ЖОЛАУШЫЛАР МЕН ҚОНАҚТАРҒА
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТƏРБИЕСІ
Б
ұл тəрбиеде өнегелі отбасылар ұрпақтарын дүниеқор лық тан,
сараңдықтан жирендіріп, меймандостыққа, жомарттыққа, қо нақ шыл-
дық қа тəрбиелеп, жолаушылар мен қонақтарға қолдан келгенше сый-
құр мет көрсетіп, қол ұшын беріп отыруды азаматтық міндет, адам дық
парыз деп ұғындырып, қонақ келсе алдынан шығып қарсы алып, ат-
көлігін байлап, есік ашып үйге кіргізуді, астыларына көрпе тө сеп, төр-
ден орын беруді, жатқанда төсек орнын жайлы, жұмсақ салып беріп,
аттанарда ат-көлігін əкеліп ерттеп беріп, қолтығынан демеп аттанды-
рып салуды ұғындырады.
Егер үй иесі үйде отырғанда қонақ келсе, қонақпен орнынан тұ-
рып сəлемдесіп, үй ішін реттеп үлгере алмаса: «Кешіріңіз! Сөге жа-
ман да ма ңыз!» – деп кешірім сұрап, қонақтың ыңғайсызданып қа луы-
нан сақтануды үйретеді. Қонақ жайғасып отырған соң, шай қай на тып,
қонақтың қолына су құйып, дастарқан жайып тамақтандыру, асы ғыс
аттанбақ болғанда «қуыс үйден құрауыз шықпаңыз» деп алдына да -
йын ас-тағам қойып, тамақ ауыз тигізеді. Қазақ салтында: «сұрап бер-
генше – ұрып бер» деп, үйге келген адамнан: «Тамақ іштіңіз бе?» деп
сұ рау немесе үйге келген адамға суық рай таныту – өте көр ген сіз дік
жəне тəрбиесіздік қылық саналады.
Егер үйге қонақ келгенде істемесе болмайтын шұғыл жұмысы бол-
са, онда қонағына мəн-жайын түсіндіріп кешірім сұрап, жұ мы сын
істей отырып əңгімелесіп, қонағын ыңғайсыз күйден арылтады. Ал,
қо нақ үй иесі сыртқа шыққалы тұрғанда келсе, онда сапарды уа қыт ша
тоқтатып, қонақты күту қажет. Алайда, бармаса болмайтын өте ма-
ңыз ды сапар болса, онда оны қонағына мұқият түсіндіріп əрі ке ші рім
сұ рап, қонақты үйдегі басқа адамдардың жақсырақ күтуіне та быс тап
кетеді немесе «басқа бір күні келіңіз» деп арнаулы уақыт бел гі леп, қо-
нақ тың ризалығын алады.
Қазақ халқы: «Қырықтың бірі – Қызыр, қонақ – құт», «үйге кел-
ген қонақты қуса – құт, береке қашады» деп, үйіне келген қонақ пен
жолаушыларды өте жылы қабылдап, барын алдарына қойып күтіп,
177
177
олар дың ризалығы мен ықылас-баталарын алуға тырысады. «Үйі нен
40 қадам ұзап шыққан адамның басына мүсəпірлік түседі» деп, жо лау-
шы ларды үйлеріне түсіріп дамылдатып, ішетін сусын, жейтін та ғам
бе ріп қондырып, ат-көлігін күтімдеп, кетерінде аттандырып қою ды
өте игілікті іс санаған. Сондықтан да үйге келген қонақ пен жола-
ушыны қабылдауда, ол мейлі бала, мейлі дана болсын, оларға шын
ықы лас пен қызмет көрсетіп, ас-тағамдарды бірлікте отырып жеп,
адам өте көп болса, «сіздер кеңірек отырып ішіп-жеңіздер» деп жағ да -
йын түсіндіріп, қонақтардың алаңсыз тамақтануына мүмкіндік жасап
отырады əрі ұрпақтарына да осындай талап қойып, «атың барда жер
таны – же ліп жүріп, асың барда ел таны – беріп жүріп» деген халық
да на лы ғын естерінде берік сақтап, қонақшыл, жомарт, меймандос аза-
мат болуға баулиды.
