Құрметті съезд қонақтарымен қатысушылар!
Съезге қатысқандықтарыңыз бен қазіргі әлемдік мәселелерге терең
ықылас білдіргендеріңіз үшін Сіздерге тағы да үлкен алғыс айтамын.
Мен бүгінгі рухани басшылардың өз сенімдерін адамдарға біржақты
бұрмаламай, таза, түсіністікпен, жауласу пен ашу
-
ыза құралына
айналдырмай жеткізулерін олардыңжоғары мұратыдеп білемін.
Мен сіздердің барлықтарыңыздың нағыз сенімнің, ақиқаттың, ізгілік
пен мейірімділіктің сәулесін бойларыңызға ұялатқандарыңызды білемін.
Сіздердің шындығында ұлан
-
ғайыр, кейде лайықты бағалана бермейтін
еңбектеріңіз үшін барлығыңызға бас иемін.
Сіздерге бақыт пен ізгіліктілеймін!
Ықыластарыңызға рахмет.
14
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.
НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР
ЛИДЕРЛЕРІНІҢ БІРІНШІ СЪЕЗІНІҢ
ЖАБЫЛУЫНДА
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
24 қыркүйек 2003 ж.
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
Біздің бірлескенфорумымызбен
кездесуіміз көзді ашып
-
жұмғанша
өте шықты. Олар
көңілге
қонымды әрі
жемісті өтті. Біз сіздермен
өркениеттер, конфессиялар, елдер және халықтар арасындағы
келісімді
нығайту мен келіссөз тәжірибесінорнату
жолында тағы бір
өте
маңызды
қадам жасадық.
Біздің пікірлесулеріміз бен талқылауларымыздың нәтижесі
адамдардың бейбіт және лайықты өмір сүруі үшін, әр түрлі діндер мен
ұлттардың болашағы
үшін ынтымақтастық идеясынпаш етті.
Әр түрлілік –
бұл кемшілік емес, керісінше, Құдайдың баға жетпес
сыйлығы, оның арқасында нағыз өзара баю, нағыз даму жүреді. Әр
халық қайталанбас, тек өзіне ғана тән дәстүрге, тарихқа, ойлау
қабілетіне ие. Әрқайсысы
адамзаттың рухани мәдениетіне өзінің ерекше
үнін қосады.
Сіздердің назарларыңызды түрлі жалған діни бірлестіктердің
санының өсуі мен әсері сияқты тағы бір проблемаға аударғым
келеді.
Олар әр елде бар және қазіргі замандағықиыншылықтарды
негізіненсолар туындатуда
.
Олардың көпшілігі қазір сән болып кеткен жасандылықпен сұрқия
идеяларды уағыздап, ізгіліктен ада істерді жасауда.Нәтижесінде
діни
тұрақтылықты, азаматтық қоғамды ғана емес
,
мемлекетті де бұзуы
мүмкін.
Біз бұндай ұйымдарға қарсы тұрып, олардың іс
-
әрекетіне тыйым
салып, азаматтарымызды олардың теріс ықпалынан қорғауымыз керек.
Біздің бәріміз үшін
,
барлық әлемдік, дәстүрлі
-
ұлттық діндер үшін
ортақ
адамгершілік пікірлердің жоғалмайтын өзектілігі барынша айқын
бола түседі.
Осы
съезде
түрлі
тілде
түрлі
дін
қайраткерлеріайтқан
шындықтарды еске алайық
:
–«барлық жалпыадамзаттық өмір жалғыз Құдайға бағынышты» –
ислам өкілінің сөзінен;
–«біздің арғы атамыз бір –
Авраам»
-
иудаизмнен;
–«өз жақыныңды өлтіре көрме»
-
буддист айтқан;
–«бейбітшілік пен келісім өзіңмен және
табиғатпен үйлесімділік
арқылы»
-
Дао дінінен;
–
«ол өзге дін өкілі болсын немесе тіпті кәсіп болсын –
өзгеге
көмектес»
-
православиелік христиандық;
15
–«әлем –
Құдай сыйы, біздің кездесуіміз де –
Құдай сыйы»
-
Ватикан діни қызметкері атап өткен.
Яғни
,
біз тағы бір рет барлық конфессиялардың сенім, төзімділік,
келісім және адамды сүю арқылы бейбітшілікті уағыздайтындығына көз
жеткіздік
.
Сіздермен біздің осы ортақ пікіріміз
–
әлемдік дәстүрлі діндер
уағыздайтын
түрлі
халықтар
мен
өркениеттер
келіссөзінде
байланыстырушы түйін болғандығын тағы бір растады.
Бізге қазір түрлі дін өкілдерінің ұзақ та тарихы бай өміріндегі
жинақталған жасампаз тәжірибелерін
пайдалану барынша маңызды
.
Біздің барлығымыздың Құдайға барар жолымыз
–
бір. Түрлі діндер
арасында барынша белсенді келіссөздер жүргізудің уақыты келді.
Біз беделді рухани лидерлер мен қарапайым діндарлардың біріккен
жігерін танытатынтұрақты халықаралық конфессияаралық ұйым
қажеттігін сезінеміз.
Осы қызметті әлемдік және дәстүрлі –
ұлттық діндер форумы
атқара алады деп сенемін.
Дін ХХІ ғасырда уағыздау мен дамудың
көзі бола ала ма?
Осы екі күн ішіндегі біздің бірлескен жұмысымыз көзі бола
алатындығын
көрсетті деп ойлаймын.
Біз қарапайым
әрі
шынайы
бір
шындықты түсінуіміз керек –
біздің
барлығымыз қазіргі заманда өзара тәуелдіміз. Және осы өзара
тәуелділік кез келген толқу
пен өзгеріске барынша нәзік және сергек тетік
болып табылады.
Біздің жалпы үйіміз –
біздің ел ғана емес
,
біздің барлық Жер
шарымыз екені маңызды.
Және
біздер
балаларымыздың,
немерелеріміз
бен
шөберелеріміздіңтыныштықта,
сау
ортада,
өзге
халықтармен,
конфессиялармен келісімде өмір сүруін, соғыс пен жоқшылықты
көрмегенін
қалаймыз.
Біздің іс
-
әрекетіміз, біздің құлшылық етулеріміз және жан ашу
сезімдеріміз
Жер шарының ыстық нүктелеріндегі, түрлі наразылық
аймақтарындағы
миллиондаған адамдардың қасіреттері тоқтайтын ашық
уақытқа жақындауымызға көмектеседі деп сенемін.
Біздің барлығымыз үшін Таяу Шығыста көптен күткен бейбіт өмір
келетін, Балкандағы, Оңтүстік Азиядағы кейбір өңірлерде, Африка
континентінде және өзге жерлерде шиеленістер тараған күн бақыт пен
игілік күні болады деп үміттенемін.
Өз сөзімді аяқтай келе
,
біздің құрметті қонақтарымыз –
делегация
басшылары мен өкілдеріне олардың осы жұмысқа белсене араласқаны
үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.
Осы күндері біздің атымызға көптеген хат, жеделхаттар,
электрондық пошта арқылы хабарламалар әлемнің түкпір
-
түкпірінен
келді.
16
Осыған байланысты осы Форум идеясын және діндер арасында
келіссөздер қажеттігін құптаған мемлекет басшыларына, саяси және
қоғамдық қызметкерлерге, түрлі елдердің қарапайым адамдары
мен
қазақстандықтарға ерекше алғысымды білдіремін.
Маған сезілгендей Төзімділік, Шындық, Әділдік және Махаббат
сияқты мәңгі шындықтар жолын ұстаушы біздерді растайтын формуланы
жасадық деп ойлаймын.
Бұл біз қабылдаған Декларацияда көрініс тапты.
Біздер дін атын жамылған,дінді шынайы түсінумен ешбір ортақтығы
жоқ
экстремизм, сепаратизм, терроризм және зомбылықтың өзге түрлері
адамзат үшін қауіп болып табылады деген ортақ пікірге келдік.
Біздер дінаралық келіссөз қоғамдық дамудың және барлық
халықтардың игілігін арттыруда маңызды тәсілдердің біреуі болып
табылатындығын таныдық.
Біздер адамзат бейбітшілігі мен алға дамуын, қоғамда
тұрақтылықты келешектегі үйлесімді әлем негізі ретінде қамтамасыз ету
ісінде барлық күшімізді жұмылдыруға дайын екендігімізді көрсете білдік.
Мен келесі Съезді дайындауға бізге көрсетілген сенім үшін осы
форумға қатысушылардың барлығына алғысымды айтамын.
Бұл өздігінен Бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен
айқындық уақытын құру тетігі ретінде тұрақты дінаралық келіссөз идеясы
іске асып келе жатқандығын көрсетеді.
Өз елдеріңізге жеткеннен кейін Астанадағы кездесуді ұмытпайды
,
хабарласуды, пікір алысуды және бейбітшілік пен келісімді дамыту,
шиеленістер мен қақтығыстарды шешу бойынша күнделікті жұмысты
жалғастырады
деп сенгім келеді.
Егер біз өз қауым мүшелерімізге, біздің елдеріміздің азаматтарына
осы жердегі әңгіме мәні мен негізін жеткізе білсек, осымен бейбітшілік
пен келісім ісіне үлкен үлес қосамыз.
Біздің Съезді бірге
қабылдаған Декларация сөздерімен аяқтаған
дұрыс деп ойлаймын: біздің ісімізге Алла жар болсын, Жер шарының
барлық халқына әділдік, бейбіт өмір және гүлденіп
даму сый болсын.
Сіздер мен сіздердің елдеріңізге құт дарысын. Сіздерден қатер мен
қайғы айналып өтсін. Сіздердің күндеріңіз адамдар игілігі, бейбітшілік
және тұрақтылық туралы тілекке толы болсын
!
Барлықтарыңызға ақ жол!
Келесі кездескенше!
* * *
17
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ
ЕКІНШІ
СЪЕЗІ
_____________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.
НАЗАРБАЕВТЫҢ
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР
ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ЕКІНШІ
СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА
СӨЙЛЕГЕНСӨЗІ
12
қыркүйек 2006 ж
.
Құрметті әлемдік және дәстүрлі дін басшылары, съезд
қонақтары!
Тұңғыш рет әлемдік дін басшыларының басын қосып, алғашқы
съезімізді өткізгенімізге үш жыл да өте шығыпты. Қайыр
-
шапағаты мол
сол бір кездесудегі уағдаласуымыз бойынша біз
бүгін Еуразия кіндігі
саналатын Қазақстанның жас елордасы
–
Астанада тағы да жүздесіп
отырмыз. Бар күш
-
жігерін әлемнің әр түкпіріндегі алуан түрлі халықтарды
бейбітшілікке, қайырымдылыққа, татулыққа шақырып, дүниеге ізгілік
нұрын
таратып
жүрген
Сіздермен
кездесіп
отырғаныма
бек
қуаныштымын.
Естеріңізде болар, сол жолғы бас қосуда келесі кездесуімізді жаңа
Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізу туралы шешім қабылдаған едік.
Мен Сіздерге берген сол уәдемді орындап, аты әлемге әйгілі архитектор
Норман Фостердің жобасымен осы ғажайып Сарайды салдырып, қазақ
жеріне «Қош келдіңіздер
!
» деймін.
Сарайымыздың төрт тағаны дүниенің төрт бұрышына бірдей
айқара есік ашқан. Бұл ғимарат әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар
мен дін өкілдеріне дос құшағын ашқан тәуелсіз Қазақстанның символы
іспеттес. Өйткені тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130
-
ға
жуық ұлт пен 40
-
тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара
келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық
моделін ойдағыдай жүзеге асырып,
экономиканы реформалауда зор
табыстарға қол жеткіздік.Ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды
бейбітшілік аймағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым
-
қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы
атандық. Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған
халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арнаған
18
Сіздер сияқты дін басшыларын шақырып, келелі кездесу өткізуге
мүмкіндік туғызып отыр.
Осындайлық өкілетті форум Астана аспанының астында осымен
екінші рет өткелі
отыр. Мен Сіздерді құттықтаймын және біздің мәртебелі
қонақтарға өзімнің ықыласым мен алғыс сезімімді білдіргім келеді. Біздің
бірінші форумда салынатыны туралы мен айтқан Бейбітшілік жөне
келісім сарайы бүгін алғаш рет сіздерге есігін айқара ашты.
Осында, Астанада, 2003 жылы болған Әлемдік жөне дәстүрлі
діндердің бірінші съезі бүкіл әлемнің назарын аударды. Оған дейін
конфессиялардың өкілеттігі жөнінен сондайлық әмбебап форум болған
емес. Астанадағы сол жолғы кездесу діндердің жаһандықүнкатысуы,
өңірлікте, сол секілді өлемдік те ауқымдағы түрлі форумдар,
конференциялар үшін айтарлықтай серпін берді.
Бүгін біз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші
съезінашып отырмыз. Егер үш жыл бұрын біздің форумға 17
конфессиялық делегация қатысқан болса, бұл жолғы Съезге енді 29
делегация қатысуда. Бұл өзгеріс атап айтарлықтай және біздің
форумның беделініңөсе түскенін
бейнелейді. Ол біздің өзара түсіністік,
қазіргі дүние туындатып отырған күрделі сұрақтарға жауаптарды бірлесе
іздеу жолымен келе жатқанымызды білдіреді.
Бірінші форумнан бері
өткен уақытта дінаралық үнқатысудың мәні
тек қана өсе түсті. Өкінішке орай, осы жылдары әлемнің барлық дерлік
континенттерінің аумағында болған көптеген қайғылы оқиғалар сандаған
жанжалдарды бір ғана саяси немесе күш қолдану шараларымен шешу
мүмкін еместігін тікелей де тиянақты түрде көрсетіп берді.
Бұл ғана емес, «Құдайды іздеу»
пердесін жамылып
,
барша ұлы
ұстаздар айыптайтын шын мәніндегі үрейлі әрекеттер жасалуда. Екінші
жағынан, белгілі бір дінді агрессияшыл
деп айыптаудың біржақты әдеті
айқын әлпетке көшті.
Осынау өзара үзілді
-
кесілділік бәсеңдейтін емес. Дегенмен
өркениетті адам –
бұл кейде өз көзқарастарына күмән келтіріп, жағдайға
басқа көзбен қарауға қабілетті адам. Мұның өзі кей кезде
саясатшыларда жетісе бермейді. Бірақ та жаңағыдай қасиеттер биік
руханият адамдарын, оның үстіне бүтін осынау тамаша залда отырған
адамдарды әрдайым даралап тұрады.
Біз кей
-
кейде бір ұлы діни қағидат
туралы, ой
-
ниетте, сөз бен
әрекетте күштемеу қағидатытуралы ұмыта береміз.
Бірақ та осынау
бағзы қағидаттың астарында әбден осы заманғы нәрселер тұрады.
19
Адамның ой
-
ниеттерге, көңіл
-
күйге, алаңдаушылықтар мен
күмәнданушылықтарға толы ішкі жан
-
дүниесі –
бұл рухани жан
-
дүние,
діни ізденістер жан
-
дүниесі. Күн күркірегендей жаңғырығы бар
телевизия, интернет пен баспасөз –
бұл сол баяғы сөз. Ал әрекет –
осы
ой
-
ниеттер мен сөздерді іс
-
қимылға айналдыратын саясатшылардың
саласы. Діни доктрина деңгейінде, медиа
құралдар деңгейінде және
саяси іс
-
әрекет деңгейінде күштеуден бас тарту ғана осы заманғы
дүниеде аман қалудың нақты негіздері болып табылады.
Солай болса
-
дағы барлық үш деңгейде өсіп бара жатқан
агрессияшылдық айқын байқалады.Дінқайраткерлері бірдінніңекіншісінен
артықшылығытуралышындап
байсалды
пікір
білдіре
бастаса,
оңдажанжал әу бастан қалыптасқаны айқын болады.Бұқаралық ақпарат
құралдарыбасқа діндегілердің
қасиетті сезімдерін қорлауды ұшындыра
түссе,
ондабұл
журналистердің
ерте
ме,
кеш
пе
өз
нанымдарыныңқорлануыменбетпе
-
беткелетіні
айқын
болады.Саясатшылар этнодіни жанжалдарды шешудің күштеуәдісін
қолдануға еш шімірікпестен бұйрық берсе,соғыс олардың өз үйлерінің
табалдырығына келетіні айқын болады.
Бұл үштағанда агрессияшыл жақ
болмауы тиіс. Бірақ та оның негізіндегі дін қайраткерлерінің
ұстанымында агрессияшылдық жоқ болуы тиіс.
Жанжалдарға толы әлемдегі осы заманғы үнқатысу көп ретте
саңыраудың мылқаумен үнқатысуын жиі еске салады. Мұнда үнқатысуға
деген еш мұқтаждықжоқ, содан кейін тараптар тағы да өзінің даусыз
дұрыстығына сеніп тарасады.
Меніңше, түрлі салаларда жұмыс істеп жатқан қағидаттар бұл
салада
да
жұмыс
істей
алар
еді.
Меноларды
түсіністік
қағидаттарыдепатар едім.
Бұл әлі үнқатысу емес, бұл оны бастау үшін негіз. Бірақ та мұндай
негіз болмаса, кез келген үнқатысу уақытты зая кетіруге айналады.
Біріншіден, алдын ала кесіп
-
пішусіздік,өзарақабылдаудың ғасырлар
бойы қалыптасқан қасаңдықтарынан бас тарту.Келеңсіз касаңдықтардан
бас тартпайынша, үнқатысуға кірісудің қажеттігі жоқ. Қазақстанның ұзақ
та қасіретті тарихында қаскөйлік пен қантөгістің мысалдары аз емес.
Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы отыз жылында қазақтардың үштен
біріне жуығы қырып
-
жойылды, сұмдық қиын жағдайларда опат болды
немесе шетелге эмиграцияға кетті. Мұның бәрі біздің есімізде, бірақ та
мұны өшпенділік пен өштесудің тақырыбы жасаған емеспіз. Тарихи
қасаңдықтардың қауіптілігі көп ретте мынада болады: олар тіпті өділ
бола тұра ізгілікке емес, жауыздыққа шақырады. Бүгінгі дүниеде жаңа
20
түскен жарақаттар мен құрбандықтар тым көп. Бірақ та мендегі саясатшы
тәжірибесі бір нәрсе туралы өз қасаңдықтарыңнан өте алу қажеттігі
туралы айтады.
Екіншіден,басқаның тылсымсаласына баса
-
көктеп кіруден саналы
түрдебастарту.Біреу үшін қасиетті нәрсе басқа біреу үшін әзіл немесе
келемеж тақырыбы болмауы керек. Бұл –
қарапайым қағида, өкінішке
орай, оны журналистер мен саясатшылар ғана емес, сонымен бірге
басқа діндерге қатысты өз сөздеріне немқұрайды қарайтын дін
қызметшілерінің өздері жиі бұзады.
Біз Қазақстанда 40
-
тан астам конфессияның өкілдері бейбіт қатар
өмір сүруде деп жиі қайталаймыз. Және бұл жай айтылған сөз емес
–
соңғы 15 жылда сіздер бір де бір қазақстандық газеттен немесе
телеарнадан белгілі бір дінді ұстанушылардың сезімдерін қорлауды көре
алмайсыз. Бұған ел Конституциясы тыйым салады.
Бұл ретте осы
жылдары ешкімді жазалауға тура келген жоқ. Жауабы мен түсініктемесі
қарапайым ғана –
қоғамда тұтастай алғанда барлық діндарларға
төзімділік пен түсіністік ахуалы қалыптасты.
Үшіншіден,
әлемдік және дәстүрлі діндердіңжаңа, қалыпты
емесқатерлергебірлескен жауабы.Егер саясат әлемінде мұндай қалыпты
емес қатерлер лаңкестікпен, жаппай қырып
-
жою қаруының таралуымен,
трансшекаралық қылмыспен байланысты болса, рухани дүниеде бұдан
әлдеқайда іргелі қатер туындауда. Бұл –
мыңжылдық рухани
дәстүрлерден қолүзушілік. Бұл құбылыс сенім
-
нанымға қарамастан,
барлық континенттерде болып жатыр. Бұл –
жиырмасыншы ғасырдың
байырғы бейбіт секуляризмі немесе қарабайыр атеизмі емес.Бұл –
әлемдік діндердің дәстүрлерімен байланыстыруханият тұрпатын
түбегейлі жокқа шығарушылық.Осы заманғы діни институттардың
негізінбұзыптастауы мүмкін бұлқатердітүсінбеушілік даудыңәлдеқашан
жоғалтқан өзектілігін туындатады.Осы заманғы әлемдегі рухани ахуал
өте өзгермелі және қалай дегенде де қоғамның бір бөлігі болып
табылатын діни институттар жаңа тәуекелдерді және өз болмыстарының
ең негіздеріне төнетін қатерлерді ескеруге мөжбүр.
Бұл қағидаттар өзіндік біртүсіністік өзегінқұрай алар еді.
Адам қызметінің кез келген саласында кейбір ең ортақ қағидат бар.
Өзінің формасы жағынан саяси үнқатысуға жақын, бірақ та мазмұны
бойынша шексіз терең діни үнқатысу саласында мынадай айқындама
сондай қағидат бола алар еді:«Үнқатысу үшін негізді құдіреттіктегі
пенделік арқылыемес, пендедегіқұдіреттік арқылыіздеу»
.
Бұл қағидаттың
бүкіл абстрактылығына қарамастан, ол өте маңызды.
21
Шын мәнінде көптеген діни доктриналардың сыйыспаушылығы
құдіреттіктен емес, пенделіктен туындаған. Бүкіл әлемдік діндердің
Құдайдың жалғыз екендігін мойындауы мұны айқын көрсетіп отыр.
Басқа да себеп бар. Барлық ұлы діндер елеулі рухани өзгеру,
Құдай алдында адамның өзінің кішкентай «менін»
ұмытуы туралы
айтуда.
Ақырында, барлық ұлы рухани ұстаздар өркөкіректіктің, бәрін де
білемін деген өркөкіректіктің айрықша қауіптілігі туралы айтқан. Құдай
сөзін адамдарға бәрінен де жақсы жеткіземін деп кім айта алсын?
Меніңше, мұның өзі нақ сол күнә болып шығады.
Практикалық тұрғыда бұл қағидаттың ерекше рөлімынада, өз дінінің
басты құндылықтарын бұзбастан,
қалай болғандада дүниеге басқа
руханиперспективаларды ескере отырып қарау керек.Саясатшылар
өздерінің іс
-
қимылдарында кейбір терең діни постулаттардың, оларды
түсінгендеріне немесе түсінбегендеріне қарамастан, жетегінде кететініне
әбден сенімдімін. Сондықтан әлемнің діни лидерлерінің басқа діни
жүйелерден пенделікті емес, құдіреттікті іздеу
қағидатын ұстануға әзірлігі
әлемдегі әлдеқайда ізгі саяси іс
-
қимылдардың негізі бола алады.
Діни төзімсіздіктің өсуі
–
бір жағынан жаһанданудың нәтижесі. Түрлі
мәдениеттер мен діндердің орасан зор болмыстары тікелей қатынасқа
түсті. Бәрі көші
-
қон, телевизия, мәдени модельдер арқылы араласып
кетті. Жаһандану жаһандық экономикалық әділетсіздікке көзімізді
ашты.Миллиардтаған азып
-
тозған адамдаросы заманғыәлемде қалай
өмір сүруге болатынын көрді және оларешқашан солай өмір сүрмейтінін
түсінді.
Осындай жағдайда өзіндік бір «рухани қашу»
жүріп жатыр. Бірақ та
бұл «Құдайға қашу емес»
,
«нақтылықтан қашу»
еді. Бәрі де, дін Құдайды
іздеу емес, өзіңнің осы заманғы әлемге, оның әділетсіздігіне деген
жеккөрушілігіңді ақтаудың айқындамасын іздеуге айналғанда, жаңа
мәдени талдырумен аяқталуы кәміл. Уақыт шынында да кері кетуі
мүмкін. Бір ғана саяси акциялармен осынау жаһандық мәдени
тығырықтан шыға алмайсың. Мұнда рухани ұстаздардың рөлі шешуші
болады.
Халықты саяси жұмылдыру үшін дінді пайдалану –
бұл тарихта сан
рет қайталанған қадам. Әрдайым қасіретпен аяқталған қадам.Әлемдік
және дәстүрлідіндерлидерлерінің айрықша жауапкершілігі мынада, діни
уағыздар
саяси
жанжалдарға
бастамасын,
олардымемлекеттік
құрылымдар мен астыртын ұйымдарөздерінің құдірет ісінен алыс
міндеттерін шешу үшінпайдаланбасын.
22
Кез келген
шынайы мәдениеттің негізінде Құдайға табыну жатыр.
Нанымға негізделген мәдениеттер мыңдаған жылдар бойы тарихтағы
өзінің жанды сөзін сақтаған. Кейбір тұрғьда өзіңнің діни рухыңды сақтау
тарихта тұтас халықтарды сақтаудың кепілі болады. Әлбетте, дүние
ешқашан бір өркениетті жобаның негізінде құрылмайды. Біздер,
саясатшылар үшін тарихтың, соның ішінде осы заман тарихының бұл
түйінді элементін түсіну өте маңызды. Дүние жаңа ғасырдың алты
жылындағы ауыр күйзелістерден кейін, жаһандық лаңкестіктен кейін, көз
алдымызда өсіп бара жатқан ядролық қарудың таралу қатерінен кейін,
аса ауыр адам кұрбандықтарынан кейін жай ғана бір фактіні түсінуге
жеткен
сияқты.
Атап
айтқанда
,
дүниеніңмәдени
және
діни
саналуандылығы бұл нақтылық, оны адамзат баласының болмысы
ретінде түсініп,қабылдау керек. Саясатшылардың
кезкелген
басқа
көзқарасы дүниеде жарылыс туғызуы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |