ҚОРЫТЫНДЫ
Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде, қоғамдық өркениеттерде әйелдің
тағдыры әралуан болғаны белгілі.
Исламға дейінгі кезеңде араб қоғамында әйелдің құқығы аяққа
тапталды. Қыз балаларды тірідей жерге көметін арабтар өлтіруге
қимағандары қыздарын ұл балдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстаған.
Исламнан бұрынғы арабтардың азғынданғаны соншалықты, тіпті олар өгей
шешелеріне дейін үйлене беретін болған.
Ал, ислам дінінің келуімен әйелге деген зорлық атаулы күшін жойып,
әйелдер ерекше жоғары мәртебеге қол жеткізді. Исламның әйелге бұлай
ерекше жоғары мәртебе беруі, исламның ілгерішіл маңызға ие дін екендігін
айғақтайды. Исламның келуімен ескі тағылық, тұрпайы іс-әрекеттердің
бәріне тыйым салынып, жеңіл жүріс пен көңіл көтеру, зина секілді
азғынданудан ада, пәк, белгілі бір тәртіпке бағынған абыройлы отбасылар
пайда болды.
Ислам діні әйелдің қоғамдағы орнын биіктетіп, әйелдің құқықтарына
құрметпен қарап, оны ана ретінде жоғары бағалауға айрықша көңіл бөлді.
Әйелдің абзал жаратылыс екенін түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Әйелге
Алланың аманаты ретінде қарауға шақырып, оның ешқандай құқығы
шектемеді. Қайта өз жаратылысына сай сүйікті жар, аяулы ана ретінде қашан
да оның орнын жоғары бағалаған. Қоғамның тәрбиесін қыз баланың
тәрбиесімен ұштастыра қарастырған. Әйел затының қоғамның барлық
саласындағы орнын айқындап, жат пиғылдылардың бұзық әрекеттерінен
қорғауға тырысқан. Осындай құрметке лайық бола білу үшін әйелден де
белгілі бір міндеттерді талап етті.
Қай кезеңде болмасын әйел адамның алдында тұрған ең маңызды
жауапкершілік
адамзат ұрпағын жалғастырып, оған дұрыс тәрбие беру. Ұлт
бесігінің шырақшысы болған әйел-аналардың, ұлт болашағын жалғастырар
қыздардың қоғамның рухани жаңғыруына қосар үлесі зор. Өйткені, олар
ұлтқа тән ерекшеліктерімізді, қадір-қасиетімізді, тіліміз бен дінімізді, салт-
дәстүрімізді,
мәдениетіміз
бен
тарихымызды
ұрпақтан-ұрпаққа
жалғастырушылар.
Қазақстан Республикасы өз алдына дербес мемлекет ретінде орныққан
соң бұқара халық саяси-экономикалық, әлеуметтік үдерістермен қатар,
моральдық және психологиялық өзгерістерді де бастан өткерді. Кеңес
идеологиясы салдарынан ұмытыла бастаған рухани құндылықтарға деген
сұраныс арта түсті.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап зайырлы мемлекет құра отырып,
дәстүрлі құндылықтрды дамыту қолға алынды. Біздің басты мақсатымыз
дәстүрліқұндылықтарды, салт-дәстүрімізді шынайы дәріптеумен қатар жас
ұрпақты имандылыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып
табылады. Осы орайда жастардың діни сауаттылығын қалыптастырып, теріс
ағымдардың шырмауында кетпеуіне әйел аналардың қосар үлесі мол.
51
Соңғы жылдары әйел адамдардың қоғамдық өмірдегі, саясаттағы,
бизнестегі және т.с.с. орны мен рөлі артуда.
Мемлекетіміздің ірге тасының нығаюына, экономиканың тұрақтылығы
мен демографиялық мәселелердің шешім табуына, ұлттық идеологияны
дамытуда да әйел адамдардың орны ерекше. Отанымыздың өркендеуі
жолында халқымыздың жоғын жоқтап, ар-намысын қорғайтын ертеңгі
ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесі.
Қазақ
әйелдерінің
қазақи
болмысын
сақтап
қалу
ертеңгі
ұрпақтарымыздың жарқын болашағының кепілі болмақ.
52
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Kuzu S., Kadının Mirası Ve Eşitlik, Yeni Ümit Dergisi
2. Құрманбаев Қ. Исламдағы адам құқықтары
Алматы, 2012.
204 бет.
3. Хайламаз Р. Барша мұсылманның ардақты анасы хазірет Айша.
Алматы. Көкжиек. 2015ж.
4. Ериш М. Әйел сахабалар. Алматы. 2006 ж.
5. Бисенбаев А.К. Көне түркілердің аңыздары. Алматы, «Ан-Арыс»,
2008 – 120 бет.
6. 19. Қыдырәлі Д. Атымды адам қойған соң... «Таймас» баспасы.
Алматы 2008.
7. Қаржаубай С. Орхон мұралары. Күлтегін. Астана 2003.
8. Қодар Ә.Ә., Зуев Ю.А., Досымбаева А.М., Торланбаева К.Ө. Ұлы
даланың ұлы қыздары. Анықтамалық. І том. Алматы, «Ұмай баспасы». 2003.
– 264 бет.
9. Қазақ
әйелі:
өткені,
бүгіні,
болашағы:
дөңгелек
үстел
материалдарының жинағы. – Астана, 2013. – 146 бет.
10. Мағауин М. Алдаспан. Көне қазақ поэзиясының антологиясы. XV-
XVIII ғасырлар. Алматы: Атамұра. – 2006. – 312 бет.
11. Мұхан Исахан. Қазақтың әлімсақтан бергі әйел жайлы түсінігі.
Қазақстан-ZAMAN. 2011. № 9.
12. Орынбаева Р. Қазақстандық алғашқы қайраткер әйелдер. 1917-
1937жж. Алматы: Arna-b, 2012. – 202 бет.
13. Сарсенова Ж.Н. Гендер туралы түсінік. Оқу құралы. Алматы: Нур-
Принт, 2010. – 68 бет.
14. «Дін және әйел» республикалық форумының материалдары. Астана,
2013 жыл. Баспаға дайындағандар: А.Әбдірәсілқызы. Редакторы:
М.Әзілханов. – Астана, 2013. – 60 бет.
15. Әбдірәсілқызы А. Дін. Дәуір. Дәстүр: Зерттеулер, мақалалар,
сұхбаттар.
Алматы: Баспалар үйі. 2014.
296 бет.
16. Исахан
М.,
«Ислам
мәдениетіндегі
әйел
мәртебесі»,
http://old.abai.kz/node/7479
17. Paksu M. Şahitlikte niçin bir erkek şahit yerine iki kadın şahit istenir?
http://www.sorularlaislamiyet.com/article/115/sahitlikte-nicin-kadinlarin-hakki-
erkegin-yarisidir.html
)
18. Бағашар Қ. Ислам дініндегі әйелдің орны, http://www.islam-
orkeniet.kz/?p=1653
19. Cennetle müjdelenen hanımlar,
20. http://archive0.turkystan.kz/page.php?page_id=51&id=8549
21. «Арабтардың
исламға
дейінгі
қоғамдық
ахуалы»,
http://www.asylarna.kz/informaciya/stati_i_publikacii/arabtardy_islama_dejng_oa
mdy_ahualy/
22.
http://www.elibrary.kz/download/zhurnal_st/st13311.pdf
23. kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=54947
53
24. http://www.rusnauka.com/35_FPN_2014/Philologia/7_180262.doc.htm
25. Жұбанов А., «Исламға дейінгі әйел заты және әйел затының Исламда
алатын орны», http://baq.kz/kk/regional_media/post/6176
26.
www.fatua.kz
.
27.
www.stat.gov.kz
.
28.
http://baq.kz/kk/regional_media/post/43070
29. İslamda kadın hakları, http://һuzurislamda.com
30. Taşpinar H., Mâtüridiye ile Eş’arîyye Mezhepleri Arasında İhtilaf mı?
http://m.sorularlaislamiyet.com/index.php?oku=14110
31. Kadinin
Eşini
Seçme
Hakki
Ve
Islam,
r
http://www.islamustundur.com/konular/islamvekadin.htm
32. Жұмағұлов
Қ.
Исламда
талақ
мәселесі,
http://islam-
shalkar.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1697:2015-05-26-
05-44-03&catid=1:2011-02-11-09-16-42&Itemid=1
33.
http://www.islamseli.com/konu/cennetle-mujdelenen-hanimlar.49466/
54
ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Ақпараттық-анықтамалық материал
______________
Астана қ., Орынбор кҿшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты,
15 кіреберіс
Басуға 21.12.2015 ж. берілді.
Тапсырыс №13. Бағасы келісімді.
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылды.
«Алтын кітап» баспасы.
010000, Астана қ-сы, Бейбітшілік к-сі 34, 3-каб.
тел.: 8 7172 310903, e-mail: altynkitap@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |