Қазақстан республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша 12 жылдық білім беру жүйесі



Pdf көрінісі
Дата17.01.2017
өлшемі1,62 Mb.
#2074

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН 

ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ 

БОЙЫНША 12  ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ 

БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Дидактикалық ұстанымдар 

• Іс-әрекет ұстанымы 

- оқушы білімді дайын 

күйінде алмайды, оқу әрекетінің мазмұны мен 

формасын ескере отырып, өзі ізденеді. Оның

нормалар жүйесін түсінеді және қабылдайды. 

Оны жетілдіруде белсене араласады. Аталған

әрекеттердің барлығы жалпы мәдени және

әрекет қабілеттерін, жалпы білім дағдыларын

сәтті қалыптастыруға мүмкіндік береді.



• Үздіксіздік ұстанымы 

– әрекет 

нәтижесі алдыңғы кезеңде келесі 

кезеңнің бастамасын жүзеге асырып 

отыратын оқытуды ұйымдастыру түрі.


• Әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыру 

ұстанымы 

– баланың бойында ғылым 

жүйесіндегі белгілі бір пәннің рөлі мен орны

әлем туралы тұтас бейне, түсінік қалыптастыру 

керектігін білдіреді.



Әдебиеттік оқу

Қазақ тілі 

Математика  

Дүниетану

Жаратылыстану

Осы пәндердің ішінде математика, дүниетану, 

жаратылыстану пәндерінде үш тілділік яғни, 

сабақ барысында қазақша, орысша, ағылшынша 

сөздік терминдер міндетті түрде қолданылу 

тиіс. 


• ҰМЖ

– ұзақ мерзімді жоспар (күн тізбелік 

жоспары)

• ОМЖ


– орта мерзімді жоспар (оқыту әдістемелік 

құралдар) 

• ҚМЖ

– қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспарлары)



1 «Әдебиеттік оқу» пəні мазмұны

• Оқу бағдарламасын меңгерту оқытудың «Біз пән бойынша

не білеміз және білімді қалай меңгертеміз?» ұстанымы

аясында ұйымдастыруды талап етеді. «Әдебиеттік оқу»

пәні бойынша білім мазмұны дағдыларды қалыптастыру

мақсатына сәйкес құрылған. Пән бойынша ұсынылатын

білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім,

түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші

бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса

отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен

оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге,

оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.



• Бағдарламаның бұл бөлімінде оқу мақсаттары

кодтық белгілермен белгіленді: бірінші белгі –

сыныбын, екінші және үшінші белгі – бөлімнің

және бөлімшенің реттік санын, төртінші белгі оқу

мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 

2.1.2.1. кодында «2» - сыныбы, «1.2» - бөлімше, 



«1» – оқу мақсатының реттік саны. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет