Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет97/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

3. Тәрбиелеу және оқыту мазмұны
5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың денесінің, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дамуы, денсаулығын нығайтуға және білімін, білігін мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 25-30 минуттан ересек топта аптасына 17 сабақ өткізіледі. Осы жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мазмұнын игерту білім беру салаларын кіріктіру жолымен және заттық-дамытушылық ортаны қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.


«Денсаулық» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- дене шынықтыру;
- қауіпсіз мінез-құлық негіздері,
- валеология ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
«Денсаулық» білім беру саласын ұйымдастыру мен өткізу балалардың өмірін қорғау, денсаулығын нығайту және негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру мақсатына қол жеткізуге бағытталған.
Мақсаты: баланың денсаулық қорғау және нығайту.
Міндеттері:
- салауатты өмір салтын ұстауды, дене сапаларын дамыту;
- тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қозғалу тәжірибелерін байыту;
- тәрбиеленушілерде шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін қолдана отырып қимыл белсенділігіне сұраныстарын қалыптастыру.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Дене шынықтыру
Негізгі қимыл түрлерін дамыту бойынша жаттығулар
Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың біліктері мен дағдыларын жетілдіру және бекіту.
Негізгі қимыл жаттығулары
Жүру: түрлі қарқында бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау; бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып; заттарды аттап, заттар арасымен; қолды түрлі қалыпта ұстап; тәрбиешінің белгісімен тоқтап; қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап, заттар арасымен; адымдап алға қарай жүру; жүгіруді алмастыра жүру.
Жүгіру: бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында; заттарды аттап; бір сызыққа қойылған заттар арасымен «жыланша» ирелеңдеп, кедергілерден өту арқылы; табиғи жағдайларда кедергілерден өту арқылы; түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5-2 мин.
Секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3-4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру; тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап; түзу бағытта (арақашықтығы 6 м); қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м); орнынан биіктікке; жіптен, сызықтан секіру; оң және сол аяғын кезектестіріп; биіктіктен; 20 см дейінгі биіктіктегі зат үстіне секіру.
Лақтыру, қағып алу, домалату: қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (4-5 рет); допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату; допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу; 2-2,5 м арақашықтықтағы нысанаға допты, қапшықты, тасты, асықты дәлдеп лақтыру; допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра лақтыру; допты екі қолымен заттар арасымен жүргізу (арақашықтығы 4 м); алға қарай жылжып қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4-5 м).
Еңбектеу және өрмелеу. Биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге тигізбей, жанымен еңбектеу; гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу; көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу; гимнастикалық орындық астынан еңбектеу; доға астымен еңбектеу (биіктігі 50 см); доғаның астымен қолына допты ұстап еңбектеу (биіктігі 50 см); көлбеу басқышқа шығу, доғаның астымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеу; кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу; қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірімен топталып шеңбердің ішінен өту.
Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру; кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру; орындық үстімен текшелерден аттап, әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан қолға ауыстыра отырып, басына қапшық қойып жүру; арқан бойымен бір жақ жанымен қырындап (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге) жүру; кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру.
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сапқа бір қатармен тұру; сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұру; бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу; қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда – қолды жан-жаққа созып тік тұру; секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу.
Музыкалық-ырғақты жаттығулар. Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет