Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет425/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   438
Байланысты:
Қазақ тілі В1 (оқулық)

№20 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
 Әсет, әлемдегі қызық заңдар туралы естігенің бар ма?
 Иә, Нұржан, өткенде ғаламтордан оқығаным бар. Кейбір заңдар тіпті күлкілі болса, ал кейбіреулері 
адамды ойлантып тастайды. 
 Мен 1-2 заң ғана білемін. Айтып берейін...
 Ал айта ғой, егер менікінен өзгеше болса, саған өзімнің білетінімді қосамын.
 Егер біздің елде әйелдердің көлік айдауы қалыпты болса, Сауд Арабиясы нәзік жандыларға көлік 
айдауға тыйым салады екен. Сондай-ақ, Сауд Арабиясында тұратын әйел азаматы дәрігер мамандығын 
иемдене алмайды. Бұған заң үзілді-кесілді қарсы. 
 Сауд Арабияның біздің заңнан ерекшеленетін жақтары көп деп ойлаймын. Ал сен мына заңдарды 
естіп пе едің?  Канадада радиотолқын арқылы шырқалатын әр бесінші әннің орындаушысы міндетті түрде 
канадалық азамат болуы керек. Сондықтан Селин Дион мен Брайн Адамның әні эфирден жиі беріледі екен. 
Ал француздар торайларды Наполеон деп атай алмайды екен. Бұл Наполеон Бонаппартқа деген құрметтің 
бір белгісі болса керек.
  Ойпырым-ай,  не  деген  отансүйгіш  заңдар  десеңші!  Ал  сен  Сингапурда  болып  па  едің?  Егер  онда 
болсаң, менің айтқаныма таң қалмассың. Сингапурлықтар  тазалық жанашырлары екен. Ол елге сағыз 
апаруға да, ол елде жүргенде сағыз шайнауға да тыйым салыныпты. Сонымен бірге көшеде кішкентай 
қоқыс тастайтын болсаң, 500 АҚШ долларын айыппұл ретінде төлейсің.
 Иә, таза болған жақсы ғой. Мен оларды құптаймын. Егер бізде де сондай заңдар қабылданса, жақсы 
болар еді деймін. Ал бірақ қытайлықтардың мына заңымен мүлдем келіспеймін. Қытайда суға батып бара 
жатқан адамды құтқару заңға қайшы әрекет болып саналады. Өйткені бұл әрекет адамның жеке өміріне 
қол сұғумен пара-пар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет