5. Ата-аналармен жұмыс Мектеп жасына дейінгі бала үшін отбасы – оның тұлғасының даму жолын анықтайтын өмірлік қажетті әлеуметтік орта. Ол баланы эмоционалды қорғау мен психологиялық қолайлылықты қамтамасыз етеді, оған өмірлік тірек береді. Отбасы махаббаты баланың жеке қасиеттері мен өзін-өзі сыйлау сезімін туындату мен нығайтуға мүмкіндік береді.
Мақсаты: ата-аналық құзыреттіліктің қалыптасуындағы және баланың есею шамасы бойынша оған жеке ата-аналық қатынасты түзетуді жүзеге асырудағы білікті көмекті қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- әрбір тәрбиеленушінің отбасымен серіктестік қарым-қатынасты орнату;
- балаларды дамыту және тәрбиелеу үшін күш біріктіру;
- мүдделердің ортақтығы, бір-бірінің мәселесінде эмоциялы қолдау және түсіну атмосферасын құру;
- ата-аналардың тәрбиелеу біліктілігін жандандыру және байыту, олардың өзіндік педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімділігіне қолдау көрсету;
- баланы жақын адамдарына сыпайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Педагогтың ата-аналарда бала тәрбиелеудегі өзіндік көзқарастар мен ой-пікірлерге саналы қарым-қатынасты дамытуға, ал балаларда – өз туыстарына сыйластықты қатынасты дамытуға бағытталған отбасымен ынтымақтастықты ұйымдастыруы.
Ашықтық атмосферасын құру. Ата-аналарға балабақшадағы бала өмірі мен еркін танысу құқығын ұсыну, оның құрдастарымен қарым-қатынасын білу, баланы іс-әрекеттің алуан түрлерінде көру: ойындар, еңбекте, компьютер алдында, тамақтану кезінде, серуендеуде, бассейнде және спорттық залда көруге мүмкіндік беру. Балалар мен ересектердің өзара әрекеттестігі үшін ситуацияларды құру қажет: баламен бірге жабыстыру, желімдеу, сурет салу, ойнау, билеу, бір-біріне сұрақ қою, жұмбақтарды шешуді ұсыну, педагогтар ата-аналарды білім беру үдерісіне қатысуға шақырады, ата-аналарға ұйымдастырылған оқу әрекетінің әралуан түрлерін көрсетеді.
Педагогтар мен ата-аналардың диалогқа ұмтылысы. Педагогтар отбасы мүшелеріне күннің жарқын әсерлері, бала сәттілігі жөнінде әңгімелейді. Ата-аналар мен педагогтар мәселені бірге талқылайды және баланың ата-анасы өзін сүйетіндігін және оны қандай болса, сондай күйінде қабылдайтындығын сезінуі үшін отбасы мүшелеріне эмоциялы қолайлылық пен қамқорлық атмосферасын құруы қажет. Балалардың ата-аналары мен қатынас жасау кезінде, тәрбиеші оларды баламен қарым-қатынас жасау тәсілдерімен және отбасындағы педагогикалық ықпалдастықтың тиісті тәсілдерімен таныстыруды жалғастырады. Ол ата-аналарды тіл дамыту және тілдік қатысымды дамыту тәсілдерімен байытады. Отбасының балада сүйіспеншілікті, назар аударуды, есте сақтауды, қабылдауды, бейнелі ойлауды, ойлауды дамытуы үшін отбасы мүмкіндіктерін көрсетеді. Ата-аналармен бірге балалардың дербес көріністері, оның іс-әрекет ерекшеліктері, әдеттері мен басым сипаттары жөнінде ойластырады. Ата-аналармен қарым-қатынас жасау үшін педагог әр түрлі белсенді түрлерді, атап айтқанда, тренингтерді, пікірталастарды, практикумдарды, дәрістерді пайдаланады.
Ата-аналардың мамандармен, психологтармен, логопедтермен құпия қарым-қатынас жасауы үшін жағдай құру да маңызды. Ата-анаға психолог, логопед, медициналық қызметкерлер құрамымен, қосымша білім беру мамандарының жұмысымен, баланың дамуындағы ілгерілеу мен оның мәселелері туралы танысу құқығы берілуі қажет.
Педагогтардың тәрбиеленуші өмірімен үй жағдайында танысуы. Тәрбиешіге мәселеге және отбасының ішкі мұқтаждықтарына жақындау мүмкіндіктері ашылады, ол ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктерін, олардың тәрбиелеудегі көзқарастарын жақсы ұғынуға, бала тұлғасының ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік алады. Қиын отбасылық жағдайдан шығу жолын отбасылық құпияларды әйгілемей-ақ, отбасымен бірге іздестіру қажет. Оң отбасылық тәжірибе туралы ақпарат ата-аналардың келісімімен басқа ата-аналарға айтылады.
Жұмыс түрлері:
- рөлдік ойындар;
- педагогикалық сандықша (отбасы, балабақша тәжірибесі);
- жеке әңгімелесу;
- түрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын пайдалана отырып, ересектер мен балалардың бірлесе тынығуы;
- фольклорлық отбасылық кештер;
- танымдық ойындық викториналар;
- педагогикалық тренингтер;
- пікірталас клубы;
- «Сенім» клубы (ата-аналардың мамандармен құпия қатынасы);
- көрмелер ұйымдастыру;
- ақпараттық және тақырыптық стендтер мен фотомонтаждар;
- радиохабарлар және бейнефильмдер;
- конференциялар;
- дәрістер;
- отбасына бару.