Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы ««№ бұйрығына 129-қосымша Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптарына арналған «Графика және жобалау»



бет1/17
Дата19.11.2023
өлшемі58,61 Kb.
#124916
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Типтік бағдарлама


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « « № бұйрығына 129-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптарына арналған «Графика және жобалау» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Графика және жобалау» оқу пәнінің мақсаты – білім алушыларға кескіндеу теориясы негізін таныстыру және меңгерту, жобалау және графикалық моделдеу әдістерінің заңдылықтары туралы білім беру, жобалық және шығармашылық қызметін дамытуға көмектесу, графикалық мәдениетті, графиканың дәстүрлі және заманауи құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) білім алушылардың графикалық кескіндеудің басты функцияларын таным құралы және визуалды (графикалық) ақпаратты беру құралы ретінде түсінуіне көмектесу;
2) ақпаратты құру және беруге, кескіндеудің дәстүрлі және заманауи құралдары, жобалау әдістері заңдылықтары туралы білімін қалыптастыруға мүмкіндік беру;
3) білім алушылардың әр түрлі графикалық әрекетке байланысты зияткерлік қабілеттері мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау;
4) білім алушыларға жобалау, графикалық моделдеу және пішіндеу әдістерін меңгеруге ықпал ету.
2-тарау. «Графика және жобалау» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


1-параграф. «Графика және жобалау» оқу пәнінің мазмұны


4. «Графика және жобалау» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары
шекті көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды;
2) 11-сыныпта – аптасына 2сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.


5. Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды:
1) ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары;
2) кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру;
3) кескіндерді түрлендіру;
4) форманың қалыптасуы және құрылымдау;
5) форманы түрлендіру;
6) техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері;
7) шығармашылық тапсырмалар;
8) жобалау және жобалау графикасы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет