Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап жазыңыз. – Сәлеметсіз бе! «Астана» қонақүйі. Сізді тыңдап тұрмын.
– Сәлеметсіз бе! Мен бөлмеге тапсырыс берейін деп едім.
– Жақсы. Қанша түнге?
– Екі түнге.
– Қай күндерге екенін айтасыз ба?
– Мамыр айының 15-і мен 16-на.
– Жақсы, болады. Сізге қандай бөлме керек: біркісілік пе, әлде екікісілік пе?
– Маған екікісілік үлкен бөлме керек еді. Оның ішінде жеке жуынатын бөлмесі бар ма?
– Иә, біздің барлық бөлмелердің ішінде жеке жуынатын бөлме бар, ханым.
– А-а, солай ма? Жақсы екен. Жарайды, қанша тұрады мұндай бөлме?