№7 Аудиофайл Тыңдаңыз. Сұраққа жауап беріңіз. – Үлкен қалада өмір сүру туралы қандай ойдасыз?
– Үлкен қалада тұру, өмір сүру қызық деп ойлаймын. Бірақ үлкен қалалар мен кіші қалаларды салыстыру
өте қиын.
– Иә, сізбен келісемін. Кіші қалаларда өмір сүру жеңілдеу.
– Өте дұрыс. Тағы бір қызығы – қалада тұратын адамдар, әдетте, қаланы мақтамайды, бірақ әрқашан
өз қалаларын ең жақсы қала деп санайды. Қай қалаға барсаң да, жергілікті тұрғындар сізге: «біздің қалада
тамақ өте дәмді, ескерткіштер, тарихи мұражайлар өте көп» деп мақтайды.
– Сіз әлемдегі ең жақсы қала Ванкувер дегенмен келісесіз бе?
– Олай деп айту қиын. Себебі мен Гон-Конг ең әдемі, өмір сүруге жеңіл қала деп ойлаймын. Жан-жағын
теңіз қоршап жатыр.
– Ал Токио мен лондон туралы не ойлайсыз?
– лондон жақсы қала және ол Токио сияқты қымбат емес. Бірақ Токиода қоғамдық көлік өте жақсы
жұмыс істейді. Бұл басқа адамдар үшін маңызды емес болар. Мен үшін өте маңызды.