Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата21.04.2023
өлшемі0,95 Mb.
#85362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
 
 
2. ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ 
 
Ислам діні жалпы адам құқығына, оның ішінде әйел адамның құқығына 
айрықша мән беріп, оның ар-намысын қорғап, оның қоғамда лайықты орынға 
ие болуын қамтамасыз етеді.
Ислам дінінің келуімен әйел адамға деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, 
әйелге ерекше мәртебе берілді. Бұл исламның ілгерішіл екендігін 
айғақтайды.
Ислам діні ең алдымен сәбилердің өлтірілуіне тыйым салды. Қызды 
тірідей көму сияқты надандық дәстүрді Құрандағы «Жарлы күй кешіп, 
тұрмыс-тіршіліктерің нашар болғандығы үшін балаларыңды өлтірмеңдер! 
Сендердің де, олардың да ризығын Біз береміз» (Әнғам, 151), «Тірідей 
көмілген балаларыңа «Қандай кінәларың бар еді, нендей күнә үшін 
өлтірілдіңдер?» деп сұралғанда…» (Такуир, 8-9) деген аяттармен тоқтатты. 
Балалардың арасын алалағанды құп көрмеген Мұхаммед пайғамбар: 
«Кімде-кімнің үш (екі я бір) қызы болса, соларға жақсы қараса, ақыретте 
жұмаққа барады» деп, қыз балаға мейіріммен қарап, ұлдан кем көрмеуді 
өсиет еткен. 
Қыз баланы өлтіруге тыйым салумен шектелмеген ислам діні әйелге 
деген құрмет пен қамқорлықты айрықша насихаттады. Әйелдің отбасындағы 
және қоғамдағы орны айқындалды. Әйелдің міндеттерімен қатар құқықтары 
да белгіленіп, ар-намысы мен абыройы қорғалатын болды. Ислам дінінің 


10 
әйелдерге ерекше қамқорлық танытуы адамзат тарихындағы айрықша 
оқиғалардың бірі болды.
Ислам діні келген алғашқы кезеңде Құран кітабы әйел мен еркектің 
Алла алдында құқықтары мен міндеттері тұрғысынан тең екенін мынадай 
аяттармен нақтылады: «Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел амал 
істеушілердің амалын зая етпеймін. Сендер бір-біріңненсіңдер (Бәрің 
бірдейсіңдер)» (Әли Ғымран, 195), «Ер немесе әйелден кімде-кім иман 
келтірген күйде түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жаратамыз. Әрі 
оларға жасаған істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (Нахыл, 97). 
«Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа 
қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, 
зекет беріп, Аллаға, Елшісіне бой ұсынады. Соларды Алла, мәрхаметіне 
бөлейді. Расында Алла тым үстем, аса дана» (Тәубә, 71), «Олар сендерге 
киім, сендер де оларға киім (іспетті) сіңдер» (Бақара, 187) деген аяттар әйел 
мен еркектің бір-біріне тең және бір-бірін толықтыратын жандар екенін 
көрсетеді.
Сонымен қатар ер адам болсын, әйел адам болсын жақсы амал 
істегендердің ең жақсы сыйға бөленетіндігі Ахзаб сүресінде «Сөз жоқ, 
мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, мүмін ерлер және мүмін әйелдер, 
бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және 
шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер 
және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер
ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы 
ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер, Алла (Т.) 
бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі» (Ахзаб, 35) делініп, егжей-
тегжейлі түсіндірілген.
Ер адам да, әйел адам да өздері істеген амалдарының сыйы мен жазасын 
тең түрде алады: «Ер немесе әйел адамнан кім иман келтірген күйде ізгі 
амалдарды істесе, міне солар жәннатқа кіреді. Ешқандай әділетсіздікке 
ұшыратылмайды» (Ниса, 124), «...Ер, әйелден кімде-кім сенген түрде ізгі іс 
істесе, ал міне, солар жаннатқа кіреді. Сондай-ақ олар онда есепсіз ризыққа 
бөленеді» (Ғафыр, 40), «Енді біл! Шын мәнінде, Алладан басқа ешбір тәңір 
жоқ. Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле!» 
(Мұхаммед, 19).
Сонымен қатар ер адамның дұғасының қабыл етілетініндей, әйел 
адамның да тілегіне жауап берілетіндігі, ешбірінің де істеген жақсылығының 
елеусіз қалмайтындығы туралы Құранның Әли Ғымран сүресінде былай 
көрсетіледі: «Тәңірі олардың тілектерін қабыл етті. Мейлі ер болсын, мейлі 
әйел болсын, қандай да бір жақсы іс істеген адамның еңбегін зая етпеймін. 
Сендер бір-біріңненсіңдер» (195-аят). 
Мұхаммед пайғамбар Мәдинаға хижрет жасағанда ерлер секілді 
әйелдердің де сертін алған. «Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, 
Аллаға еш нәрсені ортақ қоспауға, ұрлық қылмауға, зинашы болмауға 
балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға, (Суық 


11 
жолдан тапқан баланы өз еріне телімеуге.) және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы 
келмеу үшін келген кезде, олардың (биғаттарын) серттерін қабыл ал. 
Олар үшін Алладан жарылқау тіле. Өйткені Алла, тым жарылқаушы, ерекше 
мейірімді» (Мүмтахинә, 12). Бұл әлеуметтік және діни өмірде құқық пен 
жауапкершілік тұрғысынан ислам дінінде әйел мен еркек деп бөлушіліктің 
жоқ екенін көрсетеді.
Ислам дінінде әйел мен еркек физиологиялық және психологиялық 
жаратылысы тұрғысынан ерекшеленеді. Психологиялық тұрғыдан әйел 
сезімтал және тез әсерленгіш етіп жаратылған. Ал ер адамның жаратылыс 
мұндай емес. Физиологиялық тұрғыдан еркектің жаратылысы күштірек 
болып жаратылса, әйелдің күші аз болады. Екі жақтың да өзіне тән 
ерекшеліктері бар. Бұл жағдай еркектің үстемдігін немесе әйелдің әлсіздігін 
көрсетпейді. Керісінше, бұл жағдай 

екі жақтың бөлек жаратылыс 
ерекшеліктерінің табиғи нәтижесі. Сондықтан өмір сүру салты осыған сай 
реттелуі керек. Олар адам ретінде Алланың алдында тең. Құранда әйел мен 
еркекке бірдей назар аударылады. Діни жауапкершіліктерде, ғибадаттарда, 
ахлақтық құндылықтар мен ізгіліктерде әйел мен еркектің арасында 
айырмашылық жоқ. Исламда адамдар арасындағы үстемдік тек тақуалықта 
деп саналады.
Табиғи ерекшеліктеріне сәйкес ерлер мен әйелдер бір-бірінің мінезіне 
немесе қасиетіне ие бола алмайтыны секілді, бір-бірінің құқығы мен 
міндеткерліктерін де иемдене алмайды. Ерлер мен әйелдер өздеріне тән 
мінез-құлқы, қасиеттері, құқықтары мен міндеттері бар дербес тұлғалар 
ретінде қарастырылады. Әйелдердің құқықтары мен міндеттерінің басым 
бөлігі олардың ана және жар ретіндегі отбасындағы роліне көбірек қатысты 
болып келеді. Ал, ерлер отбасының асыраушысы, қоғамдағы негізгі 
міндеттерді атқарушы ретінде отбасынан тыс құқықтарға көбірек ие. Осы 
ерекшеліктерді теңсіздік ретінде бағалау әрекеттерін діннің негіздерін 
шынайы, терең түсіне білмеудің салдары деп бағалаған жөн.
Жалпы ер мен әйел бір-бірін толықтыратын, өзіндік ерекшеліктерге ие 
екі жұп етіп жаратылған. Құранның Рум сүресінің 21-аятында «Сендерге 
олардан тыныштық табуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратып, 
араларыңда махаббат пен мейірімділік пайда қылғандығы да Оның 
белгілерінен. Сөз жоқ, осыларды ойланған ел үшін белгілер бар» делінеді. 
Аяттан байқағанымыздай ер мен әйел бір-бірі үшін жаратылғандықтан, өз 
теңін тауып, отбасын құрғанда жандары тыныштық тауып, бақытты 
ғұмырдың алғышарттарына қол жеткізеді.
Ислам әйелдің өзіне тән ерекшеліктерін ескереді. Сондықтан Исламдағы 
әйел мен ердің әрқайсының құқықтары мен міндеттерін олардың табиғи 
ерекшеліктері негізінде тағайындаған. Мәселен, ер адам ауыр әрі қиын 
жұмыстарды атқаруға төзімді келеді. Сол себептен де отбасы істерін 
бөлгенде әйелді қамтамасыз ету ер адамға жүктелген. Исламда айрықша 
көңіл бөлінген маңызды мәселе – әйелдің жұбайлық және аналық ролін 


12 
орындауы үшін оның жан тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау болып 
табылады. 
Әйелге құрметпен қараудың ерекше үлгісін Мұхаммед пайғамбардың өзі 
көрсетіп берді. Мұның мысалы ретінде мынадай хадистерді келтіруге 
болады: «Жұмақ 

аналардың аяғының астында», «Мұсылмандардың ең 
жақсысы әйеліне дұрыс қарағаны», «Әйелдермен жақсы қатынаста 
болыңдар» және т.б. Сонымен қатар исламда ананы қадірлеуге қаншалық мән 
бергенін «Кімге жақсылық жасайын?» деген сахабаға үш рет «Анаңа» деп 
жауап бергендігі туралы хадистен аңғаруға болады. Бірде Мұхаммед 
пайғамбарға бір адам келіп «О, Алланың елшісі! Мен анамды арқама салып 
алып, қатты шыжыған ыстықта он алты шақырымдай арқалап жүрдім. Мен 
осы әрекетіммен оның еңбегін өтедім деп санауға бола ма?» деп сұрайды. 
Бұған Мұхаммед пайғамбар былай жауап берген: «Сенің бұл ісің анаңның 
толғақ кезінде көрген азабының азғана бөлігінің төлеміне жатады».
Ислам дініндегі әйелге көрсетілетін қамқорлықтың маңыздылығын мына 
хадистен де көруге болады: «Кімде-кім екі қызына немесе қарындастарына 
немесе анасының сіңлілеріне немесе әкесінің қарындастарына немесе 
әжелерге қамқорлық етсе, жәннатта Менімен бірге болады. Ал кімде-кім 
жоғарыда аталғандардың үшеуіне қамқорлық етсе, құтқарылушылардан 
болып, жетістікке ие болады. Ал кім олардың төртеуіне немесе бесеуіне 
қамқорлық етсе…, ей адамдар, солар секілді болыңдар» (Абу әл-Мухбирден 
Табарани риуаят еткен). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет