Реферат тақырыбы: Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау (деректер базасын әзірлеу) Орындаған



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі82,37 Kb.
#127494
түріРеферат
  1   2   3


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау (деректер базасын әзірлеу)


Орындаған: Сагадиева Гүлназ, педиатрия , 110 топ
Тексерген: аға оқытушы Калиева Ж.А


Нұр-Сұлтан қ. 2020ж.

Жоспар:
Кіріспе
1.Деректер туралы түсінік
2.Деректерді талдау: Data Analysis, шешімдер шежіресі, Data mining
3.Деректер базасын әзірлеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Деректер базасы (ДБ немесе мәліметтер базасы) – белгілі-бір пәндік салаға қатысты обьектілер (үрдістер, құбылыстар, оқиғалар) және олардың қасиеттері мен өзара байланысын көрсететін, атаулары белгіленген мәліметтер, ақпараттар немесе деректер жиынтығы.


ДБ-ы пайдалану үшін қолданбалы программалармен қоса бірнеше жалпылама қолданылатын тәсілдер қажет. ДБ басқаруды жүргізетін программалық қамтамасыздандыру ақпараттық құралдар программаланатын логикалық процедуралар деректер базасын басқару жүйесін құрайды. (кейінірек ДББЖ). ДББЖ сақталған деректер туралы көп анықтамалар береді
Деректер базасын басқару жүйесі, яғни ДББЖ- көп мақсатты қолданысты, деректерді өңдеуді қамтамасыз ететін, деректер базасын құру үшін алу жолына арналған программалық көмек.
Қазіргі ақпаратты өңдеу жүйелері үлкен, кеңейтілген деректерді түрлендіруде іске асырылады.
Мәлімет түсінігінің синонимі ақпарат, мәлімет, дерек терминдері бола алады. Деректерді жүйелі ұйымдастыру және оларды өңдеу тәсілдері деректер банкісінде (ДБ-н) орындалады. ДБн – ДБ мен ДББЖ-ның жиыны.
ДБн-н қолдану ақпаратты ұйымдастыру және жүргізудің мәселелерін шешеді:
1. Артықшылықты қысқарту
2. Бүтіндікті қамтамасыздандыру
3. Рұқсатты шектеу
4. Мәліметтердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
1. Артықшылықты қысқарту – Бұл әр түрлі өрнектелген бір ғана деректердің болуымен бірдей деректердің түрлі физикалық қасығыштардан жазылуынан туындайды.
2. Бүтіндікті қамтамасыздандыру – Әр уақытта тек, шынайы, дәл дерек беретін қасиет болып табылады.
Артықшылықтың болуы немесе қысқартуға мағынасы бірдей деректердің әр түрлі физикалық түрлерін білдіреді, әр түрлі типті деректерді стандартталған түрде келтіру керек.
Мәліметтер байланыстарының деңгейде иерархиялық, торлық және реляциялық модельдер құрылады. Егер деректер және олардың байланысы деректер құрылымындай болып тұрғаны болса, онда модель торлық деп аталады. Егер де деректер байланыстарының құрылымы ағаш түрінде болып тұрса, онда осындай модельді иерархиялық модель деп атайды. Егер деректер мен деректердің байланыстары кестедей құрылса, онда осы модель реляциялық модель деп аталады.
Қазіргі дамыған уақытта алдында аталған үш модельдің кең таралған түрі реляциялық модель болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет