Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитеті



жүктеу 0.87 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата03.03.2017
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

 

ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІ

 

МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ 

 

I, II, III, IV, V СЪЕЗДЕРІНДЕ СӨЙЛЕГЕН 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

 

Н.Ә.

 

НАЗАРБАЕВТЫҢ СӨЗДЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 

- 2015

 

 



 

Баспаға Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының



 

Ғылыми


-

әдістемелік кеңесі ұсынған

 

ӘОЖ 2 (063)

 

КБЖ 86 Я 43

 

Ә 52

 

 

Жауапты редактор:



 

Е.Б.

 

Мұратбеков,

 

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық 

 

орталығының директоры, з.ғ.к.



 

 

Құрастырушылар:



 

Қ.Т. Қалилаханова,

 

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 

 

директорының бірінші орынбасары, п.ғ.к.,



 

доцент, 


 

ХПБҒА


-

ның корр.

-

мүшесі (РФ)



 

С.А. Дуанаева,

 

Конфессияаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы, фил.ғ.к.

 

Р. Амантай,

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг бөлімінің

 

жетекші ғылыми қызметкері



 

С. Булатқызы,

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг бөлімінің

 

жетекші ғылыми қызметкері



 

 

Ә

 52 

Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлері

  I,  II,  III,  IV,  V

 

съездерінде  сөйлеген  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.

 

Назарбаевтың  сөздері:  Жинақ.  –

 

Астана:  ҚР  МСМ  ДІК  МДХО

2015. 


 

71 б.



 

 

ISBN 978-601-7812-11-9 



 

Басылымға  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлері  съездерінің 

бастамашысы, 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.

 

Назарбаевтың 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 жылдары өткен 



I, II, III, 

IV, V 


съездерінде сөйлеген сөздері енгізілген. 

 

Жинақ  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  Съезі 



тарихымен,  дінаралық  сұхбат  және  дін  саласындағы  мәселелрмен 

айналсатын  саясаттанушыларға,  мемлекеттік  қызметкерлерге,  ғылыми 

қызметкерлерге арналған. 

 

ӘОЖ 2 (063)



 

КБЖ 86 Я 43

 

 

ISBN 978-601-7812-11-9                                        

©

 

Мәдениеттер мен діндердің 



халықаралық орталығы

, 2015


 

 

 



 

Біз  І  Съездің  шешімі  бойынша  салынған  әлемдегі  жалғыз 

Бейбітшілік 

және 


келісім 

сарайы 


шаңырағының 

астында 


толеранттылықтың, мәдениеттер мен діндердің жаһандық үнқатысуының 

Ұлы Тарихын қалыптастырудамыз. 

 

Біз,  тіпті,  осы  күрделі  дәуірдің  өзінде  де  оның  парақтарын  бірінен 



кейін  бірін  жазып,  толтырудамыз.  Және  біздің  бәрімізді  –

 

саясаткерлер 



мен конфессиялар қызметшілерін –

 

адамдар мен халықтардың тағдыры, 



Ұлы  Жаратушы  жаратқан  біздің  бүкіл  бірегей  планетамыздағы 

бейбітшілік пен тыныштық үшін ортақ бір жауапкершілік сезімі біріктіреді.

 

Әлемдік


 

және  дәстүрлі  діндер  лидерлері  съезінің  ізгілікті  идеялары 

әлемдік  қоғамдастықта,  діни,  сондай

-

ақ,  саяси  топтарда  кең  қолдау 



тауып отыр. Олар әлемге дінаралық қарым

-

қатынастар туралы ғасырлар 



бойы  қалыптасқан  таптаурындарды  еңсеруге,  ХХІ  ғасырда  жаһандық 

толеранттылық  пен  өзара  түсіністіктің  іс

-

қимыл  таныта  алатын 



формуласын жасауға мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.



 

Назарбаевтың

 

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Съезінде

 

сөйлеген сөзінен

 

10 маусым 2015 ж.

 

 

 

 

ӘЛЕМДІК



 

ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ 

 

БІРІНШІ

 

СЪЕЗІ

 

_____________________________________________________________ 

 

ҚАЗАҚСТАН

 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 

ПРЕЗИДЕНТІ

 

Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК

 

ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР 

ЛИДЕРЛЕРІНІҢ БІРІНШІ

 

СЪЕЗІНІҢ АШЫЛУЫНДА

 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

 

 

23 қыркүйек 2003 ж



 

Құрметті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері мен өкілдері



 

Бүгін ежелгі қазақ жері зор мәртебеге ие болды –

 

ол әлемдік және 



дәстүрлі

-

ұлттық діндердің лидерлері мен жоғары өкілдерін жер шарының 



түкпір

-

түкпірінен  өркениеттер  мен  діндер  арасындағы  үнқатысуға 



шақырып отыр.

 

Сіздерді  Қазақстан  жерінде  құттықтай  отырып,  мен  сіздердің  бірге 



бас  қосып,  жиналуға  біздің  шақыруымызға  ден  қойғандарыңыз  үшін 

шынайы алғысымды білдіремін. 

 

Мен жоғары мұсылман тұлғалары: Әл



-

Азһар Жоғарғы имамы Шейх 

Мұхаммед Саид Тантауиге, Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы 

Шейх  Абдалла  Бен  Абдель  Мухсин  Ат

-

Түркиге  және  басқа  да  елдердің 



өзге де мұсылман ұйымдарының өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. 

Біз сіздердің Съезге қатысуларыңызды жоғары бағалаймыз.

 

Мен  киелі  Рим  Папасы  Иоанн  Павел  ІІ



-

ге  Съезді  ұйымдастыру 

кезінде  көрсеткен  жоғары  ықыласы  мен  қолдауы  үшін  терең 

ризашылығымды білдіремін.

 

Мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы киелі Алексий ІІ



-

ге біздің 

Съезімізді қолдағаны үшін алғысымды білдіремін.

 

Иудаизм  лидерлеріне,  ең  алдымен  Йона  Мецгерге,  олардың 



Съезге  жоғары  деңгейде  қатысып  отырғаны  үшін  алғысымды  айтқым 

келеді.


 

Сол  сияқты  Қазақстанға  әлемнің  түрлі  өңірлерінен  келген  әр  түрлі 

христиандық 

конфессиялардың 

өкілдеріне 

де 


ризашылығымды 

білдіремін.

 

Біз  Сіздердің  араларыңыздан  Шығыстың  аса  ежелгі  дәндері  мен 



өркениеттерінің –

 

буддизмнің, индуизмнің, даосизмнің



 

және синтоизмнің 

жетекшілері мен өкілдерін көргенімізге аса қуаныштымыз.

 

Сіздердің  аттарыңыздан  Съездің  құрметті  қонақтары  Жапонияның 



экс

-

Премьер



-

Министрі  Цутом  Хатты,  ресми  өкілдерді:  БҰҰ  Бас 

хатшысынан  В.  Сотировты,  Сауд  Арабиясының  Корольдігінен  –

 

Әділет



 

министрі,  доктор  Абдаллах  Әл  Аш

-

Шейхты,  Египет  Президентінен  –



 

Египет  Республикасының  Вакуф  және  ислам  істері  жөніндегі  министрі 



 

Махмуд  Хамди  Закзукты,  сондай



-

ақ  Италияның  Ассизи  қаласынан 

келген,  Бас  министр

 

Томас  Геремек  және  рухани  тәлімгер  Лафранко 



Серрини басқарған делегацияны қош келіпсіздер деп құттықтаймын.

 

Мен  сондай



-

ақ  Әлемдік  және  дәстүрлі

-

ұлттық  діндер  съезін  өткізу 



идеясына  бейжай  қарамаған  әрі  бізді  өз  кеңестерімен  жігерлендіріп 

отырған ізгі ниетті барлық адамдарға алғыс сөзімді арнаймын.

 

Сіздерге  қолдауларыңыз  үшін,  жер  бетінде  бейбітшілік  пен  өзара 



түсіністікті сақтау ісіне қолдан келгенінше қосқан үлестеріңіз үшін, біздің 

баршамызды  біріктіретін  және  бүгін  бәріміз  осында  Астанада  жиналып 

отырған ортақ ізгі мұрат үшін рахмет.

 

 



 

 

ҚАЗАҚСТАН



 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

 

Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ

 

СЪЕЗД ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНҒАННАН 

КЕЙІН СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

 

 

Құрметті Съезге қатынасушылар!

 

 

Менің  үлесіме  Әлемдік  және  дәстүрлі

-

ұлттық  діндер  съезін  ашық 



деп жариялау мәртебесі тиді.

 

Бүгінгі  Съезге  әлемнің  барлық  діндерін  қамтитын  17  делегация, 



сондай

-

ақ  құрметті  қонақтар  мен  халықаралық  ұйымдардың  мүшелері 



қатысып отыр.

 

Мұсылмандардың  делегациялары  ең  биік  дәрежеде  өкілдік  етуде: 



Дүниежүзілік  Ислам  Лигасының  Бас  хатшысы  –

 

Шейх  Абдалла  Бен 



Абдель  Мухсин  әл

-

Турки,  Әл



-

Азһар  Жоғарғы  имамы  –

 

Шейх  Мұхаммед 



Саид

 

Тантауи,  "Джамаат



-

у

-



Шабаб

-

е



-

Ислам"  мұсылман  ұйымының 

Президенті  –

 

Салман  Әл



-

Хұсаини  Әл

-

Надви,  Халықаралық  ислам 



университетінің  вице

-

Президенті  –



 

доктор  Махмуд  Ахмад  Гази,  Ғылым 

және  жаңа  технологиялар  Министрлігі  жанындағы  Ислам  заңы  және 

құқығы жөніндегі комитеттің төрағасы Мехди Хадави Могаддам.

 

Ватикан  делегациясын  Кардинал  Йозеф  Томко  бастап  келді,  оның 



құрамында екі министр бар. 

 

Орыс



 

православие  шіркеуіне  Мефодий  –

 

Апматы  және  Астана 



митрополиті,  Константинополь  православие  шіркеуіне  –

 

Эммануэль 



Франция  митрополиті,  Англикан  шіркеуіне  Николас  Бэйнс  –

 

Крайдон 


Епископы  мен  Канон  Джонатан  Робин  Бланнинг  Гауф  –

 

экуменизм 



мәселелері  жөніндегі  Кентерберий  Архиепископының  Хатшысы  өкілдік 

етеді. 


 

Лютерандық  дүниежүзілік  одақтан,  Лютерандық  дүниежүзілік 

одақтың Бас хатшысы, доктор Ишмаэл Ноко қатысып отыр.

 

Съезд жүмысына жоғары дәрежеде Бас раввин Йон Мецгер баста



ған  иудаизм  деяегациясы  қатысып  отыр.  Делегация  қүрамында 

Швейцарияның,  Ресейдің,  Қазақстанның  бас  раввиндері,  сондай

-

ақ 



Еуразия еврейлер конгресінің Президенті бар.

 

Бүкіл Қытайлық буддистер қауымдастығының делегациясын Цзяму



ян  Лосанцзю  мэй  Тудань

-

цюэцзинима  мен  Монғолиядан  Азиядағы 



бейбітшілік  жолындағы  буддистер  конференциясының  Бас  Хатшысы 

Тумээхуу 

Булган 

басқарады.



 

Бүкілқытайлық 

даосистер 

қауымдастығының делегациясына Чжан Цзиюй өкілдік етеді.

 

Синтоистер делегациясын Синтоистік Храмдар Бас басқармасының 



Директоры  Минору  Сонода,  индуизм  делегациясын  Индология  және 

дінаралық  үнқатысуды  зерттеу  жөніндегі  институттың  Төрағасы,  доктор 

Шантилал Сомайя басқарады.

 

Рим  Папасы  киелі  Иоанн  Павел  II  және  Мәскеу  әрі  Бүкіл  Ресей 



патриархы киелі Алексий II, сондай

-

ақ Кентерберий Архиепископы Роуэн 



 

Уильямс  пен  Константинополь  Патриархы  Варфоломей  Съезге  өз 



жолдауларын жіберді.

 

Мен  біздің  форумның  маңыздылығы  және  оның  жер  жүзіндегі 



бейбітшілік  пен  келісім  үшін  мәнін  мойындай  отырып,  қатысушыларға 

әлемдегі  жетекші  мемлекеттер  мен  үкімет  басшыларының  өз 

құттықтауларын жолдағандарын жария етуге қуаныштымын.

 

Олардың ішінде келіп түскен рет бойынша:



 

Жак  Ширак 

Франция  Республикасының  Президенті,  Фахд  Бен 



Абдель  Әзиз 

Сауд  Арабиясының  Королі,  Владимир  Владимирович 



Путин 

Ресей  Федерациясының  Президенті,  Джордж  Буш 



АҚШ 


Президенті, Тони Блэр 

Ұлыбритания Премьер



-

Министрі, Хосни Мубарак 

 

Египет  Араб  Республикасының  Президенті,  Сильвио  Берлус



кони  –


 

Италия  Республикасының  Премьер

-

Министрі,  Кофи  Аннан  –



 

БҰҰ  Бас 

хатшысы,  Романо  Проди  –

 

Еуропа  комиссиясының  Төрағасы,  АҚШ 



сенаторлары мен конгрессмендерінің тобы, Францияның экс

-

Президенті 



Валерии  Жикар  д’Эстен,  Польшаның  экс

-

Президенті  Лех  Валенса, 



Ұлыбританияның  экс

-

Премьер



-

Министрі  Маргарет

 

Тэтчер,  Германия 



Федеративтік  Республикасының  экс

-

вице  Канцлері  Ганс



-

Дитрих  Геншер 

бар.

 

 



Құрметті Съезге қатысушылар!

 

 

Ең алдымен, Съезд жұмысын бастамас және өз

 

баяндамама кіріспе 



бұрын, мен Сіздерге жер бетіндегі бейбітшілік пен келісімді мұрат

 

тұтып 



барлық  діндердің,  конфессиялар  мен  халықтардың  бірлесуі  үшін  ерік

жігер,  күш



-

қуат  пен  даналық  берсін  деп  толғану  және  Құдайға  жалба

рыну үшін бір минуттық тыныштық сақтауды ұсынар едім.



 

 

Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!



 

 

Жетекші әлемдік діндерінің өкілдерін байырғы қазақ жерінде қарсы 



алу  мен  үшін  үлкен  қуаныш  және  мәртебелі  құрмет.  Сіздердің  біздің 

шақыруымызды  құп  алып,  осы  форумға  келіп  қатысқандарыңыз  үшін 

өзімнің және көпұлтты халқымның атынан үлкен алғыс айтамын.

 

Съездің  Еуразияның  дәл  ортасында  өтіп  жатқанының  терең 



символдық мәні бар.

 

Ұлы  Дала  төсі  көптеген  ғасырлар  бойы  тәңіршілдік,  зороастризм, 



буддизм,  хритиандық,  иудаизм,  ислам  және  басқа  да  діндерді  ұстанған 

халықтардың бейбіт мекені болуымен ерекшеленді.

 

Бағзы заманнан күні бүгінге дейін біздің жеріміз сауда мен мәдени 



айырбастар  арқылы  Азия  мен  Еуропа  арасын  байланыстырушы  буын 

қызметін  атқарып  келеді.  Ол  бүгін  де  көптеген  халықтар  мен  діндердің 

өкілдері үшін туған үйіндей болып отыр.

 

Біздің  Конституциямыздың  кіріспесінде  көрінісін  тапқан:  «Біз  –



 

Қазақстан  халқы...»  деп  басталатын  бірегей  әлеуметтік

-

гуманитарлық 



 

феномен  туралы  мақтанышпен  айта  аламыз.  Есте  қаларлық  деректі 



айтқым  келеді.  Еліміздің  оңтүстігінде  Қойлық  деген  он  үшінші  ғасыр 

қалашығының орны бар. Осы ежелгі қоныста будда пагодасы, мешіт пен 

христиандар шіркеуі көрші орналасқан.

 

Ал  бүгінде  біздің  басқа  қалаларымыздағыдай,  Қазақстанның  жаңа 



астанасындада Сіздер мешітке, православ храмына, католиктік костелге, 

синагогаға,  ғибадат  үйлеріне  еркін  кіре  аласыздар.  Уақытты 

байланыстырушы арқау дегеніміз, міне, осы.

 

Аталған  съезге  дайындық  барысында  мен  Астанада  Ұлттар 



сарайын  салу  туралы  ойға  келдім.  Онда  мешіт,  шіркеу,  синагога,  будда 

храмы  болады.  Осында  Қазақстан  Халықтарының  ассамблеясы  мен 

барлық ұлттық

-

мәдени орталықтар орналасады.



 

Сөз  реті  келгенде  айта  кетейін,  Қазақстан  Халықтарының 

ассамблеясы  біз  үшін  мемлекеттік

-

ұлттық  саясатты  тиімді  жүргізуге 



көмектесетін  азаматтық  қоғамның  бірегей  институты  болып  отыр.  Оның 

қызметін  Қазақстан  жұртшылығы  мойындап,  көптеген  елдерден  және 

БҰҰмен ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдардан жоғары баға алды.

 

Ұлттар  сарайы  ансамблі  120



-

дан  астам  ұлт  пен  ұлыстың  өкілдері 

тату

-

тәтті  өмір  сүріп,  еңбек  ететін  халықтар  бірлігінің  біздің  еліміздегі 



өзіндік  бір  символы  болады.  Бізде  қырықтан  астам  конфессия  өкілдері 

ешқандай кедергісіз қызмет етуде.

 

Біздің  тұрақты  даму  мен  болашаққа  деген  мүмкіндігіміз,  сөзсіз, 



ұлттық байлығымыз.

 

Біз 



сақтап 

және 


нығайтып 

отырған 


ұлысаралық 

және 


конфессияаралық  келісім  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік 

салалардағы  табыстарды  қамтамасыз  еткен,  түбегейлі  және  кең 

ауқымда  қайта  құруларды  қарқынды  жүргізуге  мүмкіндік  берген  іргетас 

болғандығына сенімдімін. Оларды бүгінде көпшілік мойындаған.

  

Діни  төзімділік,  келісім  мен  ынтымақтастық  қағидаларын  біз



 

өзіміздің сыртқы саяси қызметімізде де ұстанамыз.

 

Олар ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік, әділеттілік пен прогресс 



жолындағы көпсалалық, бірігу, ықпалдастық идеяларына негізделген.

 

Қазақстан  –



 

қуаты  жөнінен  әлемде  төртінші  орын  алатын  өзінің 

ядролық қару

-

жарақтарынан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі 



ядролық  сынақ  полигонын  жапқан  мемлекеттердің  ең  алғашқысы.  Бұл 

басқа  халықтар  мен  мемлекеттер  тарапынан  мойындалып,  жаһандық 

қауіпсіздікке біздің қосқан лайықты үлесіміз болды.

  

Алматыда  өткен  аймақ  мемлекеттері  басшыларының  форумында 



ұжымдық  тұрғыдан  ресімделген  Азиядағы  қауіпсіздік  пен  сенім 

шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға біздің еліміз бастамашы болды.

 

Біз  осы  жылдың  ақпан  айында  Бейбітшілік  пен  келісім 



конференциясын  өткіздік.  Оған  әртүрлі  конфессиядан  көптеген  көрнекті 

дін  қайраткерлері  қатысты.  «Бейбітшілік  пен  келісімге  қарай» 



10 

 

Декларациясы  қабылданды,  Бейбітшілік  пен  тұрақтылық  форумы 



құрылды.

 

Қазақстандағы  әрбір  діни  конфессиялардың  басшысы  өздері 



басқарып  отырған  қауымның  қайта  түлеуі  мен  рухани  өрлеу  деректерін 

қуаттай алады деп ойлаймын.

 

Міне, бұл  –



 

біздің  мемлекетіміздің ең  басты  жетістіктердің  бірі  деп 

есептелетінқоғамдағы  бейбітшілікті,  келісімді  және  тұрақтылықты 

сақтауға ұмтылысының нәтижесі болып табылады.

 

Біз  алдағы  уақытта  да  қазақстандық  қоғамның  тұрақтылығы  мен 



қауіпсіздігінің  негізін  нығайта  отырып,  қажымай

-

талмай  жанқиярлықпен 



еңбек ететін боламыз.

 

Осы  айтылғандармен  қатар,  біз  бір  мемлекет  ауқымында  бұл 



бағытта  қаншалықты  үлкен  күш

-

жігер  жұмсалғанына  қарамастан,  оған 



сыртқы  факторлар  жәрдемдеспесе,  тиісті  нәтиже  шықпайтынын  көріп 

отырмыз және анық сезінеміз. Бұл –

 

ғаламшардағы кез келген мемлекет 



үшін даусыз шындық.

 

Қазіргі  уақытта  халықтардың,  діндердің,  мемлекеттер  мен 



үкіметтердің  өзара  сындарлы  іс

-

қимылы  мен  бейбіт  қатар  өмір  сүруі 



туралы  мәселе  айрықша  маңызды.  Ол  таза  теориялық  көзқарастан 

маңызды тәжірибелік міндеттердің қатарына өтті.

 

Сондықтан  көптеген  саяси  және  дін  қайраткерлерінің  күш



-

жігерлерімен  бағзы  заманнан  бүгінге  дейін  үзілмей  келе  жатқан  діндер, 

мәдениеттер, өркениеттер арасындағы сұхбатты жалғастыру аса қажетті 

болып табылады.

 

Бізге оқиғалар мен құбылыстардың әлемдік өлшемге сай, аймақтық 



және мемлекет ішіндегі терең сындарлысараптамасы керек.

 

Мұндай сараптамалар адамзат қауымдастығын келешектегі әрқилы 



саяси,  экономикалық,  діни  және  әскери  экстремизмнен  сақтандыруға, 

«күрішті күрмектен тазартуға» сөзсіз көмектеседі.

 

Осындай  талдаулар  қазіргі  әлемді  жайлаған  «оңай  шешімге» 



қызыққан,  ізгілікке  қарсы  идеялардың  енуіне  дауа  болатынына 

күмәнданбаймын.

 

Мен,  осыған  орай,  қазіргі  заманның  кейбір  мәселелеріне 



байланысты 

көзқарастарым 

жөнінде 

форумның 

мәртебелі 

қатысушыларымен бөліскім келеді.

 

Біріншіден,  соңғы  жылдары  орын  алып



 

отырған  «өркениеттер 

қақтығысы»  және  «діндер  дағдарысы»  тақырыптарына  қатысты  ой

-

пікірлер негізсіз деп санаймын.



 

Керісінше, адамзат әлемдік құрылымдағы радикалды өзгерістердің, 

дүниежүзіндегі 

миллиардтаған 

адамдардың 

технологиялық 

жаңалықтарға  бейімделуіндегі  қиындықтардың,  ғаламдық  нарықтың 

қатал талаптарының тұсында діни ақиқаттан жауап іздеуге жаппайқайта 

оралды.  Себебі,  адами

-

этикалық  өлшем  бойынша  оларды  ешнәрсемен 



салыстыруға болмайды.

 


11 

 

Еуразияның  орталық  бөлігінің  ерекшелігі  сол,  бұл  жерде  дін  –



 

көптеген халықтардың ұлттық шоғырлану факторына айналған.

 

Ондаған  жылдар  бойы  осынау  ұлан



-

ғайыр  кеңістікте  ар

-

ождан 


бостандығы  мен  адамдардың  діни  парыздарын  орындау  жолындағы 

дәстүрлеріжасанды  жолмен  үзілгенін  де  ұмытуға  болмайды.  Біз  дін 

туралы  жаңа  заң  қабылдағаннан  кейін  дін  қайта  түлеп,  барлық  діни 

қауымдарға келушілердің саны күрт артты, бұл –

 

қуанарлық құбылыс.



 

Дін –жаһандану дәуірі орнағанға дейін де ізгілік пен мәдени сұхбат 

идеясын сақтап, жеткізіп келе жатқан жалғыз ғалами құбылыс екені анық.

 

Діннің рухани күшімен қоса халықаралық ынтымақтастықтың жұмыс 



істеу  институты  да  бола  алатыны  анық.  Сондықтан  жер

-

жерде  және 



аймақтарда  қақтығыстар  саны  артып,  қазіргі  кезеңде  олардың  біразы 

этнодіндік  мазмұнға  ие  болып  отырғанда  діннің  осындай  ерекше 

мүмкіндігін

 

пайдаланған маңызды.



 

Саяси  үйлестіру  әдістері  іске  аспай  отырғанда,  Құдай  сөзі 

бітімгершілік  пен  үміттің  жалғыз  ғана  құралы  бола  алады.  Біздің  қазіргі 

астаң


-

кестең  әлемімізде  адамгершіліктің  аса  жоғарғы  үлгілеріне 

негізделген діни дәстүрлердің ролін басқашабағалау мүмкін емес.

  

Өкінішке  орай,  біз  діннің  адамдарды  саяси  әрекетке  жұмылдыру 



мүмкіндігінің  қазіргі  әлемде  игі  мақсатқа  жұмсалмай  отырғанының 

куәсіміз.

  

«Қасиеттілік»  деген  ұғымның  мазмұны  бұрмалануда.  Оның 



мазмұнын  дұрыс  түсіндірмегендіктен,  адами  қағидалар  моральмен, 

адамгершілікпен,  ізгілікпен,  кез

-

келген  діннің  негізгі  ережелерімен 



үйлеспейтін іс

-

әрекеттерге, жеккөрушілікке жетелейді.



   

Бұрыннан  бар  мәдени

-

өркениеттілікке  және  діни  көптүрлілікке 



идеологиялық,  саяси  реңк  беругежол  бермеу  керектігін  мәлімдейтін 

уақыттың жеткеніне сенімдімін.

  

Біз,  енді  жалған  діни  сипаттармен  түсіндіріліп,  доктринаның 



бетпердесімен бүркелген зорлық пен зомбылық актілерінің ақиқат мәнін 

танып, ажыратабілуді және әшкерелеуді үйренуіміз керек.

   

Екіншіден,  қазір  «өркениеттердің  қақтығысы»  туралы  емес, 



«өркениеттердің  тоғысуы»  туралы  айтқан  жөн.  Адамзат  қазіргі  тарихи 

кезеңде,менің  ойымша,  болашақта  да  әлемдік  қауымдастықтағыөмір 

сүрудің  мәдени

-

діни  жүйесінің  бірегей  жәнеәмбебап  өркениетті  үлгісін 



жасай алмайтындықтан,«ақырзаманның»ешқандайбелгісі байқалмайды.

 

Меніңше,  бұлардың  бәрі  –



 

«түс  көруден»  туындаған  аңыздар  мен 

жалған  мақсаттар.  Және  мұны  әрбір  саналы  саясаткер,  әрбір  мемлекет 

және дін қайраткерлеріұғынуы керек.

 

Менің  терең  сенімім  бойынша,  кез



-

келген  жекежүйе  жалпы 

адамзаттың  ғана  емес,  тіптен  оның  бір  ғана  бөлшегінің  тұрақтылығын, 

тепе


-

теңдігін  және  дамуын  қамтамасыз  ете  алмайды.  Ол  әрқашан 

өзіндегі  қақтығыс  пен  жарылыс  қаупін  бүркеп  отырады.  Көпқырлылық, 

көпұлттылық пен көпконфессиялық бірлік –ең сенімдітұжырым.

 


12 

 

Маңызды және терең тарихы бар, өзіндік бейне мен ділге ие басқа 



да  өркениеттердің,  мәдениеттердің,  діндердің  бар  екендігін  мойындап, 

олармен  санасуымыз  керек.  Мұны  ешқандай  ерікті  және  күш  қолдану 

әдістерімен бұзуға болмайды.

 

Қазіргі  кезде  әлемде  өркениеттер  қақтығысы  емес,  мәдени



-

діни 


жүйелердің  жаңа  өмірге,  жаңа  технологияларға,  жаңа  қоғамдық 

қатынастарға бейімделуі жүріп жатыр.

  

Жаһандану  мен  қазіргі  технологиялар  қоғамдық



-

саяси  жүйедегі 

өндіріс  секілді  заман  талабына  сай  үнқататынын  біздің  барлығымыз 

түсінеміз.

 

Қоғам  кемшіліктердітүбірімен  жоймағанымен,  барынша  азайта 



алады,  бірақ  олардың  барлығы  бойына  тек  игілікті  ғана  сіңірмей, 

адасушылық та қатар жүреді.

 

Материалдық  игілікпен  мүлдем  байланысы  жоқ,адам  үшін  басым 



және негізгі болып қала беретін даусыз құндылықтар бар.

 

Олардың  бастысы  –



 

руханилық,  өнегелілік.Дін–

 

әр  халықтың 



ғасырлар  бойы  қалыптасқан ұлттық  және  діни  дәстүрлерінің, тарихи  әрі 

мәдени төлтәжірибесінің негізгі сақтаушысы. 

 

Үшіншіден,  менің  көзқарасым  бойынша,жаһандық  қауіп



-

қатерлерге 

толы ХХІ ғасырдамемлекет пен дінде, азаматтық қоғамда ізгі еркіндіктің 

көріну тәсілдері мен ерекше әрі біртұтас стратегиясы бар.

 

Ол  –


 

бейбітшілікті  сақтауға,  келісімге,  өзара  түсіністікке,  елдер, 

халықтар  мен  конфессиялар  арасындағы  ынтымақтастыққа  жетуге 

бағытталған үндеу мен әрекет.

 

Біздің  кезеңніңлаңкестікпен,  көпшілікті  қырып



-

жоятын  өзге  де 

қарулардың  таралуымен,  есірткі  саудасы  және  оның  салдарларымен, 

экологиялық апаттармен, өте ауыр физикалық және әлеуметтік кеселдер 

секілді  бүкіләлемдік  зұлымдық  көріністерімен  күрестетек  сабыр  мен 

серіктестік арқылы жеңіске жете алмақпыз.

  

Сондай


-

ақ,  бұл  –

 

қоғамның  жоқшылық  көріп  отырған  топтарына 



қатысты мейірім мен қайырымдылық.

 

Менің 



көзқарасым 

бойынша, 

аталған 

мәселелералдағы 

уақыттаүкіметтердің,  халықаралық  ұйымдардың,  барлық  бүкіләлемдік 

қоғамдық институттардың қызметінде маңызды орын алуы тиіс.

  

Әрине,  осы  ретте  бүкіләлемдік  және  дәстүрлі



-

ұлттық  діндер 

өздерінің салмақты рөлін атқаруға міндетті

  

Конфессияаралық  сұхбат  мәдениетінің  қалыптасуына  Қазақстан 



жеріндегі кездесу өзінің зиялы үлесін қоса алар еді.

 

Біздің  пікірімізше,  сөз  осындай  сұхбаттасулардың  айқындалған 



тәртібі  мен  нормаларының  қалыптасуы  жөнінде,кеңесулерүшін  кездесу 

жүйесін құру туралы болуымүмкін.

 

Сонымен қатар, бізгетүбегейлі мақсат қоюдың керегі жоқ және оның 



қажеттілігіде жоқ деген менің пікірімді сіздер бөлісерсіздер деп сенемін. 

13 

 

Ұлы діндердің негіздерін құрайтын айырмашылықтарды жойып, біртұтас 



діни кеңістік жасау мүмкін емес.

  

Алайда, 



қазіргі 

қайшылықтарға 

қарамастан, 

тұрақты 


сұхбаттастықтың  құндылығы  –әлдебір  «алтын  ортаны»  іздеу  үрдісі  мен 

мәнін  сақтаудан  тұрады.  Еңбастысы,сұхбаттастық  –

 

бейбітшілік  пен 



келісім аймағынқұрады, үйлесім мен айқындық уақытын жасайды. Бұдан 

мен діни сұхбаттың күмән келтірмейтін құндылығын көремін.

   

Осыған  орай,  мен  Діндер  форумын  тұрақты  түрде  өткізу  жөнінде 



барлық діндер мен конфессиялар өкілдеріне үндеу жасаймын.

 

Осындай  институтты  құру  дінаралық  диалогтың  негіздерін 



нығайтып,  діни  қайраткерлер  мен  діндарлардың  арасындағы  жасампаз 

байланыстарға жүйелілік береді.

 

Бұл–болашақтаәлемдегі 



дінаралық 

ширығуды 

бәсеңдетуді, 

руханиятты,  бейбітсүйгіштікті  және  төзімділікті  насихаттауды  мақсат 

ететін халықаралық ұйымның іргетасы бола алады.

 

Біз,  сондай



-

ақ,  Діни  төзімділік  хартиясын  дайындауға  алғашқы 

қадам  жасай  аламыз.  Бүгінде  діндердің  бейбітқатар  өмір  сүру 

қағидаларын  белгілеп  қана  қоймай,  олардың  арасындағы  жасампаз 

сұхбаттастықтың тиімділігін дәлелдейтін құжат өте қажет.

   


Біз  Діндердің  біртұтас  мәдени  орталығын  құру  туралы  да  ойлана 

аламыз.  Бұл  идея  ойымда  бұрыннан  бар  және  бүгін  оны  нақты  іске 

асырудың уақыты келіп жетті.

   


Егер  діни  қайраткерлер  бұл  істе  бізге  сенсе,  онда  сіздердің 

қолдауларыңыз  бен  қатысуларыңыз  арқылы  біз  бұл  маңызды  да  кезек 

күттірмес мәселелерді шешуге кірісуге даярмыз.

 


Каталог: files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Көркемсөз зергері
files -> Мұратбеков Сайын
files -> Литература по физико-математическим наукам
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет