Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет29/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

авторлық ізденістер
. Авторлық ерекшелік сөздіктің сапасы мен 
құрылымын жақсартуға, жетілдіруге бағытталуы тиісті. Сондықтан 
қалыптасқан терминологиялық сөздіктердің құрылымына автор тарапынан 
енгізілген ерекшеліктер болған жағдайда, олар сөздікті пайдалану 
әдістемесін беретін арнайы мақалада түсіндірілуі керек. Мүндай жағдайда 
кіріспеден соң арнайы сөздікті түзу және оны қолдану әдістемесі туралы 
мақала дайындалып берілуі қажет деген сөз. Сөздікті қолдану әдістемесін 
кіріспеде беруге де болады. Бірақ сөздік түріне арналған құрылымдық 
ерекшеліктердің 
92 


 
Бірізді жетілдірілген нормаға сай болуы керектігін ескерсек, авторлық 
ерекшеліктің сөздікте қамтылуы міндетті емес. Терминологиялық сөздікке 
автор тарапынан енгізілетін өзгерістер мен жаңалықтар олардың
терминдерді берудегі тиімділігі мен сөздік құрылымына қажеттігіне көз 
жеткізбей тұрып енгізілмеуі керек. Автарлық өзгерістерді тәжірибе жасау 
үшін сөздікке енгізуге мүлдем болмайды. Бұл ерекшеліктердің енгізілуі 
Сөздікті түзуші автор немесе авторлар тарапынан тың, жан- жақты 
дәлелденген шешімдерді талап етеді. 
Ал "тәжірибе" ұғымына келсек, сөздік түзу ісінде алдыңғы шыққан 
сөздіктердің кемшіліктері мен жетістіктерін тәжірибе үшін ескеруге 
болатындығын 
жоққа 
шығармаймыз. 
Қазақ 
тәжірибелік 
терминографиясының тарихын зерттеудің қажеттілігі де осы тұрғыдан 
туындайды. Керісінше, мұндай тәжірибені терминологиялық сөздіктер 
түзуде ескеру міндетті екендігін айту керек. Бірақ, түзіліп, баспадан 
жарыққа шығарылатын терминологиялық сөздіктің мүмкіндігінше 
кемшіліксіз еңбек болып жарыққа шығуы керек. Бұлай болмаған жағдайда 
шығарылған немесе шығарылмақшы еңбек "сөздік" атауын иемдене 
алмайды және оның талаптарына жауап бере алмайды. Тек сынақтан 
өтпеген өзгерістерді тәжірибе үшін мақсатты түрде терминологиялық 
сөздікке енгізу "сөздік" атты еңбекті түзу ісінде қолданылмауы керек. 
Өйткені сөздік мәртебесі қабылданып қойған, тек орындалуы тиісті 
заңдардың мәртебесімен тең. Жарыққа шыққан сөздіктеберілген термин 
немесе оның түсіндірмесі, анықтамасы, аудармасы заңды және міндетті 
түрде қолданылуға тиісті нұсқа ретінде қабылданғаны орынды. Қалай 
бағаласақ та, 
93 


 
 
 
сөздіктің жарыққа шығуының басты мақсаты, негізгі қызметі осындай 
сипатта болуы керек. Демек, кез-келген мейлі лексикографиядағы, мейлі 
терминографиядағы болсын сөздік түрі және ондағы терминдердің 
түсіндірмесі, аудармасы ешқандай күдіксіз, еркін пайдаланылатындай 
болып шығарылуы керек. Бұл сөздік түзушіден үлкеп жауапкершілікті, 
қиын да ауыр, тиянақты орындалған істі талап етеді. Тіпті, қазіргі қазақ 
терминографиясындағы әр саланың терминологиялық сөздіктерінің әр 
автор тарапынан түзілген бірнеше нұсқаларының болуы да осы тұрғыдан 
орынсыз. 
Сондай-ақ, біздіңше, осымен байланысты терминологиялық және 
лексикографиялық сөздік түзу ісінде "сөздіктің баламасы" деген ұғым да 
болмауы керек. Яғни, терминологиялық сөздіктің, әсіресе, бір ғана ғылым 
саласының терминдерін қамтитын терминологиялық сөздік түрінің әр 
автор немесе әр түрлі редакциялық алқа, мекеме құрастырған бірнеше 
нұсқаларының 
болуы 
әрі 
терминдердің 
қолданысындағы, 
әрі 
терминологиялық сөздіктердің құрылымындағы жүйесіздікті, норманың 
сақталмауын туындатады. Сондықтан терминография үшін ғылым 
саласының терминологиялық сөздік түрінің бір ғана қабылданған нұсқасы 
қолданылуы және терминологиялық сөздік ретінде мемлекеттік деңгейде 
шығарылуы керек, Мұның өзі сөздік жасау ісін қадағалап, олардың 
жарыққа шығуына, баспаға берілуіне рұқсат беретін арнайы мекеменің 
болуы керектігін көрсетеді. Ал қазіргі сөздіктердің шығарылып жатуы, 
ондағы кейбір терминдердің нұсқаларының терминком бекіткен 
терминмен сәйкес келмей жатуында ешқандай үйлесім жоқ. Себебі, 
94 


 
 
терминком бекіткен терминдер ресми түрде бекітілгеннен кейін қалай да 
қолданылуы керек, терминологиялық сөздіктерде сол нұсқа берілуі керек. 
Оған қоса, осы мәселемен байланысты тағы бір ерекшелік - терминком 
терминдерді бекітетін болса, онда заңды түрде терминологиялық 
сөздіктерді де бекіту құқығына ие болуы керек. Яғни, мейлі бір автордың 
құрастыруымен жасалған терминологиялық сөздік болсын, мейлі 
редакциялық алқаның, мекеменің құрастырған терминологиялық сөздігі 
болсын, олардың баспа бетінде жарияланбаған, дайындалған нұсқасын 
терминком қарап шығып, олардың жарыққа шығарылуына рұқсат беруі 
және бір салаға қатысты сол сөздік түрінің ғана мемлекет деңгейінде
қолданылуына бақылау жасалуы тиіс. Мұндай жағдайда басқа сол салаға 
қатысты арнайы мекеменің рұқсатынсыз терминологиялық сөздіктер 
баспадан шығарылмауы, шығарылған жағдайда жарамсыз болып есептелуі 
керек. Мұндай механизм олардың басып шығарылу жиілігін де, басқа 
балама сөздіктердің болмауын да қадағалап, терминдердің қолданысын 
бірізге түсіріп, терминологиялық сөздіктерді қолданушылардың күдігін 
жеңілдеткен болар еді. Бұл сияқты механизмдер сондай-ақ, сөздік 
мәртебесін көтеріп, олардың сапасының жақсаруына және қолданыс 
табуына ықпал ете алмақ. 
Ал баламалар мен сындар сөздік ретінде емес, сын мақала, пікірталас, 
ұсыныс түрінде жарияланып отыруы тиісті. 
Сөздік жасау барысында сондай-ақ, сөздікте қамтылатын терминдердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет