2. Мәтінді оқыңыз. Немістер тәулігіне бес-ақ сағат жұмыс істейді
ТМД
(Тәуелсіз
мемлекеттер
достастығы)
елдерінде азаматтардың еңбек
уақыты бір аптаға 40 сағаттан
келеді екен. Ал Еуропада
жұмыс уақыты ең қысқа
елдердің тізімін Германия мен
Нидерланды бастап тұр.
Мәселен, аталған елдерде
жұмыс күні шамамен 5 сағатқа
созы ла ды. Таң-тамаша болып
отырсыз ба? Сонда бір жыл
көлемінде 1 330 сағат жұмыс
істейді деген сөз. Ал бір сағат
еткен еңбегі үшін Германияда
– 35, Нидерландыда 42 доллар көлемінде жалақы төленеді. Әлемдегі жұмыс уақы ты ең қысқа елдердің қатарына келесі елдер де кіреді. Францияда еңбек келісімшарты бойынша аптасына
26 сағат, Австрияда 27,5 сағат, Бель гияда 27,8 сағат, Ирландияда 28,3 сағат, Данияда 28 сағат,
люксем бургте 30 сағат, Финлянди яда 30 сағат, Британияда 31 сағат жұмыс істейді. Айта кетсек,
дәл осы ондыққа кірген елдердің еңбекақысы да жоғары болып саналады. Айтып-айтпай не
керек, еуропалықтар өз қызметкерлерінің асты-үстіне түсіп, барлық жағдайларын жасайды.
Бір ескеретіні, жұмыста сирек, анда-санда болса да қалып, кеш бойы жұмыс істейтін неміс жұрты болып шыққан. Олар келісімшарттағы бекітілген жұмыс уақыты әлдеқашан бітіп қалса
да, жұмыс орнында отырып, үлкен ізденіс үстінде еңбектенеді екен. Бұл көрсеткіш жағынан
олар барлық елдерден алда тұр. Мүмкін, ірі кәсіпорындардың тоқтамауы, баспасөз беттерінде
олардың ашқан жаңалықтары туралы дүркін-дүркін жазатындары да осыдан болар. Көп сала
бойынша олардың көшбасшы болып тұрғандары анық, оны мойындау керек.
Англиядағы Саутгемптон университетінің қызметкерлері түнгі жұмыстың бедеулікке әкеп соғатынын мәлімдеген Бұл аурудың емі - белсенді өмір сүру, өзіне қызықты, сүйікті істермен айналысып, достармен жиі-жиі кездесіп тұру! Психолог Ал сіз бұған не дейсіз?