Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет59/63
Дата25.12.2023
өлшемі13,28 Mb.
#143224
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Сабақтың соңы

VІ. Қорытынды
Кері байланыс ретінде берілген кестеге сандық баға қойып шықсаңдар. Бүгінгі сабақ ұнады ма?






1 2 3 4 5 6 7 8 9 10











Сандық баған

Үйге тапсырма

Ш-Ж дыбыстарының артикуляциялық профильдеріне қарап дыбыстарды қайталау










Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
___________________________________________
(сабақтың тақырыбы)



Кезеңі

Дыбысты ажырату кезеңі

Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)




Күні:




Сынып/топ

Қатысушылар саны: 1

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Ш-Ж дыбыстарын сөз тіркестерінде ажырату

Сабақтың мақсаты

  • Ш-Ж дыбыстарын артикуляциялық және акустикалық белгілері бойынша сөз тіркестерінде ажырату;

  • Дыбысты естіп ажратуын дамыту;

Дыбысты айтып ажыратуын бекіту;

Сабақтың барысы





Сабақтың кезеңі/ уақыт



Логопедтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Кіріспе кезеңі
5 мин

Сабақтың басы 10 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу:
Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

Ал енді,


ІІ. Артикуляциялық жаттығуларды орындайық.

Күрекше” жаттығуы
«Саңырауқұлақ» жаттығуы

«
Дәмді тосап жаттығуы»


«
Күркетауық» жаттығуы


«
Әткеншек» жаттығуы

Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа зейін қояды.

Сұрақтарға қимылмен жауап береді.


Оқушылар мұғалім үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындайды.


Жаттығуды үлгі бойынша дұрыс орындайды.






Артикуляциялық жаттығу суреттері




Сабақтың ортасы
20 минут



ІІІ. «Ш-Ж» дыбыстарының артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру. Тақтадағы профильге назар аударайық Ш-Ж дыбысарының профильдерін еске түсірейік.



«Ж» дыбысының профилі

«Ш» дыбысының профилі







Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері жабық. Дауыс бар

Ш дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері ашық. Дауыс жоқ



Дыбыстарды таңбалармен белгілеу. Дәптерге сөз тіркестерін көшіріп жаз.
Жасыл шелек,
Жазғы шалқан
Кішкентай қонжық
Шолақ жейде
Жүйрік Шубартай
Шалғайдағы жұмыс


ІV. Ш-Ж дыбыстарын сөздерде ажырату.
Мұқият тыңда! Ш-Ж дыбыстарын қадағалап, мақал-мәтелдерді қайтала!
1.Жақсы бала – қуаныш, жаман бала - өкініш.

2.Жақсы бала – ойлағыш, жаман бала – тойлағыш.


3.Шын ер жеңсе – тасымас,


Жеңілсе – жасымас.

4.Жақсы дос үшін жан пида.


5.Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.




V.Дыбыстық талдау мен жинақтау бойынша жұмыс. Төмендегі өлең шумақтарын оқы, Ш-Ж дыбыстары кездесетін сөздердің астын сыз.
Әтеш шығып шарбаққа,
Әдетінше жан-жаққа.
Әдейілеп қарады,
Бір жақтарға бармаққа.
Көзі шалса қырғиды,
Тауық шошып ырғиды.
Көре қалса қырғиды,
Жылан жылжи сырғиды.


«
Қай дыбыстан басталады?» Суретке назар аударып, сөздің бірінші дыбысын анықта!


Ш-Ж дыбысын профиль бойынша қарап, дұрыс айтады.

Оқушылар Ш-Ж дыбыстарын ажырата отырып сөз тіркестерін дәптерге жазады.


Ш-Ж дыбыстарын қадағалап, қайталайды.

Дәптерге көшіріп жазады.


Ш-Ж дыбыстары кездесетін сөздердің астын сызады.

Суретті атайды, сөздің бірінші дыбысын анықтайды





Ш-Ж дыбысын профиль суреті

Ш-Ж дыбыстары бар сурет





Сабақтың соңы

VІ. Қорытынды
Кері байланыс ретінде берілген ағашқа алма қойып шықсаңдар. Бүгінгі сабақ ұнады ма?










Алма суреті

Үйге тапсырма

Ш-Ж дыбыстарының артикуляциялық профильдеріне қарап дыбыстарды қайталау










Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет