3
.2. Қазақ терминографиясында ақпараттық сөздіктер жасау
қажеттілігі
3.2.1. Қазіргі қазақ терминографиясындағы ақпараттық сөздіктердің
маңыздылығы және олардың құрылымы
Әлемдік терминографияда (Лексикографияның негізінде қалыптасқан
терминологиялық сөздіктер жасау ісін карастыратын сала - Ә.Е.)
терминдердің ақпараттық сөздіктерін жасауға болатындығы да кеңінен
айтылып жүр. Ақпараттық сөздіктерді тілшілер екі түрге бөліп
қарастырады. Оның бірі - ассоциациялық сөздіктер болса, екіншісі -
иерархиялық сөздіктер. Иерархиялық сөздіктерді жүйелік сөздіктер деп те
атауға болады. Сондай-ақ ақпараттық сөздіктерді кейде жалпы тіл
білімінде идеографиялық сөздіктер немесе тезаурустар деп атайды.
Тезаурустардың жасала бастауы әлемдік лексикография тарихында әріден
бастау алады. Тезаурус - ежелгі грек тілінен аударғанда қор, қазына деген
ұғымды білдіреді екен. Яғни, бұл сөздік түрлері белгілі бір идеяға
құрылған сөздік болуымеи ерекшеленеді. Тіл білімінде тезаурустың басқа
да түрлері бар. Қазіргі тіл біліміңде тезаурустардың тілдік бірліктерді
мағыналық
байланыстар
арқылы
беруге
негізделген
жүйелік,
ассоциациялык түрлері пайда болды. Қазіргі лексикография мен
терминографияда тезаурустарды айтып өткендей, ассоциациялық және
йерархиялық (жүйелік) деп топтайтындығы да сондықтан.
65
Идеографиялық
сөздіктердің
қазақ
терминографиясы
мен
лексикографиясы үшін де қажеттілігіне тоқтала отырып, оларды түзудің
әдістемесіне, олардың құрылымына жан-жақты тоқталудың маңызы үлкен.
Жалпы тіл біліміндегі еңбектерге зер салсақ, ақпараттық сөздіктер жасау
тәжірибесі орыс және батыс тілдерінде кеңінен жүзеге асырылып, қолға
алынып келеді. Ал түркі тілдері бойынша алғаш мұндай сөздік түрі және
оған байланысты зерттеу еңбек татар тіл білімінде жасалып, соның
негізінде Х.Ф.Исхакова өзінің «Структура терминологических систем»
атты еңбегін жариялаған болатын
1
. Ал басқа түркі тілдерінің тіл білімінен
бұл сияқты еңбектерді кездестіре қою қиын. Сондықтан біріншіден, қазақ
терминографияда да ақпараттық сөздіктердің жасалу қажеттілігі бұл
бағыттағы жұмыстардың зерттелмей жатқандығымен түсіндірілсе, екінші
жағынан, бұл сөздік түрлерінің алфавиттік сөздіктерге қарағанда тиімді
екендігімен айқындалуы тиісті.
Идеографиялық сөздік түрлерін қазақ лексикографиясын зерттеуші
белгілі ғалымдар оқулық сөздік ретінде қарастырып жүр. Алайда, оқулық
сөздіктердің
идеографиялық
сөздіктерден
де
ажыратылатын
айырмашылықтары, әрі оларды жақындататын ұқсастықтары бар. Осы
тұрғыдан, алдымен ақпараттық сөздіктердің қазіргі лексикография мен
терминографияда кең қолданыс тапқан алфавиттік сөздіктерден
айырмашылығына, өзіндік ерекшеліктеріне, салыстыра отырып, тоқталған
орынды. Алфавиттік сөздіктердің құрылымы, ондағы сөздік мақалалардың
66
алфавит реті бойынша орналастырылатындығымен түсіндірілетіндігі
белгілі. Ал ақпараттық сөздіктер немесе тезаурустардың құрылымы сөздік
мақалаларды алфавит реті бойынша беруге негізделмейді. Тезаурустар әр
терминді негізге ала отырып, сол терминнің ғылыми жүйедегі басқа
терминдермен байланысын, мағыналық қатынасын негізге ала отырып
түсіндіруге негізделеді Яғни, терминнің немесе тілдік бірліктің жүйедегі
орны, басқа терминдермен арақатынасы жөнінде жан-жақты ақпарат
беруге бағытталады. Тіл білімінде мұндай сөздіктердің ақпараттық
сөздіктер деп аталуы да сондықтан.
Бүл сөздік түрлерінің ақпараттық сөздіктер болып аталуының екінші
себебі - олардың информатика құралдарын да бағдарлама түзуге және
информатикада арнайы бағдарламалар арқылы қолдануға бейімділігінде,
қолайлығында. Сондықтан ақпараттық сөздіктердің информатика
саласымен байланысты екендігін де айта кету керек. Алайда, әрбір сөздік
мақала негізіне алынған терминнің алфавит бойынша орналасуы міндетті
емес. Олардың орналасуы сөздік түзушінің мақсат етіп қойған
талаптарына, ғылыми жүйедегі терминнің орнына байланысты.
Ақпараттық сөздіктерде терминдердің сөздік мақалаларының орналасуы
ішкі салаға қарай да топтастырылып жүзеге асуы мүмкін. Бұл - ақпараттық
сөздіктердің алфавтік сөздіктерден басты айырмашылығы.
Ақпараттық сөздіктерде терминдердің, сөздік мақалалардың ішкі салаға
сәйкес топтастырылып орналасуы жағынан, ақпараттық сөздіктердің
құрылымында оқулық сөздіктерге белгілі бір дәрежеде ұқсастық бар.
Өйткені, оқулық сөздіктер оқулыққа негізделіп жасалып, оның ішкі
67
терминдері ішкі салаларға байланысты топтастырылады. Бұл жағынан
оқулық сөздіктер мен ақпараттық сөздіктердің қызметтерінде ұқсастық
үлкен. Алайда, оқулық сөздіктердің терминдер жиынтығы ішкі
тақырыптарға топтастырылғанымен, олардың осы тақырып ішінде
алфавит ретімен берілетіндігінде. Ал оқулық сөздіктердің алфавиттік
ретпен берілетін кең тараған қолданыстағы сөздіктерден айырмашылығы –
терминдік немесе тілдік бірліктерінің тақырыптарға топтастырылып,
жүйені беруге бағытталатындығында. Яғни, олардың сөздік мақалаларын
тақырыптарға жіктеп берудегі мақсат та сол жүйені беруге, олардың
қолданысын оқырманға, қолданушыға қолайлы, ыңғайлы етумен
байланысты. Өйткені ақпараттық сөздіктерді терминдерді жүйелеп
беретін, терминдердің ғылыми жүйедегі орны, басқа терминдермен
арадағы маңызы туралы жан-жақты ақпарат беретін сөздік ретінде ғана
емес, сол салаға байланысты оқулық ретінде де қолдануға болады.
Ал ақпараттық сөздіктердіңғ екінші жағынан, информатика саласында
бағдарлама жасауға бейімделіп жасалатындығына келсек, сөздіктің екі
жағы бар. Бұған байланысты тілшілер тарапынан немесе әр саланың
мамандары тарапынан жасалған ақпараттық сөздіктердің негізінде
информатика мамандары бағдарлама жасай алады. Информатиктер сөздік
материалдарын және ондағы мамандар тарапынан жүйеге сай берілген
сөздік материалдарын компьютерлік технологияда қолдану үшін
бағдарлама түзуіне болады. Бұл екінші сатыдағы атқарыла алатын
жұмыстардың қатары. Алайда, ақпараттық сөздіктерді баспа бетінде
жарияланған нұсқасында да пайдалануға болатынын айту қажет.
68
Сондықтан информатика саласында бағдарлама жасалмаған ақпараттық
сөздікті жарамсыз деп тануға болмайды. Ақпараттық сөздіктерге
бағдарлама жасалуы міндетті емес. Қарастырылып отырған сөздік түрінің
екі жақты қызметін атап өту керек. Өйткені мамандар тарапынан
жасалатын ақпарат сөздік нұсқасының өзі үлкен еңбек көлемі мен уақытты
қажет етеді. Мысалы, көршілес орыс тіл білімінің өзінде "Орыс тілінің
ассоциациялық сөздігі" өте ұзақ уақыт бойы жасалған және орыс тіліндегі
дайын
тезаурус
сөздіктердің
бірді-екісі
ғана
ақпараттық
бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Сондықтан мамандар тарапынан
немесе тілшілер тарапынан дайындалатын әр саланың тезаурус
сөздіктерін
ұйымдастырудың
өзі
жеңіл
емес.
Қазіргі
қазақ
терминографиясы үшін мұның өзі күрделі мәселе.
Ақпараттық сөздік түрі мен оның қызметі түсінікті болу үшін сөздіктің
құрылымы мен оны жасау әдістемесіне нақты тоқталған дүрыс. Сөздік
түрінің бірі –
Достарыңызбен бөлісу: |