ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ
«ИСЛАМТАНУ»
БӨЛІМІ
21-01 тобының
2022-2023 оқу жылындағы
І-жарты жылдық тәрбие жұмыстарының
ЕСЕБІ
Тәрбие бөлімінің
меңгерушісі: ___________________ Курбанов Б.О
Бөлім меңгерушісі: ___________________ Мадиева Б.А.
Топ жетекшісі: ___________________ Қамысбаева Г.М.
Астана, 2023ж.
«Исламтану» мамандығының ІІ курс 21-01 тобының жетекшісі –
Г.М Қамысбаеваның 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығында жүргізілген тәрбие жұмысының қорытынды есебі
І. Топқа сипаттама.
21-01 тобы І семестрдің жылдық қорытындысы бойынша. Тобымызда 18 студент. Оның ішінде 18 қыз бала бар. Топтағы студенттердің барлығы жатақханада тұрады.
Топ белсенділері :
Топ басшысы: Салтанатқызы Шынар
Көмекшісі: Саниязова Нұрай
Спорт секторы: Мергенбайқызы Айкөркем
ІІ. Топтың оқу үлгерімі:
І-семестр бойынша оқу үлгерімі: Үлгерімі _______, Сапасы _______, Орта балы _______.
ІІІ. Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша жыл бойы өткізілген тәрбие сағаттары туралы мәлімет.
Тәрбие жұмыстарының ең негізгі міндеті – студенттерді патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, білім алу, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік қорғау, құқық бұзушылықтын алдын-алу, қоршаған ортаға пайдалы болу және асыл дініміздің құндылықтарын жеткізу. Осы мақсаттарға жету мақсатында әр аптаның жұма күні топта тәлімгерлік сағат өтіліп отырды. Тәлімгерлік сағатта әр студент берілген тақырып бойынша слайд, баяндама дайындады. Апта сайын жоспар бойынша берілген тақырыпты ортаға салып талқылай келе, тақырыпқа байланысты уағыз-насихат айтылып, бейнефильмдер көрсетіліп отырды. Студенттер әр тәрбие сағатына тың дайындықпен келіп, жаңаша мәліметтермен бөлісті. Өзара пікір алмасып, ойларын жеткізе білді. Өздеріне көп пайда алды деп айта аламын. Сонымен қатар студенттердің ата-анасымен тығыз байланыста болдым. Әр атанаға уақытылы медресе колледж тынысындағы ақпараттарды, хабарларды жеткізіп отырдым. Студенттерге тәрбие беруде ата-аналармен тығыз жұмыс жасадым. Осы оқу семестрінде студенттерге төмендегідей тәрбие сағаттары өткізілді.
2022-2023 оқу жылында жасалынған тақырыптық жоспар бойынша әр аптаның жұма күнінде тәлімгерлік сағаттар мына тақырыптарға сай өткізіліп отырды. Атап айтсақ,
ҚР рәміздері және Діни білімнің маңыздылығы
Тұлғалық отбасыдан туындайды
Студенттердің құқықтары мен міндеттері
Мамандығым – мақтанышым
Мейірім жан шуағы
Қарты бардың қазынасы бар
Ұстаз – ұлы тұлға
Мәуліт күні
25 қазан - Республика күні
Діни кітаптармен танысу
Ұлттық валюта – теңге күні
Жол жүру ережесін сақта
Еңбек етсең ерінбей
Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес
Тұғырлы тәуелсіздігім
Ислам шариғатындағы салт-дәстүрдің орны
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Ұялы телефон әдептері
ІV. Топта өткізілген тәрбиелік іс-шаралар.
21-01 тобына «Кешірім жолын ұстану» тақырыбында ашық тәрбие сағатына уағыз айтылды. Шәкірттерге тәрбиелік мәні бар мәліметтер берілді.
V. Топ студенттерінің үйірме жұмыстарына, спорттық т.б. жұмыстарға қатысуы, алған орындары және мақтау қағаздары.
Мәлік Әсел – «Үздік білім иесі» медресе колледжден берілген.
Салтанатқызы Шынар – Алғыс хат ата-анасына медресе колледжен берілген.
Ислам Нұрбибі – «Салауат айтудан жарыс» 1- орын, медресе колледжден берілген.
VІ. Топтың тәрбие жұмысындағы сәйкессіздіктер. Топта сәйкессіздіктер жоқ .
VІІ. Тәлімгерлердің және топ студенттерінің ұсыныстары.
Студенттер келесі семестрде келсідей сабақтардың қосылуын сұрайды:
Отбасы ғылымхалы;
Құран тәпсірі
Тәлімгер ретінде ұсынарым :
21-01 тобының жетекшісі: ___________ Қамысбаева Г.М.
Достарыңызбен бөлісу: |