– Сізге де рақмет. Сау болыңыз.
№19 Аудиофайл Сұхбатты тыңдаңыз. Сұхбат берушілер туралы ақпаратты толтырыңыз. – Сәуле, тыңдармандарымызға сіздің «Рахат» акционерлік қоғамының қоғаммен жұмыс істеу бөлімінің
бас маманы деп таныстыруға рұқсат етіңіз. Қош келдіңіз!
– Қош келдік! Айнұр, таныстырып өткеніңізге рақмет. Сәлеметсіздер ме!
– «Рахат» акционерлік қоғамының Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының
бірі екені баршаға мәлім. Алайда алғашқы өнімдеріңіздің қашан және қалай шығарылғаны туралы айтып
берсеңіз.
– «Рахат» акционерлік қоғамының 70 жылдық тарихы бар. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы
арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен
шығарылды.
– Алғашқы тәттілерді соғыс кезінде таратқан екенсіздер ғой. Сонда сіздер елде қанша адамға жұмыс
беріп отырсыздар?