«Отбасы – өнеге бесігі, өнегесізбен көрші болма» деп қарайтын қа-
зақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деген
ха лық даналығын берік ұстанады. Сол себепті, үйлеріне қонақ кел-
се, отбасыларының кикілжіңін дереу доғарып, сыртқа сыр білдірмей,
қонақтарын жайдары қабақпен, зор қошеметпен күтеді.
Қазақ салтында қонақ үйге кірген соң, үй сыпырмайды. Бала-
шағаларын ұрып-ұрыспайды. Басқалардың алдында ешқандай жат
қылық, жаман мінез көрсетпейді. Олай істеу көргенсіздік, тəр бие сіз-
дік, тіпті тексіздік саналады.
Ас-тағам ең алдымен үйге келген кісіге ұсынылады. Бата-ті лек-
ті қонаққа жасатады. Қонақтың киімін кимейді, ат-көлігін мінбейді.
Дү ние-мүлкін қозғамайды. Тіпті, қонақтың ат-көлігін үй иесі қонақ
аттанып кеткенше бағып-қағуға жауапты болады. Ал, қонақ аттанар
кезде оның ат-көлігін əкеліп ерттеп, қолтығынан демеп аттандырып
жі бе реді. Үйде қонақ отырғанда тартып жатқан қиыншылығын, жоқ-
шы лы ғын, елмен болған өштік-қастығын, атақ-даңқын, шен-шек пе нін
айтып қоңырсымайды.
Қазақ салтында үйіне келген қонағының жеке бас амандығы мен
оның дүние-мүлік, ат-көлік амандығына үй иесі жауапты болады. Тіп-
ті, үйіне қонған адам қас жауы болса да, оның дүние-мүлкі мен ат-
көлігіне қылдай қиянат жасамайды. Қандайда адамның жеке басы мен
178
178
дүние-мүлкіне зиянын тигізуге жол бермейді. Себебі, үйіне қон ған
қонаққа қастық істеу, зəбірлеу қазақ ұғымында шектен ас қан бұ зық-
тық, жиіркенішті қылық деп қаралады.
Қазақ халқының қонақтар мен жолаушыларға қызмет көрсету тəр-
бие сі адамдарға деген сүйіспеншілігін арттырып, ізгілікке, ме йі рім-
ді лік ке, қайырымдылыққа, достыққа, береке-бірлікке жетелеп, тама-
ша қоғамдық орта жаратуға əдеттендіреді. Адамдардың барыс-келіс,
алыс-берісін жиілетіп, қоғамдық өрісін кеңейтеді. Досын көбейтіп,
дұш па нын азайтады, достыққа, татулыққа баулиды.
ҚОНАҚ БОЛУ ЖƏНЕ ЖИЫН-ТОЙҒА
БАРУ ТƏРБИЕСІ
Б
ұл тəрбиеде қазақ халқы ұрпақтарын «шақырғаннан қал ма, ша-
қыр ма са барма» деп, біреу өзін тойға,қонаққа шақырса бəл сін бей де-
реу бару, барғанда құтты мереке-мейрамдардағыдай ретті, сəн ді киі-
ніп, үлкен адамдық салауатпен бару керек деп тəрбиелейді. Дағды бо-
йынша, біреу қонаққа, тойға шақырса, қалмай бару дəріптеледі. Егер
бара алмайтындай жағдай болса, қонақ иесіне алдын ала мəн-жайын
тү сін ді ріп, кешірім сұрап, құтты болсын немесе Алла риза болсын деп
айтып қойған жөн. Қонаққа барғанда, тойда көптің райына бағып түзу
отыру, үй иесіне: «ананы үйт, мынаны бүйт» деп көсемсімеу, дас тар-
қан басында, көпшілік ортасында шашын тарап, қасын қиып жасанып-
сыланбау керек. Біреудің үйінде түсін суыққа салып шіреніп отыру,
шалжиып жатып алу, біреудің үйін аралау, нəрсе-керектерін ақ та ру,
«анауың андай, мынауың мынадай екен» деп сын-мін тағу сияқ ты іс-
тер дің барлығы əдепсіздік, көргенсіздік, мəдениетсіздік болады деп
үй ре ті ле ді. Алдыға ас келгенде асты түзу отырып жейді. Елдің алды-
на қол созбайды жəне асты албаты араластырмайды. Ел тамақ ішіп
жат қан да «мен болдым» деп дастарқан батасы жасалмай тұрып жү ріп
кетпейді. Біреудің үйіне қонғанда көрсеткен орынға жатады. Қол-аяғы
таза болмаса, жуып тазалап, елдің көрпе-жастығын былғап тастаудан
сақтанады, таңертең ерте тұрады, түске дейін шалжиып жатып ал-
майды.
179
179
Жиын-тойға бару, қонақ болу тəрбиесінде əрбір отбасы өз пер зент-
те рі не «біреудің құтты үйі мен қызырлы дастарқанында, той-ме ре ке сі
мен нəзір-құзыры үстінде ұрыс-керіс шығарған жəне жанжал шы ғуы-
на себепші болған адам – ең бұзақы адам» деп түсіндіріп, ұр пақ та рын
жиын-тойлар мен бұқаралық орындарда, сондай-ақ, дастарқан үс тін де
əдепті, кеңпейілді, кешірімді болып, жүріс-тұрыс, сөз-əрекетте елге
үлгі-өнеге болуға баулиды.
Қонақшыл, меймандос қазақ халқы үйіне, тіпті ауылына қонақ
келсе, «ауылына алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып сə лем
бе ріп ті» деп, үлкен-кіші барлық адам оған құрмет көрсетіп, сый лап,
барын аузына тосып күтуді кісілік парыз санап, қонағымен ашық-жар-
қын сұхбат құрып, «қонақ кəдесіне» əн-күй тартқызып, əң гі ме-ер те-
гі айтқызып, алыс-жақыннан хабар алып, білімдерін молайтып, көз
аяларын кеңейтіп отыруды дағдыға айналдырған. Тіпті, өнегелі, тəр-
бие лі отбасылар қонақтар үшін алыстан мен мұндалап тұратын (қо-
нақ тар мен жолаушыларға қашанда «есігіміз ашық» дегенді біл ді ре-
тін) «қарақшылы түйесі» болған. Қарақшылы түйені көрген қан дай
да адам сол үйге ат басын бұрып, дəм татып, ақсақалдарына сə лем
бермей кетпеген. Ондай көпшіл, қонақшыл ауылдарды халық ерекше
құрметтеген. Тіпті, ондай ізгі ниетті, адамгершілігі жоғары ауыл дар-
дың малдарына ұры, қойларына қасқыр шаппаған…
Бейтаныс үйге (ауылға) барған жолаушы ат-матымен ауылға баса
көктеп кірмейді. Қайта ауыл шетіне барып аттан түсіп, ауылға қа рай
жүрелеп отырады. Оны көрген соң, ауылдың естияр бір азаматы ба-
рып оған сəлем беріп, үйіне апарып шай беріп сусындатып, келген бұ-
йым та йын сұрайды. Қонғалы келсе, қондырып аттандырады.
Қазақ салтында, үйге аузына бірдеңе салып шайнаңдап кірген
адамды «сұмырай» деп қатты жек көреді. Керісінше, үйден сыртқа
шы ғар да ас шайнап, аузы қимылдап шықса, «құт, қызыр» деп ерекше
жақсы көреді. Əдетте, «түскі асқа – түстік жерден, кешкі асқа – күн-
дік жерден қонақ келеді» деп, əр отбасы қонақ келсе сояр малы мен
жылы-жұмсағын күні бұрын ыңғайластырып қояды. Мейлі, қан дай
қонақ болса да, одан ақы талап етпейді. Керісінше, үй иелері қо нақ-
ты жақсы күтпесе, қонақтар ауыл ақсақалдары мен билеріне ша ғым-
180
180
да нып, ат-шапан айып алады… Əдетте, кештетіп келген қонақ үйге
кіргенде: «Кеш жарық» деп кіріп, онан соң, үй ішіндегі кі сі лер ге сə-
лем береді. Үй ішіндегілер оған: «Қойымыз арық, ешкіміз са рық» деп
əзіл мен жауап қайтарып, сəлемін алып, төрден орын береді. Ал, түн
ішін де келген бейтаныс қонақ болса: «Құдайы қонақпыз, есігіңізді
ашы ңыз!» деп сыртта тұрып дауыстайды. Үй иесі рұқсат берсе аттан
тү сіп, үйге кіре сəлем береді. Үй иесі сəлемін алып: «Сəлемші бол са-
ңыз, төрге шығыңыз!» деп, оны жылы шыраймен қабылдайды. Егер
үйде отағасы немесе ересек ер адам болмаса, онда келген қонақ та-
мақ ауыз тиіп, басқа жерден орын іздейді. Жолаушы біреудің үйіне
қо нақ болып түскенде үйге найза, қылыш, мылтық, сойыл-шоқпар,
са дақ секілді қару-жарақ алып кірмейді. Ондай суық құралдары бол-
са, сыртқа қойып кіреді. Үйге тек қамшы ұстап кіруіне болады. Бұл
қам шы жүрген жерде пəле-қаза жүрмейді, үй иесіне адалмын де ген ді
біл діреді.
Қазақ халқы үйіне келген адамды қумайды. Үйге келген қо нақ-
ты қууды «көргенсіздік, адамгершіліктен аттағандық» деп ба ға лай-
ды. Себебі, қазақ халқы қонақты «құт, қызыр» деп қа рай тын дық тан,
қонақ қууды – алдыға келген бақ пен ырысты басқа теп кен дік, əлі нен
асқандық, менмендік, адамгершіліктен аттағандық деп, ондай нашар
қылықты адамдардан қатты жиренеді. Үйіне атпен адыраңдап шауып
келгенді, малын аралағанды, санағанды, бала-шағасына таң ғал ған ды
қатты жек көреді.
Бұл тəрбие ұрпақтарды тамаша мінез-құлық қалыптастырып,
əдеп ті де мəдениетті азамат болуға баулиды. Рухани жағынан жан
дү ние сі таза, ізгі ниетті, бауырмашыл, жанашыр, мейірімді, қа йы-
рым ды, адамгершілігі асқақ, текті, тəрбиелі адам болып есейіп ерже-
туге дағдыландырады. Қоғамдық қарым-қатынасқа бай, адамдармен
барыс-келіс, алыс-беріс істері мол, көпшіл, халықшыл болуға; ха лық-
тық наным-сенімдер мен салт-дəстүрді қастерлейтін жəне оны көз қа-
ра шық та рын дай аялап, үзбей жалғастырып отыратын дəстүршіл аза-
мат болып қалыптасуға баулиды.
181
181
ДАСТАРҚАН ТƏРБИЕСІ
Қ
азақ халқы дастарқан мен дəм-тұзды ерекше қастерлеп, қа дір-
лей ді, дастарқан мен нанды жəне тұзды «киесі атады» деп, бас пайды.
Дастарқанды құт-береке, бақыт-байлық, ырыс-ынтымақтың ұйт қы сы,
дəм-тұзды, яғни нанды адам арқауы, тіршілігінің тірегі деп қа рап, қан-
дай жерде азықтанса да, ең алдымен «бісміллə» деп алдыға дас тар қан
жайып барып, адамша отырып азықтанады.
Əдетте, əрбір отбасы асқа отырарда, алдымен қол жуады. Онан соң
ал ды ға дастарқан жайып, отбасы мүшелері түгел жиналып, үл кен-кі-
ші ліктеріне қарай төрден бастап дастарқанды қоралай отырып та мақ-
та на ды. Алды-алдына барып шай құйып, ас салып ішпейді. Тек сол
үй дің əйелі, қызы немесе келіні құйып беріп отырады. Қонақ келсе
жасы мен жолына қарай төрден немесе өзіне лайықты жерден орын
бе ре ді. Ақсақалдар мен жасы үлкен кісілер төрдің төбесіне отырады,
əрі ас-тағамның алдын ішеді. «Дастарқанда отырып шенділер мен
шек пен ді лер ге жүгінген халық құлдықтан мəңгі құтылмайды» деп,
əр қан дай дастарқанға отырғанда, шен-шекпенге қарай емес, жолына,
жасына, біліміне қарай отырады. Дастарқанда бұл жосыннан аттап,
шен-шекпеніне буланып төрге ұшқан ұлықты ұлық емес, «бұзық» деп
қа ра са, ал, жолы, жасы, білімі өзінен төмен ұлықтарды төрлеріне шы-
ға рып, тік тұрып күткен адамдарды «жағымпаз» деп есептейді. Міне,
бұл қазақ халқының құлдық идеядан азат, үлкендерді құр мет теп, бі-
лім ді ле рін ардақтайтын мəдениетті халық екендігін білдіреді.
Жастар үлкен кісілермен дастарқандас болғанда, тамаққа үл кен
кі сі лер ден бұрын қол салмайды. Аяқ жақта отырып, шай құю шы ға
қол ға быс жасап, төрдегі кісілерге шыны алып беріп отырады. Əдет-
те, ал ды ға ас-тағам түгел қойылып болған соң, үй иесі немесе ауыл
адамдарының бірі: «қане, алыңыздар!» деп асқа ұсыныс еткен соң ба-
рып жаппай тамақтануға кіріседі. Біреудің үйінде ас-тағамды обырла-
на ішіп-жеу, дастарқан жаймай алды-алдына тамақтану, теріс қа рап
отырып, түрегеліп жүріп ішіп-жеу немесе алдыға ас келгенде ші ре-
ніп отырып алу жəне шолжиып жатып алу секілді қимыл-қы лық тар
өте əдепсіздік əрі тəрбиесіздік есептеледі. Дастарқан жайғанда қан дай
182
182
жұмыс болса да доғарып, хан болса тақтан, əулие болса аттан тү сіп,
дереу ас ішуге отырады. «Дастарқанды жайып, ас-тағамды тел мір тіп
қою жаман болады» деп жаңа ғана тамақтанып алса да, ел қа тар лы
дастарқанға келіп дəм татады. Біреудің дастарқанынан дəм тат қан
адам «дəм атады» деп дəм татқан адамына ешқашан жа ман дық жаса-
майды.
Қорытып айтқанда, қазақ халқы дастарқан тəрбиесіне ерекше мəн
береді. Онда əр отбасы ұл-қыздары есейе бастағанда-ақ оларға жан-
жақты дастарқан тəрбиесін жүргізіп, ішіп-жеу, азықтану тəр ті бін үй-
ре те ді, яғни қол жуып дастарқанға отырудан бастап, қалай ішіп, қа-
лай жеу, дастарқанды қалай жайып, қалай жию, бата-ықыласты қа лай
біл ді ру ге дейін егжей-тегжейлі түсіндіреді. Мысалы, асқа отыр ған да
əркім өзінің жасына, жолына қарай лайықты жерге малдас құрып оты-
ру, отырғанда жол-жүйе, салт-дəстүрге мəн беру, қасында отыр ған
кісілерге: «Қане, алыңыз, жеңіз, ішіңіз» деп ілтипəт білдіріп отыру,
тамақты былшылдатып шайнап, сорпылдатып ұрттамау, бас қа лар дың
алдындағы тағамға обырланып қол созбау, тамақты олай-бұлай арала-
стырмау, дастарқан үстінде қақырынып-түкірінбеу, шаш тарап, ай на-
ға қарап жасанып-сыланбау, тамақты ағызып-тамызып, төгіп-шашпау,
ас үстіне келген адамдарға дəм татқызып, үлкен кісілер келсе тұ рып
орын беру, елдің ас-тағамына мін, сын тақпау, басқалар тамақ ішіп
жатқанда «болдым» деп орнынан тұрып жүріп кетпеу, жата қал мау,
теріс қарап отырмау, дастарқандағы тəуір тамақты жеке өзі ием де-
ніп алмау, тағамнан қыл-қыбыр тектес нəрсе байқап қалса, өз ге лер ге
білдірмей алып тастау, дастарқаннан бата жасалған соң тұру сияқ ты
жөн-жосықтар үйретіледі.
Дастарқан тəрбиесі ұрпақтарды үлкен адамгершілікке бау ли ды.
Адамдарды ізгілікке, мейірімділікке, жанашырлыққа, ба уыр ма шыл-
дық қа, мəдениеттілікке, көпшілдікке, халықшылдыққа тəр би е лей ді.
Та за лық қа, пəктікке жетелеп, адамдармен болған қарым-қа ты на сын
жақ сар та ды. Басқалар алдындағы беделі мен сый-құрметін жо ға ры-
лата ды.
183
183
ҚОЛҒА СУ ҚҰЮ ЖƏНЕ ТАҒАМ
ҰСЫНУ ТƏРБИЕСІ
Қ
азақ халқының кісі сыйлау, үйге келген кісінің қолына су құ-
йып, ас-тағам ұсынуының өзінен үлкен адамгершілік пен мə де ниет-
ті лік қасиетімен айқын көрініп тұрады. Онда əр отбасы үйіне келген
кі сі ні төріне шығарып, астына көрпе төсейді. Онан соң алдына дас-
тар қан жайып, ас-тағам берер алдында жасы кіші адамның бірі елеген
мен құман алып, қонақтың қолына су құяды.
Қолға су құйып, кісіге ас-тағам ұсынудың да өзіндік жөн-жо сы ғы
бар. Мұнда, «бата – бастан, су – аяқтан» деп, батаны төрдегі адам-
ға жасатса, ал, су құюды аяқ жақтан бастайды. Əдетте суды қо нақ тар
тегіс отырып болған соң құяды, бірақ жиын-тойлар мен нə зір-құ зыр-
лар да адам өте көп болатындықтан, суды екі жігіт екі бос аға дан бас-
тап төрге қарай айналдыра құйып шығады. Кейде есік алдына үл кен
леген қойып, қонақтарға үйге кірерде қол жудырып кіргізеді. Ал, адам
саны шағын болса, онда бір адам оң босағадан бастап отырған адам-
дар ға түгел айналдырып су құйып шығады, тамақ соңында қолға су
құю солдан-оңға қарай басталады. Қолды жуғанда сілкімейді, орамал-
мен сүртеді.
Қазақ салтында, дастарқанда төмен жақта отырған адамдар өзі нен
жоғары отырған адамдарға шыны-аяқ алып беру, ас-тағам ұсы ну ға жа-
уапты болады. Алайда, шыны-аяқ алып беру мен ас-тағам ұсы ну дың
да өзіндік ережесі бар. Мұны əр отбасы ұрпақтарына мұқият ұғын ды-
рады, болмаса, өзгелер жағынан «тəрбиесіз, көргенсіз» деген сө гіс ке
қалады. Мысалы, шыны-аяқ алып беріп, ас-тағам ұсынғанда оң қо лы-
мен ұсынады, онда да ас ұсынған оң қолдың қарын сол қол дың сырты-
мен басып (алақанды жайып, қонақ жаққа қаратып) ұсынады.
Тамақ алудың да, шай құюдың да өзіндік жосыны бар. Мысалы,
шай құйған кезде, шайды үй ішіндегі кісілерге түгел құйып бол ған ша
барлық адам сабыр сақтап тосып отырады. Шай түгел құйылып бол-
ған соң, үй иесі: «Астан алыңыздар!» деген соң ғана алады. Себебі, үй
иесі: «Астан алыңыздар» деп асқа ұсыныс етпей тұрып елден бұ рын
та мақ қа бас қою өте көргенсіздік, үй иесін көзге ілмегендік саналады.
184
184
Үлкен той-томалақ, нəзір-құзыр өткізгенде шай құйып беріп,
шыны-аяқ алып, ас-тағам ұсынуға тəрбиелі, пысық жігіттер мен епті,
іс кер келіндерді орналастырады. Шай құйған келін (əйел) бір тізерлеп,
қо нақ тар ға қырын қарап отырып, шайдың қызылын, тұзын, сүтін дұ-
рыс теңшеп, шайды дəмді құйып, көз қиығымен босаған ыдыс-аяқ тар-
ды қадағалап отырады. Келген қонақтар шай құюшы келін мен шыны
алып беруші азаматтың іс-қимылына қарап, сол ауылдың адам гер ші-
лі гі мен мəдениетіне баға береді, міне, осы істердің барлығы ұр пақ-
тар ға егжей-тегжейлі ұғындырылады.
Бұл тəрбие ұрпақтарды тамаша салт-дəстүр қалыптастырып, із гі-
лік ке, адамгершілікке, қонақшылыққа, береке-бірлікке, достыққа же-
телеп, перзенттерді əдепті, ибалы болуға баулиды.
ҚОНАҚ КҮТУ ТƏРБИЕСІ
« Қ
онақасы – тəңір ақысы», «қонақ несібесін тəңір жет кі зер»,
«қо нақ асы – қазақтың бөлінбеген еншісі» дейтін аталы сөздер қа зақ
хал қы ның ерекше қонақшыл, меймандос, асқан адамгершілікті ха лық
екен ді гін айғақтайды əрі əрбір отбасы ұрпақтарын қонақшыл, мей-
мандос, ізгі ниетті, мейірімді, қайырымды болуға баулып отырады.
Əрбір қазақ үйіне қонақ келсе «құт келді, қонақпен бірге үйіме құт-
береке кіреді» деп балаша қуанып, қонақтың алдынан өзі шығып қар-
сы алып, үйіне өзі есік ашып кіргізеді. Алайда, қонақты есік ашып
шығарып салмайды. Үйге келген қонақты есік ашып шығарып салу –
қонақты қуалағанмен бірдей ұятты іс деп қарайды. Cондай-ақ, «құт ты
қонақ келсе қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе малға қасқыр шаба-
ды», «қонақтың жақсысы – құт, жаманы – жұт» деп ырымдап, жал-
пы қонақтарды: «арнайы қонақ», «құдайы қонақ», «қыдырма қо нақ»,
«қыл ғы ма қонақ» деп төртке бөледі.
1. «Арнайы қонақ» деп арнаулы шақырған, ұсыныс етілген жəне
құ да лық пен түрлі жиын-тойларға арнаулы барған қонақтарды айта-
ды. Мұндай қонақтарға жататын үй, соятын мал, ұсынатын жол-жо ра-
лар ға дейін алдын ала əзірлеп, ауыл бойынша тік тұрып ерекше кү те-
185
185
ді. Мұндай қонақтарға қой баласынан ақсарбас, жылқы баласынан көк
қас қа, сиыр баласынан қызыл қасқа сойылады.
2. «Құдайы қонақ» деп ойда-түсте жоқ, дəм-тұз айдап келіп қо-
нып, құдайдың бұйырған несібесін жеп аттанған қонақтарды айтады.
Мұндай қонақтарға қой баласынан – қоңыр тоқты, ешкі баласынан –
қа ра шұ нақ лақ, ал құдайы қонақ ерекше сыйлы адам болса, онда жыл-
қы баласынан – торы тай сойып, қонақасы береді. Осы дəстүрге сай
тілімізде «қойдан – қоңыр, жылқыдан – торы» деген нақыл сөз қа лып-
тасқан.
3. «Қыдырма қонақ» деп туыс-туған, дос-жаран, құда-жег жат та рын
арнаулы іздеп барып, аунап-қунап жататын қонақтарды айтады. Мұн-
дай қонақтар жұрт сыйлаған беделді кісі немесе сары сүйек құда бас-
та ған адамдар болса, онда қонақтың аз-көптігіне қарай жылқы бала-
сынан – көк қасқа, қой баласынан – ақсарбас сойылса; ал, дос-жаран,
алыс-беріс, барыс-келістері жиі адамдар болса, қонақтың аз-көп ті гі не
қа рай тай, қой сойып күтеді.
4. «Қылғыма қонақ» деп қайсы ауыл, қайсы үйге қонақ түсіп, мал
сойып, ет асып тамақ пісіргенін аңдып жүріп дəл үстінен түсіп, та мақ
асырайтын қонақтарды айтады. Мұндай қонақты қазақ халқы «ша қы-
рыл ма ған қонақ – жұт» деп, қатты жек көреді. Алайда, қонақты үй ден
қу май тын қазақи дəстүр бойынша, оларға да барын беріп, қондырып
аттандырады.
Қазақ халқының «қонақасы – тəңір ақысы» деген атаулы сө зі нің
заң (салт) ретінде қалыптасуы Алаша ханның атымен байланысып
жатады. Ертеде үш ұлы бар Алаша хан қартайып, көз жұмар шағын-
да бар дү ние-мүлкі мен мал-жанын төртке бөліп, оның үш бөлігін үш
ұлы на енші етіп беріпті де, төртінші бөлігін: «Мына қалған бір бөлік
мал-дүние сендердің бір-біріңе барып-келіп, қонақ болып түскенде
со йып берер қонақасыларың, алып-берер ағайындық дə не кер ле рің
болсын» деп балаларының ортақ (бөлінбеген) еншілеріне қал дыр ған
екен дейді. Бұл салт қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне ерекше үй ле-
сіп, «қонақасы – Тəңір ақысы», «бір шəугім шай мен қонағасы – күл-
лі қа зақ тың бөлінбеген еншісі» деп, қонақ пен жолаушы түскен, қон-
ған жер ле рі нің барлығында құдды өз үйі, өз ауылындай жайлы орын,
186
186
да йын асқа кенеліп, ақысыз, пұлсыз көңілге алған жерінің бар лы ғын
шарлап, барған жерінің бəрінде өзіне лайық сый-құрметке бө ле ніп,
ұлы баба Алаша ханның даналығы мен туған халқының дар қан ды-
ғы на алғыстарын жаудырып, қазақи қонақшыл салттарын ғасырлар
бойы жалғастырып келген жəне ұрпақтарын меймандостыққа, қо нақ-
шыл дық қа баулып отырған.
Қонақ күтуде əр отбасы мейлі арнайы қонақ, мейлі құдайы қо нақ,
мейлі қыдырма қонақ болсын, мейлі ұзақ жыл көріспеген құда-жег-
жат, дос-жаран болсын, олардың бəріне де шамалары келсе арнайы
мал сойып қонақасы беріп күтіп отырған. Тіпті, мал сойып беруге ша-
масы келмесе, «қонаққа» деп бала-шағасының аузынан жырып сақ та-
ған сыбағаларын берген. Яғни, «еске алған ескі асынан сақтайды» деп,
қыс күндері сүрленген жамбас, қазы-қарта, жал-жая, сиырдың тасты-
сы (қабырғасы), май, жент, мейіз, қант, мұзқант, т.б. сақтайды. Ал, жаз
күндері болса, қонаққа арнап қой ішінен марқасын сояды. Ал, қо нақ
саны көбірек болса қой, одан да көбірек болса тай, тіпті ірі қара со йып
бе ріп, қымыз, шұбат секілді нəрлі сусындармен сусындатады.
Қонақ күту тəрбиесі ұрпақтарды тамаша адамдық қарым-қатынас
салтын қалыптастырып, ізгі ниетті, адал, арлы, жомарт, меймандос,
қо нақ шыл болуға баулиды. Адамдардың өзара қоғамдық қа рым-қа ты-
на сын кеңейтіп, барыс-келіс, алыс-берісін жиілетіп, достық сү йіс пен-
ші лік те рін арттырады. Халықтық салт-дəстүрге жүйрік, адам гер ші лі гі
асқақ азамат болып есеюіне жол көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |