Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

қызметінің бағдары
. Бұл тұрғыдан 
терминологиялық сөздіктердің аударма, тұсіндірме, оқулық, анықтамалық 
және ақпараттық сөздік сияқты түрлерін көрсетуге болады. Бұл да сөздік 
жасауда өзіндік маңызы бар бағдарлардың бірі. 
Терминологиялық сөздіктердің кімдерге арналғандығын айқындап 
алудың да қажеті бар. Ғалымдардың пікірінше, сөздік қандай дәрежедегі 
немесе қандай шеңбердегі оқырманға арналмасын, кез-келген 
оқырманның талғамын ескере білуі керек. Сөздік түзуші өзінің 
оқырманын бағдарлауы
керек. Өйткені, әлемдік лексикографиядағы 
тұжырым бойынша сөздікті қолданушы да, сөздікті түзуші секілді өзінің 
сын пікірін, көзқарасын білдіре алатын құқыққа ие. Сондықтан сөздікті 
қолданушылардың пікірлері жан-жақты ескеріліп, олардың талғамына сай 
бола алатындай сөздік шығару мақсаты көзделуі керек. Ал 
терминологиялық сөздіктің оқырмандарына қатысты шартты 
өлшем тұрғысынан терминологиялық сөздіктер тар 
салалық мамандарға арналған және ғылыми-көпшілікке арналған болып 
жіктеле алады. Соған сәйкес онда қамтылатын терминдердің ауқымымен 
сөздікке қандай терминдерді алу керектігі, қандай терминдерді алмау 
керектігі айқындалады. 
Терминологиялық сөдіктерді түзушілер сонымен қатар терминдердің әр 
түрлі лексика-грамматикалық, сөзжасамдық құрылымын, тіркесімділік 
қабілетін, сыңарын беруге қатысты мәселелерді де бағ- 
97 


дарлауы қажет. Мұнымен байланысты оларды беру тәсілдерін және 
олардың бірізді болуын да бағдарлап| жоспарлап алуы тиіс. 
Терминологиялық сөздіктерді түзуде сөздіктердің 
көлемдік бағдары
терминологиялық сөздіктердің қанша терминді қамту керектігін, қандай 
көлемде шығарылуы керектігін, қандай жағдайда қолдануға ыңғайлы болу 
керектігін бағдарлауға мүмкіндік береді. Сөздіктің осы бағдарына қарай 
олар толық немесе қысқаша сөздік түрінде шығарылуы мүмкін. Мұндай 
терминологиялық сөздік түрлері қазақ терминографиясында бар. Әдетте, 
қысқаша сөздіктердің көлемі кішігірім, ал түсіндірмелі терминологиялық 
сөздіктердің көлемі үлкен болып келетіндігі белгілі. Сөздіктің көлемі мен 
атқаратын қызметінің байланысы негізінде сондай-ақ, терминографияда 
терминологиялық қалталы сөздіктер шығарылуы мүмкін. Еңбектің 
қалталы болуы оның мақсатына байланысты - кішігірім,ұстауға, алып 
жүруге қолайлы болып шығарылады, алайда, қамтитын терминдері 
жағынан
қалталы сөздіктер де толық немесе қысқаша терминологиялық 
қалталы сөздіктер болып жіктеле алады. 
Терминологиялық сөздіктерді шығаруда негізге алатын ең қиын 
мәселелердің бірі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет