40
ҚОРЫТЫНДЫ
Ғаламдық масштабта ауа температурасының көрсеткіші бойынша 2012 жыл 1850
жылдан бастап ең жылы жылдардың ондығына енді (9 орынды иеленді). Сонымен қатар
2012 жыл ауаның орта жылдық ғаламдық температурасының базалық кезеңінен
(1961…1990 жж., 14°C) жоғары болған жылдардың тізімін толықтырды, ондай
жылдардың жалпы саны - 27.
Қазақстан аумағы бойынша (118 метеостанция) орташа алынған ауа
температурасының орта жылдық көрсеткішінің кемуі бойынша саралау - 2012 жыл 27
орынды иеленгендігін көрсетті (1941 жылдан бастапқы кезеңде).
2012 жылғы ауаның орта жылдық температурасы (2011 ж. желтоқсан – 2012 ж.
қараша) республиканың батысында жəне солтүстік-батысында 1,0…2,0 ºС нормадан
жоғары болды. 2012 жыл Ақтөбе облысының аумағына 10 пайызға айрықша жыл болып
енді. Қазақстанның басқа барлық аумағында ауа температурасының ауытқуы 2012 жылы
±1
°С шегінде болды. Жауын-шашынның жылдық сомасының тапшылығы (жауын-шашын
көлемі нормадан 40…60 пайыз) 2012 жылы Ақтөбе, Жамбыл жəне Алматы облыстарында
байқалды. Республиканың басқа аумағында жауын-шашын көлемі 80…120 пайыз шегінде
болды.
2012 жылғы жағдайды маусымдар кезеңінде сипаттай отырып, Қазақстанның
барлық аумағында суық жəне айрықша суық қысты (2011 ж. Желтоқсан – 2012 ж. Ақпан)
атап өтуге болады, ауа температурасының ауытқуы -2,0…-7,0 ºС шегінде болды. Айрықша
төменгі температура (нормадан 5,0 ºС…7,0 ºС төмен) ШҚО, Қарағанды жəне Павлодар
облыстарында байқалды. 30 пайыз метеостанцияларда қыс 1941 жылдан бастап 10 пайыз
айрықша суық қыстар қатарына кірді. Аз жауын-шашын, норманың 20…40 пайызы,
батыс, орталық, солтүстік жəне шығыс Қазақстан аумағының көпшілік бөлігіне түсті.
Аталмыш аудандарда қыс 10 пайыз айрықша құрғақ қыстар қатарына кірді.
2012 жылдың көктемі Қазақстанның барлық аумағында жылы жəне айрықша
жылы болды (1,0…4,5 ºС нормадан жоғары). Ауа температурасының – 3,0…4,5 ºС мəнді
ауытқулары солтүстік, батыс оңтүстік облыстардың бөлігін, сонымен қатар Қазақстанның
орталық аудандарын қамти отырып, Қазақстан аумағының көпшілік бөлігінде байқалды.
2012 жылдың көктемі айрықша жылы көктем мерзімдерінің 10 пайызына енді. Көктемдегі
жауын-шашын тапшылығы Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс жəне шығыс
облыстарында байқалды. Қазақстанның орталық бөлігінің кейбір аудандарында жауын-
шашын көлемі нормадан 20…100 пайызға асты.
2012 жылғы жаз республиканың барлық аумағында жылы жəне айрықша жылы
болды (0,1…4,0 ºС нормадан жоғары). Ауа температурасының айтарлықтай ауытқуы –
2,5…4,0 ºС батыста байқалды, барынша Ақтөбе облысының солтүстігінде, онда ауытқулар
4,0 ºС жоғары болды. Көпшілік метеостанциялардың (90 пайыздан аса) деректері бойынша
2012 жылғы жаз айрықша жылы жаз мерзімдерінің 10 пайызына енді. Жазда республика
аумағының көпшілік бөлігінде жауын-шашын нормада түсті, кей жерлерде
20…100 пайызға жоғары. Жалпы нормадан ауытқыған жаз Ақтөбе, Қостанай, Павлодар
41
облыстарының кейбір аудандарында жəне Қазақстанның оңтүстігінде болды, онда жауын-
шашын норманың 60 пайызын құрады.
2012 жылғы күз Қазақстанның солтүстік-батысының жартысында жылы жəне
айрықша жылы болды, онда ауа температурасы нормадан 1,0…3,0 ºС жоғары болды жəне
ШҚО, Қостанай, Ақтөбе облыстарының көпшілік метеостанцияларының деректері
бойынша күз айрықша ыстық күз мерзімдерінің 10 пайызына енді. 2012 жылғы күзде
жауын-шашын тапшылығы (40-60 пайызға дейін) Қазақстанның оңтүстік жартысында, кей
жерлерде батыста жəне оңтүстікте айрықша құрғақ болды. Қарағанды, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын көлемі
нормадан 20…40 пайызға асты. Қазақстанның басқа аумағында жауын-шашын норма
шегінде болды.
2012 жылы температура режимінде айрықша құбылыстар байқалды. Солтүстік
Қазақстанда орналасқан екі метеостанцияда (Есіл МС мен Благовещенка МС) 41,3 и
40,6 ºС құраған ауа температурасының тəуліктік деңгейі жабылған болатын, соған сəйкес
ол алдындағы рекордтан 0,2 °С асты. Қазақстанның барлық батыс жартысында 35 ºС
температурадан жоғары ыстық күндер саны 40…70 күннен асты, асу ықтималдығы
90…100 пайызды құрады. Ұзақтығы 18…30 күнге дейін созылған суық толқындары ШҚО
мен Павлодар облыстарында байқалды.
Қазақстан аумағындағы соңғы 70 жылда бір жыл ішінде де, барлық мерзім ішінде
де жер үсті ауа температурасының бірігіп көтерілуі байқалды. Ауаның орта жылдық
температурасы Қазақстан бойынша əр 10 жылда 0,27 ºС жылдамдықпен көтерілді, ең көп
жылу күз мезгіліне келді - 10 жылда 0,32 ºС, қыста жəне көктемде аздап кем - 10 жылда
0,29 ºС, ал жазда температураның ең төменгі көтерілу жылдамдығы байқалды - 10 жылда
0,20 ºС. Көптеген жағдайларда трендтер сенімді интервалда 95 пайызда статистикалық
мəнді, трендтің орта жылдық температурасының сомалық дисперсиясына салымы 37
пайызды, мерзімдер үшін 6-дан 27 пайызды құрайды.
Ауаның орта жылдық температурасы ең көп қарқынмен Батыс Қазақстан
облысында - 0,38 ºС/10 жылда, ең аз қарқынмен ОҚО, ШҚО, Алматы жəне Маңғыстау
облыстарында - 10 жылда 0,23…0,25 ºС көтерілді. Қалған облыстарда орта жылдық
температураның көтерілуі 10 жылда 0,27…0,31 ºС/ шегінде болды.
Қазақстанның солтүстік жəне орталық облыстарында ауа температурасының ең көп
жоғарылау қарқыны көктемде байқалады – 10 жылда 0,33…0,37 ºС, Қазақстанның
оңтүстік жəне шығыс облыстарында күзде – 10 жылда 0,30…0,40 ºС. Батыс облыстарда
температураның көтерілуі қыс мерзіміне келеді – 10 жылда 0,27…0,38 ºС.
Ақпан, наурыз, қараша жəне желтоқсанда Қазақстан аумағында температураның ең
мəнді өсу қарқыны байқалады – 10 жылда 0,41…0,80 ºС. Сəуір, маусым жəне қазанда
жылу қарқыны – 10 жылда 0,41…0,80 ºС төмен, қалған айларда температураның өсуі – 10
жылда 0,01…0,20 ºС шегінде. Жылдың суық мерзімінде (қараша-наурыз) температураның
көтерілуі жылдың жылы мерзіміне (сəуір-қазан) қарағанда мəндірек.
Қазақстанның аумағында ауа температурасының экстремумдарында оң үрдіс
байқалады. Əр 10 жыл сайын ауа температурасының абсолютті тəуліктік максимумы
0,01…0,40 ºС көтеріледі, кей жерлерде температураның көтерілуі 10 жылда 0,41…0,60 °С
42
құрайды. Қазақстанның батыс жəне оңтүстік облыстарында ыстық күндер саны (35 ºС
жоғары) ұлғаюда – əр 10 жылда 1 күннен 5 күнге дейін. Республиканың барлық аумағында
жылу толқынының жалпы ұзақтығы ұлғаюда – 10 жылда 1…3 күнге.
1941-2012 жж. кезеңінде Қазақстан бойынша жауын-шашынның жылдық
қосындысы аздап – 10 жылда 1,0 мм-ге немесе 10 жылда шамамен норманың 0,5
пайызына төмендеуде. Орта есеппен алғанда Қазақстан бойынша барлық мерзімде əлсіз
үрдіс (статистикалық мəнсіз) жауын-шашын көлемінің төмендеуіне шамамен 10 жылға
0,8 мм-ге, қыс мерзімін есепке алмағанда, жауын-шашынның ұлғаю үрдісі 10 жылда
1,3 мм-ді (10 жылда норманың 1,7 пайызы) құрағаны байқалады.
Республика аумағында жауын-шашынның мерзімдік көлемінің өзгеріс бөлігін
бөлуде шұбарлық байқалады. Жазда жəне күзде Қазақстан аумағының көпшілік бөлігінде,
таулы оңтүстік-шығыс аумақтарынан басқа, жауын-шашындар 10 жылда нормадан 1…7
пайызға азайды. Қыста керісінше, жауын-шашындар негізінен ұлғайды, тұрақты оң үрдіс
солтүстік жəне орталық аймақтарда, сонымен қатар таулы жəне солтүстік-батыс тау
бөктерлерінде, республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында – 10 жылда
нормадан 1…9 пайызға артқаны байқалды. Көктем мезгілінде жауын-шашындағы оң
үрдіс Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында жəне қалған басқа аумағында теріс үрдіс
байқалды. Жауын-шашынның мерзімдік көлемінде барлық үрдістердің, қысқы жауын-
шашыннан басқа, мəнсіз екендігін атап өткен жөн.