Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет183/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   273
X БӨ
ЛІМ
8. Сіз не істейсіз?
Ана мен баласын дүкеннен көрдіңіз. Сусын сататын бөлімнің қасынан өткенде кішкентай 
бала анасына газдалған сусын алып беруін өтініп жылай бастайды. Анасы баласының жылайын 
деп тұрғанын көрген соң, сусынды алып берді. Егер сіздің балаңыз болса немесе сіз баланың 
анасының орнында болсаңыз, не істер едіңіз?
А) Алып берер едім. Өзімнің де ішкім келіп тұрған. Онда тұрған ештеңе жоқ.
В) Алып бермеймін. Газды сусынды ішуге болмайды.
С) Білмеймін.
9. Сіз не дейсіз? Сұрақтарды талқылаңыз.
Қандай жауап берсеңіз де, нақты дәлелдер келтіріңіз.
10. Мақалды оқыңыз. Қолданысқа енгізіңіз. Мағынасын түсіндіріп беріңіз.
Балалардың барлығы бірдей 
көкөністі жақсы көрмейді. 
Оларды көкөніс жеуге қалай 
үйретуге болады?
Кока-кола немесе басқа да газды 
сусындардың барлығын зиянды 
деуге бола ма? 
Балаңызбен немесе өзге жасы 
кіші балалармен «салауатты 
тамақтану» деген тақырыпта 
сөйлесіп көрдіңіз бе?
Өзіңіздің бала кезіңіздегі және 
қазіргі жас балалардың тамақтану 
режиміне көңіліңіз тола ма? 
Қандай да бір айырмашылықты 
байқадыңыз ба?
Балаларға арналған отандық 
тағам өндірушілерді білесіз бе?
«Зерттеушілердің зиян деген тағам, сусындарын кейде 
ішкізіп, жегізіп тұру керек. Сөйткенде баланың иммунитеті 
ауруға қарсы тұра алады» деген пікірге сіз не дейсіз? 
Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле.


224

БӨ
ЛІМ
ОҚыЛыМ
1. Сіз не дейсіз? 
Сүтті коктейль - балаларға арналған ең зиянды сусын
Америкалық зерттеушілердің пікірінше, сүтті коктейльдің құрамында қант пен майдың 
шектен тыс мөлшері бар көрінеді. Бұл – балалардың ағзасына өте зиян. 
Балаларға арналған 5 зиянды сусынмен таныс болыңыз: 
Америкалық зерттеуші ғалым Эрик Стайсом тіл үйірер сүтті 
коктейльдің ағзаға зиян екенін анықтап шықты. Құрамындағы 
шектен тыс қант пен май сіздің денсаулығыңызға кері әсерін 
тигізеді. Ғалымдар 100-ге тарта орта мектеп оқушыларына 
шоколад қосылған сүтті коктейль ішкізіп, зерттеп көрді. 
Нәтижесінде, мамандар бұндай сусындар жүйке жүйесіне 
наркотикалық заттар секілді әсер етеді деген тұжырымға 
келіпті. Қант шынында да жүйке жүйесінің жылдам қызмет 
етуі үшін жігерлендіруші күш болып табылады. Біртіндеп сүтті 
коктейльдің мөлшері арта түскен сайын семіздіктің қауіпті 
түріне алып барады.
Көптеген балалар, тіпті, 
ата-аналардың өзі де шөлін 
газдалған 
сусынмен 
қандырғанды дұрыс көреді. Бірақ та балалардың ағзасына 
зиянды сусындардың бірі – осы. Газдалған сусынның 
құрамында қанттың шектен тыс мөлшері және химиялық 
заттар (бояғыш заттар, консерванттар, т.б.) мол кездеседі. 
Дәрігерлер ылғи да ересектердің өзін газдалған тәтті 
сусындардан аулақ болуға шақырып жүреді. Егер бір тәуелді болып алсаңыз, тез айығып кету 
қиынға соғады.
Бәріміз шырынның құрамында дәрумендер, пайдалы заттар мол екенін білеміз. 
Бірақ кез келген шырын асқазанға ауыр тиеді. Шырындағы көп мөлшердегі қышқыл 
мен көмірсу, минералды тұздың жоғарғы концентрациясы жасқа толмаған баланың 
ішіне тіптен зиян. Шырынның құрамында көмірсулар өте мол. Бұл асқазан-ішек 
ауруына жағдай туындатады. Ішек шырышының қабынады. Бала ағзасының мүлде 
басқа агрессиялық өнімдерді қабылдамас үшін тез арада алдын алу қажет. Ұйқы 
безінің де зақымдану қаупі жоғары.
Кофе баланың жүйке жүйесінің қалыпты дамуын бұзады. 
Сол себепті жас баланың мінез-құлқы тез өзгеріп, эмоцияға 
берілгіш болып кетеді. Бала көңілді немесе жылауық, ашушаң 
не керісінше енжар, сылбыр болып өсуі мүмкін. Егер кофеин 
жиі қолданылып тұрса, баланың жаман жаққа өзгеріп кетері 
анық. Ал, бала тәуелді болып алса, өмірге деген құлшынысы төмендеп, 
көп энергиясын босқа шығындап алады. Жүрек ауруына да әсер етеді.
Шай - бойыңыздағы ағзаға қажетті калий
натрий және кальций секілді дәрумендердің 
қас жауы. Егер сіз шайды көп ішіп жүрсеңіз, аталған дәрумендер несеп 
жолы арқылы сыртқа шығып кетеді. Бұл – үлкендер үшін де, жас балалар 
үшін де сүйектің зақымдануына әкеліп соғады. Бұл ауру остеопороз деп 
аталады.


225


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет