Күтілетін нәтижелер:
- сөздегі дыбыстың орнын біледі;
- сөз жасау дағдыларына ие;
- қысқа сипаттау және баяндау әңгімелерін құра біледі;
- сөзді септей, көптей, тәуелдей және жіктей біледі,
- сөзді тыңдай және түсіне біледі.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу
Дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту; дауыссыз с-з, с-ц, ш-ж, ч-ц, с-ш, ж-з, л-р дыбыстарды ажырата білу.
Сөздегі дыбыстардың орнын анықтау, екпінді дыбысты айқындау, сөздегі буын саны мен сөйлемдегі сөздер санын анықтау дағдыларын қалыптастыру.
Берілген дыбысқа сай сөздерді айтылуына қарай салыстыра білуді жетілдіру, сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларына үйрету. Жаңа сөз түрлерінің пайда болуына қызығушылығы мен сыни қатынасын тәрбиелеу, дұрыс сөйлеуді құрастыруға талпынысын арттыру.
Сөздік жұмыс
Сөздік қорын байытуды жалғастыру. Жалпылаушы сөздерді қолдана білуді, түрлі логикалық топтарға жататын (жинақтау) заттарды атай білу іскерлігіне, сөйлемде көпмағыналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға; белгілі бір заттың белгілеріне қарай, затқа әрекет етуді және берілген әрекетке зат таңдай білуге жаттықтыру.
Қажетті сөздерді дұрыс түсіну және қолдануын қалыптастыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану. Сөзге қызығушылығы мен зейінін арттыру.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Тілдің грамматикалық дұрыстығын және тілдің морфологиялық қырын қалыптастыруды жалғастыру. Етістіктерді дұрыс қолдана білуге, сөздерге көптік, септік, жіктік жалғауларын дұрыс жалғай білуді бекіту. Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру.
Сөздердегі дұрыс емес дауыс екпініндегі, дауыссыздардың ауысуындағы қателерді байқауға үйрету.
Сөздерді түрлі әдістермен құрай білу және түбірлес сөздерді қолдану іскерліктерін бекітуді жалғастыру.
Жай сөйлем, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана білуге жаттықтыру. Дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу іскерлігін дамыту, оларды ауызекі тілде қолдану.
Көпше түрдегі зат есімдерді атау, ілік септіктерінде, етістіктерді бұйрық райда, сын есім мен үстеулерді салыстырмалы шақта, септелмейтін зат есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.
Әңгімелеуге үйрету
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттау, баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуді жаттықтыру. Сөйлеу мәдениетіне үйретуді жалғастыру, таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету.
Сөйлеу тілін қалыптастыру
Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктеріне жаттықтыру.
Балаларды бір-бірімен еркін тілдік қарым-қатынасқа баулу.
Диалогтік сөйлеу тілін дамытуға негіз болатын түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану.
Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылықпен әңгімелеу
Ұсынылған тақырыптар бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табуға жаттықтыру; ұсынылған тақырыптар негізінде бір-бірімен байланысқан мазмұн бойынша сипаттау және баяндау әңгімелерін ойлап табуға, сөйлемдерінде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету.
Өмірдегі әртүрлі көріністерді бақылай отырып, әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |