Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет39/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50

ЕЛ-ЖҰРТ ТАНЫТУ 

Х

алықтық  дəстүр  бойынша,  ер  балалар  ат  жалын  тартып  мі-



ніп,  ақ-қараны  ажыратып,  оң  мен  солын  тани  бастасымен,  оларды 

əке ле рі  ертіп  жүріп  алыс-жақын  ел-жұртпен  таныстырады.  Үлкен 

жиын-тойларға апарып, аты шыққан би, ақын-жыраулар мен өнерлі, 

үлгі-тағылымды адамдарды сыртынан көрсетіп немесе жүздестіріп, 

олардан өнеге алып, өнер-білім үйренуге шабыттандырады. Сондай-

ақ, баласын тəрбиелі кісілердің арнаулы тəрбиелеулеріне береді. Ел 

мен жерді аралатып, қоныс-суаттарын, жайлау, қыстау, күзеу, көк-

теу ле рін,  ру-тайпалардың  мекенді  жер-суын  көрсетіп,  шекарасын 

ұғын дырады.

Бұл  тəрбие  ұрпақтардың  көз  аясын  кеңейтіп,  білімін  молайтады, 

оларды Отаншыл, халықшыл болуға, туған жері мен өскен елі не де-

ген азаматтық сүйіспеншілігін арттырып, қоғамдық қарым-қа ты на сын 

нығайтуға тəрбиелейді. Өрісін кеңейтіп, досын көбейтіп, көп шіл, ха-

лық шыл  болуға  жетелеп,  қоғамдық  бейімділігін  арттырып,  адам гер-

ші лік қасиетін жетілдіреді.


435

435


ЖІГІТ СЫНЫ.

ЖІГІТТЕРДІҢ ЖАН ДҮНИЕСІНЕ 

ҚОЯТЫН СЫН

Қ

азақ қыздары жігіттердің жан дүниесін сынағанда, əрбір аза-



мат тың бойынан жан сезімінің тереңдігін, махаббат-кегі, мақсат-мұ-

ра ты ның  айқындығын,  адамгершілігінің  асқақ,  мейір-шапағатының 

те рең, ниетінің түзу, көзінің ашық, көкірегінің ояу, ақыл-білімінің мол 

болуындай  тамаша  қасиеттер  іздейді.  Яғни,  тəрбиелі,  текті,  əдепті, 

ибалы, өнерлі, білімді, адал, арлы, нысапты, жанашыр, мейірбан, ізгі 

ниет ті, əділ, терең ойлы, тамаша мінезді, сезгір де сергек, кеңпейіл де 

кешірімді, көреген де көсем болу керек деп қарайды, əрі оларға тө мен-

де гі дей жеке-жеке анықтама береді.



Көсем жігіт

К

үллі  халықты  ұйымдастырып  жол  бастайтын,  ел-жұрты  жол 



таппай дағдарған сəтте дұрыс бағдар, тура жол көрсетіп, адас қан дар-

ды алға жетелейтін, көпке жол басшы, серке болып, туған же рі не ба-

қыт-байлық жаратып, береке-бірліктің ұрығын себетін, ел басына күн 

туғанда қиындықтан құтқарып, халқының мұңын мұңдап, жо ғын жоқ-

тай тын,  елін  жанындай,  Отанын  арындай  көретін,  ақыл-ойы  ерекше 

жетілген, білімі ұшан-теңіз, көреген көшбасшы жігіт.



Шешен жігіт

О

т ауыз, орақ тілді, шаршы топта сөз бастайтын, ақылы мен бі лі-



мі не сүйеніп халқының кеткен кек, өткен өшін алатын, дауын даулап, 

кө ңі лін аулап, қылышқа тоқтамағанды қызыл тілмен тойтарып, елін 

жау ға,  жолдасын  дауға  бермейтін,  қызыл  тілін  безеп,  қы лыш та йын 

кезеп, дауда ойнайтын, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін ерекше 

шешен жігіт.


436

436


Батыр жігіт

Б

аданасын киіп, бар қайратын жиып жауда ойнайтын, өк тем дік 



пен жауыздықты шаужайлайтын, жеріне қорған, халқына ті рек бола-

тын,  яғни,  дұшпанына  жол,  жамандыққа  қол  бермейтін,  ту ған  жері 

мен Отан, халқына қауіп-қатер төнгенде атойлап алға шы ғып, жа уын 

ықтырып,  дұшпанын  бұқтырып,  елі  мен  жерін,  Отаны  мен  хал қын 

қорғайтын жүректі де білекті жігіт.

Ақылды жігіт

Ө

мірге, қоғамға, адамға ой көзімен қарайтын, барлық істі күш-



пен емес, ақыл-айламен шешетін, терең білімді, ұшқыр ойлы, өнер ге 

же тік, халқының өткен-кеткенін хатқа жазып, қауым жұртына ұқ ты-

рып  отыратын,  арғы-бергі  тарихқа  қанық,  адасқанға  ақыл  көр се тіп, 

алжасқанға  кеңес  беретін,  егескендерді  елдестіріп,  жау лас қан дар ды 

достастыратын, елін оятып, халқын береке-бірлікке шақыратын, бақ 

қонса  тасымайтын,  қайғыға  жасымайтын,  адамгершіліктен  аттамай-

тын,  жүрген-тұрған  жерінде  үлгі-өнеге,  өнер-білім  таратып  жү ре тін 

саналы да салауатты жігіт.



Іскер жігіт

А

дамдық  қарым-қатынас  пен  барыс-келіс,  алыс-беріс  істеріне 



шебер, барлық қиын істі қисынына келтіретін, кері кеткенді ке ліс ті-

ріп,  қисайғанды  түзеп,  ұшқынды  жалынға,  тамшыны  теңізге  айнал-

дыратын, қолынан да, тілінен де не қилы іс келетін қолы епті, аузы 

дуалы жігіт.



Сері жігіт

Қ

ұландай жүйткіген жүйрік атқа мініп, құмай тазы ертіп, қы ран 



ұстап, ат құлағында ойнайтын, беліне кісе байлап, бес қаруын сай лап, 

асқақтата  əн  шырқап,  күмбірлете  күй  тартып,  ат  əбзелдерін  сəн деу 



437

437


мен  мырзалық  жүріс-тұрыста,  киіп-ішуде  ел-жұртқа  үлгі-өнеге  көр-

се тіп, халыққа өнер-білім, мəдениет таратып, даласын əнмен əл ди леп, 

күймен көмкеріп, саятшылық пен салтанаттың туын көтеретін өнер лі 

де өршіл жігіт.



Ісмер жігіт

А

ғаш пен темірден ою ойып, алтын, күмістен түйін түйіп, тері-



терсектен өрім өретін, қолынан келмейтіні жоқ, бармағынан өнер тө-

гіл ген,  үй  жасап,  сарайларды  сəндейтін,  мүйізді  оюлап,  піл  ті сі мен 

қию лай тын,  əртүрлі  бұйымдарды  алтынмен  аптап,  күміспен  қап тай-

тын сегіз қырлы, бір сырлы, шебер, өнерлі жігіт.



Жалқау жігіт

Ұ

йқысы  қанбайтын,  іске  қолы  бармайтын,  кесір  сөзді,  кері  қа-



дам ды, құдайдың құтты күнін сенделіп бос өткізіп, ас ішіп, аяқ бо-

сат қан ды ғана білетін, еңбекке ебі, шаруаға икемі жоқ, бөспе, бор ке-

мік жігіт.

Қазақ  қыздары  өздерінен  дəмеленіп  жүрген  жігіттерге  осындай 

толып жатқан сын, мін тағып, олардың артық-кемін алдын ала та ра-

зы лап барып, өмірлік жар болу-болмау ісін онан соң барып шешкен. 

Сын нан өтпеген сырты бүтін, іші түтін, ақылсыз, білімсіз есер жі гіт-

тер ден ат бойларын аулақ ұстаған.

Қазақ қыз-жігіттерінің қалыңдық тауып, жар таңдау жəне бір-бі рін 

жан-жақты,  егжей-тегжейлі  сынауының  өскелең  адамгершілік  ақыл-

парасат пен үлкен ғылыми негізі жəне тəлім-тəрбиелік мəні бар. Ол 

бо ла шақ  отбасының  босағасының  берік,  түтінінің  түзу  ұшуына,  екі 

жас тың  тату-тəтті  өмір  сүріп,  қосақтарымен  қоса  ағаруына  мүм кін-

дік  жасайды.  Болашақ  ұрпақтардың  сау  денелі  болып  өсіп-же ті луін 

қам та ма сыз  етеді.  Бір-бірін  əбден  сынап,  терең  түсінісіп  бас  құр ған 

жас тар дың отбасы ұрыс-керіс, дау-жанжалдан аулақ, көңілді болады. 

Өмір сынынан сүрінбей өтеді.


438

438


САЛ

С

ал – қазіргі заманның опера-театрының бүкіл қызметін жал ғыз 



өзі атқаратын аса талантты, ерекше өнерлі, əнші-күйші, ақын, саз гер 

ер адам. Салдардың киім үлгісі елден ерек, əрі қымбат, əсем бо лу мен 

бірге,  олардың  жүріс-тұрысы  жарасымды,  сəнді,  ер-тұр ман да ры  көз 

жауын  аларлық,  алтынмен  аптап,  күміспен  қапталған  ерекше  əде мі, 

сондай-ақ,  артындағы  қоржыны  толған  қымбат  торғын-торқа,  сан 

алуан маржан-моншақ, т.б. заттар болады.

Салдық дəстүрде салдар ел аралап өнер көрсеткенде, баратын ауы-

лына тіке бармай, ауыл маңына таяу жерге барып атынан түсіп, «ауыл-

да ры ңыз ға пəлен сал келе жатыр» деген хабар жібереді де, ауыл дың 

қыз-келіншектері  мен  бозбалалары  келіп  өзін  ауылға  салтанатпен 

бастап баруын күтіп жатады. Сонымен, «сал келіпті» деген хабарды 

естіген соң, ауылдың қыз-келіншектері мен бозбалалары барып оны 

тұрғызып, ауылға алып барады да, қоржынындағы дүниелерді тү гел 

бөлісіп алады. Оған сал ешнəрсе демейді. Салдық салт солай.

Ертеде, салдар халықтың еркесі, той-думанның сəні, мыр за лық тың 

үлгісі, ұлттық мəдениет пен өнердің үгітшісі жəне дамытып-жал ғас ты-

ру шы сы, əн-күй мен өлең-жырдың қамбасы, халықтың рухани өмі рін 

байытып, көркем өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жал ғас ты ру шы сы болған.

Салдардың  махаббат-сүйіспеншіліктері  мен  өмірлік  жар  болу 

ниет те рін білдіруі де елден ерекше болған. Егер салдар өздері əдейі із-

деп барып, шынайы сүйген қызымен үйленгісі келсе, онда, ол бар лық 

асыл киімін, күміс ер-тұрманын, тіпті, астындағы атын да сол ауыл ға 

тастап кетеді. Соған қарап оның қызбен сөз байласып, үйлену ние ті не 

келгендігін аңғарады.



СЕРІ

С

ері  де  сал  сияқты  əрі  ақын,  əрі  сазгер,  əрі  əнші,  əрі  күйші  бо-



лады. Алайда, оның киім үлгісі салға қарағанда сыпайы, ықшам, ың-

ғай лы болады. Одан тыс, серілер қыран ұстап, тазы ертіп, аң аулап, 

саят шы лық  құрып,  даланы  дуға,  ауылды  жырға  бөлейді.  Батырлық 


439

439


пен бал уан дық ты, шешендік пен шеберлікті, ерлік пен ептілікті түгел 

мең гер ген нағыз сегіз қырлы, бір сырлы болады.

Сал-серілік екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оған сан ал уан 

өнер, мол байлық қажет, яғни, сал-серілердің бойынан ақындық пен 

сазгерлік, аңшылык пен күйшілік, адамгершілік пен жомарттық, мə-

де ниет ті лік пен парасаттылық жəне мол экономикалық байлық се кіл-

ді лер дің барлығы табылған. Олар халыққа өнер-білім, үлгі-өнеге, та-

маша кісілік мəдениет таратуды мұрат тұтқан.

Сал-серілер халықтың басын біріктіріп, өзара таныстырып, табыс-

тырып, адамдарды ізгілікке, мейірімділікке, мəдениеттілікке, көп шіл-

дік ке  баулиды.  Халықтың  əдебиет-көркемөнерге  деген  ынта-ықы ла-

сын жоғарылатып, рухани жан дүниелерін байытады. Адамдарды өнер 

сүй гіш тік ке жетелеп, рухани өркениеттің өміршеңдік қуатын арт ты-

рып, əдебиет пен мəдениеттің дамып, түрленіп, мазмұнының ба йып, 

ұр пақ тан-ұрпаққа мəңгілік жалғасуына берік негіз қалайды. Адам дар-

дың  қайғы-қасіретін  ұмыттырып  немесе  жеңілдетіп,  көңіл  кү йін  кө-

те ріп, рухын серпілтіп, түрлі ауру-сырқауларға қар сы лық қуат та рын 

арттырады. Болашаққа деген үміткерлік сенімдерін кү шей теді.



САЛБУРЫН

С

албурын – бір түрлі көңіл ашу жəне спорт қимылы. Қазақ хал қы 



аңшы,  саятшы  адамдардың  топтасып  аң  аулап,  саят  құруын  «салбу-

рын» деп атайды.

Салбурынға шыққан аңшылар мен саятшылар күндізден кешке де-

йін ит жүгіртіп, құс салып, мылтық атып, аң аулап, əр жолы ау ла ған 

аңды жасы, жолына қарай бөлісіп алады. Алайда, ауыл ақ са қал да ры-

ның, инабатты, сыйлы адамдар мен алыстан келген кісілердің жолы 

бөлек болады.

Салбурынға  шыққан  адамдар  жаз  күндері  болса,  шатыр  тігіп  не-

месе қарағай түбінде, қыс күндері болса, ауқатты адамдардың үйі не 

барып,  аулаған  аңдарының  етін  былқытып  асып  тастап,  бастарынан 

өт кен ерліктері мен серіліктерін айтып көңіл көтереді. Əн салып, күй 

тартып, жүрген жерлерін дыр-думанға бөлейді.



440

440


Салбурын – адамдардың ерлігі мен ептілігін, кісілігі мен жо март-

ты ғын сынайтын тамаша спорт жəне көңіл ашу қимылда ры ның бірі. 

Ол адамдардың көңілін көтеріп, рухын тасқындатады. Денесін шың-

дап, шынықтырып, түрлі ауру-сырқауларға қарсылық қуаттарын арт-

тырады.  Адамдарды  ерлікке,  серілікке,  мəдениеттілікке,  өнерге  бау-

лып, тамаша мінез-құлық қалыптастыруға дағдыландырады. 



САҚАЛ-МҰРТ ҚОЮ

Қ

азақ  халқы  «сөз  көркі  –  мақал,  жігіт  көркі  –  сақал»  деп,  ер 



азаматтары сақал-мұрт қоюды – азаматтықтың, инабаттылықтың, ақ-

са қал дық тың белгісі деп қарап, балиғатқа толған бозбала кез де рі нен 

бастап мұрт қойса, балалы-шағалы болып, келін түсіріп, қыз ұза тып 

немерелі болған соң сақал қояды. Алайда, сақал-мұртты қалай болса 

солай  қоя  бермеген,  қайта,  сақал-мұрт  қоюдың  өзіндік  жөн-жо сы ғы 

болған.  Мысалы,  ер  азаматтар  мұртты  балиғатқа  толғаннан  балалы-

ша ға лы болып, тұңғыш қыз ұзатып, келін түсіргенге дейін қой са, ке-

лін түсіріп, қыз ұзатып, немерелі болған соң, ресми сақал қоя ды. Ал, 

келін түсіріп, қыз ұзата алмағандар 50-ден асқан соң сақал қоя ды.

Қазақ халқы сақал-мұрт қоюды жігіттік əсемдік пен ақсақалдық са-

ла уат ты лық тың, өмірге деген шүкіршіліктің, қанағат шы лық тың бел-

гі сі  деп  қараған,  яғни,  білікті  кісілер  балалы-шағалы  болып,  немере 

сүй ген соң, Құдайдың бергеніне шүкіршілік етіп, «болдым, толдым, 

ата болдым, кейінгілерге ақыл-кеңес беріп, үлгі-өнеге көрсетер кезім 

жет ті,  дүниенің  ендігі  қызығы  –  ұрпақтарға  тəн.  Енді  бала-шағаның 

алдында көз жұмсам арманым жоқ» деп, сақал қойып, əрі сол күннен 

бас тап өздерін дүние қызығынан шеттетіп, қызбалықты тастап, жас-

тар ға ақыл айтып, үлгі-өнеге көрсету жолына түседі.

Əдетте,  мұрт  қойған  жігіттер  мұртын  аузына  түсірмей,  əдемілеп 

шал ғы сын  қайырып  жүреді.  Ал,  сақал  қойғандар,  сақалды  өздерінің 

бет пішіндеріне жарасатындай етіп қойып, əдемілеп жасап, жуып-та-

рап, таза ұстайды. Ешқашан кір-қожалақ, қауғадай қып өсіріп жі бер-

мей ді. Қайта, сақалын ауық-ауық тарап, жасап, жарасымдылығын сақ-

тай ды.  Тіпті,  ел-жұрт  60-қа  келгенше  сақал-мұрт  қоймай,  бет-аузын 



441

441


жыл мық тай  қылып  жүрген  еркектерді  «қартайғанын  білмеген  ақы-

мақ» деп сылтың етеді.

Қазақ халқы сақалды ерекше қадірлейді. Жасы кіші адамдар са қал-

ды кісілерді көргенде, оларға міндетті түрде сəлем беріп, құр мет көр-

се те ді.  «Ақсақал»  деп  алдарында  əдеп  сақтап,  кішілік,  кісілік  таны-

тады. Ешқашан оғаш қылық, оқыс мінез көрсетпейді. «Сыйға – сый, 

сы ра ға – бал» дегендей, сақал қойған кісілер де сақалының салауатын 

сақтап, «ақсақал» деген ардақты атқа дақ түсірмеуге тырысады, Яғни, 

өз де рін ауыл ақсақалы болдым, отбасы мен ауыл-аймақтың ұйт қы сы-

мын деп есептеп, ел алдындағы ақсақалдық парыздарын өтеп, асқақ 

адамгершілікпен, жомарттықпен үлгі-өнеге көрсетуге тырысады.

Қысқасы, сақалды «осы қасиетті сақалдың қадіріне жетемін, аты-

на  дақ  түсірмеймін,  ел-жұртыма  үлгі-тағылым  көрсетіп,  халқымды 

бе ре ке-бірлікке  шақырамын,  пенделік  былық-шылыққа  бой  ұр май-

мын» деген кісілік қадір-қасиеті жоғары адамдар ғана қояды. Болма-

са, сақалдың қадір-қасиеті қашады деп ұғынады. Сондықтан да, үл кен 

адамдар əбестік қылық көрсетсе, оларды «аузына ата сақалы шық қан-

ша онысы несі» деп сөгеді. Ал, жаман іс-қимыл көрсетсе, «анау ау зың-

да ғы сақал ма, не?! Сақалды басыңмен ұялсаң болмай ма?!» деп қа таң 

жазғырады. Сақал-мұрт қою ер адамдардың жа уап кер ші лік жəне бо-

рыш ты лық сезімдерін күшейтіп, адамдарды ізгілікке, тек ті лік ке, та за-

лық қа баулып, асқақ адамгершілікке дағдыландырады. Ер аза мат тар-

дың ел-жұрт арасындағы беделін көтеріп, қадір-қасиетін арттырады.

ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРУ

Қ

азақ  халқының  байырғы  соғыстарының  көбі  жауларын  жек-



пе-жекке  шақырумен  басталып,  қоян-қолтық  айқаспен  жалғасын  та-

уып, ең соңы не жеңіс, не жеңіліспен аяқталып отырған, яғни, жаумен 

бетпе-бет  келгенде,  жаужүрек  батырлар  елден  бұрын  атойлап  алға 

шы ғып, қарсы жағының өзіне аты белгілі батырларының бі рі нің атын 

айтып  жекпе-жекке  шақырады.  Оның  артында  тұрған  жа уын гер ле рі 

«жекпе-жек!  жекпе-жек!»  деп  ұрандатып  тұрады.  Сол  дə уір дің  со-

ғыс заңы бойынша аты аталған батырлар міндетті түрде жекпе-жекке 


442

442


шығуы шарт. Ал, шықпай қойса, оның беделіне дақ түсіп, со ңы на ер-

ген жасақтарының сағы сынып, рухтары түседі.

Жекпе-жекке шыққан батырлардың басына қандай қатер төнсе де, 

артындағы  жақтасы  көмек  бермейді.  Олай  істеу  соғыс  заңына  қай-

шы лық жасағандық есептелген. Жекпе-жекте жеңген батыр же ңіл ген 

ба тыр дың  басын  алуға,  ат-көлігі  мен  құрал-саймандарын  ол жа лау ға 

құ қық ты. Тіпті, басын алмай, тірідей байлап əкетсе де, жанын қиып 

ке ші рім етіп жіберуге де ерікті болған.

Жекпе-жекке  шақыру  өз  жауынгерлерінің  рухын  серпілтіп,  ерлік 

жігерлерін арттырып, күш-қуаттарын тасытса, қарсы жағының са ғын 

сындырып,  жауынгерлік  қуаттарын  əлсіретеді.  Жүректеріне  қор қы-

ныш, үрей салып, соғыс тəсілдерінен алжастырады.



КӨҢІЛ АШУ ЖƏНЕ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ

Ат бəйгесі

А

т бəйгесіне той хабары тарап, ел-жұрт ат бəйгесі өт кі зі ле тін ді-



гін білген соң, əр ауыл жүйрік аттарын ұстап арнайы жаратып, баптап, 

бəйгеге сақадай сайлайды. Шабандоздар іріктеліп, ат айдайтын қол-

аяғы жеңіл, тəжірибелі жігіттер тағайындалады. Бəйге өт кі зе тін күні 

ат айдайтын жігіттер бəйгелер мен шабандоздарды жиып алып, 30–40 

ша қы рым,  тіпті  60–80  шақырым  жерге  дейін  тобымен  айдап  барып, 

мөл шер лі жерге барған соң, ат бастарын кері бұрғызып, тү гел қа тар-

лас ты рып қойып, барлығын тең бір уақытта жарыстырып жі бе ре ді де, 

өз де рі жолшыбай бəйгелердің шабысын бақылай, ережеге қи ғаш тық 

жа са ған-жасамағандықтарына төрелік айтады.

Əдетте, бəйгеге аттар айдалып кеткен соң, артта қалған тойшыл қа-

уым бəйгелер шаң бергенше ауылда қыз қуу өткізіп, жамбы атысып, 

теңге  ілісіп,  аударыспақ  ойнап,  арқан  тартысып,  күресіп,  мəре-сəре 

болысады. Бəйгеден озып келгендерге тоғыз-тоғыздан; ал, одан ке йін-

гі ле рі не өз лайығында бəйге береді.

Ат бəйгесіне қазақ халқы ерекше мəн беріп, ат бəйгесі десе кəрі-

жас,  ер-əйел,  бала-шаға  елеңдеп,  үйде  отыра  алмайды.  Ат  бəйгесі 



443

443


адам дар дың  рухын  көтеріп,  жігерін  тасқындатып,  үміт-сенімін  арт-

тырады. Адамдардың денесін шыңдап, денсаулығын күшейтіп, түрлі 

ауру-сыр қау лар ға  қарсы  қуатын  арттырады.  Адамдарды  қызуқанды, 

ашық-жарқын, көпшіл, думаншыл болуға дағдыландырады.



Қыз қуу

Қ

ыз  қуу  –  қазақ  халқының  жиын-той,  мереке-мейрамдарында 



үне мі өткізетін спорттық ойындарының бірі. Əдетте, қыз қууға бір жі-

гіт пен бір қыз немесе бір еркек пен бір əйел атқа мініп шығып, ойын 

көр сетеді.

Қыз қууға келген адамдар ру-ру, ауыл-ауыл болып екі немесе бір-

не ше топқа бөлініп, əр топ бір кезекте қыз, бір кезекте жігіт шы ға рып, 

қыздары мен жігіттерінің қимыл-қылықтары мен кісілік мə де ниет те-

рін, ат өнеріне төселген-төселмегендігін, аттарының шабысы сияқ ты-

лар дың барлығына өз бағаларын беріп отырады.

Бұл ойынға көбінде оңаша сырласуға мүмкіндіктері болмай жүр ген 

жігіттер  мен  қыздар  шығады  немесе  ел  қалауы  бойынша  ат  өне рі не 

жетік, қимылы шапшаң, ақыл-айласы мол əйелдер мен ерлерді таң дап 

шы ға рып, оларға ауылындағы ең жүйрік атты мінгізіп, қарсы жақ та-

ры ның сағын сындырып, ойынды қыздыруды мақсат етеді.

Ойын  тəртібі  бойынша,  қыз  қууға  шыққан  қыз  бен  жігіт  топтан 

шы ғып,  көз  көрім  жерге  дейін  қатарласа  жүріп  əзілдесіп,  сырласып 

барады да, мөлшерлі жерге барғанда жігіт атының басын шорт бұрып, 

өз тобына қарай тұра қашады. Қыз қамшысын үйіріп оны тұра қуады. 

Егер жігіт əзілдесіп бара жатқанда қызға дөрекі қылық, жағымсыз мі-

нез көрсеткен болса, онда, қыз қашқан жігітті жолда қуып жетсе, оны 

көм бе ге жеткенше қалағанынша ұрып баруға құқықты. Ал, оған жі-

гіт тің қол қайтару, қарсыласу құқығы болмайды. Тек қорғануға ғана 

құ қық ты  болады.  Сол  сияқты  қыз  қууға  шыққанда,  мөлшерлі  жерге 

жеткенше қызды жігіттің де құшақтауына, сүюіне болады. Оған қыз-

дың да ашулануына, қарсыласуына болмайды. Тек қорғануы, айла-тə -

сіл мен  сытылып  кетуі  қажет.  Ойынды  қыздыру  үшін  аты  мен  өзі не 

сенген қыз-жігіттер əдейі батыл, дөрекі қылықтарға барып, қар сы жа-

ғы ның қарымын байқайды.


444

444


Егер жігіт барар жолда қызға жылы-жылы сөйлеп, жарасымды əзіл 

айтып, көңілінен шыққан болса, онда қыз жігітті қуып жетсе де, жөн 

сипай қамшылап немесе құр қамшы үйіріп, ойын көрсетіп ке ле ді. Кей-

де қызық үшін бас киімін қағып түсіріп жібереді. Сөйтіп, қа ғы лез қыз-

дар астындағы атының жүйріктігі мен өздерінің ат өнеріне ше бер лі гін 

көрсетіп,  жігітті  жеңген  болады.  Ал,  аты  жігітке  жете  алмай  жолда 

қалса, онда қыз жеңілген есептеліп, күлкіге қалады.

Қыз қуу ойынының да ғылыми мəн-мағынасы өте жоғары. Ол адам-

дар дың бір-біріне деген достық сүйіспеншілігін арттырады. Адамдар-

ды батыл, ер жүрек, көпшіл, ашық-жарқын болуға баулиды. Адам дар-

дың қарым-қатынасын кеңейтіп, барыс-келістерін жиілетеді.

Теңге ату

Т

еңге  ату  –  адамдардың,  əсіресе,  жастардың  қару  ұстау  өне рі 



мен көзге атар мергендігін сынайтын ойын түрі. Оған түрлі жиын-той-

ларда əр ауыл, əр ру өздерінің мерген деген қыз-жігіттерін қа тыс ты-

ра ды.

Теңге  ату  көбінде  ат  үстінде  орындалады.  Онда,  сайысқа  түсуші 



адам ат үстінде шауып келе жатып, биік бағанға ілінген күміс теңгені 

мөл шер лі  жерден  садақ  немесе  мылтықпен  атып  түсіруі  шарт.  Сол 

жүл де гер  болады.  Теңге  атудың  жарыса  ату,  кезектесіп  ату  сияқты 

түр ле рі бар.

Теңге  ату  ойыны  –  қыз-жігіттерді  ерлікке,  ептілікке,  мергендікке 

баулып, ат өнері мен қару өнерінің қыр-сырына жаттықтыратын бір-

ша ма  күрделі  əрі  нəзік  спорт  ойындарының  бірі.  Адамдардың  бə се-

ке лік  қабілетін  арттырып,  жастарды  үміткерлікке,  қайсарлыққа,  ба-

тыл дық қа, табандылыққа дағдыландырады. Өнерлі, өршіл болуға бау-

лиды.


Теңге ілу

Т

еңге  ілу  ойынында,  түзулеу,  жазық  жерге  теңгелерді  қы зыл, 



көк,  ақ  шүберектерге  түйіп,  оларды  бір  сызық  бойына  келтіріп  үш, 

445

445


бес, жеті жерге көміп, теңге түйген шүберектің шетін көзге анық кө рі-

не тін дей етіп шығарып қояды. Онан соң, шабандоздар шығып, оны ат 

үс тін де шауып бара жатып, еңкейіп іліп алады. Теңгені бір жолда кім 

тү гел іліп əкетсе, сол жүлдегер болады.

Теңге ілу ойынында əр шабандозға үш кезек беріледі. Шарт: кө міл-

ген теңгені шауып бара жатып, ат басын ірікпей, түгел іліп алу керек. 

Бірақ, теңгені ілген кезде ат басын іркіп тоқтатуға немесе атты ақы-

рын жүргізуге болмайды. Олай етсе, қанша теңге ілсе де есепке алын-

байды. Жүлдегерлер жалпы қанша теңге ілгеніне қарап анық та лады.

Теңге ілу – бозбалалар мен ер-жігіттерді ептілікке, ерлікке, күр де лі 

ат үсті өнеріне баулитын тамаша спорт ойындарының бірі. Бұл ойын ға 

ат тізгінін еркін меңгеріп, ат құлағында ойнайтын, шауып бара жатып, 

ат бауырынан өтіп кететін епті де ер жүрек жігіттер шығады.

Теңге ілу жастарды батылдыққа, ерлікке, қайсарлыққа, ше бер лік ке 

баулып, оларды ақылды, айлалы, іскер болуға дағдыландырады. Бə се-

ке лік жəне үміткерлік қабілетін жетілдіреді. Адамдардың денесін шы-

нық ты рып, сау денелі, күш-қайратты, тепсе темір үзетін атпал азамат 

болып жетілуіне мүмкіндік жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет