Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата06.01.2022
өлшемі4,35 Mb.
#11360
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
kz 1490785559

Деңгейлестірілген қисық сызықтар 11-жылдық жылжымалы орталандырумен алынған. 

 

Карталарда  (2.3-сурет) Қазақстан аумағы бойынша 1941-2011 жылдар кезеңі үшін 



жауын-шашынның  орта  жылдық  жəне  мерзімдік  қосындысының  өзгерісі  көрсетілген. 

Республика  аумағы  бойынша  жауын-шашынның  мерзімді  өзгерістерінің  белгісін 

үлестіруде  шұбарлық  байқалады.  Қазақстан  аумағының  көпшілік  бөлігінде  жазда  жəне 

күзде таулы оңтүстік-шығыс аймақтарынан басқа жерлерде жауын-шашын 10 жылда 1…7  

пайызға  төмендеді.  Қыста  керісінше,  жауын-шашындар  негізінен  ұлғайып  отырды, 

тұрақты  оң  үрдіс  солтүстік  жəне  орталық  аймақтарда  байқалды,  сонымен  қатар 

республика аймақтарының солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығыстағы таулы жəне тау 

бөктерлерінде тұрақты оң үрдіс байқалды. Көктем мезгілінде жауын-шашындағы оң үрдіс 

Қазақстанның  солтүстік-батыс  бөлігінде  жəне  теріс  үрдіс  қалған  басқа  аумағында 

байқалды. Жауын-шашындардың мерзімдік мөлшеріндегі барлық үрдістері, қысқы жауын-

шашынды есепке алмағанда, статистикалық мəнсіз екендігін атап өту керек. 

Одан  əрі  Қазақстан  облыстары  бойынша  жауын-шашынның  айлық  көлеміндегі 

өзгерістерді  қарастырамыз.  Қаңтар-ақпан  айларында  жауын-шашын  көлемінің 10 жылда 

0,1…9  пайызға  ұлғаюы  барлық  Қазақстан  бойынша  байқалды,  Алматы,  Павлодар, 

Солтүстік-Қазақстан,  Ақмола  облыстарының  кейбір  аймақтарында  ұлғаю  өте  мəнді 

болды, ал Атырау облысында жауын-шашын көлемі 10 жылда шамамен 13 пайызға кеміді. 

Көктем  жəне  жаз  мерзімдеріндегі  жауын-шашын  көлемінің  өзгеруі  (кему  жағына  да, 

ұлғаю  жағына  да)  Қазақстанның  барлық  облыстары  бойынша,  Солтүстік-Қазақстан 

облысын  есепке  алмаған  жағдайда,  шамалы  (трендтер  статистикалық  болмашы)  болды, 

наурыз  айында  мəнді  ұлғаю 10 жылда 9,2 пайызды  құрады.  Қыркүйек-қазанда 




 

30

Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашын көлемінің кему тенденциясы белгіленді, 



алайда  қыркүйек  айында  статистикалық  мəнді  кему (10 жылда 7…14 

пайызға) 

Қазақстанның  солтүстік  бөлігінің  барлық  жеке  аудандарында  дерлік,  сонымен  қатар 

Қарағанды  жəне  Қызылорда  облыстарында  да  байқалды.  Қараша-желтоқсанда  жауын-

шашын  көлеміндегі  байқалған  тенденциялар  көбінесе  оң  белгіде  болды.  Солтүстік 

Қазақстан  жəне  Қарағанды  облыстарының  территорияларында  оң  тенденциялар  аталған 

айларда статистикалық мəнді жəне 10 жылда 8…9 пайызды құрады. 

1941…2012 жылдар  аралығы  кезеңіндегі  Қазақстан  аумағындағы  жауын-шашын 

көлемінің  өзгеруі  жайындағы  толық  ақпарат (10 жылдағы  пайыз  қатынасы) 2.3 жəне 2.4 

суреттерінде көрсетілген. 

 

 

 



 

жыл 


 

қыс 


көктем 


 

31

жаз 



күз 

 0 


-0,1…-5,0

0,1…5,0 


-5,1…-10,0

5,1…10,0 

-10,1…-15,0

10,1…15,0 

-15,1…-20,0

15,1…20,0 



<-20,1

>20,1 


2.3-сурет – 1941…2012 жж. кезеңдерге есептелген, жауын-шашынның маусымдық жəне жылдық 

қосындыларының (%/10 жыл), сызықтық тренд  коэффициенті мəнінің кеңістіктік таралуы. 

Трендтің статистикалық маңыздылық жағдайындағы үдеменің белгіленуі тушпен боялған. 

қаңтар 


ақпан 

наурыз 


сəуір 

мамыр 


маусым 


 

32

шілде 



тамыз 

қыркүйек 

қазан 

қараша 


желтоқсан 

 0 


-0,1…-5,0

0,1…5,0 


-5,1…-10,0

5,1…10,0 

-10,1…-15,0

10,1…15,0 

-15,1…-20,0

15,1…20,0 



<-20,1

>20,1 


2.4 сурет - 1941…2012  жж. аралығындағы кезеңге есептелген жауын-шашын көлемінің 

сызықтық тренді коэффициентінің мəнін кеңістік үлестіру (10 жылдағы норма пайызы). 

1971…2000  жж. кезеңнің нормасы. Трендтің статистикалық маңыздылық жағдайындағы 

үдеменің белгіленуі тушпен боялған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет