08 маусым 12 маусым 15 маусым 19 маусым 3
«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша қорытынды аттестаттауды НЗМ-де өткізу туралы норма алынып тасталады.
Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі осы талаптарға сай келетін 11-сынып оқушыларына беріледі:
Министрдің бұйрығымен қорытынды аттестаттаудан босатылған жалпы білім беретін пәндер бойынша соңғы үш жылдағы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлерге жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты беріледі.
11-сыныптың барлық білім алушылары қорытынды аттестаттауды оқитын орны бойынша мектептерде өтеді.
«АЛТЫН БЕЛГІ» БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР Бұған дейін жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алу үшін қорытынды аттестаттауға қатысу міндетті болатын.
5-11 сыныптардағы барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5» болған;
орта білім туралы Үздік аттестат алған;
10-11 сыныптардағы барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары «5» болған;
жалпы орта білім беруді аяқтағаннан кейін қорытынды аттестаттаудан «5» бағасына өткен білім алушыларға.
3
«АЛТЫН БЕЛГІ» белгісіне үміткерлер Білім басқармасы жанындағы Комиссияның құзыретіне «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлердің Қағидалар талаптарына сәйкестігін анықтау енгізілді.
№
өңір
желтоқсан
наурыз
сәуір
динамика (наурыз айымен салыстырғанда)
1
Абай
162
180
179
-1
2
Ақмола
223
297
244
-53
3
Ақтөбе
427
531
529
-2
4
Алматы
574
658
679
21
5
Атырау
140
212
167
-45
6
ШҚО
235
325
287
-38
7
Жамбыл
242
310
304
-6
8
Жетісу
291
291
267
-24
9
БҚО
227
253
255
2
10
Қарағанды
153
183
147
-36
11
Қостанай
109
159
122
-37
12
Қызылорда
531
596
574
-22
13
Маңгыстау
129
145
149
4
14
Павлодар
198
243
192
-51
15
СҚО
94
121
109
-12
16
Түркістан
1139
1457
1336
-121
17
Ұлытау
61
96
84
-12
18
Алматы қ.
356
441
423
-18
19
Астана қ.
209
367
288
-79
20
Шымкент қ.
312
316
317
1
Республика б-ша
5812
7181
6652
-529
Наурыз айында өңірлердің білім басқармасы және білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер жанындағы емтихан комиссиясы жүргізген мониторингтен кейін үміткерлер саны 529 білім алушыға қысқарды.
3
2023-2024 оқу жылынан бастап ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН емтихан өтеді Қазақ тілі бойынша емтихан білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі.
Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша қорытынды баға емтихан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30-дан 70-ке дейін пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағалау ең жақын бүтінге қарай дөңгелектеледі.