Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет49/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

НƏЗІР-ҚҰЗЫР БЕРУ

Қ

азақ салтында, ересек адамдар қайтыс болған соң, қайтыс бол-



ға ны на 3 күн толғанда «үштік нəзірін», 7 күн толғанда (əдетте 7 күн-

ге жеткізбей) «жеті нəзірін», қырық күн толғанда (əдетте 35, 37 күн 

мөлшерінде)  «қырқы  нəзірін»,  100  күнге  толғанда  «жүздік  нə  зі рін» 

беріп, марқұмға арнап Құран оқытып отырады.

Əдетте, «үші», «жетісі», «қырқы», «жүзі» берілгенде арнаулы мал 

сойып, алыс-жақындағы ағайын-туыс, көрші-қолаңдарына сауын ай-

тады.  Нəзірге  келгендер  аруаққа  арнап  Құран  оқиды.  Нəзірге  əр кім 

өз  шама-шарықтарынша  көмек  беріп,  құда-жегжат,  дос-жаран,  ба-

уыр- туыс тары «батаоқырға» деп, ірлі-ұсақты мал əкеледі. Нəзір өт кен 

са йын жоқтау айтылып, марқұмның өнегелі істері мен ізгі қа сиет те рі 

əң гі ме ге арқау болып, жиналған жұрт оны ерекше еске алады. Туыс-

ту ған да ры на жұбату айтылып, «марқұмның артында қал ған бала-ша-

ға сы бақытты болып, марқұмның арты той болсын!» деген игі ті лек-

тер білдіріледі.



559

559


Үштік нəзір

« Ү


штік  нəзір»  –  марқұм  болған  кісінің  жер  қойнына  кіргеніне 

3 күн толғанда, марқұмның аруағына арнап ұсақ малдар сойып, май-

ға  нан  пісіріп,  жақын  маңдағы  ауылдастар  мен  көрші-қолаң,  туыс-

туғандарды шақырып өткізілетін шағын ас беру салты. Сондықтан, бұл 

«үштік нəзір» деп аталады. Кей жерлерде «үштік нəзір» берілмейді.

Жеті нəзірі

« Ж


еті нəзір» – марқұм болған кісінің жер бесікке түс ке ні не 5–6 

күн болған мөлшерде Құран оқытып мал сойып, шелпек пі сі ріп, жа-

қын  маңдағы  ауылдастар  мен  көрші-қолаң,  туыс-ту ған да рын  ша қы-

рып өткізетін шағын ас беру салты. Бұл əдетте, марқұм қай тыс бол-

ға ны на 5–6 күн мөлшерінде берілгенімен, «жеті нə зі рі» деп аталады, 

сондай-ақ, бұл нəзір жалпы қазақ халқы ішінде дерлік беріледі.



Қырқы

« Қ


ырқы нəзірі» – қайтыс болған кісінің жер бесікке түс ке ні-

не  35,  37,  39  күн  мөлшері  болғанда  марқұмға  арнап  Құран  оқы тып, 

мал  сойып,  келген  елге  жетерлік  шелпек-бауырсақ  пісіріп,  алыс-

жақындағы  (марқұм  қайтыс  болған  кезде  келіп  көңіл  айтып,  жер ле-

сіп қайтқан) туыс-туған, дос-жаран, ел-жұрт, көрші-қо лаң дар ды тү гел 

шақырып өткізетін ас беру салты. Бұл əдетте, марқұмның жер бе сік ке 

түскеніне 35, 37, 39 мөлшерінде берілгенімен, «қырқы нə зі рі» деп ата-

лады, əрі бұл нəзір ел ішінде міндетті түрде беріледі.



Жүздігін беру

 

« Ж


үздігін  беру»  –  марқұм  болған  кісінің  жер  бесікке  кі ріп 

жатқанына тұп-тура 100 күн толғанда, оны ерекше еске алып, аруа-

ғы на арнап Құран оқытып, мал сойып, шелпек пісіріп, алыс-жа қын-

да ғы (марқұм қайтыс болғанда келіп көңіл айтып, аруласып, жер ле-



560

560


сіп қайтқан) туыс-туған, дос-жаран, құда-жегжат, көрші-қо лаң дар ды 

шақырып өткізетін еске түсіру жəне ас беру салты. Бұл салт кей жер-

лерде өткізілсе, кей жерлерде өткізілмейді.

Жұбату шайын беру

« Ж


ұбату шайы» – марқұм болған кісінің артында қалған тіке 

туыс-туған,  бала-шағаларын  жұбату,  қайғы-қасіреттерін  же ңіл де тіп, 

көңілдерін көтеру үшін, оларға жақын адамдардың арнайы ша қы рып 

беретін шайы немесе сый тағамы. Онда, қолы қысқа адамдар ашық-

жарқын отырып бір шəугім шайын берсе, ал ауқатты адамдар қо йын 

сойып, етін асып күтеді. Бұл ғұрып кей жерде «еңсе кө тер тер», «жұ ба-

тар» делінсе, кей жерде «қаралы шай» деп аталады.

Қазақ ғұрпында, отбасынан өлім шығып, басы қаралы, көңілі жа-

ралы  болған  кісілерді  ауық-ауық,  кезек-кезек  жұбатып,  оларға  қол-

да ры нан  келген  көмектерін  көрсетіп  отыру  сол  қаралы  отбасының 

көр ші-қолаң, туыс-туған, дос-жарандарының бас тартуға болмайтын 

адам дық əрі азаматтық міндеттері есептелетіндіктен, қаралы отбасы 

адамдарына міндетті түрде «жұбату шайын» береді.

«Жұбату  шайын»  əдетте,  марқұмның  қырқы  өткен  соң,  ең  алды-

мен, жақын отырған көрші-қолаң жəне күнбе-күн барып-келе алатын 

жа қын  маңдағы  туыс-туған,  дос-жарандары  кезекпен  шақырып  бере 

бастайды. Марқұмның жыл нəзірі беріліп, тұл аударылған соң, алыс-

та ғы туыс-туған, дос-жарандары шақырып қонақ қылып, қа  ра  лы жан-

дар дың көңілін көтереді. Жағдайлары бола тұрып, олай іс те ме ген дер 

«бір  шəугім  шайға  жарамаған,  жанашырлығы,  кісілігі  жоқ»  деген 

ауыр сөгіске қалады.

Бұл ғұрыптың ғылыми жəне тəлім-тəрбиелік рөлі өте зор. Ол адам-

дар дың бір-біріне деген достық сүйіспеншілігін арттырып, адамдарды 

береке-бірлікке,  жанашыр-жақындыққа  баулыса,  адамдар  ара сын да-

ғы барыс-келіс, алыс-берісті жиілетіп, өрісті кеңейтіп, қоғамдық бай-

ланысты  жақсартады.  Рақым-шапағат,  мейірімділік  сияқты  тамаша 

адамдық  қасиеттерді  нығайтады.  Қаралы  жандардың  үйде  бұ йы ғып 

отырып  қалуының  алдын  алып,  туыс-туған,  дос-жарандарымен  қа-



561

561


ла ған  уақытта  араласып,  қалаған  мезгілінде  алыс-беріс,  барыс-ке ліс 

жасауына жол ашады. Қаралы жандардың басына түскен рухани қы-

сым ды жəне қайғы-қасіретті жеңілдетіп, олардың түрлі ауру-сыр қау-

лар ға жолығу қатерін азайтады. Одан да маңыздысы – оларға өмір де 

жал ғыз еместіктерін, жанашыр жақын адамдарының əлі де көп екен-

ді гін сезіндіріп, өмірге деген құштарлықтарын, арман-тілекке жетуге 

деген сенімдерін күшейтеді. Адамдардың бір-біріне деген өкпе-ре ні-

шін жояды.



Шек беру

« Ш


ек беру» – үйінен өлім шығып, қаралы болған от  ба сы лар-

дың құрбан айттан бірнеше күн бұрын марқұмға арнап Құран оқы тып 

бір мал сойып, көрші-қолаң, туыс-туғандарын шақырып өт кі зе тін ша-

ғын ас беру жоралғысы. Бұл жалғасты үш жыл өткізіледі.

Əдетте, шек беруге ниет қылған қаралы отбасы мүшелері құр бан 

айттан  бірнеше  күн  бұрын  бейіт  басына  барып,  марқұмға  ба ғыш тап 

Құран оқып келген соң, үйінде марқұмға арнап Құран оқып, мал со-

йып,  шелпек  пісіріп,  оны  көрші-қолаң,  туыс-туғандарын  ша қы рып, 

нəзір ретінде береді. Міне, бұл «шек беру» деп аталады.

«Нəзір-құзыр» жəне «шек беру» тірі адамдардың, əсіресе, қай тыс 

болған  кісінің  туыс-туғандарының  аруақтарға  деген  құрмет  се зі мін 

арттырып, Жаратушыдан оларға ауық-ауық медет тілеп оты ру ға, сон-

дай-ақ, марқұмның игі қасиеттері мен өнегелі істерін ұр пақ та ры мен 

ел-жұртының  есіне  жиі-жиі  түсіріп,  адамдарды  ізгі  ниет ті,  ха лық қа 

пайдалы  адам  болып  шығуға  баулиды.  Əсіресе,  ел  ішін де гі  же тім-

жесір, аш-арық адамдардың назардан тыс қалмауына ерекше кө  ңіл бө-

лі ніп, олардың ризалығы мен ықыласын алуға барынша мəн бе рі ле ді, 

əрі адамдардың бір-біріне деген достық сүйіспен ші лік те рін арттырып, 

өзара барыс-келістерін жақсартып, адамдарды қа йы рым ды, ме йі рім-

ді болуға дағдыландырады. Қоғамдық қарым-қа ты нас та рын ке ңей тіп, 

достарын көбейтеді.


562

562


МАРҚҰМНЫҢ АЛДЫНДА ӨТЕЛЕТІН СОҢҒЫ ПАРЫЗДАР

Тұлдау салты

Е

ртеде  күйеуі  өлген  əйелдердің  самай  шашын  қырқып,  шашын 



тар қа тып, жайып, үстіне қара киім кигізген, басына қара салы сал дыр-

ған. Қыздарының үстіне ақ киім, бастарына қызыл бөрік ки гі зіп, жүк 

жапқышты  теріс  жапқан.  Сондай-ақ,  марқұм  болған  кі сі нің  киім де-

рін астарларын сыртына қаратып іліп, ер-тұрмандарын те ріс қа ра тып 

жиып,  тірлігінде  ұстаған  қару-жарақ,  сауыт-саймандарын  самсытып 

іліп  тастап,  мұны  «тұлдау»  деп  атаған.  Қазақ  тіліндегі  «шашын  жа-

йып жылады», «шашыңды жайма, жаман болады», «тұл дан ба», «тұл-

дай болды» деген сөз орамдары мен тыйымдары осы  ған байланысты 

айтылған.

Ат тұлдау

Е

ртеде, қайтыс болған кісінің əйелін, киім-кешек, сауыт-сайман, 



қару-жарақ,  ер-тұрманын  тұлдаудан  тыс,  марқұм  тірі  кезінде  жақ сы 

көріп  көп  мінген  атын  да  тұлдаған.  Мұнда,  қайтыс  болған  адам ның 

«жеті нəзірі» өткен соң, марқұм тірі кезінде жақсы көріп көп мін ген 

аттарының  бірін  ұстап  жал-құйрығын  кесіп,  кекілін  түйіп  қоя  бе ре-

ді. Міне, бұл «ат тұлдау» деп аталады. Тұлданған атты мар құм ның 

асына сойғанша мінбейді. Тек көшкен сайын оған марқұмның ерін те-

ріс ерттеп, ердің үстіне марқұмның шапандарының бірін жауып, ер дің 

қасына (басына) бас киімін кигізіп, қамшысын іліп, сауыт-сайманда-

рын  бөктеріп,  марқұмның  қыздары  бас  киімдерін  теріс  киіп,  тік кен 

қараны  қолдарына  алып,  тұлданған  атты  жетелеп,  көштің  алдында 

жүреді. Қыздары болмаса, əйелдері жетелейді, əрі жол бойы ауыл кез-

дессе немесе қонатын жерге түскен сайын дауыс салып жоқтау айтып 

отырады.

Ал,  оларға  жолдағы  ауылдардың  əйелдері  алдарынан  шығып  кө-

ңіл айтып жұбатып, сусын береді. Ерлері көш көлігін түзесіп, ауыл дан 

бірталай жерге дейін ұзатып салады.



563

563


Қара тігу салты

М

арқұмның «жеті нəзірі» өткен соң, қара үйдің түндігі тү рі ліп, 



марқұмның туыс-туғандары марқұмның тірлігінде ұстаған ұзын сап-

ты найзасын отбасына шаншып, шаңырақтан шыққан сабына қа ра лы 

ту  байлайды  (найза  болмаса,  ұзын  сырыққа  байлайды).  Үй дің  іші не 

марқұмның  тірлігінде  пайдаланған  ер-тұрман,  сауыт-сайман,  киім-

кешек, т.б. заттары самсытып іліп тасталады да, ол мар құм ның асын 

беріп, тұл аударылғанша (жүк түзегенше) тұрады.

Əдетте, «қараны» (азалы туды) марқұмның туыс-туған, құда-жег-

жат,  дос-жарандары  жиналып  тұрғызады.  Мұнда,  қайтыс  болған 

адам жас болса – қызыл, қарт болса – ақ, орта жастағы адам болса – 

жарымы қара, жарымы қызыл ту жасап тігеді. Алайда, хан-тө ре лер-

ге, сұл тан дар ға тігетін ту қара халықтікінен өзгешелеу болады, яғни, 

қай тыс болған адам ақ тулы төре тұқымынан болса – ақ ту, көк тулы 

төре тұқымынан болса – көк ту, қызыл тулы төре тұқымынан болса – 

қызыл ту тігіледі. Бірақ, қайтыс болған адамдарға қандай ту ті гіл се 

де, ол бə рі  бір «қара» деп аталады да, оны көрген кез келген адам ның 

мін  дет  ті түрде ат басын бұрып, марқұмға арнап Құран оқып, сусын 

ішіп, та мақ та нып, дамылдап, тіпті, қонып өту азаматтық міндеті са-

налады.


Қазақ  салтында,  «қараны»  еркектер  тігіп  берген  соң,  оның  қал-

ған  жұмысы  əйелдердің  қолында  болады.  Олар  адам  келген  сайын 

жоқ тау айтып, оларға ас-су беріп күтіп отырады. Марқұмның сүйегі 

жуыл ған үй түгел тазартылып, 40 күнге дейін ымырт үйіріле шырақ 

жа ғы ла ды.

Адамгершілігі  асқақ,  жаны  таза,  мейірімді  де  қайырымды  қа зақ 

халқы бастары қаралы, жүректері жаралы болған сондай қиын сəт тер-

де де жетім-жесір, аш-арық адамдар мен жол азабын тартып келе жат-

қан  жолаушыларға  дейін  қаралы  үйден  дəм  татқызып,  сусындатып, 

барша адам баласының ризалығы мен ықыласын алып отыруды еш қа-

шан естен шығармаған, яғни, «қараны», біріншіден, халыққа үл кен ас 

беретіндігін білдіру үшін; екіншіден, бейтаныс, бейхабар адам дар дың 

«қараны» көріп ат басын бұрып, марқұмға арнап Құран оқып, шөл де-


564

564


се сусындап, қарны ашса тамақтанып, шаршап-шал дық са дамылдап, 

тынығып  аттанулары  үшін  тіккен.  Қазақ  хал қы ның  «қар ның  ашса, 

қаралы үйге шап» деген мəтелі, міне, осы салтқа байланысты қалып-

тасқан.


Артына ұрпақ қалдырмағандарды тұлдау

Қ

азақ халқы бас құрап үйленіп, өз алдына түтін тү тет ке ні мен, 



артына ұрпақ қалдыра алмай, жастай көз жұмған ер-аза мат тар дың қа -

за сын өте ауыр қаза деп қарап, оның жыл нəзірі өткен соң, туыс-ту ған-

да ры жиылып, қабірі басында Құран оқып, қайтарларында оның тұл 

үйі не «ой, бауырым-ай!» деп ат қойып барып, үйдің түндік, туыр лық, 

үзіктерін түгел сыпырып алып, уықтарын шашып, ке ре ге ле рін сө гіп, 

шаңырағын  ортасына  түсіреді.  Қазанын  төңкеріп  шағып,  отын  өші-

ріп, үйді түгел бүлдіріп тастайды да, «бүлінгеннен бүлдірге алма» деп, 

одан ешкім ине-сабақ жіп алмай, тастап кетеді. Одан соң, самай шашы 

қыр қы лып, қара жамылған оның жесір əйелінің өмір ден өз жолын та-

буына ерік береді. Егер оны өз күйеуінің туыстарының бірі əмең гер-

лік ке алмақшы болса, онда оны алатын адам үйінің есігінен емес, ша-

ңы ра ғы нан немесе іргесінен кіргізіп алады.



Батаоқыр

Қ

айтыс болған адамның орнына (асы берілмей тұрған ара лық-



та)  арнаулы  жол-жорамен  барып  Құран  оқып,  бата  қылуды  «ба та-

оқыр» дейді. Ал, жанкүйер жақындарынан айырылып қара жамылып, 

аза тұтып, келіп-кеткен адамдарды жыл уақытына дейін күтіп, жол-

жосын бойынша аттандыруды «батаоқыр күту» деп атайды.

Салт  бойынша,  кісісі  қайтыс  болып,  «батаоқыр»  күткен  отбасы 

мен оның жақын туыс-туғандары өз үйі мен ауылынан ұзап шық пай-

ды, ойын-сауыққа қатыспайды, той-томалақ өткізбейді, қайта, тік кен 

«қараны» марқұмның жылдық асын беріп, «тұл ауда рыл ған ша» (жү-

рек  түзегенше)  алмай,  жықпай  сақтап,  алыс-жа қын нан  келген  адам-

дарды барын салып күтіп, қайтыс болған адамның аруа ғын риза етуге 


565

565


тырысады.  Сонда  ғана  «батаоқыр»  жақсы  күтілген  есеп те ліп,  дос-

дұшпанның табасынан аулақ болады.

Ерте  заманда  «батаоқыр  күту»  марқұмның  артында  қалған  бала-

шаға, туыс-туғандарына үлкен сын болған. Сол себепті, қазақ ті лін де 

«өлім байдың малын шашады, кедейдің артын ашады» дейтін мə тел 

қалыптасқан.



Құран оқу

Қ

азақ  салтында,  қайтыс  болған  адам  жаназасы  шы ға ры лып, 



қабірге  ресми  жерленбесе  немесе  суға  кетіп,  құздан  құлап,  із-түз сіз 

жо ға лып, сүйегі табылмаса, онда, оған Құран оқылмайды. Құ ран мар-

құм ның жаназасы шығарылып, қабірге жерленген соң барып оқы ла-

ды. Егер, марқұм болған кісі суға кетіп, құздан ұшып, сүйегі табылма-

са, онда оның алғаш суға кеткен немесе құздан ұшқан орнына барып, 

жаназасын шығарып, Құранды онан соң оқиды.

Халықтық  қағида  бойынша,  марқұмды  жерлеген  соң,  көңіл  айта 

бар ған,  «батаоқырға»  келген  жəне  марқұмға  арнап  өткізген  нə зір-

құ зыр дан  дəм  татқан  барлық  адамның  марқұмға  арнап  Құран  оқуы 

шарт.  Себебі,  қазақ  ұғымында,  марқұмның  туыс-туғандарына  кө ңіл 

айта барып немесе нəзір-құзырынан дəм татып, Құран оқымаған адам 

аруақ алдында қарыздар адамға айналады деп қаралады. Сон дық тан 

да, барша адам марқұмның аруағын ерекше қастерлеп, жиі-жиі еске 

алып, қабірінің басына барып та, бейсенбі, жұма сайын да Құран оқып 

отырады.

Ақтық салу жəне ат шаптыру салты

« А


руағын сыйлаған ел азбайды», «өлі риза болмай, тірі ба йы-

май ды»  деген  аталы  сөзді  ардақ  тұтқан  қазақ  халқы,  қайтыс  болған 

адамдарын  арулап-жуып,  өз  қолдарымен  жерлеп,  нəзір-құ зы рын  бе-

ріп, аруақтарын риза етуге ерекше күш салған. Сонымен бір ге, алыс-

жа қын да ғы  құда-жегжаттары  марқұмның  «батаоқыр»  кү тіп  отыр ған 

бала-шаға,  туыс-туғандарының  қайғысына  ор тақ та сып,  жиі-жиі  ба-



566

566


рып  хал-жағдайларын  біліп,  жұбатып,  кө ңіл де рін  кө  те  ріп  отырады. 

Əсіресе,  жасы  келіп  қайтыс  болған  адам ның  жыл  нə зі рі  (асы)  тая-

ған сайын сарсүйек құдалары ат жетелеп, ақ тық салып барады. Тіп ті, 

дəулетті адамдар марқұмның ауылына барып ат шаптырып, мар құм-

ның артында қалған бала-шаға, туыс-ту ған да ры ның кө ңі лін кө те р  е ді.

«Ақтық  салу»  жосынында  (кей  жерде  «батаоқыр»  делінеді)  мар-

құм ның  құда-жегжаттары  бір  атын  жетелеп,  бір  қойын  өңгеріп,  жаз 

күн де рі болса қымызын артып, «ақтық» деп 3 метрден артық ақ кез-

деме, «марқұмның жолы» деп бір киімдік асыл кездеме жəне бір шай, 

т.б. нəрселер алып барады. Міне, бұл «ақтық салу» деп аталады.

Ал,  егер  ат  шаптырып  бермек  болса,  онда  жоғарыдағы  заттарды 

жəне жол-жоралғыларды толық апарудан тыс, бəйге жариялап, мар-

құм ның  ауылында  ел-жұртты  жиып  ат  шабысын  өткізіп  береді,  əрі 

сай гү лік тер ге берілетін барлық сыйлықтарды түгел өз мойнына ала-

ды.  Қалыптасқан  салт  бойынша,  құда-жегжаттар  қаралы  үйге  мей лі 

«ақ тық»  салып  барсын,  мейлі  «ат  шаптырсын»,  оларға  қаралы  ауыл 

киіт жəне түрлі жол-жоралғыларды толық беріп қайтарады.

Күмбез, кесене, сағана тұрғызу

Қ

азақ халқы қайтыс болған кісілерін (ол туған жерден қан ша-



лық алыс, қаншалық қиырда қайтыс болса да) өз атамекеніне əке  ліп 

жерлейді.  Ешқашан  жат  ел,  жат  жерге  жерлемейді.  Қайтыс  бол ған 

əрбір  адамның  тірліктегі  қоғамдық  орны,  халыққа  сіңірген  ең бе гі, 

ақыл-білімі, өнер өрісіне қарай, оларға күмбез тұрғызып, кесене сал-

дырып, құлпытас орнатып, қорған тұрғызып, тас үйдіріп, ата-ба ба ла-

ры ның  басы  жатқан  жерді  қызғыштай  қориды.  Сондықтан  да,  біреу 

мен шік ті жерлеріне баса-көктеп кіріп кетсе, ең алдымен, оған «мұн да 

əкең нің басы бар ма?!» деген зілді сұрақ тастайды, əрі жер-суына көз 

аларт қан дар ға өзінің атамекені екендігін сол ата-ба ба ла ры ның мүр де-

сі, яғни, басы жатқан қабірлар жəне күмбез, кесене, са ға на, қор ған дар 

арқылы дəлелдейді.

Белгілері  арқылы  ұрпақтарына  əлмисақтан  тартып,  туған  жер  дің 

иесі өздері екендігін ұрпақтарының құлағына құйып, жү рек те рі не ұя-


567

567


ла тып отырған. Тіпті, қазақ халқының аруақтарды құр мет тей ті ні сон-

ша лық, кесене, күмбез, сағана, бейіт тұсынан ат-көліктен тү сіп, жаяу-

лап  өтеді  жəне  міндетті  түрде  аруақтарға  ба ғыш тап  Құ ран  оқи  ды. 

Тіп ті, асығыс болса, қабір тұсынан өткенде оң аяқ та рын үзең гі ле рі нен 

шы ға рып, құрмет білдіріп өтеді.

Сауын айту

Қ

азақ халқы қайтыс болған адамның ас-нəзіріне ша қы ру ды «са-



уын айту» деп атайды, яғни, марқұм болған кісінің үші, же ті сі, қыр қы, 

жүздігі жəне жылдық ас-нəзірін беретін кезде ел-жұрт қа тү гел са уын 

айтады.  Əсіресе,  көпке  əйгілі,  атақ-даңқы  бар  адам дар дың  жыл дық 

асын беретін кезде бірнеше ай, тіпті, жыл бұрын алыс-жа қын ға тү гел 

сауын айтып, барша ел-жұртты хабарландырып қояды.

Əйгілі  адамдарға  берілетін  үлкен  астарға  «сауын  айту»  əдет те гі 

жай шақыру, жай сауын айтуларға ұқсамайды, яғни, ас беретін ауыл 

күнілгері ас беретін орын, ас өткізетін ай-күн, беретін бəйге мөл ше рі, 

т.б.  істердің  барлығын  алдын  ала  жариялап,  жалпақ  елге  сауын  ай-

тып қояды. Сонымен, алыс-жақындағы ел-жұрт алдын ала бəй ге ле рін 

баптап, балуандарын іріктеп, əнші-күйші, ақындарын сараптап, асқа 

барудың дайындығын көре бастайды.



Жерошағын майлау

С

алт  бойынша,  марқұм  болған  адамдардың  ас-нəзірін  берер  ал-



дында,  оның  туыс-туғандары  жиналып,  қызу  дайындыққа  кі рі се ді. 

Сондай-ақ, дəл ертең ас болады деген күннен бір күн бұрын ет асып, 

ас  пісіретін  жерошақтар  қазылып,  оған  Құран  оқып  бір  мал  со йып, 

дайындық жұмысына қатысып жүрген адамдар түгел жеп алады.

Міне, бұл «жерошағын майлау» деп аталады. Сол себепті, үл кен 

ас-нəзірге сауын айтқан кезде «пəлен күні жерошағы, пəлен күні ас-

нəзірі» деп атақтап айтылады.

«Жерошағын  майлау»  адамдардың  бір-біріне  деген  достық  пен 

бо рыш ты лық  сезімдерін  күшейтіп,  береке-бірлікке  баулиды.  Адам-


568

568


дарды ақкөңіл, ашық-жарқын, жомарт болуға ынталандырады. Өз ара 

барыс-келіс, алыс-берістерін қоюлатып, əрқашан бір ниет, бір ті лек те 

болуға, бір-біріне үнемі көмек көрсетіп, қол ұштарын беріп оты ру ға 

дағдыландырады.



Ас беру

Қ

азақ  халқы  үлкен  асты  атақ-даңқы  бар,  ел-жұртқа  қадірлі 



адамдар  мен  қарттарға  ғана  береді.  Арман-тілегіне  жетпеген  жас 

адам дар ға арнап өткізбейді, яғни, 60 жастан төменгі кісілерге дабы-

ралы, салтанатты ас берілмейді. Тек көп жасап, немере-шөбере сүйіп, 

артына мол дəулет қалдырған адамдардың асын ғана салтанатты той 

қы лып өткізеді. Сөйтіп, олар перзенттік парыздарын өтеп, əрі руы мен 

ел-жұртының атақ-даңқын асырады. Олай болатыны, дабыралы үл кен 

ас  марқұмның  бала-шағасының  ғана  ісі  емес,  бүкіл  ауыл-аймақтың 

атақ-абыройына саятын іс болатындықтан, астың бүкіл шығымы сол 

ас беретін рудың, тіпті жалпақ елдің мойнына түседі де, олар ас тың 

барша шығынын бөлісе көтеріп, ас өткізуге əзірлене бастайды. Үй, со-

йыс,  күтушілерін  дайындайды.  Əдетте,  асты  марқұмның  жыл  уа қы-

ты на туралап береді. Алайда, оны салтанатты жақсы өткізу үшін жыл 

уақытынан сəл бұрын немесе сəл кейін, көбінде жайлау мен кү зеу де 

береді.  Егер  ас  беруге  мүмкіндігі  бола  тұрып,  марқұмға  ас  бермесе, 

ат  шаптырмаса,  оның  бала-шаға,  туыс-туғандарына  «жетесіз,  қа рау, 

сараң» деген кінə тағылады.

Ертеде,  ас  өткізу  мерзімі  3–4  күнге  жалғасқан,  əрі  сол  күн дер дің 

«үй  тігу»,  «жерошақ  қазу»,  «жерошақ  майлау»,  «мал  сою»,  «бата 

оқыту»,  «ас  беру»,  «балуан  салу»,  «ат  шаптыру»  сияқты  жол-жо-

сын,  рет-тəртібі  болған.  Асқа  марқұмның  құда-жегжаттары  жəне  бі-

лік ті  кісілер  сабаларын  артып,  биелерін  айдап  əкеліп  байлап,  ең  ал-

дымен, шаңырағына қара тігіліп, белдеуіне тұл ат байланған қа ра лы 

үйге беттеген. Оларды ауыл маңындағы дөңес үстінде отырған ауыл 

ақсақалдары  мен  ел  ағалары  жəне  марқұмның  жанкүйер  жа қын да-

ры қарсы алған. Құда-жегжат, дос-жарандары асқа қосар «азаларын» 

(мал,  алтын-күміс,  ақша,  т.б.  заттар)  атаған.  Ауылдың  пы сық,  іс кер 



569

569


жігіттері оларды қошеметтеп, қонақүйлерге (ауыл-ауыл, ру-ру бо йын-

ша  ыңғайлап)  орналастырып,  күндіз-түні  тік  тұрып  күтеді,  əр  үйге 

күн де лік ті  қонақасы  сойылып,  дастарқан  жайылып,  ас  ішкен  са йын 

Құ ран  оқылып  отырады.  Тұл  ат  сойылып,  үлкен  ас  берген  күні  епті 

жі гіт тер тайпалған жорғалармен меймандарға табақ апарып тартады. 

Əр ауыл, əр ру қаралы үйге топ-тобымен барып Құран оқып, бата жа-

сап қайтып отырады. Марқұмның жесірі мен қыздары, келіндері жоқ-

тау айтады. Жиналған жұрт күндіз жамбы атысып, сал-серілер əр түр лі 

қы зық-тамашалар көрсетеді.

Асқа  шақырылған  адам  санына  қарай  қыруар  ірі  қара  жəне  ұсақ 

малдар сойылады. Мұнда, ең алдымен, «көп адам Құран оқып, ауыз 

тисе сауабы тиеді» деп, марқұмның тұлданған атын сояды. Оны сояр 

алдында кекіліне ақтық байлап, ерін теріс ерттеп əкеліп Құран оқып, 

союға алып жүргенде, марқұмның əйелі мен қыздары атпен кө рі сіп, 

сай  сүйекті  сырқыратар  жоқтаулар  айтады  жəне  аттың  шаужайына 

жармасып, сойғызбау райын көрсетеді. Оларға үлкен кісілер бұ рын-

ғы-соңғының жолын ұғындырып, аттан ажыратып алады.

Астың соңғы күні ат шаптырып, жеңімпаздарға бəйге береді, яғни, 

озып келген бəйге аттарға «түйе бастаған тоғыз», «ат бастаған то ғыз» 

деген сияқты тоғыз-тоғыздан бəйге береді. Бəйге алған əр ру, əр ауыл 

бір бəйгенің жүлдесін «ырым» деп қаралы үйге тастайды. Егер, ас бе-

ріп отырған ауылдың аттары озып келсе, онда бəйгеге бе рі ле тін мал-

дүние түгел өздерінде қалады.

Ат бəйгесінен соң, ас салтанаты ақырласады. Алыс-жақыннан са-

балап қымыз артып келгендердің сабаларының түбіне «ыдыстың қоры 

қайт па сын» деп, бір-бір жіліктен «салым» салып қайтарады. Ас өт кен-

ше жілік шағылмайды, сүйек тасталмай, бір жерге көміледі.

Ас беріп, ат шаптырудағы мақсат – жыл бойы жоқтау айтып, «ба-

та оқыр күтіп» отырған қаралы жандарды рухани жақтан сер піл тіп, аза 

мерзімін ақырластыру.

Сондай-ақ, дүйім жұрттың басын бір араға қосып, араздарды тату-

ластырып,  ағайынды  жақындастырып,  адамдардың  бойына  тамаша 

кісілік  қасиет  пен  өнер-білім,  үлгі-тағылым  дарыту  бол ған дық тан, 

асты барынша салтанатты, мағыналы өткізуге күш салады. Асқа жи-



570

570


налған  сал-серілер,  батыр-балуандар,  ақын-жырау,  əнші-күйшілер, 

шешендер  мен  шежірелер  халықтық  дəстүрдің  озық  үл гі ле рін  көр-

сетіп,  жалпақ  жұртты  өз  өнерлеріне  тəнті  етеді.  Билер  мен  білікті 

қариялар  ел  ішіндегі  түрлі  дау-дамай,  ұрыс-керіс  үс ті нен  əділ  би-

лік жүргізіп, өштескендерді достастырып, адасқандарды тура жолға 

салып,  ел  бірлігін  нығайтып,  халықтың  мерейін  тасытады.  Терме-

толғаулар айтып, адам бойындағы кесір-кесапаттарды шенеп, дүние-

нің аумалы-төкпелі, баянсыз екендігін тың дар ман дар ға ұғын ды рып, 

бүкіл қауымды адамгершіліктің ақ жолынан тай мау ға насихаттайды. 

Сөйтіп,  бұл  бас  қосуда  айтылған  қанатты  сөздер  кең  да ла ға  үлгі-

өнеге болып таралып, ұрпақтар жүрегінен мəңгілік орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет