Ардақты әлеумет!
Мәртебелі меймандар!
"Халықтарды бір бірінен бөлетін теңіздер емес, надандық пен
тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана" деген даналық сөз бар.
Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан
ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту
арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес.
Бүлінген заманды түзеу
-
адамның өз міндеті.
Мінеки, біз бүгін осы жайында
-
адамзаттың бүгіні мен ертеңгі
тағдыры туралы кең отырып кеңесуге жиналып отырмыз.
Сонымен бірге бұл басқосу қазіргі дүниежүзілік саяси ахуалға,
халықтар достығына игі ықпалын тигізеді деп сенемін.
Съезд жұмысының табысты өтуіне тілектестігімді білдіремін.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
40
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.
НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР
ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ҮШІНШІ
СЪЕЗІНІҢ ЖАБЫЛУЫНДА
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
2 шілде 2009 ж.
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезі өз жұмысын
аяқтады.
Сіздер екі күн бойы бейбітшілік пен діндер арасындағы келісімді
нығайту жолдары туралы көкейтесті мәселелерді талқыладыңыздар.
Бұл басқосулар сындарлы жағдайда өтті. Соның нәтижесінде
Съезге қатысушылар тарапынан Үндеу қабылданды, онда діндер
диалогын кеңейту және жалғастыра беру туралы ортақ тілектеріңіз
көрініс тауып отыр.
Съезге келген барлық делегация басшыларына жемісті еңбектері
үшін өз ризашылығымды білдіремін.
Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзге де халықаралық ұйымдардың
өкілдеріне, әр елдің саясаткерлері мен қоғам қайраткерлеріне біздің
Съезге шақыруымызды қабыл алғандары үшін шексіз алғысымды
айтамын.
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
Осыдан он жыл бұрын ЮНЕСКО Астананы «Бейбітшілік жолындағы
қалалар» халықаралық конкурсының жеңімпазы деп таныды. Осы
жылдар ішінде Қазақстанның жас астанасы бұл жоғары атаққа
абыроймен алып келді. Қазір де, діни лидерлердің бірегей форумында
жоғары мәртебелі қонақтардың басын қосып отырып, ол Бейбітшілік пен
келісім қаласы деген өз мәртебесін тағы да дәлелдеді.
Съезде өткен пікірталастар Астанада бас қосқан барлық діни
лидерлердің үнқатысуға әзір екендігін және аса мүдделілігін тағы да
көрсете білді.
Бұл күндерде Бейбітшілік пен келісім сарайында және тәуелсіздік
сарайында талқылауға шақырылған мәселелер бойынша әртүрлі ой
-
пікірлер айтылды, барлық делегация өкілдерінің көзқарастары білдірілді.
Бірақ айтылған сөздердің барлығын сан қырлы ғаламшарымыздың
тағдырына алаңдаушылық және елдер мен халықтар, әртүрлі дін
өкілдері арасындағы келісім мен өзара түсіністікті нығайту жолдарын
іздеуге деген құлшыныс біріктірді.
41
Әлемдік және дәстүрлі діндердің ІІ Съезі Хижраға сәйкес
мұсылмандардың ең қастерлі айларының бірі –
Раджаб айында өтті.
Бұл кезде жаратушының мейірімі адамдарға шексіз «төгіліп»,
оларды ізгі істер мен бастамаларға оятады.
Сондықтан да Сіздердің осында, Қазақстан жеріне қабылдаған
шешімдеріңіз –
Құдай жолындағы ізгі де рақымды іс.
Сіздердің әлемге арнап айтқан
сөздеріңіздегі даналық адамдардың
жүрегіне жетіп, қызу қолдау тапсын!
Ғаламшарымыздағы қазіргі жағдай күрделі әрі қарама
-
қайшылыққа
толы. Ксенофобия мен діни төзбеушілікке негізделген лаңкестіктің,
соғыстар мен қақтығыстардың жаңа құрбандары туралы хабарды біз
жүрегіміз сыздап қабылдаймыз.
Форумға қатысушылардың барлығы діннің бейбітшілік пен келісімді,
төзімділік пен өзара түсіністікті сақтаудағы, қоғамның имандылық
негіздерін нығайтудағы рөлі маңызды екендігін атап өтті.
Қазіргі әлемдік дағдарыстың күрделі кезеңінде оның рөлі барынша
күшейе түсті түседі.
Сондықтанда рухани бастауларды дағдарыстан кейінгі әлемді
қайта құрудың басты тетіктерінің бірі дәрежесіне көтеру керек.
Съездің қорытындылары халықтар арасындағы татулық пен
келісімге шақыратын тақуалардың ауқымын кеңейте беретініне
сендіремін!
Оның үстіне, саясаткерлер мен діни лидерлер арасында тұрақты
жұмыс істейтін үнқатысуды ұйымдастыру көрегендік қадам болар еді деп
есептеймін.
Біздің ортақ мақсатымыз –
халықтардың өзара жауапкершілігіне,
өзара іс
-
қимылы мен ынтымақтастығына негізделген неғұрлым қауіпсіз,
тұрақты және әділетті қадам құру.
Будда өсиет еткендей, « егер сен мың сөздің орнына жалғыз ғана,
бірақ БЕЙБІТШІЛІК орнататындай сөз іздеп тапсаң, сол жеткілікті болар
еді!»
Мен ІІІ Съездің
қорытындылары өркениеттер, мәдениеттер мен
діндер арасындағы үнқатысуды ілгерілетудегі тұжырымдамалық және
практикалық аса маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Ол, сөзсіз,
адамдарды жақындастырады, әлемде дінаралық өзара түсіністікті
нығайтады.
Ашық мәдениетаралық және дінаралық үнқатысу Қазақстанның ішкі
және сыртқы саясатының шешуші мәселелерінің бірі болып
табылатынын
атап айтқым келеді.
42
Бұл жолды біз жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің барлық деңгейлеріне жүргізіп келеміз және жүргізе
беретін
боламыз.
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
ІІ Съезд өз жұмысын аяқтады. Оған қатысушылар бұрынғыдан
көбейіп, пікірталастар –
анағұрлым тереңірек және мазмұнды,
қабылданған шешімдер неғұрлым байсалды бола түсті.
Бұл жол айрықта тұрған әлемге осы форумның қажеттілігін
білдіреді. Біздің Съезіміз –
адамдар арасындағы келісімге бастайтын
түзу жолды көрсетуге қабілетті шамшырақтың бірі.
Мен барлық делегация басшыларына, барлық қонақтарға Съезге
қатысқаны үшін зор ризашылық білдіремін!
Біз қоштаспаймыз, осында, Қазақстанның ел ордасы –
Астанада қайта кездескенше дейміз!
Барлықтарыңызға бейбітшілік пен келісім, шабыт пен
даналық, бақыт пен ізгілік тілеймін!
* * *
43
ӘЛЕМДІК
ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ
ТӨРТІНШІ СЪЕЗІ
_____________________________________________________________
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ДІНИ ЛИДЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ
БІРІНШІ
ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
30
мамыр
2012 Ж.
Жоғары мәртебелі, құрметті қонақтар!
Құрметті
Кеңес мүшелері
Мен Діни лидерлер кеңесі Бірінші отырысының барлық
қатысушыларына
халқымның атынан шын жүректен сәлем жолдаймын.
Мен сіздердің Кеңес құру бастамасын қолдағандарыңыз және оның
мүшесі болуға келіскендеріңіз үшін бәріңізге ризамын.
КеңестегіОрыс православ шіркеуінің өкіліМәскеу және бүкіл Русь
ПатриархыҚасиеттіКириллге шын жүректен сәлем жолдаймын.
Сізөзіңіздің алдыңыздағы Мәскеу Патриархы II Алексийдің
батасымен (оның жанытыныштықта болсын)белсенді әрі әрдайым сәтті
жұмыс істеген,осыдан 9 жыл бұрын ұйымдастырылған біздің Съездің
жұмысынаалғаш рет қатысып отырсыз.
Мен біздің форумға ынтасымен қатысқаны үшін Дүниежүзілік Ислам
Лигасының Бас хатшысы шейх Абдалла бен Әбдел Мухсин ат Әл
-
Түркигеризашылығымды білдіремін.
Қасиетті
Папапрестолыделегациясының
басшысы,Жоғары
мәртебелі кардинал Джованни Лайолоғаерекше сәлем жолдаймын.
Жоғары мәртебелі Рим Папасы II Иоанн Павелдің(оның
жанытыныштықта
болсын)біздің
елімізҚазақстанға11
жыл
бұрынкелгенін,Астана аспанының астындаберген қастерлі батасын
жадымыздасақтаймыз.
Мен
Дүниежүзілік
Ислам
мазхабтарын
жақындастыру
Ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мухаммад Али Тасхири мен
Дүниежүзілік лютерандық федерация өкіліЖоғары мәртебелі Мартин
ЮнгеніңКеңес құрамына кіруге келісім бергені үшін ризамын.
Мен көптеген жылдар бойы Съезд жұмысына белсенді қатысқан
Израильдің Бас ашкеназийлік раввині Йона Мецгерге ризамын.
Біз Діни лидерлер Кеңесінің мүшесі болуға келісім берген Түркияның
дін істері Басқармасының Төрағасы Мехмет Гермезге, Қазақстан
мұсылмандары Діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар
қажы Дербісәліге, Жапония синтоистік храмдары Ассоцациясының
Президенті Цунекиё Танакеге, Заратуштра мәдени мұрасы Дүниежүзілік
Кеңесінің ПрезидентіХоми Буржор Дхаллеге, Брэдфорд епископы
(Англикандық шіркеу) Жоғары Мәртебелі Николас Бейнске, үндітану
44
зерттеу институтының және дінаралық диалогтың жетекшісі Самиру
Сомайя мырзаға ризамыз.
Мен Дүниежүзілік буддистер одағының вице
-
президенті Хамбу ламу
Чойжилжавын Дамбажавпен, Қытай буддистер Ассоциациясының
Төрағасы Сюэ Чэнмен, сондай
-
ақ Қытайдың даосистер Ассоциациясы
қауымдастығыТөрағасының
орынбасары
Хуан
Синьянмен
қауышқанымақуаныштымын.
Әлемдік
және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жаңа ұйымының
осындай көрнекті құрамы –
Діни лидерлер кеңесінің түпкі абыройы
мензор әлеуетінің куәсі.
Осыдан үш жыл бұрынғыоны құру жөнінде меніңалға қойған
ұсынысым, бәрінен бұрын, заманауи үрдістегі дін мен конфессияаралық
диалогтың рөлін арттыруға байланысты болды.
Қазақтың
ұлы ойшылы Абай ізгіниетті істерде оғаш ештеңе
болмайтынын жазған.
Діни лидерлер кеңесінің мақсаты мен міндеттері –ізгі әрі өзекті.Біз
бәріміз бүгінгі әлемдегі үйлесімге, бейбітшілік пен келісім идеяларының
нығаюынаалаңдаушылық білдіреміз.
Мен Кеңес қызметінің басталуымен қатысушылардың бәрін
құттықтап,баршаңызға жемісті еңбек тілегім келеді.
Құрметті
Кеңес мүшелері!
ХХ ғасырдағыкүрделі кезеңде дінаралық сұхбатты,шын мәнінде,
жаһандық деңгейде түсіну басталды.
Діни лидерлердіңжүз миллиондаған ізбасарларына арналған
бейбітшақырулары, әсіресе, мыңжылдықтар тоғысында маңызды бола
түсті.
Солардың
арқасында
өркениеттердіңДамоклов
семсерліатышулықақтығысынтоқтатудың
сәті
түсті.
Бірақ,ол
өркениеттіңтағдырымен бірге жалғасып жүретінінкөрмеу мүмкін емес.
Сондықтан
біздің
Кеңестің
басты
мақсаты
–
діндер
сұхбаттастығыныңнығаюына жағдай жасау.
Оның қызметінің негізінде барлық дінге сенушілердіңадамгершілік
бастауындағы ізгілік, сүйіспеншілік, әділдік, бейбітшілік пен келісімге
шынайы берілгендік жатыр.
Менің ойымша,олардың тәжірибелік міндеттерітөмендегідей болуы
мүмкін:
Бірінші. Жаһандық толеранттылықты қалыптастыру саласындағы
басқа да халықаралық сұхбаттасу құрылымдарымен өзара әрекеттестікті
жолға қоюы маңызды.
Екінші.
Кеңестің
әлеуетімен
беделі
жаһандық
бітімгершіліктіңаймақтықтетігі ретінде белсенді әрекет етугемүмкіндік
береді.
Кеңес шиеленістердіреттеу мәселелері бойынша шақырулар мен
45
үндеулер
жасай алар еді.
Үшінші.
Кеңес
аясында
діндарлардың
құқықтары
мен
бостандықтарынсақтаудыңжаһандық мониторингінжүргізген жөн.
Өкінішке
орай,
конфессиялық
белгілерінеқарайкемсітушілік
тәжірибесі–
қазіргі әлемдекеңінен таралғанқұбылыс.Барлық осы
деректер тиісті бағасын алуы керек. Осы мақсаттаКеңестің БҰҰ
-
мен және
халықаралық
ұйымдармен,
құқық
қорғау
құрылымдарымен
ынтымақтастық жасауы маңызды.
Төртінші. Діни лидерлер Кеңесінің табысты қызметі ХХІ
ғасырдағыжалпыәлемдік тепе
-
теңдікті сақтаудың маңызды бөлігі бола
алады.
Біздің Кеңес аясында біріккендіндердіңрухани күші, уақыт өте келе
қайшылыққа
толы әлемдегітепе
-
теңдіктіңсалмақты құралы болуға
қабілетті.
Кеңестің құрылуына байланысты Әлемдік және
дәстүрлі діндер
лидерлерінің келесібарлық Съездерін ұйымдастыру мен өткізу
жұмыстарынеғұрлым сапалы деңгейдежүргізілетін болады.
Әлемдік
және дәстүрлі діндер съезінде қабылданған құжаттарды
басшылыққа алып,КеңесСъездің атынан біздіңшешімдерімізді жүзеге
асыруға байланысты қадамдар жасай алар еді.
Құрметті
әріптестер, достар!
Халық даналығында айтылғандай, діннің шырағыадамдарды ізгілікке
шабыттандыру, болашағына бата беру болып табылады.
Біздің Кеңес діндер ынтымақтастығыныңтиімді тетігі,өзара құрмет
пен төзімділіктің лайықты үлгісі болатынына сенемін.
Баршаңызға тағы да жемісті жұмыс тілегім келеді.
Ықыластарыңызға алғыс білдіремін.
46
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Н.Ә.
НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР
ЛИДЕРЛЕРІНІҢ ТӨРТІНШІ
СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
30
мамыр 2012 ж
.
Ардақты дінбасылар!
Құрметті делегация басшылары!
Қадірлі меймандар!
Ханымдар мен мырзалар!
Бүгін Қазақстан жері жоғары руханилық пен алғыс
-
батаның
сәулесімен нұрлана түсуде.
Біз үлкен мақтанышпен Астанада төртінші рет әлемнің діни және
рухани көшбасшыларын қабылдап отырмыз!
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне дүние
жүзінің 40 елінен келген барлық 85 делегация басшылары мен
қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын.
Тоғыз жыл бұрын
бірінші Съезд жұмысына әлемнің 17 елінен 17
делегация қатысқан еді.
Біздің форумның жаһандық маңызының сандық және сапалық
өскені бірден көрінеді.
Әлемдік
және
дәстүрлі
діндер
көшбасшыларының
съезі
халықаралық үнқатысудың теңдессіз құрамдасына айналды.
Біз БҰҰ, ЮНЕСКО және ИСЕСКО, сондай
-
ақ басқа да бірқатар
халықаралық бірлестіктер жетекшілеріне,
белгілі саясаткерлер мен
сарапшыларға съезге назар аударып отырғаны үшін ризашылығымызды
білдіреміз.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы пирамидасының
төрінде әркез діндер мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті
нығайтудың көкейкесті мәселелері талқыланып келеді.
Үшінші мыңжылдықтың басындағы күрделі кезеңдебұрынғы
съездердің игілікті бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдау
тапты.
Олар көп жағдайда әлемнің «өркениеттер қақтығысының»
шыңырауына құламауына ықпал етті.
Жаһандық
дамудың
барлық
күрделіліктеріне
қарамастан,
үнқатысуға деген жан
-
жақты ұмтылыс қазіргі заманғы жалпыәлемдік
үдерістер талап етіп отырған үрдістер болып қалып отыр.
Мен төртінші Съезд де тарихқа ХХІ ғасырда адамзат әділетті
әлемдік тәртіп негіздеріне бастайтын жаһандық үнқатысудың маңызды
бөлшегі ретінде кіретініне сенімдімін.
47
Құрметті съезге қатысушылар!
Жаңа ғана Дін көшбасшылары кеңесінің алғашқы мәжілісі болып
өтті.
Осындай орган құру туралы менің ұсынысым осыдан үш жыл бұрын
өткен Съезде қолдау тапқанын еске сала кетейін.
Кеңес құрамына әлемнің жетекші конфессиялары –
Исламның,
Христиандықтың, Иудаизмнің, Буддизмнің, Индуизмнің, Синтоизмнің,
Зороастризмнің өкілдері енді.
Іс жүзінде бұл діндер арасындағы өзара іс
-
қимылдың көп жақты
пішініндегі алғашқы жұмыс тетігі
болып табылады. Кеңес құру бүкіл
конфессияаралық үнқатысуды жаңа деңгейге алып шығуға қабілетті.
Біріншіден,
оның
аясында
басқа
халықаралық
үнқатысу
құрылымдарымен өзара іс
-
қимыл қалыптастырылатын болады.
Екіншіден, үлкен әлеуетке ие, уақыт өте келе жаһандық бітімгер
-
шіліктің маңызды құралына айналатын жаңа тұрақты орган құрылады.
Оның беделі мен әлеуеті тіпті ықтимал жанжалдар жағдайында да
үндеулер мен
үндеу
-
хаттар қабылдауға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, Кеңес шеңберінде дінге сенетіндердің құқықтары мен
бостандықтары сақталуына жаһандық мониторинг орнықтыру маңызды.
Төртіншіден, жаңа Кеңес аясына топтастырылған діннің рухани күші
әлемдік даму үдерістерінде тепе
-
теңдік қалыптастырудың маңызды
элементі рөлін атқаруға қабілетті екеніне сенімдімін.
Бесіншіден,
бұдан кейінгі барлық съездерді ұйымдастыру және
өткізу жөніндегі жұмыстар қазіргіден сапалы деңгейге көшірілетін
болады.
Мен біздің бастамамызды оң қабылдап, құрылған Кеңестің алғашқы
қатысушылары
болуға келісімдерін берген барлық әлемдік және дәстүрлі
діндер көшбасшыларына ризашылығымды білдіремін.
Құрметті делегация басшылары мен съезд қонақтары!
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өз
тарихының 9 жылында да күрделі жаһандық үдерістер ушығып тұрған
тұста өткізіліп келді.
Алғашқы съездер діндер «қақтығысы» қатеріне жауап ретінде және
дінді халықаралық терроризм мен экстремизмнің қатерлі мақсатына
қарсы қолдану үшін ұйымдастырылды.
Үшінші Съезд ең күшті әлемдік қаржы
-
экономикалық дағдарыс
қызып тұрған шақта өтті.
Біз биылғы форумды да бүкіл әлем үшін бетбұрысты кезеңде
өткізіп отырмыз.
Әлемдік тәртіптің жаһандық трансформациясы басталды.
Адамзат іс жүзінде жүйелі дағдарыстың кезеңінен өтуде.
Әлем табалдырығына тап болған жаһандық рецессия көптеген
қоғамдастықтарға ауқымды әлеуметтік жарылыстар қатерін төндіріп тұр.
48
Қазіргі дүниеде миллиардтан астам жұмыссыздар бар деп
есептелсе, олардың жартысы –
жастар. Олардың ішінде жақсы білім
алған жастар да бар.
Лайықты
еңбектену
мүмкіндігінің
жоқтығына,
әлеуметтік
кепілдіктердің төмендеуіне байланысты жастар арасында радикализация
мен криминализация өсіп келеді.
Осы аралықта моральдық
-
адамгершілік құндылықтардың жаһандық
дағдарысы
да үдей түсіп отыр.
Көптеген қоғамдарда «жалған
-
бостандық» насихатталып және
орнықтырылып отырғанын көрмеу мүмкін емес.
Адами қарым
-
қатынастар табиғатына жат көзқарастарды қазіргі
қоғамның қалыбы ретінде көрсетуге тырысушылық байқалады.
Таза еңбекке талпыныс қандай тәсілдермен болса да тез баюға
ұмтылыспен алмастырылуда.Және мұндай «анти
-
мораль» көп жағдайда
абсолют ретінде мадақталады.
Әлемде моральдық
-
адамгершілік дағдарыстың өрістеуіне тән белгі
дінге сенетіндерді баса
-
көктеп қаралау
оқиғалары, дінді әлеуметтік
үдерістердің
жағалауына ығыстырып шығару әрекеттері болып табылып
отыр.
Діни құндылықтарды қорлау фактілері көптеген елдерде, іс жүзінде,
барлық діндерге қатысты байқалып отыр.
Бұлардың қатарында қасиетті кітаптарды көпшілік алдында өртеу,
мешіттерді, храмдарды, синагогаларды және басқа да ғибадат
орындарын қорлау мен өртеу, дін қызметкерлерінің беделін түсіру,
діншілдерді соққыға жығу мен өлтірулер бар.
Неге мұндай жағдайлар орын алып отыр?
Дін –
руханисыздық пен ашкөздіктің алдындағы аса берік қорғаушы
бөгеттердің бірі.
Көптеген кезеңдерде дәл осы дін халықтық даналықтың,
мәдениеттер мен дәстүрлердің кей жағдайда тіпті бірден
-
бір сақтаушысы
болып келді.
Қазақстан қоғамы мұны құдайсыз кеңестік режимдегі өзінің өмір
тәжірибесінен, әсіресе, сталиндікқуғын
-
сүргін кезеңінен біледі.
Съезге қатысушылар ертең бұрынғы зұлымдық шашқан «ГУЛАГ»
архипелагы «аралдары» бірінің орнына салынған саяси қуғын
-
сүргін
құрбандарына арналған тарихи
-
архитектуралық мемориалға барады.
Ол «АЛЖИР» –
«Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» деп
аталады.
Сол жылдары бұрынғы КСРО аумағында миллиондаған жазықсыз
адамдар өлтірілді.Олардың ішінде ондаған мың Исламға, Христиандыққа
және басқа да конфессияларға діни қызмет етушілер болды.
Бұл Жаратушыға сенім ізбасарлары мен уағызшыларының
төзімділігі мен мұқалмастығы үшін діндер төлеген қасіретті құн болатын.
49
Бүгін дінге қарсы жасалып жатқан өнегесіз іс
-
әрекеттер, бұл
храмдарды «аластауға» әрекеттенген 20
-30-
шы жылдар барысындағы
оқиғалар сияқты құбылыс болып табылады.
Біз мұндай қылықтарды шешімді түрде жазғырамыз және барлық
дін көшбасшыларына, барлық діндерге жауыққан құдайсыздарға қарсы
тұруда қолдау білдіреміз
.
Достарыңызбен бөлісу: |