Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері)



Дата12.05.2023
өлшемі17,75 Kb.
#92638
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Мінездеме Нурай




Н.Некрасов атындағы №9 мектеп гимназиясына психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеден өткен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология факультеті Педагогикалық шетел тілдер кафедрасының 6В01719- Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері) білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Дүйсен Нұрай Өтемісқызына


МІНЕЗДЕМЕ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология факультеті Педагогикалық шетел тілдер кафедрасының 6В01719- Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері) білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Дүйсен Нұрай Өтемісқызы Н.Некрасов атындағы №9 мектеп гимназиясында 30.01.23-13.03.23 аралығында педагогикалық практикадан өтті. Практика басында Нұрай 2«Б» сыныбына бекітілді. Нұрай өзіне бөлінген 2 «Б» сыныбымен аз уақыт аралығында тіл табысып кетті. Мектепішілік іс-шараларға оқушылардың дайындық жұмыстарын ұйымдастыра алды. Алғашқы күннен бастап өз ісіне жауапкершілігімен, ұқыптылығымен көзге түсті. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді.Мектепте, мектептен тыс болған іс – шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті. Нұрай практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді.Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы,мектеп ұжымымен тез тіл табыса алады. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Нұрай педогогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Оқушылармен тіл табысып, өзінің бойындағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығы мен сүйіспеншілік сезімдерін педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырысты. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болды. Әрбір тәрбие жұмыстары жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды.Оқу бағдарламасы бойынша Grammar, Reading, Vocabulary, Listening өткізіліп, оқушылар белсенді қатысты. Оқушылардың үй тапсырмаларын тексеріп,ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма жұмыстарын бақылады.


Тұтас педагогикалық процесске қатысып,пән мұғалімінің сабақ беру әдіс-тәсілдерін бақылады. Оқушылардың сабаққа қатысуын, психологиясын бақылады. Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Дүйсен Нұрай болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азаматша болатынына сенімдімін.
Психологиялық-педагогикалық практикасын 100 (үздік) деп бағалаймын.

Мектеп директоры: Таукебаева М.Т.


Оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Практика жетекшісі: Ибрагимова А.Ш.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет