алфавит ретімен
орналастыру бір-бірімен байланысты, бірін-бірі толықтырып отыратын,
әр терминнің өзіндік орны мен мағынасы терминологиялық немесе басқа
жүйені беруге негізделмеген. Алфавит реті бойынша сөздік мақалаларды
орналастыру сөздіктерді қолданушылардың қолданыс ыңғайына, қажетті
терминдерді алфавит бойынша тез табу мақсатына қарай бейімделген. Бұл
негізінен лексикографиялық аударма сөздіктерге тән басты ерекшелік.
Өйткені, бұл орналастыру тәсілінің өзі алғаш лексикографияда
қолданылып, қалыптасып, кейіннен терминологиялық сөздіктерді
құрастыру ісінде де пайдаланылған. Алфавит реті бойынша орналастыру
тәсілін
кезінделексикография
теориясының
іргетасын
қалаушы
ғалымдардың бірі Х.Касарестің өзі де жасанды ретсіз тәсіл ретінде
бағалаған еді
1
. Бұл пікірмен бір жағынан келісуге болады. Себебі, алфавит
реті бойынша орналастыру барысында терминнің әр түрлі аударылуына
байланысты, бір терминің өзі терминологиялық сөздіктің құрылымында
екі немесе үш-төрт әріпке қатысты жерлерінде қайталанып беріліп, бір
терминологиялық сөздіктің ішінде бір терминнің әр түрлі аудармасы
беріледі. Бұл терминологиялық сөздіктің жүйені беруге тиісті негізгі
міндетіне қарама-қайшы кемшілік және аталған кемшілік өкінішке орай,
қазіргі терминодлогиялық сөздіктерде кездесетіндігін де жасыруға
болмайды. Осындай шатасушылықтың салдарынан, керісінше, бір
терминологиялық жүйедегі әр түрлі терминдерді бір ғана нұсқада аударған
кемшіліктер де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: