Мерейтой
« М
ерейтой» – халыққа танылған, ел құрметіне бөленген бе-
дел ді, өнер-білімді кісілер, сондай-ақ, ақын-жазушы, əнші-күйші, т.б.
адам дар дың алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз жасқа толған қуа ныш-
ты күндері мен Отанға, халыққа сіңірген еңбектерін құттықтап, көп-
ші лік пен бірге қуаныш бөлісетін мəн-мағынасы терең, тəрбиелік мəні
мен шабыттандыру қуаты күшті тойлардың бірі.
«Мерейтойда» той иесінің елге көрсеткен елеулі еңбектері мен
өне ге лі қасиеттері, өнер-білімі, жеткен жетістіктері мен тапқан та быс-
тары еске түсіріліп, мақтап-марапатталады. Əн-күй, өлең-жыр айты-
лып, сауық-сайран өткізіледі. Той иесіне туыс-туған, дос-жарандары
бағалы тартулар ұсынып, ат міндіріп, шапан кигізеді.
524
524
Күміс той
« К
үміс той» – ұлағатты ұл, тəрбиелі қыз өсіріп, ширек ға сыр
өмірдің ащы-тұщысын бірге татып, қызығы мен шыжығын тең кө ріп,
қайғы мен қуанышта, ыстық пен суықта жұптары жазылмаған ерлі-
зайыптылардың ақ некелі болғандарына 25 жыл толғанда өт кі зе тін
тойлары.
Алтын той
« А
лтын той» – жарты ғасыр тату-тəтті өмір өткізіп, ұлдарын
ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере-шөбере сүйген, ақ некелерін
ардақтап, өмірдің ыстық-суығы мен қиын-қыстау сəттерінде бірге
бол ған, қосақтарымен қоса ағарған ерлі-зайыпты қариялардың не ке-
лен ген де рі не 50 жыл толғанда өткізетін мəн-мағынасы терең, үлгі-та-
ғы лы мы мол тойлары.
Қуаныш тойы
Ұ
лы мақсат-мұраты мен арман-тілегі іске асып немесе ерен та-
быс қа жетіп, бақыт-байлыққа кенелгенде, қуаныш үшін жасалатын
той – «қуаныш тойы» деп аталады.
«Қуаныш тойы» əдетте, өмірінде күтпеген, ой-қиялына кірмеген
жақ сы лық қа ойда жоқта жеткенде, тағдыр тəлкегімен бір-бірінен
ажырап қалған туыстар ойда жоқта қауышқанда, ұзақ жыл перзент
көре алмай жүріп, перзентті болғанда, сондай-ақ, қуаныш иесі той-
лау ға татитын игілікті іс деп қараған өзіндік мəн-мағынасы бар іс тер-
дің барлығына да жасала береді. Əсіресе, ұзақ жылға жалғасқан қыр-
ғын соғыстан аман келген туысқанын көргенде, боздатып ақ түйенің
қарнын жарады. Қойдан екі «көк қошқар», түйеден екі «ақ бураны»
сойып, ұлан-асыр той жасайды. Тіліміздегі «ақ түйенің қарны жарыл-
ды» деген сөз осы қуанышты тойға байланысты қалыптасқан.
525
525
Жеңіс тойы
« Ж
еңіс тойы» – қазақ халқының ертеде жауға аттанған азамат-
тары жеңіспен оралғанда, өз алдарына есе теңдік алып, азаттық пен
бос тан дыққа қол жеткізгенде бүкіл халық болып тойлайтын той ла ры-
ның бірі əрі бірегейі.
«Жеңіс тойының» көлемі өте кең, халықты ұйымдастыру, баурау,
шабыттандыру қуаты ерекше күшті болған. Мұнда түрлі ойын-са уық
жəне спорт қимылдары өте көп болғандықтан, ол бірнеше күнге, тіп ті,
бір-екі аптаға дейін жалғасатын аса салтанатты, дыр-думанды болып
өткен. Ертедегі қазақтың кейбір «жеңіс тойлары» 30–40 күнге де йін
жалғасқан.
Қазақ халқының мереке-мейрам, той-томалақтарының ғылыми
мəні терең, тəлім-тəрбиелік қуаты өте жоғары. Ол халықты ұйым шыл-
дық қа, тəртіптілікке, береке-бірлікке, достыққа, ынтымақ ты лық қа,
ең бек қор лық қа, тазалыққа баулып, қоғамдық қарым-қатынастарын
ны ғай тып, достарын көбейтіп, өрістерін кеңейтеді. Ортаны жасыл-
дандырып, табиғатты аялап, жан-жануарлар мен өсімдіктерді қор ғап,
жер ананы ардақтауға баулиды. Адамдарды ақкөңіл, ашық-жар қын,
меймандос, жомарт болуға дағдыландырады, əрі жігер-күшін тас қын-
да тып, үміткерлік сезімдерін оятады. Өмірдің мəн-мағынасын шы-
найы түсініп, тамаша мінез, мол рухани лəззат алуларына мүмкіндік
жасайды.
АЖАЛ-ӨЛІМ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР
МЕН САЛТ-ДƏСТҮРЛЕР
« А
ғаш бесікке түскен – жер бесікке де түседі, тумақ бар жерде –
өлмек те бар, ажалдан ешкім қашып құтылмайды, өлім қор қы ныш ты
емес, тірлігінде игілікті іс істемеу – қорқынышты» деп қа ра ған қа зақ
халқы өлім мен өмірге саналы, ғылыми негізде қа ра ған. Қыс қа ғұ-
мы рын да адам баласына қолдарынан келгенінше жақ сы лық жасап,
ұрпақтарына өнер-білім, адал еңбек ету жолын үй ре ту мен бір ге, «жұ-
мыр басты пендеге ерте ме, кеш пе бір өлім бар» екен ді гін ерекше ес-
526
526
кер тіп, ажалдан қорқып, үрейленудің ешқандай қа же ті жоқ екен ді гін,
керісінше, бір күндік, бір сағаттық, тіпті, бір ми нут тық уа қыт ты да
ға ни бет біліп, тіршілікте жақсы істерді көп істеп, халыққа көп қыз мет
көр се тіп, жамандық атаулыдан бойды аулақ ұстап, артына өл мес ең-
бек, жақсы ат, тамаша хат қалдырып кетуді адамдық жəне аза мат тық
парыз деп ұғындырған.
«Жақсы адамның өлімі де – өнеге» деп қараған қазақ халқы, өл ген
адамдардың тірлігіндегі істеген істері мен көз жұмар алдында бала-
шаға, бауыр-туыс, дос-жарандарына айтқан өсиеттері мен арыздасу
мезгілінде айтқан ақылдарына қарап, оның қандай адам екен ді гі не көз
жеткізеді. Өлер алдында тірліктегі кеткен кек, өткен өшін ке ші ріп, ел-
жұрт, туыс-туған, дос-жарандарын берекеге шақырып татуластырып,
достастырып кеткен кісілерді ерекше ардақтап, олардың өлі мі нің өзі-
нен үлкен адамгершілік сабақ, үлгі-өнеге алып отырған. Қо ры тып айт-
қан да, қазақ халқы өлімді қорқынышты емес, сын деп қа рай ды. «Өлім
қайда барасың, сынға барамын» дейтін мысал осыдан.
Қазақ халқының өлім-өмір туралы көзқарастары туу, өмір сүру,
өлу ісінің табиғи заңдылық екендігі сынды ақиқатты шынайы ұғы-
нып, адамдық өмірді мəнді, мағыналы өткізіп, адамзат үшін мол ең-
бек сіңіріп, артына жақсы ат, өлмес еңбек қалдырып кетуге баулиды.
Өлім нің өте қорқынышты емес, қайта артына мол үлгі-өнеге қал ды-
рып, халықты береке-бірлікке шақырып кетудің болашақта жыр болар
даңқ ты іс екендігін шынайы сезіндіреді. Адамдарды жігерлі, жалын-
ды, үміткер болуға баулиды. Алаңдау, қорқу, үрейлену сияқты жаман
əдет тер ден арылтып, адамдардың қам-қайғысыз, сау-сəлемет өмір сү-
руі не мүмкіндік жасайды.
Артына мұра қалдыру
« А
ртыңа пұл қалдырғанша ұл қалдыр, бөз қалдырғанша сөз
қал дыр», «артына тек байлық тастап кеткен адам – сорлы, өнеге қал-
дыр ған адам – кемеңгер», «артына өлмес еңбек қалдырған адамның өзі
өлсе де аты өлмейді» деп қараған қазақ халқы, тірліктерінде ел-жұр ты
мен халқына игі істерді көп істеп беруден сырт, арттарына мынадай
527
527
мұра қалдырып кетуді азаматтық жəне адамгершілік парызымыз деп
есептеген.
1. Ақыл-білімді, үлгі-өнегелі, еңбек сүйгіш адал ұрпақ.
2. Шөлге шығарған су, жол, көпір, мешіт, жетімхана, емхана.
3. Мол ақыл-білім беретін, халыққа жақсы-жаманды ұғындырып,
өткен-кеткенін есіне салып, ізгілікке жетелейтін кітап.
4. Бау-бақша, саялы ағаш.
5. Жақсы ат, үлгі-тағылым.
Өлімге келгендердің алдынан қарсы алып
шықпау жəне аттандырмау
Қ
аралы үйге көңіл айта келген адамды қарсы алып, алдынан
шық қан адамды қатты жек көретін қазақ халқы, қаралы үйге көңіл айта
келген адам хан болса да алдынан шығып қарсы алмайды жəне қай та-
тын кезде аттандырып шығарып салмайды. Қазақ ұғымында: қаралы
үйге келгендердің алдынан шығып қарсы алу – «өлім шақырғандық»,
тіп ті, «аруақты қорлағандық» деп қаралады. Себебі, қаралы болған
адамдарды жұбатып, көңіл айту жəне марқұмды жерлеп, соңғы жұ-
мыс та рын ойдағыдай істеу – барша (хан-қараны қамтыған) тірі адам-
дар дың парызы есептеледі. Сондықтан, өлімге келген адам қанша
бай, қанша шен-шекпенді болса да, алдарынан шығып қарсы алмайды
жəне оларды аттандырмайды.
Арыздасу
Қ
азақ салтында, дүниеден өтер адам «енді дəм-тұзым тау сыл -
ды-ау» деген соңғы сағатында алыс-жақындағы бала-шаға, туыс-ту-
ған, дос-жарандарын шақыртып алып, олармен ең соңғы рет қош та-
сып, тірлігінде істеген пендешілік істерін, артық-кемін ке ші ру ле рін
сұрайды. Алыс-беріс, қарыз-құрыздарын адақтайды да, ақтық өсие-
тін айтады. Міне, бұл «арыздасу» деп аталады. Арыздасуда ай тыл ған
ақтық өсиетті, айтқан өтінішті артта қалған адамдар міндетті түр де
орындайды.
528
528
Арыздасуға шақырылып, дүниеден өтер алдында жатқан адам-
ның соңғы рет жүзін көріп, ақтық өсиетін ет құлақтарымен естіген
туыс-туған, дос-жаран, бала-шағалары онымен бақұлдасып қош та-
сып, тір лік те істеген артық-кем істері болса кешіріп, «сен де біздің ар-
тық істеріміз болса кеш! Бақұл бол» деп теріс айналып, көз жастарын
көрсетпей сығып алады. Сол себепті, «арыздасу» кей жерде «ба құл да-
су» делінсе, кей жерде «ант-тəуба мезгілі» деп аталады.
Қазақ халқының адамгершілік пен адалдыққа беріктігі сонша, о дү-
ние ге аттанар алдында да əрбір азаматы арттарына жақсы сөз, жара-
сымды өсиет қалдырып кетуді адамдық жəне азаматтық парызымыз
деп қарайтындықтан, бұл дүниеден аттанған қандайда азаматтың ар-
тында жаман сөз, дау-дамай, өкпе-реніш қалмайды. Қайта, артында
қалғандар оның жақсы іс-əрекеттерін үлгі-өнеге тұтып, өсиеттері не-
гі зін де бұрынғыдан да ынтымақтасып, береке-бірлік жасап, адамдық
өмір ді тату-тəтті өткізуге құлшынады. Мысалы, дəм-тұзы таусылуға
жа қын да ған білікті кісілер тірлігінде кектесіп, бір-бірін көрместей бо-
лып жүрген адамдарын шақыртып алып, «жаман əдет, жат қылық ме-
ні мен кетсін! Артымда қалған ел-жұрт, бала-шаға ендігі жерде тату-
тəт ті өтіңдер! Кеткен кек, өткен өшің болса кешір!» деп, артында қал-
ған ел-жұртын берекеге шақырып, татуластырып кетеді.
«Арыздасу» бұл дүниеден аттанар адамның артында қалып бара
жатқан ел-жұртына жан сырын ақтарып, арманын тарқатса, көңілге
ал ған кейбір істерін өз көзінің тірісінде біржақты етіп, көңіл күйін
ор нық ты рып, «өлім» атты ұлы сапарға армансыз аттануына мүм кін-
дік жасайды. Жаны қиналмай, көзі тез жұмылады, ішінде айтылмай
қалған арман-дерт кетпейді. Оның артында қалған туыс-туған, дос-
жарандары бұрынғыдан ары ынтымақтасып, қоғамдық қарым-қа ты-
нас та рын нығайтады. Достары көбейеді, өрістері кеңейеді. Адамзат
қо ға мы мен тіршілік заңдылықтарын терең ұғынуларына мүмкіндік
жасап, адамдарды адал, ізгі ниетті, мейірімді, қайырымды болуға бау-
ли ды. Кеңпейіл, кешірімді болып, тыныш, орнықты, баяшат қоғам құ-
руы на негіз қалайды.
529
529
Өсиет
Ө
сиет – көп жасап, көпті көрген білікті қариялар мен түрлі се-
бептерден ауырып-сырқап мертігіп өлім аузында жатқан адам дар дың
пəни дүниеде қалып бара жатқан ел-жұрт, туыс-туған, бала-ша ға ла ры-
на айтып кеткен ақылы мен келелі кеңесі жəне ең соңғы тапсырмасы
мен өтініші. Міне, бұл «өсиет» деп аталады.
Ертеде көреген, білімді адамдар көздері тірі кезде, яғни, ес-ақы лы
дұрыс, тілі түзу мезгілде туыс-туған, жанашыр жақындарын қа сы на
ша қы рып алып өштескендері болса достастырып, өш-кектері болса
ке шір тіп, артта қалып бара жатқан бала-шағалары мен мал-жан да ры-
ның қамын орналастырып, көз жұмғаннан кейін сүйегін кімдер ұс тап,
қай жерге жерлеу керектігіне дейін айтып, өсиет қалдырып ке те тін
дəс түр болған.
«Өсиет» адамдарды адалдыққа, тектілікке, сондай-ақ, өс ке лең
адам гер ші лік ке баулиды, əрі достыққа, береке-бірлікке, та ту лық қа
жетелеп, адамдар арасындағы өштік, қастық пен жауласуға ты йым
салады. Кісілік қарым-қатынасты жақсартып, тыныш, орнықты қо ғам
құ ру ға дағдыландырады.
Атау-кере
« Е
нді көз жұмар шағым жетті» деген адамның «арыздасу» сал-
тынан соң, оның бала-шаға, туыс-туғандары «ел аяғын ауыр лай ды»
деп, хал үстінде жатқан адамды оңаша қарайды. Сондай бір сəтте ел-
жұрт, бала-шағаларына арыз-арман, үміт-тілегін ақтарып тастап, кө-
ңіл күйі орныққан науқас адам сергіп, басын көтеріп, əңгіме, тіпті,
əзіл-қалжың айтып, ас-су ішіп, ақырын жүріп-тұра бастайды. Дү ние-
ден өтер адамның бұл қимылын қазақ халқы «бой жазу» деп атайды,
əрі оған сол кезде ең соңғы рет «атау-кере» деп аталатын тамақ əзір-
леп іш кі зе ді. Осы күні тілімізде қолданып жүрген «атаукереңді іш»
деген қар ғыс, міне, осы іске байланысты айтылған.
Көз жұмар адамға «атаукере ішкізу» адамдарды мейірімділікке,
жанашырлыққа баулып, ауру-сырқау адамдарға өмірінің соңына де-
530
530
йін қабақ шытпай жақсы қарап, не ішіп, не жеймін десе соны əзір леп
беріп, олардың бұл дүниеден риза-қоштықпен аттануына мүм кін дік
жасайды. Сонымен бірге, ауру адамдарды бағып-қаққан адамды түр лі
өкініш пен күдік-күмəндардан арылтып, уайым-қайғы мен өкі ніш тен
туындайтын түрлі ауру-сырқаулардан сақтайды.
Имансу ішкізу
К
өз жұмарға жақындаған адамның жарық дүниеге таласып, жан
азабы мен тəн азабын қатты тартатын, тіпті, бір ұрттам су сұрап ішу ге
де зəру болатын кезі болады. Сондай кезде оның басы-қа сын да бол-
ған жанашыр жақындары мүмкіндігінше тілін калимаға кел ті ре ді.
Оған мүмкіндік болмаса, иман айтып суға дем салып, нау қас адам-
ның аузына ауық-ауық тамызып отырады. Бұл «имансу іш кі зу» деп
аталады. Ал, науқас адам жан тапсырса, имансу берген адам біл ген
иманын айтып, көзін сипап жұмдырып, қол-аяғын созып, шал қа сы-
нан түзу жат қы зып, жағын ақ дəкемен таңып, бетін жауып қояды. Сол
кезде үй де гі бала-шаға, туыс-туғандары дауыс салып жылайды. Да-
уысты ес ті ген көр ші-қолаң, туыс-туғандары дереу келіп, мар құм ның
бала-ша ға ла ры мен көрісіп, көңіл айтады. Қаралы үйдің жөн көр се туі-
мен дереу жан-жаққа хабаршы шаптырады. Одан соң, ауылдан іс кер,
пы сық бір адам марқұмның артқы жұмыстарын басқару ісіне жа уап ты
болып, туыс-туғандарына қаралы хабарды жеткізу, көңіл айта кел ген-
дер ді орналастыру, қабір қаздыру, сүйекті жудыру, ке бін деп қой ды ру,
сондай-ақ, жерлеуге, сүйекке түсуге қатысты алым-бе рім іс те рі мен
марқұмның жеті-нəзірі өткенге дейінгі барлық ісін бас қа рып, жөн ге
салып отырады.
Марқұмның əйелі мен қыз-қырқын, келін-кепшіктері үйде қо ра ла-
нып отырып, күндіз-түні жоқтау айтады. Ал, еркек кіндікті бала-шаға,
туыс-туғандары есік алдында қаз-қатар тізіліп тұрып, «ой, бауырым-
дап», келгендермен көріседі.
«Имансу ішкізу» көз жұмғалы қиналып жатқан адамның о дү ние
жұмаққа деген сенімін арттырып, жанының қиналмай тезірек шы-
ғуы на мүмкіндік жасайды. Себебі, қазақ ұғымында көз жұ мар кезде
531
531
«имансудан татқан адам жұмаққа барады» дейтін наным бар. Сондық-
тан да, жаны қиналып не қыларын білмей жатқан адам «имансудан»
тат қан соң, бұл өмірден мүлде күдер үзіп, болашақ жұмаққа те зі рек
кетсем екен деп, іштей əзірлене бастайтындықтан, жаны қи нал май тез
шығады.
Оң босағаға салу
Қ
алыптасқан салт бойынша, адам қайтыс бола салысымен жа-
ғын таңып, қол-аяғын түзеп, дереу арнаулы үй, шатыр тігіп немесе
оңаша бір үйге алып шығып сақтайды. Ондай арнаулы үй тігуге жағ-
да йы келмесе, марқұмның жатқан үйіндегі азық-түлік, шыны-аяқ тү-
гел сыртқа шығарылып əкетіледі де, марқұмды жерлегенше сонда
жат қы за тұрады.
Қазақ халқының қайтыс болған адамды қалай жатқызып, сү йе гін
қалай сақтауының да өзіндік жол-жосыны бар. Мысалы, қай тыс бол-
ған адамды үйдің оң жақ босағасына басын солтүстікке, бет ті (жү зін)
құбылаға қаратып, астына төсеніш төсеп, шалқасынан түзу жат қы-
за ды да, үстіне жеңіл, жұқа мата жауып, шымылдық тартып, көз ден
көлегейлеп тастайды. Міне, бұл «оң босағаға салу (жат қы зу)» де лі-
неді.
Əдетте, жеті-нəзірі өткенше марқұм болған кісінің бала-ша ға ла ры
мен тіке туыстары қазан-аяққа араласып ас-су əзірлемейді. Тек кө ңіл
айта келгендермен көрісіп, жоқтау айтып отырады. Алыс-жа қын нан
кө ңіл айта келгендерді күту көрші-қолаң, құда-жег жат та ры ның мін-
де ті болады.
Дəрет суын беру
Қ
айтыс болған адамды оң босағаға салар алдында туыс-ту ған,
бала-шағаларынан жөн білетін үш-төрт адам марқұмның үс тін де гі
киімдерін жыртып-жыртып алады. Марқұмды таза сумен жуып шы ға-
ды. Міне, бұл «дəрет суын беру» деп аталады. Кей жерде ол «мей рам
суы», кей жерде «шілде суы» деп те айтылады.
532
532
Марқұмның «дəрет суын беруде» оны жуған адамдар біл ген де-
рін ше иман айтып, ең алдымен астын (жыныс мүшелерін) аз дегенде
үш реттен жоғары жуады. Одан соң, екі қолын шынтағына де йін үш
реттен жоғары жуып, аузы-мұрнына су жібермей, үш реттен сипай
жуады. Əдеттегі дəрет алдырып, онан соң басынан бастап, алдымен,
оң жақ дене мүшесі, онан соң, сол жақ дене мүшесін əбден тазар-тып
жуып, құрғақ кездемемен сүртіп денесін құрғатқан соң, оң босағаға
жатқызып, үстін ақ кездеме немесе матамен жауып қояды.
«Оң босағаға салу» жəне «дəрет суын беру» түрлі жұқпалы ау ру-
лар дың тарап кетуінің алдын алады жəне марқұмның жаназасын шы-
ға рар алдында сүйегін жууға қатынасатын кейбір тə жі ри бе сіз адам-
дар дың сескеніп, ұшынып қалуынан сақтайды. Адамдарды туыл ған-
нан өлгенге дейін ұдайы жуынып таза жүруге дағдыландырады.
Сүйек күзету
Қ
азақ халқы қайтыс болған адамды мүмкіндігінше тез жер леу-
ге тырысады. Алайда, ұлан-ғайыр кең далаға бытырай қо ныс тан ған-
дықтан, туыс-туған, бала-шаға, құда-жегжаттары келгенше сү йек ті
бір-екі күн сақтап, туыс-туғандары түгел келген соң, дереу жер лей ді.
Егер, тоспаса болмайтын өте жанашыр, жақын адамдары бір-екі күн
ішін де үлгеріп келе алмаса, онда мүрдені (бұзылып кетпеу шар ты мен)
астына мұз төсеп немесе балауса жоңышқаға орап, сақтайды.
Əдетте, адам қайтыс болып, бойынан жан кеткен соң, оны дереу
оң босағаға салып, сүйекті жалғыз тастамай, ауыл адамдары мен
молда-қожалар иман үйіріп, шариғат айтып, күндіз-түні қасында
отырып күзетеді. Білікті қариялар марқұмның тірлігіндегі игі іс те рін
еске алып, өмірдің баянсыздығын, дүниенің жалғандығын, жұ мыр
басты пендеге сұм ажалдың қашанда бір келетіндігін, со н дық тан
марқұм болған осы адам сияқты артына өлмес өнеге қал ды рып кету
керектігін ұрпақтарының құлағына құйып отырады. Кеште алыс-
жуық тан көңіл айта келгендер мен сүйек күзетушілерге арнаулы
қо н аға сы беріледі жəне арнаулы бір үйде ауық-ауық шай құ йы лып
тұрады.
533
533
«Сүйек күзетудің» де өзіндік ғылыми негізі жəне тəлім-тəр бие лік
мəні бар. Ол тірі адамдардың өлген туысқандарының артқы жұ мыс та-
рын адалдықпен атқарудай жауапкершілік жəне борыштық се зім де рін
күшейтеді. Өлген адамның дене мүшелерін құрт-құмырсқа, мы сық,
тышқан тектес жəндіктердің зақымдап кетуінен қорғайды. Ұр пақ тар ға
адам баласының түбінде бір өлетіндігі сынды ақиқатты ұғын ды рып,
адамдарды ізгі ниетті, адал, арлы болып, тірлігінде халыққа көп үлес
қосуға баулиды.
Естірту-хабарлау
Қ
азақ халқының кісілік қарым-қатынас салтында марқұм бол-
ған адамның өлім хабарын оның жақын туыс-туғандары мен ел-жұр-
ты на неғұрлым тез жеткізіп, марқұмды уақытында кешіктірмей жер-
леу тірі адамдардың, айналасындағы көрші-қолаң, ауылдас, жер лес те-
рі нің бас тартуға болмайтын адамдық əрі азаматтық парызы саналады.
Сол себепті, ауылдарынан біреу қайтыс болса, оның көрші-қо лаң да ры
мен ауылдас, жерлестері мойындарына түскен өз қарыз-парыздарын
адалдықпен атқаруға ерекше күш салады.
Қазақ халқының өлім хабарын жеткізуінің өзіндік жөн-жосығы мен
үлгі-өнегесі бар. Өлім хабарын елге жеткізуші адам өте сұсты, суыт
жүреді, əрі қалыптасқан өлшемді сөз, өнегелі тəсілімен өлім хабарын
тұспалдап жеткізеді. Мысалы, əдеттегі таныс-білістеріне «пəлен деген
кісі, пəлен уақытта қайтыс болып кетті, пəлен уақытта, пəлен жерде
жаназасы шығарылады» деп өлім хабарын ашық айтып жет кіз се; ал
марқұмның ұл-қыздары мен тіке туысқандарына өлім хабарын ашық
жеткізбей, алдымен сол ауылдағы ел ағалары мен қа рия ла ры на барып,
мəн-жайды түсіндіреді. Онан соң, олар дереу топтасып барып шешен
тіл, көсем сөздермен суық хабарды ашық айтпай, оған тұс пал дап жет-
кізеді. Сондай кезде сергек те сезімтал адамдар бір топ сыйлы адам-
дардың ойда жоқта жетіп келуіне қарап, əлде бір сұм дық тың болға-
нын аңғарып, көңіл күйі астаң-кестең болып дағдарып қа ла ды. Дəл,
сол сəтте бұлбұл көмей, жез таңдай қариялар алыстан ора ғы тып, ал-
дымен көңіл аулар, одан соң ой салар, соңында басқа түскен қай ғы ға
534
534
қара нардай қайрат көрсетер əңгімелер айта келіп, ақырында қа ра лы
хабарды тұспалдап, астарлап отырып ұғындырады, əрі тоқтау айтып
жұбатып, ат-көлік əзірлетіп, оны көп кідіртпей жолға салып жі бе ре ді.
Əдетте, қайтыс болған адамның жасы, білім деңгейі, атақ-даң қы на
қарай, қаралы хабарды оның өз ел-жұрт, бауыр-туыс, ру-тайпаларына
жеткізуден тыс, маңайдағы өзге ұлт, өзге ұлыс, өзге ру-тай па лар дың
беделді адамдары мен ел ағаларына да жеткізеді. Егер өлім хабарын,
əсіресе, беделді адамдардың өлімін ағайын-туыстарына жəне қа нат-
тас отырған ауылдар мен ру-тайпаларға естіртпей, өздері жерлесе, ол
əдеттегі өкпе-наздан асып, бір-бірін сындыратын сықақ пен ажуа ға
айналады. Тіпті, бетке салық, сүйекке таңба боларлық əң гі ме лер ге ар-
қау болып, ағайын мен ел-жұрт арасына жік түсіреді.
Қалыптасқан салт бойынша, тірліктерінде бір-бірімен дауласып,
жауласып өткен жəне бір-біріне кешпес кек байлағандар (мейлі ол
бауыр-туыс, құда-жегжат болсын) өлер алдында «егер көз жұм сам,
пəленге хабар берме, сүйегімді оған ұстатпа (жудырма), топырақ сал-
дырма» деп өсиет қалдырса немесе марқұмның артында қалған бала-
шаға, туыс-туғандары жеке бастық өштік-қастықтары себепті оларды
қаралы салттан хабарсыз қалдырса, ол қарсы жақтағы адамдар үшін
өте үлкен жаза əрі қатты қорлау, масқаралау есептеледі. Сондықтан да,
қазақ халқы өлім хабарын ел-жұртқа жеткізу ісіне өте мұқият қа рап,
хабарға өте сенімді, іскер, ат-көлігі жарамды адамдарды жұмсайды.
«Өлім хабарын естірту əдістері» адамдарға адам өмірінің шек-
ті лі гі мен өмірге біреу келсе, біреу кетіп тұратын ұласпалылығын
(ке зек ті лі гін) ұғындырып, аз күндік өмірде игі істерді көптеп істеп,
адамдармен тату-тəтті өтіп, артына жақсы ат қалдырып кету қа жет-
ті лі гі туралы ой салады. Ойда-тұста жоқ қорқынышты, суық хабарды
аяқ астынан естіп, жүрек қызметі бұзылу, қан қысымы өрлеу сияқ ты
құбылыстардан сақтайды. Адамдарға бас аман, ден сау кезде өз ге лер-
мен өштесіп-қастаспай, ынтымақты болу қажеттілігі жөнінде те рең ой
салады. Адамдарды махаббат-кегі айқын, адал, арлы, ізгі ниет ті болу-
ға баулиды.
535
535
Достарыңызбен бөлісу: |