Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысы Төлеби ауданы



бет3/3
Дата21.04.2023
өлшемі190,2 Kb.
#84969
1   2   3
3 Қорытынды
Тіл ғылымын зерттеу, оның тарихын жаңаша көзқараста қарастыру, тіл біліміндегі лингвистикалық еңбектердің маңызын ашу, қазақ тіл білімінің теориялық мәселелері мен практикалық қырларын ұштастыру, тілдегі түрлі бағыт-көзқарастармен таныса отырып, қазақ тілінің ұлттық болмысын, ұлттар арасындағы байланыс қызметін ашу, тілді адаммен байланыста қарастыру мәселелері – ХХІ ғасырдағы қазақ тіл білімінің зерттеу нысанына айналған өзекті басымдықтар. Жоғарыда аталған өзекті мәселелерді шешу тіл білімінің өткен тарихымен және бүгінімен ұштастырылады. Себебі ғылым міндетті түрде ғалым есімімен, зерттеу еңбектерімен ғылыми тұжырымдарымен тікелей байланысты. Ал ғалымның еңбектерін жүйелеу, оның жан-жақты зерттеу бағыттарын ашу, өзектілігін таныту түптеп келгенде ғылымның даму тарихын зерттеу, тану, зерделеу, саралау болмақ.
Рәбиға Сыздықованың адамгершілік қасиеттері мен ғылымға жан – тәнімен берілуі, жастайынан қиындыққа мойымай, тіл білімінде өлшеусіз үлес қосумен қатар, қазақ тілінің өзекті мәселелері бойынша көлемді жұмыстары қазақ тілтаным ғылымында аса ерекше аталатын көрнекті тұлғалардың бірегейі.
Ғалым бұл биіктікке өзінің табиғи туа біткен дарыны, жоғары танымдық қасиеті мен тынымсыз ізденісі арқылы жетіп отыр. Ғылымның ауыр жолында алмастай жарқыраған қазақтың біртума қызының қазақ тіл білімінде зерттеген тақырыптары мен салалары сан қырлы. Шешімін таппаған тартысты, даулы мәселелер, екі ұшты тұжырымдарға дәлелді ой айтып, тұшымды пікір келтіре білген ғалым әлі күнге дейін тіл білімін жаңаша, салааралық сипатта байланыстыра зерттеумен айналысып келеді.
Рәбиға Сыздықова туралы сөз болғанда, ең алдымен, оның қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеті мәселелері арасындағы «алтын көпір» екені ойға оралады. Себебі ол қос әлемді біртұтас, ажырамас бірлік ретінде қарастырып, бүтін дүние тудыра білді. Әдеби мұралардың, ақын-жазушылардың тілін зерттей отырып, қазақ лингвистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Бұған мысал ретінде, 1950 жылдардан бергі көкірек көзінен өткізіп, ғылыми танымның биік деңгейіне жеткізген Абай тілін зерттеуі, түркітану мұраларын талдауы, ақын-жазушылар тілінің көркемдік әлемін саралауы – ғалымның алғашқы ерекшелігі.
Тілдің бейнелік сипатын, сөз құдіретін, ұлт қазынасын саналатын қасиетті ана тіліміздің болмысын ашуда Р.Сыздықованың тың өзіндік қолтаңбасы мен мұралары жетерлік.

Пайдаланған әдебиеттер





  1. Оразбаева ФаузияКөп туса қазақ дәл сіздей қызды... [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2009. – №14. – Б. 7.

  2. Сыздықова РСөздер сөйлейді (Сөздердің қолданылу тарихынан). Толықтырылған 3-басылымы. – Алматы: Арыс, 2004. – 232 б.

  3. Сыздықова РАхмет Байтұрсынов. – Алматы: Қазақ ССР «Білім қоғамы», 1990. – Б. 52.

  4. Сыздыкова Р. Язык «Жами ат-тауарих» Жалаири. – Алма-Ата: Наука, 1989. – 243 с.

  5. Сыздықова РЯсауи «Хикметтерінің» тілі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 552 б.

  6. 6 Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 614 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет