297
Қаланың
сыртында
жағажай бар.
Қажеттілік модальдігі
... керек/қажет …+
м (ң/…) қажет/керек
Модаль сөздер – сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын білдіретін сөздер. Қазіргі
қазақ тілінде модальдылықты толық мәнді есім де, етістік те, көмекші сөздер де білдіреді.
Модаль сөздер
есімді
етістікті
керек, қажет, тиіс,
сияқты, сықылды, тәрізді,
секілді, бар, жоқ
екен шығар болар
дейді білем
Модаль сөздер сөйлемнің баяндауышының құрамында болады. Кейбірі қыстырма
сөздердің қызметінде қолданылады. Модаль сөздер мен қыстырма сөздерді шатастыруға бол-
майды, бұлар - өзіндік ерекшеліктері бар екі түрлі грамматикалық категориялар.
Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. (меніңше – қыстырма сөз)
Олар жұмысты кешке дейін бітірулері керек. (керек – модаль сөз)
Модаль сөздер баяндауыш құрамында жұмсалғанда көбіне келер шақта келеді. Модаль
сөздер болжалдық, міндеттілік, мүмкінділік, қажеттілік т. б. мағыналарда қолданылады.
Қалаға бар
у керек
. Тауға шығ
уымыз керек.
Спортпен айналыс
у қажет
. Футбол ойна
уларың қажет
.
- у керек / -у қажет
Тұйық етістік → қажет, керек
Қалаға бару = Қалаға бар
у қажет
Спортпен айналысу = Спортпен айналыс
у қажет
Таза ауаға шығу = Таза ауаға шығ
у қажет
Достарыңызбен бөлісу: