1.2 Қазақстан аумағындағы ауа температурасының бақыланатын өзгерістері
1.1.-кестесінде салыстыру үшін барлық Жер шары (жер үсті желісінің деректері
бойынша) мен Қазақстан үшін ең жылы жылдар берілген. Қазақстан аумағында айрықша
жылы жылдардағы үлес жер үсті орта ғаламдық ауа температурасының қатарын
саралаудан анағұрлым ерекшеленеді. Жер шары үшін ең жылы жылдардың əр он жылы
белгілі бір түспен белгіленген, ол - жылдардың Қазақстан үшін ең жылы жылдардың
қатарында екендігін тез айыруға мұрсат береді.
1.6-суретте жер үсті ауасының 1971…2000
жж. базалық мерзімге қатысты
есептелген жəне 1940-дан 2012 жылдардағы Қазақстанның 118 метеостанцияларының
орташа деректері бойынша орта жылдық температурасының ауытқуының үдемелеу
қатары берілген. Қазақстандағы он ең жылы жылдардың қатарына келесі жылдар кірді
(ауытқу мəндерінің төмендеуі тəртібінде): 1983, 2004, 2002, 2007, 1995, 2008, 1997, 2006,
2005, 1999. Қазақстандағы бес ең жылы жыл Жер шары бойынша он ең жылы жылдар
тізіміне енді.
Ауаның 0,19 ºС құраған орта жылдық температурасының ауытқулары Қазақстанда
орта мəн бойынша 2012 жылы 27 орынға ие болды. Соңғы 70 жылда ең суық қыс
Қазақстан үшін 1969 жыл болды, онда ауаның орта жылдық температурасының ауытқуы
территория бойынша орта есеппен минус 2,52
ºС құрады, ал ең жылы – ауа
температурасының 1,56 ºС ауытқуымен 1983 жыл болды.
1.1-кесте – Жер шары мен Қазақстанның ең жылы жылдарының дəрежелері
(1850…2012 жж. кезең үшін) жəне Қазақстан аумағы бойынша орташаланған жер үсті
ауасының орта жылдық температурасының ауытқулары.
Дəреже
Жер шары
Қазақстан
Қазақстан аумағы бойынша
орташаланған температура
ауытқулары, °С
1
2010
1983 1,56
2
2005
2004 1,38
3
1998
2002 1,38
4
2002
2007 1,27
5
2003 1995
1,21
6
2007
2008 1,17
7
2006
1997 1,05
8
2009
2006 0,99
9
2012
2005 0,94
10
2004 1999
0,87
10
Ауа
температурасының
ауытқулары
Достарыңызбен бөлісу: |