Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық


Тыңдаңыз. Төмендегі сөздерді айтқан адамның мамандығын жазыңыз



Pdf көрінісі
бет406/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   438
Байланысты:
Қазақ тілі В1 (оқулық)

Тыңдаңыз. Төмендегі сөздерді айтқан адамның мамандығын жазыңыз. 
Мен бағдарламалар продюссерімін. Біз үшін ең қиын мәселе – техникалық қиындықтар. Барлық адам 
студияда  болады.  Бір  кезде  айнала  қап-қараңғы  болып  кетеді.  Кейде  бар  мәселе  микрофонда  болуы 
мүмкін. Кейде адамдар микрофонды өшіру туралы  ұмытып кетеді. Ал олардың айтқан сөздерін мен де, 
басқа теледидар көрермендері де естіп тұрады. Өйткені микрофон сіздің жейдеңізге тағылып тұрады ғой.
Мен жаңалықтар оқимын. Кейде мен өте қиын сөздерді оқимын. Жаңалықтардың айтуға қиын жер-
су немесе адам аттары жайлы болғанын ұнатпаймын. Кейде ондай жер-су аттарын бірінші рет естимін. 
Сондай-ақ, мен үшін эфирде киетін киім табу да қиын.
Мен тілшімін. Сен шаршағанда көп қателіктер жібересің. 3 күн бұрын бір әншіден сұхбат алдым. Ол 
кісінің атын қайта-қайта ұмытып қала бердім. Қатты ұят болды. Немесе кейде адамдар қатты толқып 
кетеді. Айтатындарын айта алмай қалады. Сен сұрақ қоясың, ол жауап бермейді. Мен үшін бұл да қиын 
жағдай. Кейде олар өте күлкілі нәрсе айтып, күлкіңді тоқтата алмай қалатын кездер де болады. 
Мен опера әншісімін. Ең жаман нәрсе – сөзіңді ұмытып қалуың. Қорқатыным да – осы. Жарық та, дауыс 
та, басқа әртістер де жап-жақсы, бірақ сен не айтарыңды білмейсің. Мен үшін ең қиыны – осы. Немесе 
жиһаздардың құлауы. Өткен спектальде мен шкафтың есігін жауып едім, терезесі сынып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет