«Менің отбасым – менің байлығым». Бұл кезеңде
1-топ. Отбасы туралы өлең жолдарын айтады.
2-топ, «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.
3-топ. «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып, қорғайды.
4-топ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады.
| Марат Іңкәр «Ата-әже» әнін орындайды.
Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
Оқушылар мүғалім қойған сұрақтарға өз ойларын айтады.
Қанатты сөздерге тоқталу
Отбасы- тәрбиенің басты ұясы.
Әке жолы – ұлына мақтаныш.
Ананың аялы алақаны-қызына сағыныш.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі.
Әбунасыр әл Фараби
Сыныптың қыздары қазақ биін билейді.
|
Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын!
|