Күтілетін нәтижелер:
- екі-үш бөліктен тұратын ойын әрекеттерін орындайды, оларды күрделі емес мазмұнмен біріктіреді;
- рөлдік қылықтардың қарапайым түрлерін көрсете алады;
- әрекетті ойыншықтың бірінен екіншісіне ауыстырып, ойында 2-3 бірізді эпизодты орындайды;
- ойынға ойыншықтар мен атрибуттар таңдап алуды, ойыншықты өзімен бірге ойнайтын серіктесі ретінде қолданады;
- ойында орын алмастырушы – заттарды сызатты қолдануды, бірлескен ойынға қатысуды, өздігінен ойнау үшін (2-3 баладан) біріге алады;
- ойында тек балалардың жанында емес, сонымен қатар басқа балалармен бірге ойнап, құрдастарына мейірімді бола алады;
- ойыншықтармен сахналау және ойындарға белсенді қатысады;
- ойынның мазмұнын дамыту үшін құрылыс материалдарынан құрылыс сала алады;
- тәрбиешімен бірге қарапайым мазмұнды, күрделі емес қимылды ойындарды ойнайды;
- кейбір кейіпкерлердің бейнелі әрекетін бере алады;
- дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын көрсетеді.
Еңбек әрекетін ұйымдастыру
Мақсаты: балаларды өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағыларын және еңбекке қызығушылығын қалыптастыру.
Міндеттері:
- ересектердің тапсырмаларын орындауға белсенділікті, қызығушылықты және ынтасын қалыптастыру;
- қиындықты жеңе білу қабілетін дамыту, дербестікке тәрбиелеу;
- ересектердің еңбек әрекеттеріне қызығушылыққа, оларға көмектесуге тәрбиелеу.
Балаларды киінуге, шешінуге, ересектердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуге , түймесін ағыту, бәтеңкесінің бауын шешуге, шешкен киімдерін бүктеуге, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюге үйрету.
Киімдеріндегі олқылықтарды байқауға, ересектердің көмегімен өзін тәртіпке келтіре білуге тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттану сезімдерін дамыту.
Балаларды қарапайым шаруашылық-тұрмыстық еңбекке баулу. Алдымен тәрбиешінің көмегімен, кейін бақылаумен үстелге орындықтарды қою, үстел үстіне қасықтарды, нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қою; ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті қарындаштар, тақта, шүберектерді қою, ойыннан соң ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастыру, құстар мен балықтарға жем шашу, өсімдіктерді суару.
Тәрбиешімен бірге учаскеге ойыншықтарды шығару, учаскені жинастыруға қатысу, қардан құрылыс жасау.
Балаларды тапсырманы орындаудың басы мен соңғы нәтижесінің арасында байланыс орнатуды үйрету.
Зат құралдарымен таныстыру, құралдармен таныстыру, баламен іскерлік ынтымақтастық үдерісінде құралдармен орындалатын қарапайым әрекеттерді қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |