Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет47/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

ӨЛІМНІҢ ТҮРЛЕРІ

Қ

азақ  халқы  «артына  жақсы  ат  қалдырып  өлу  –  ерлікпен  ба-



рабар», «жақсы адамның өлімі де өнеге» деп қарап, халыққа мол ең-

бек сіңіріп, артына жақсы ат жəне тамаша үлгі-өнеге қалдырып өлу-

ді  өте  игілікті  іс  санап,  өмірге  келген  барша  адам  баласының  адам-

ша  өмір  сүріп,  адамша  өліп,  соңына  жаман  атақ,  жиіркенішті  əсер 

қалдырудан  аулақ  болу  қажеттілігін  ұрпақтарының  құ лақ та ры на  құ-

йып, көкіректеріне ұялатуға барынша күш салған, яғни, ез тір лік тен ер 

өлімді жоғары бағалап, жалпы өлім атаулыны мынадай бірнеше түр ге 

бөлген:


Ақ өлім

« А


қ өлім» деп құдайдың бұйрығымен, яғни, өз ажалымен өл-

ген, асарын асап, жасарын жасап, артына жақсы өсиет жəне үлгі-өне ге 

қалдырып,  атаукере,  имансуын  ішіп,  бала-шаға,  туыс-ту ған да ры ның 

алдында армансыз көз жұмғанды айтады. Сондай-ақ, ел-жұрт, ауыл-

аймағы  ішінде  құдайдың  ажалы  жетіп,  дəм-тұзы  таусылып  өл ген 

үлкен-кіші, кəрі-жастың өлімі түгел «ақ өлім» деп аталады.



Ер өлім

« Е


з тірліктен ер өлім – артық екен дер едім» деп, ез тірліктен 

гөрі ерлікпен өлуді жоғары бағалаған қазақ халқы Отаны мен ел-жұр-

тын, халқының мал-мүлкін, жер-суын, тіпті, өз отбасы мен бала-ша-

ға сын қорғау жолында қаза болған, өзгелерді қауіп-қатерден құт қа ру 

жолында өз өмірін қиған адамдардың өлімін де «ер өлім» деп, ондай 

өлімдерді үлгі-өнеге етіп, олардың ерлік істерін ұрпақтар бойы жыр 

еткен. Тіпті, Отаны мен отбасын қорғау жолында өлген адам дар дың 

өлімін «шейіт» деп, өте жоғары бағалайды.



536

536


Арам өлім

« А


рам өлім» деп у ішіп, буынып, асылып, бауыздалып, өзі не-

өзі қол салып өлген жəне жалғыз өзі қараусыз жалғыз жатып «атауке-

ре», «имансуын» ішпей көз жұмып кеткен өлімді айтады.

Жоғарыдағылардан тыс, Отанға сатқындық, опасыздық жасап, қа-

шып-пысып жүріп өлген, ұрлық, арамдық, қаралық үстінде көз жұм-

ған, өзгелермен ерегес, төбелес үстінде жан берген адамдардың өлі мі 

де «арам өлім» деп қаралады. Сондай-ақ, мұндай адамдардың сү йе гін 

«аруақ тебіренеді» деп, жалғыз бір жерге жерлейді.



Ез өлім

« Е


з  өлім»  деп  отбасы  мен  бала-шағасына,  сондай-ақ,  ел-жұр-

ты  мен  Отанына  қауіп-қатер  төнгенде,  жеке  басын  қорғаймын  деп 

қашып-пысып,  жан  сауғалап  жүріп  өлген,  махаббат-кегі  айқын  бол-

мауы себепті, жауын аяп жаралы болып өлген, дұшпанына жалынып-

жалбарынып  жатып  көз  жұмған,  жалқаулық,  ынжықтық,  олақ тық, 

салақтық,  бойкүйездік  салдарынан  аштан  өлген,  қайыр  тілеп  жү ріп 

өлген  адамдардың  өлімін  айтады.  Қазақ  халқы  мұндай  өлімді  қат ты 

жек көреді. Ездікпен өмір сүріп, ездікпен өлуден гөрі ерлікпен өлу ді 

өте жоғары бағалайды.

Ит өлім

« И


т  өлім»  деп  ешқандай  себеп-салдарсыз  қаңғырып  жү ріп, 

елсіз, күнсіз айдалада өліп, сүйегі ит пен құсқа жем болған, сондай-ақ, 

жамандық, қулық-сұмдық жолында жүріп көз жұмып, сүйегі айдалада 

сасып-шіріп қалған, шектен тыс дүниеқорлық себебінен пайда қуып 

жүріп  мерт  болған,  жетерлік  мал-дүниесі  тұрып,  емделмей  қи на лып 

жатып жан тапсырған, т.б. адамдардың өлімін айтады.



537

537


Сұраусыз өлім

« С


ұраусыз өлім» деп шектен шыққан ұры-қарақшы, қанды қол, 

бұзақы, қанша тəрбие берсе де түзелмеген, елден қуған бас бұ зар адам-

дардың кісі қолынан өліп, ешбір сұраусыз кетуін айтады. Тіп ті, ондай 

бұзақы адамдарды біреу өлтіріп кетсе де, олар үшін сұрау салып, құн 

сұрап, жоқтау айтпайтындықтан, ондай адамдардың өлі мін «жоқ тау-

сыз өлім» деп те атайды жəне ондай жаман адам дар дың сү йе гін ру, 

ауыл бейіттеріне жолатпай, жалғыз жерлейді.

ӨЛІМГЕ БАРУ ЖƏНЕ 

МАРҚҰМДЫ АҚЫРҒЫ САПАРҒА АТТАНДЫРУ

Қ

азақ халқы туыс-туған, дос-жаран, ел-жұртын тірлігінде қан-



дай сыйлап, құрметтесе, оның өлімін де сондай қадірлеп, құр мет теп, 

көз жұмған күні оларды өз қолдарымен арулап жуып, жерлеп бір кү-

рек  топырақ  салуды  адамдық  жəне  азаматтық  парызымыз  деп  біл-

ген. Сондықтан, өлім хабарын естіген заман қандай маңызды жұ мы-

сы  болса  да  қайырып  тастап,  дереу  қаралы  үйге  барып,  марқұмның 

туыс-туған,  бала-шағаларының  қайғысына  ортақтасып,  оларға  көңіл 

айтып жұбатады. Марқұмның артқы жұмыстарына көмектеседі. «Тор-

қа лы той, топырақты өлімде табылмаған туыстың кісілікке сəні жоқ» 

деп, өлім хабарын естіген адам күн-түн демей дереу атқа қонып, мар-

құм ның жаназасына үлгеріп барып, бір күрек топырақ салуға асы ға-

ды. Себебі, қазақ ұғымында өлім жеке бір адамның немесе белгілі бір 

от ба сы ның қайғысы емес, қайта оның тірлікте бірге жүрген аға йын-

туыс, ел-жұрт, ауыл-аймақ, құда-жегжат, дос-жарандары тү гел кө те-

ре тін ауыр қайғы деп қаралатындықтан, «ағайынның азары болса да, 

бе зе рі болмайды» деп, ондай кезде ағайын-туыс ара сын да ғы өкпе-ре-

ніш ұмытылып, өлімге шығаратын шығынды «сен, мен» демей бөліп 

кө  те  ріп,  ағайын-туыс,  құда-жегжаттар  «азаға  қос қа ным,  аза ға  ата ға-

ным, Құран жолына» деп, ақшалай-заттай қолдан келген кө мек те рін 

көр се тіп, марқұмның аруағын құрметтеуге, риза етуге күш салады.

Қазақ  халқының  өлімге  бару  жəне  марқұм  болған  адамның  жа-

назасына  қатысып,  оны  өз  қолдарымен  жуып-жерлеуді  парызы  са-


538

538


наулары  адамдарды  «жұмыр  басты  пендеге  қашанда  бір  өлім  бар, 

ата ңа  не  қылсаң,  алдыңа  сол  келеді»  деген  халық  даналықтарының 

мəн-мағынасын шынайы ұғындырып жəне жауапкершілік, бо рыш ты-

лық сезімдерін күшейтеді. Адамдарды əрқандай істе адам гер ші лік ті, 

ізгілікті, адалдықты, жанашырлықты жоғары қоюға дағ ды лан ды ра ды. 

Түр лі  өкініш  пен  күдік-күмəн  жəне  алаңдаушылықтардан  арылтып, 

кө  ңіл күйді орнықтырады. Адамдар арасындағы достық сү йіс пен ші-

лік ті  арттырып,  өзара  қарым-қатынастарын  нығайтып,  өріс те рін  ке-

ңей тіп, достарын көбейтеді.

Көрісу жəне көңіл айту

Қ

азақ салтында, марқұмның туыс-туғандарына көңіл айта бар-



ған адамдар ауылға жақындағанда (ерлер алдыда, əйелдер артта) лекі-

те шауып, жаяу болса əудем жер қалғанда (қайтыс болған адам үлкен 

кісі болса) «Асқар тауым-ай! Берекем-ай! Қормалым-ай! Бəйтерегім-

ай!  Басқалқам-ай!  Атам-ай!  Əжем-ай!»  деп,  ал  қайтыс  болған  адам 

замандасы  болса,  «Сырласым-ай!  Ақылшым-ай!  Замандасым-ай!, 

Бауырым-ай!» деп, ал жасы кіші балалар қайтыс болса, «Құлыным-ай! 

Жал-құйрығым-ай!  Жеткіншегім-ай!  Асылым-ай!  Атбайларым-ай!» 

деп дауыс шығарып барып, есік алдында тізіліп жылап тұрған ерлер 

мен үйде жылап отырған марқұмның туыс-туған, бала-шағаларымен 

бір-бірлеп құшақтап көрісіп болып, беті-қолдарын жуған соң, далада-

ғы жəне үйдегі марқұмның туыс-туған, бала-шағаларына: «тоқтау қы-

лыңыздар» деп, жылауларын тоқтатып жəне олармен бір-бірлеп қол 

алысып, қайтыс болған ересек адам болса, «Жаны жаннатта болсын! 

Топырағы торқа болсын!», жас бала болса, «Алтын босаға аман бол-

сын! Артының қайырын берсін!» деген сияқты сөздермен көңіл айтып 

жұбатады. Үлкен ақсақалдар үйдегі əйелдермен көрісетін кезде, олар-

ды жас жігіттердің бірі қолтығынан сүйемелдеп жүріп, көрісуге тиісті 

адамдармен ғана көрістіріп шығады. Келіндерімен көрістірмейді.

Қазақ  халқының  салт-дəстүрінде  əлдеқандай  себеппен  марқұм-

ның  қазасына  уағында  барып  жаназасына  қатысып,  өз  қолдарымен 

марқұмға бір күрек топырақ сала алмаған кісі, жыл нəзірін бергенге 


539

539


дейінгі  аралықта  қалайда  бір  барып,  марқұмның  туыс-туғандарына 

көңіл айтып, марқұмға арнап құран оқып қайтуы шарт. Басы қаралы, 

көңілі жаралы кезде келіп жұбатпаған, бата оқырға келмеген ағайын-

туысқа қатты өкпелейді. Тіпті, ондай туысқандардың адамгершілікке 

жат қылықтарын кешпейді.

Қазақ халқының қаралы адамдарға көңіл айтып жұбатуының мына-

дай үлгілері бар: арты қайырлы болсын, топырағы торқа болсын, арт-

та қалған бала-шағаға жасын берсін, артының берекесін берсін, жаны 

жаннатта болсын, иманы жолдас болсын, қайырын сұра, тұрымдысын 

берсін, болмас іске болаттай берік бол, қараңғы қабірі нұр болсын, арты 

той болсын, қаза қайырлы болсын т.б. көңіл айтып жұбатуды қанатты 

сөздермен  де,  өлең-жырлармен  де  айта  берген.  Мысалы,  кəмелетке 

толмаған  балалар  қайтыс  болса,  «алтын  босағаң  аман  болсын,  отба-

сы толған балаң болсын, екі арыс аман болсын, бергенінен жазбасын, 

балалардың  шапағатшысы  болсын»  деген  сияқты  үлгілермен  көңіл 

айтып жұбатады. Себебі, қазақ ұғымында кəмелетке толмаған күнəсіз 

сəби о дүниеде тек жұмақ-бейіштен орын алып, ақыретте ол ата-ана-

ларына қол ұштарын беріп, олардың күнəларын жеңілдетеді деп қара-

ған.

Жоқтау айту

« Ж


оқтау» – дүниеден өткен адамның жақсы қасиеттері мен ел-

жұртқа, ағайын-туысқа, Отанға, халыққа сіңірген еңбегі жəне ра қым-

шапағаты,  үлгі-өнегесі  дəріптелген  зарлы,  азалы  жыр.  «Жоқ тау ды» 

əдетте, белгілі ақын-жыраулар немесе қайтыс болған адамның əйе лі 

мен жақын туыстары да шығара береді. Өлімді қадірлеу қай дең гей-

де болғаны марқұмның əйелі мен келін-кепшік, қыз-қырқындары жыл 

уағына дейін айтатын «жоқтау жырынан» байқалады. Салтқа құр мет 

етуден  ақындық,  əншілікке  бой  ұрып,  сол  өнер  жолына  бел  шеше 

кірісуге жетелейді. Міне, бұл ұлттық салт-дəстүрмен қабысып кеткен 

ақындық, жыраулық өнердің қазақ елінде қаншалық қасиетті, қа дір лі 

екендігін түсіндіреді.


540

540


Əдетте, қайтыс болған кісінің қаралы жесірі немесе қыздары мен 

келіндері  көңіл  айта  келген  адамдармен  көрісіп,  жоқтау  айт қан нан 

тыс, марқұмның асын беріп «тұл аударғанша (жүк түзегенше) əр күні 

таң ерт ең-кеш  дауыс  шығарады.  Өте-мөте,  халық  көп  жиналған  үші, 

же ті сі,  қырқы  жəне  асын  (жылдығын)  бергенде,  сондай-ақ,  алыстан 

сыйлы  адамдар  мен  құда-жегжаттары  көңіл  айта  келгенде  адамның 

сай сүйегін сырқыратар аса зарлы-мұңлы дауыспен жоқтау əнін үде те 

тү седі. Сондықтан да, қазақ халқы «той көркі – жырлау, өлім көр кі – 

жылау» деп дұрыс айтады.

Жоқтау айтқанда көл-көсір жас төгу шарт емес. Қайта, өлген адам-

ның тірлігіндегі істерін, адамгершілігін, батырлығын, іскерлігін ерек-

ше сезім, терең толғаныспен мұңлы əн əуені арқылы жиналған жұрт-

қа жет кі зу қажет. Бұл əр ауыл, əрбір рудың кісілік деңгейін, тəрбие 

көрген-көрмегендігін сынайтын дəстүрдің бірі болғандықтан, өз жан-

дарынан өлең шығара алмайтын адамдар, «пəлен адам жоқтаусыз қа-

лып ты»  деген  жаман  атқа  қалмау  үшін,  ақындарға  арнаулы  жоқтау 

жаздырып алып айтады.

Əдетте «жоқтау» көріс, дауыс, арнау деп үш түрге бөлінеді. Кө ріс-

те, негізінен, марқұм қайтыс болғанда алыс-жақыннан келгендер мен 

туыс-туғандар қысқа-қысқа қайыратын, марқұмды тірлігінде көре ал-

май, тілдесе алмай өкінген өкінішті көңіл күйлері айтылады.

Дауыста,  марқұмның  тірліктегі  барлық  жақсы  қасиеттері  толық 

қам ты ла ды. Ол ойлы, образды, көлемді болып, белгілі ырғақ, əуен мен, 

əйел дер жағынан айтылады.

Ал арнауда, марқұм болған кісінің туыс-туған, дос-жарандары өз 

көңіл  күйлерін  білдіріп,  жоқтаған  күйініш-сүйініштері  жырланады. 

Арнау кез келген адамға айтыла бермейді. Қайта ел-жұртқа əйгілі ар-

дагерлер мен ерен ерлерге, жезтаңдай шешен, көреген көсем, білікті 

би, атақты ақын-жырауларға, сондай-ақ, батыр-балуандарға ғана ай-

тылады.


Дауыс айту

Қ

азақ ұғымында, «торқалы тойда» əн-күй, өлең-жыр маңызды 



болса, «топырақты өлімде» естірту, көрісу, жылау, жоқтау, да уыс сон-

541

541


ша лық мəнді болған. Əсіресе, «дауыс айту» қаралы ауыл дың кі сі лік 

мəдениетінің  қаншалықты  жоғары,  қайтыс  болған  адамның  бе дел ді, 

ықпалды,  қадір-қасиетінің  биік  екенін  байқататын  сын,  сондай-ақ, 

ұлттық  ерекшелікке  ие,  шоқтығы  биік  салттарының  бірі  есептелген. 

Алайда,  мейлі  естірту,  мейлі  көріс,  жоқтау,  дауыс  болсын,  олар дың 

əрқайсысының  өзіндік  тəртібі,  айтатын  ой,  шертетін  сыр,  кө те ре-

тін  дара  мазмұндары  болған.  Мысалы,  «естірту»  –  қаралы  қай ғы ны 

марқұмның  жанашыр  жақындарының  білім  деңгейіне,  жасына,  ор-

нына  қарай  қанатты  сөз  немесе  жыр  жолдары  секілді  тə сіл дер мен 

тұспалдай жеткізсе; «көріс» марқұмның жалпы таныс-біліс, дос-жар-

ла ры ның  «ой,  бауырымдап»  барып,  оның  туыс-туғандарының  қай-

ғы сы на  ортақтасып,  оларды  жұбату  үшін  айтылады.  Ал  «жылау»  – 

марқұм болған кісінің туыс-туғандары мен дос-жа  ран да ры ның кү йі-

ніш-сүйініштерін  айтып,  жылап  егілуі.  «Жоқтау»  –  мар құм ның  əйе-

лі  немесе  анасы,  сондай-ақ,  апа-қарындастары  мен  жеңге-ке лін де рі 

қатарлы  кісілердің  жанкүйер  жақындарын  қайғылы  сезіммен  əнге 

қосып жоқтаған мұң-зары. Əдетте, қаралы жиындарда көріскен, жы-

ла ған, жоқтау айтқан адамдарға жиналған жұрт «тоқтау етіңіздер, са-

быр етіңіздер» деп жұбатып, жылауларын қойдырып, олардың қол да-

ры на су құйып, беті-қолдарын жудырып, əлсін-əлсін сабырға ша қы-

рып отырады.

Ал «дауыс» – көрісіп, жылап-сықтаушылар басылып, жоқтау айт-

қан дар  тоқтаған  соң,  марқұмның  əйелі  немесе  қыздары  мен  ке лін-

де рі  құрылған  шымылдық  ішінде  отырып,  марқұмның  тірлігіндегі 

игі істері мен қадір-қасиеттерін еске алып, өмірдің келтелігін, қа за-

ның қайырымсыздығын ерекше бір мұңлы əуенмен айтатын, баурау 

қуа ты күшті, тəлім-тəрбиелік мəні терең ғибратты жыр. Ол əр жолы 

бір ша ма ұзақ айтылатындықтан, оны шымылдық ішіндегі қыз-ке лін-

шек тер  кезектесіп  айтуына  да  болады.  «Дауыс  айтуда»  көз  жасты 

көл дей  төгіп,  ағыл-тегіл  жылау  шарт  емес,  қайта  мəнді,  мазмұнды 

айту қа жет.

Қазақ салтында, қаралы ауыл көшсе, онда марқұмның ауы лын да ғы 

қыздары  мен  келіндері  марқұмның  тұлданған  атын  жетелеп,  көш тің 

ең  алдында  жүреді  де,  жолдағы  еру  ауылдардың  тұсынан  өткен  са-



542

542


йын «дауыс» айтып өтеді. Еру ел олардың алдынан шығып көңіл ай-

тып жұбатып, сусын беріп аттандырады. Алайда, көшкенде «да уыс» 

айтудың өзіндік тəртібі мен жол-жосыны болады. Мысалы, көш кен де 

ат үстінде дауыс айтатын əйелдер көп болса, онда олар екі-екі, үш-үш 

қатардан, тіпті, 4–5 қатардан тізіліп жүреді де, «дауыстың» ал дың ғы 

бір  шумағын  бірінші  қатардағылар  айтса,  екінші,  үшінші  шу ма ғын 

2–3-қатардағылар іліп əкетіп, ерекше бір мұңды əрі сазды ыр ғақ пен 

жалғастырып отырады. Міне, бұл «дауыс айту» деп аталады.

Көрісу, көңіл айту, жоқтау айту жəне дауыс айтудың үлкен ғы лы ми 

негізі мен аса жоғары тəлім-тəрбиелік мəні бар, яғни, онда қай тыс бол-

ған адамның өмір тарихы мен жаратылыс заңдылықтары, туылу, өлу, 

артқа  ұрпақ  жəне  үлгі-өнеге  қалдыру  туралы  терең  ойлар  айтылып, 

тыңдаушыларына мол рухани сабақ беріп, адамдарды адам гер ші лік-

ке,  адалдыққа,  ізгілікке,  мейірімділікке,  қайырымдылыққа  баулиды. 

Қысылмай  қатты  жылау  жəне  көңіл  күйдегі  айтпақшы  ой-пі кір ді 

емін-еркін ақтара жылау дене мүшелеріне түсетін əртүрлі рухани қы-

сым дар ды жеңілдетіп, ауру-сырқауларға қарсылық қуатты арттырып, 

физиологиялық жəне биологиялық кінəраттарға жо лы ғу дан сақ  тай  ды. 

Өзін дік  дара  үлгідегі  ойлы  да  орамды  өлең  жолдары  ар қы лы  өл  ген 

кі сі нің тірлігіндегі тамаша қасиеттерін туған хал қы алдына жа йып са-

лып, артта қалғандар одан үлгі-өнеге алып, адам дық асыл қа сиет те рін 

ұр пақ тан-ұрпаққа жалғастыруға дағдыландырады.



Тоқтау айту

Қ

айырымды  да  мейірімді  қазақ  халқы  жылағандарды  уатып, 



мұңайғандардың  көңілін  көтеріп,  сергітіп,  оларды  қайғы-қа сі  рет тен 

айық ты руды  өздерінің  адамдық  жəне  азаматтық  парызы  са най тын-

дық тан, жылап-сықтап, қайғы-қасірет шеккендерді көргенде жандары 

ашып,  оларға  қолдарынан  келгенше  көмек  көрсетеді.  Əсіресе,  өлім-

жітім жағдайында қабырғалары сөгіле жылағандарға əлсін-əлсін «тоқ-

тау  қылыңдар,  қайрат  қылыңдар»  деп,  жылауларын  тоқтатып  жұ ба-

тып отырады. Міне, бұл «тоқтау айту» деп аталады.


543

543


Қаралы жиындарда жылап-сықтағандарға тоқтау айтпауды – көр-

ген сіз, тəрбиесіз, білімсіз, тіпті, өлімімізге сүйінді деп қатты сөккен.

Басы  қаралы,  жүрегі  жаралы  адамдарға  тоқтау  айтып  жұбатып, 

қай рат берер қанатты сөз ұйқастарымен айтылатын тоқтау – мар құм-

ның артында қалған бала-шағалары мен жанашыр жақындарына үл-

кен медеу, зор қайрат болады əрі қайғы-қасіретін жеңілдетеді. Өмір ге 

деген  сенімдерін  арттырып,  жігерлендіреді.  Адамдар  арасында  дос-

тық  сүйіспеншілікті  тереңдетіп,  қоғамдық  қарым-қатынастарын  ке-

ңей те ді.

Арулау (сүйекке түсу)

Қ

аралы  хабар  ел-жұртқа  түгел  жеткізіліп,  алыс-жақындағы 



адам дар дың бас-аяғы жиналып, марқұмның туыс-туған, жанашыр жа-

қын да ры түгел келіп болған соң, марқұмның сүйегін арулап жерлеуге 

дайындалады. Сүйекке түсетін (жуатын) адамдар рулық, құда-жег жат-

тық байланыс пен марқұмның көз жұмар алдындағы өсиеті бойынша 

ірік те ле ді. Жуған кезде өліктің денесіне жалаңаш қол тимеуі шарт. Ол 

үшін жуатын адамдар қолға қолғап кию немесе ақ дəке орап алу керек.

Қазақ салтында, кейбір көкірегі ояу, көзі ашық, білімді адамдар дү-

ние салар алдында өз сүйегін кімдерге ұстату (жудыру) жəне олар ға 

не беріп, не қою ісіне дейін айтып, орналастырып кетеді. Тіп ті, кей бір 

дос-жаран, құрдас адамдар «бұрын өлгеніміздің сүйегін артта қал ға-

ны мыз арулап, өз қолымызбен жерлеп, қалған бала-шаға мен мал-мү-

лік ке  бас-көз  боламыз»  деп  серттесіп  қояды.  Егер,  жо ға ры да ғы дай 

өсиет  пен  уəде-серт  болмаса,  қалыптасқан  дағды  бойынша  мар құм-

ды арулауға 5–7 адам түседі. Кейде əйгілі адамдар қайтыс бол ған да, 

сүйекке түсеміз деп таласушылар көп болады. Ондай жағдайда 9, 11, 

13 адамға дейін жол (кəде) беріп, сүйек жуушыларды 7 адамнан асыр-

майды.

Əдетте, ерлердің сүйегін ер адамдар, əйелдердің сүйегін əйел адам-



дар  жуады  əрі  сүйек  жуу  алдында  түгел  дəрет  алып  тазаланып,  дін 

жəне сүйек жуудың жөнін білетін бір адамның жөн сілтеуінде, жу ған 

кезде  астына  су  жайылып,  жайылған  судың  аяққа  басылмауы  үшін, 


544

544


марқұм болған кісіні көтеріңкі үстел немесе сүйек жууға арнайы жа-

салған сөре үстіне шалқасынан жатқызып, ресми жууға кі рі се ді. Жаз 

күндері салқын сумен жуылады. Бұл дененің босамай ширауына əрі 

қалпын бұзбай сақталуына пайдалы. Ал, қыста сүйек жуу ға арнайы бір 

қазанмен су жылытылады. Оны арнаулы бір адам сү йек жуушыларға 

тасып  беріп  тұрады.  Сүйекті  арулағанда  (жуғанда)  ақ  кездемеден 

əзірленген  пердешенің  бір  жағын  марқұмның  мойнына  іліп  немесе 

байлап, екінші жағын бір адам, оның тұтас денесі мен абыройын (жы-

ныс мүшелерін) жуушыларға көрсетпей, көлегейлеп тұ ра ды да, мар-

құмның туыстарының бірі сүйекке су құйып беріп тұ ра ды. Тағы бір 

адам сүйекті аударысуға көмектеседі. Бір адам құ йыл ған судың асты-

на сабын ұстап, езіп беріп тұрады. Кейде оны жуушылар өздері орын-

дайды.  Сүйекті  көлегейлемей,  ашық-шашық  жуу  əдепсіздік,  дəстүр 

өлшеміне  қайшы  қылық  есептеледі.  Əсіресе,  абыройын  ашпайды. 

«Абыройын жапқыш» деп марқұмның жыныс мү ше сі не бір шаршы ақ 

кездеме жауып қояды.

Қалыптасқан салт бойынша, сүйек жуушылар, бірі сүйектің басы-

на, бірі кеудесіне, бірі аяғына деген сияқты, əрқайсысы өзіне тə уел ді 

жерлерді  жуады,  біресе  басына,  біресе  аяғына  жүгіріп  сабылмайды. 

Сүйекті жуып болған соң, жуған адамдарға бас киім, шапан, ішік, етік 

сияқты заттар береді.

Сүйек жуудың да өзіндік тəртібі болады. Онда, ең алдымен, мар-

құм ның асты дəретін алдырып болып, екі қолын шынтағына дейін үш 

реттен жуады. Одан соң, бетін құлағымен қоса жуып, басына мə сих 

(маңдайынан  желкесіне  қарай  бір  рет  су  салу)  тартады.  Онан  ке йін, 

аяғының басынан тобығына дейін үш рет жуған соң, сол жақ қы ры-

нан жатқызып, басынан бастап, алдымен, оң жақ денесін аяғының ба-

сына  дейін  тазарғанша,  таза  болса,  үш  рет  жуады,  одан  соң,  оң  жақ 

қы ры нан жатқызып, басынан аяғына дейін кем дегенде үш рет жуып 

шы ға ды  да,  шалқасынан  жатқызып,  қуық  үсті,  қарнын  ақырын-ақы-

рын басып, бастан-аяқ тазарғанша жуып, одан соң, сол қырынан жəне 

оң қырынан жатқызып, бастан-аяқ таза сумен жуып-шайып шы ға ды 

да,  құрғақ  орамалмен  сүртіп,  денені  құрғатып,  қалампыр  тал қа нын 

жəне иіс су сеуіп, кебіннің бас-аяғы жəне ортасынан дəкеден жыртып 



545

545


алып (кебіндік кездеме) буады. Сонымен арулау (мүрде жуу) аяқ та ла-

ды. Марқұмды арулап болған соң, мүрде жууға су жылытқан қа зан ды 

өртеп,  төңкеріп  тастайды  да,  оны  жұлдыз  шыққанша  пайдаланбай-

ды. Сондай-ақ, марқұмды арулаған жерді адам мен малдың басуынан 

қорғап, ол жерге артта қалған ұрпақтары көгеріп-көктесін деген ниет-

пен арпа-бидай секілді дақылдар шашып, көгертіп қояды.

Егер ел жоқ, су жоқ жерде адам қайтыс болса, онда сүйекті таза жер 

жынысымен, яғни, таза құрғақ топырақ немесе таза құммен арулайды. 

Марқұмды арулап болған соң, жерлеуге апарып қояды.

Мүрде (сүйек) арулаудың үлкен ғылыми негізі жəне тамаша тə-

лім-тəрбиелік  мəні  бар.  Ол  əртүрлі  жұқпалы  аурулардың  таралып 

ке туі нің алдын алып, халықтың сау-сəлемет өмір сүруіне мүмкіндік 

жасайды. Туыс-туған, құда-жегжаттар арасында əрқандай ауырт па-

лық ты бөліп көтерудей тамаша қасиет қалыптастыруға тəрбиелейді. 

Адамдар арасындағы достық сүйіспеншілік пен береке-бірлікті ны-

ғай тып,  қоғамдық  қарым-қатынасты  жақсартады.  Досты  кө бей тіп, 

өріс ті кеңейтеді.

Кебін шашу

Ө

лген  адамды  орап  жерлейтін  ақ  кездеме  ақырет  киімін  «ке-



бін» деп атайды. Қазақ салтында, жасы келіп немесе айықпас ау ру ға 

шалдыққан сұңғыла, дəстүршіл адамдар «ақ жол тілеп жатады» деп, 

көз де рі тірі кездерінде кебіндері мен қалампырларын (қазір əтір іс те-

те ді) күні бұрын алдыртып, сандықтарына салып сақтап қоя ды. Тіп-

ті,  кейбір  кісілер  өлгенде  өзін  көметін  қабірлерін  де  қаз ды рып  қой-

ған. Егер, жоғарыдағыдай дайындық жасап үлгермеген кі сі лер қайтыс 

болса, онда марқұмның əл-ауқатына қарай, ақ дабы, ақ мата, ақ дəке 

сияқты кездемелердің бірінен кебіндік жəне əтір мен əтір сабын алды-

рып, арулаудан бұрын кебінін пішіп дайындайды, яғни, ер адам дар ға 

үш қабат, əйел адамдарға бес қабат, нəресте балаларға екі қа бат кебін 

пішеді.

Кебіндікке əдетте ер адамдарға 18–20 метр, əйел адамдарға 20–25 



метр кездеме кетеді. Кебінді киім үлгісінде емес, кездеменің бой-бойы 

546

546


күйінде кесіп-кесіп алады. Онда алдымен «сыртқы киім» деп, өл ген 

адамның бас-аяғынан бір қарыстан артық асып тұратын мөл шер де бір 

кесіп алады. Онан соң «ішкі киім» деп, марқұмның бас-ая ғы нан еркін 

асып, қаусындыруға еркін жететіндей етіп тағы бір ке сіп алады. Онан 

кейін «көйлегі» деп, артқы жағы марқұмның белуарынан төмен, ал-

дыңғы жағы тізесінен сəл төмен түсетіндей етіп, екі шаршы кесіп ала-

ды. Егер, қайтыс болған адам əйел болса, онда, жо ға ры да ғы үш қабат 

кебіннен  тыс,  «бүркеншек»  деп,  үлкен  бір  шаршы  кездеме  немесе 

«шалғыш» деп, тамағынан тізесіне дейін, «кеудеше» жауып тұратын 

тағы бір кездеме жыртып алады. Ал, сəби баланы ішкі жəне сыртқы 

кебінімен ғана орап жерлейді.

Қазақ салтында өлікті киіммен жерлемейді. Тіпті, кебіндік та был-

ма ған жағдайда, кірсіз таза шүберекпен болса да орап жерлеу қа жет, 

ал,  жумай  (аруламай)  жəне  жаназасын  шығармай  тұрып  жерлеуге 

мүл де болмайды.

Қайтыс болған адамдарды кебіндеу жəне кебін пішу орынсыз бə се-

ке нің алдын алып, адамдарды ұқыптылыққа, үнемшілдікке баулиды. 

Туылу, өлу ісінің табиғи заңдылық екендігін ұғындырып, адамдарды 

сабырлы, қажырлы, үміткер болуға жетелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет