Жас отбасыларды әлеуметтік қОРҒАУ



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата22.12.2016
өлшемі5,84 Mb.
#249
  1   2   3   4   5   6   7   8

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

«ЖАСТАР»


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА КЕҢЕС БЕРЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК 

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ 

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ

ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 



АСТАНА, 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ

ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЖАСТАР» 

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА КЕҢЕС БЕРЕТІН 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ 

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ 



ӘОЖ 316.3/4

КБЖ 60.56

Қ23 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 



тапсырысы бойынша дайындалған

Жас отбасыларды әлеуметтік қорғау: Әдістемелік нұсқаулық / Ә.С. Қайдарова, Ю.В. Кучинская, 

Ф.М. Мусатаева. – Астана: «Жастар» ҒЗО, 2016. – 50 б.

ISBN 978-601-7857-00-4

Жас  отбасыларды  әлеуметтік  қорғау  бойынша  берілген  әдістемелік  нұсқаулық  ҚР  Білім  және 

ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалған. Материалдар жас отбасыларға кеңес 

беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған. 

Аталмыш  нұсқаулық  жас  отбасыларды  мемлекеттік  тұрғыдан  қолдау,  әлеуметтік  белсенділік 

пен әлеуметтік-психологиялық құзырлықты дамытуға септігін тигізетін құқықтық сауаттылық пен 

әл-ауқаттылықты жоғарылату сұрақтары бойынша ақпараттық-кеңес беруші қызмет көрсететін 

мекемелер  туралы  материалдардан  тұрады.  Әдістемелік  нұсқаулық  «жас  отбасы»  әлеуметтік 

санатымен, жастар ресурстық орталықтарында, жастардың денсаулық сақтау, отбасы денсаулығы, 

отбасын жоспарлау орталықтарында, отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталықтарында, 

жас отбасы үйірмелерінде жұмыс істейтін мамандарға арналған. 

ӘОЖ 316.3/4

КБЖ 60.56

ISBN 978-601-7857-00-4



КІРІСПЕ ..............................................................................................................................................................4

Глоссарий .........................................................................................................................................................6

1. Бала туу (асырау) жағдайында әлеуметтік төлемдерді алуға қатысты мемлекеттің жас 

отбасыларға көрсететін қолдауы ................................................................................................................. 7

2. Жас отбасыларға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық, педагогикалық, медициналық көмек 

көрсететін қазақстандық мекемелер ........................................................................................................ 12

3. Жас отбасыны әлеуметтік-құқықтық және психологиялық тұрғыдан қолдау технологияларын 

қолданудың шетелдік тәжірибесі ..............................................................................................................25

4. Тұрғын-үй жағдайын жақсарту бойынша жас отбасыларға арналған мемлекеттік 

бағдарламалар ...............................................................................................................................................31

5. Жас отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау саласын арттыру бойынша ұсыныстар: объекті 

және іске асыру формасы ...........................................................................................................................38

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................................................................45

ӘДЕБИЕТ .......................................................................................................................................................... 47

А ҚОСЫМШАСЫ ..............................................................................................................................................48

Б ҚОСЫМШАСЫ ..............................................................................................................................................50



МАЗМҰНЫ

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

4

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарынан  бастап 



ақ  жас  ұрпақтың  оңтайлы  әлеуметтенуінің 

мәселелері  мемлекеттің  назарында  болып 

келді. 

Жастар  саясатының  басымдықтары  Елбасы 



–  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.  Назарбаев  бастаған  «Қазақстан  –  2050» 

Стратегиясының  негізгі  мақсаттарының  бірі 

болып табылады. 

Биылғы  жылы  «Қазақстан  2020:  болашаққа 

бастар  жол»  Мемлекеттік  жастар  саясаты 

тұжырымдамасын  іске  асырудың  екінші 

кезеңі  басталды  [1].  Тұжырымдаманы  іске 

асыру  жоспарының  негізгі  міндеттерінің  бірі 

жастарды  мәдени,  азаматтық  және  рухани-

ізгіліктік 

құндылықтарға 

жақындастыра 

түсу  болып  табылады.  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  өз  сөзінде  отбасы  –  бұл  мемлекет 

қалыптастырушы ұяшық, сол себептен қоғамда 

отбасылық  құндылықтардың  негізін  нығайту 

маңызды деп бірнеше рет айтқан болатын. 

Қазақстанда 

отбасы 


қоғамды 

қалыптастырушы  маңызды  элемент  ретінде 

қарастырылып  келеді.  Ол  қоғам,  мемлекет 

болмысының  негізі,  адамның  рухани  және 

ізгіліктік бағдарларының маңызды бөлігі болып 

табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске 

асырудың негізгі мақсаты – әрбір қазақстандық 

отбасының игілігі. 

Отбасы  әр  кезеңде  алдыңғы  қатарлы 

қоғамдық  ойдың,  ежелгі  философтардан 

бастап  іргелі  саяси  қайраткерлер  мен 

ғалымдар  назарының  төрінен  орын  алып 

келді. Бұл таңқаларлық емес. Отбасы адамның 

әлеуметтік 

қызметінің 

күрделі 


жүйесі, 

қоғамның негізгі институттарының бірі болып 

табылады. А.Г. Харчевтің анықтамасы бойынша 

отбасы  дегеніміз  некелік  одақ  пен  туыстық 

байланыстарға, ортақ шаруашылық пен өзара 

ізгіліктік  жауапкершілікке  (ері,  әйелі,  ата-

анасы,  балалар  және  басқа  да  туысқандар) 

негізделген  қоғамның  әлеуметтік  кішігірім 

тобы болып табылады [2].

Отбасы  әрдайым  даму  жағдайында,  ол  тек 

әлеуметтік-саяси жағдайлардың есебінен емес, 

сонымен  қатар  өз  дамуының  ішкі  үрдістері 

ықпалынан да өзгере алады. Сол себептен ол 

негізгі салалардың және мемлекеттік саясаттың 

негізгі объектілерінің бірі болып табылады. 

Қазіргі отбасыларда айтарлықтай өзгерістер 

жүріп  жатыр,  олар  өз  кезегінде  некелік 

байланыстардың  өзара  алыстауы,  ата-

аналар  мәртебесі  мен  отбасылық  қатынастар 

маңыздылығының төмендеуі сияқты қолайсыз 

құбылыстарға әкеліп соқтыруда. Бұл жағдайлар 

жас  отбасыдағы  бала  тәрбиесі  мен  оның  әрі 

қарайғы дамуына ықпалын тигізбей қоймайды. 

Ерекше  көмекке  мұқтаж  отбасылардың 

санатына  ең  алдымен  жас  отбасылар  жатады 

[3].


Өзінің  құрылымы  бойынша  қазіргі  жас 

отбасылар толық, қарапайым және әлеуметтік 

тәуекелділікке  иеленушілер  деп  бөлінеді. 

Аталғандардың соңғысына толық емес, жалғыз 

басты  және  кәмелетке  толмаған  аналардың 

жанұясы,  әкесі  жұмыссыз  болып  табылатын 

отбасылар,  студенттік  отбасылар,  сонымен 

қатар  мүшелерінің  біреуі  мүгедек  болып 

табылатын отбасылар кіреді [4]. 

Жас  отбасы  мемлекеттік,  қоғамдық  және 

басқа  да  әлеуметтік  қызметтердің  көмегін 

тұтынатын,  өз  күн  көрісін  қамтамасыз  ету,  өз 

функционалдық  міндеттері  мен  құрылымдық 

байланыстарын  сақтау  бойынша  өзіндік 

қызметпен  айналысатын  күрделі  объектілі-

субъектілі табиғатқа ие. 

Жас  отбасыларды  мемлекеттік  тұрғыдан 

қолдау 


мақсатында 

орталық 


және 

жергілікті  мемлекеттік  органдар  Қазақстан 

Республикасының заңымен бекітілген тәртіпте 

салалық  және  аймақтық  бағдарламаларды 

әзірлеп, бекітіп, іске асырады. 

Қазіргі таңда жас отбасыларды қолдау үшін, 

сонымен  қатар  жастар  арасындағы  некелерді 

сақтап қалу, қолайлы шарттарды қалыптастыру 

үшін мемлекет келесі шараларды өткізуде: 

-  баспанамен  қамтамасыз  ету,  жастар  үшін 

қолжетімді баспана жүйесін қамтамасыз ету. 

-  жастарды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  үшін 

жағдайлар жасау; 

КІРІСПЕ

Отбасы – қазақстандық қоғамның тірегі,

еліміздің экономика, мәдениет, әлеуметтік саясаттағы 

жаңа жетістіктерінің негізі 

Н.А. Назарбаев


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

5

-  жас  отбасыларға  жеңілдігі  бар  несиелерді 



ұсыну; 

-  студент  немесе  оқушы  болып  табылатын 

ата-аналардың  оқу  орынның  әкімшілігімен 

келісе отырып, академиялық демалыс алуы; 

-  отбасылық  өмір  мәселелері,  жас 

отбасылардың психологиялық-педагогикалық, 

құқықтық  және  басқа  да  сұрақтар  бойынша 

тегін кеңес алу тәжірибесін іске қосу; 

жас 


отбасылардың 

мәселелерімен 

айналысатын  және  оларға  әлеуметтік  қызмет 

пен  көмек  көрсететін  коммерциялық  емес 

ұйымдар жүйесін дамыту; 

- балалар мен жастар үшін ұйымдастырылған 

жаздық демалыс пен денсаулық сақтау жүйесін 

сақтау мен дамыту; 

- көмекке мұқтаж студенттік отбасыларға оқу 

орындарға  қарайтын  жатақханалардан  бөлме 

беру; 

-  мемлекеттік,  мектеп  алды  мекемелерді 



дамыту; 

- салауатты өмір салтын қалыптастыру

-құқықтық  мәдениетті  жоғарылату  және 

жастарда мемлекеттің негізгі құндылықтарына 

деген құрметін қалыптастыру. 

Жас  отбасымен  әлеуметтік  жұмыс  жүргізу  – 

мемлекетке қарайтын әлеуметтік органдардың 

қоғаммен және отбасымен өзара әрекеттесуінің 

жүйесі  болып  табылады.  Ол  өз  кезегінде 

оның  қызметінің  шарттарын  жақсартуға, 

халықаралық  және  мемлекеттік  құжаттармен 

анықталған  құқықтар  мен  еркіндіктерді  іске 

асыруда  мүмкіндіктерді  кеңейту,  барлық 

мүшелерінің толыққанды физикалық, ізгіліктік 

және рухани дамуын қамтамасыз ету, еңбекке, 

қоғамдық-шығармашылық  қызметке  тартуға 

бағдарланған. 

Жас  отбасылармен  әлеуметтік  жұмыс 

жүргізудегі 

артықшылық 

әлеуметтік 

профилактика,  әлеуметтік  қолдау,  әлеуметтік 

оңалту  жүргізетін,  әлеуметтік-психологиялық, 

психологиялық-педагогикалық, 

әлеуметтік-

медициналық, 

әлеуметтік-құқықтық, 

ақпараттық-кеңес  беруші,  психотерапевтік 

көмек  пен  жас  жұбайларға  қолдау  көрсету 

әлеуметтік қызмет орталығының еншілігінде. 

Қазіргі  таңда  жас  отбасылардың  алдында 

бірқатар  өткір  мәселелер  тұр.  Олардың  ең 

негізгілері  баспана  мәселелері,  жұмыспен 

қамтылу, сонымен қатар түрлі психологиялық 

мәселелер  болып  табылады.  Бұл  жағдайда 

оларды  бүгінгі  күннің  тарабынан  ғана  емес, 

сонымен қатар қоғамның барлық салаларының 

контексінде 

ертеңгі 

жағдайына 

қарап 

қарастыру  қажет.  Мемлекеттік  бағдарламалар 



мен  жобалар  кездесетін  мәселелерді  шешуге 

бағытталған. 

Мемлекеттік  жастар  саясатын  іске  асыру 

саласындағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстары 

жас  отбасылардың  мәселесін  инновациялық 

ғылыми  әдістер  мен  тәсілдерді  қолдану 

арқылы  жүйелік  негізде  тереңінен  зерттеуді 

ұйғарып  отыр.  Жас  отбасылардағы  ең  өзекті 

мәселелерді  шешу  жолдарын  әзірлеу  үшін 

заманауи  әдістерді,  яғни  әлеуметтанулық 

зерттеулер,  бақылау  әдістері,  халықаралық 

тәжірибелерді  бейімдендіру,  тиімді  тәсілдер 

мен  ұйымдастырушылық  тетіктерді  жасау, 

әлеуметтік  қызметтерді  дамытудың  баламалы 

стратегияларын  әзірлеуді  қолдану  арқылы 

жастар  ұйымдарын,  әлеуметтік  мекемелердің 

қызметіне үздіксіз мониторинг жасау керек. 

Мемлекеттің  жас  отбасыға  берер  көмегі  бұл 

еліміздің  әлеуметтік  саясатының  маңызды 

аспектісі  болып  табылады.  Өкінішке  орай, 

барлық отбасылар мұндай көмекке зәру болып 

келгенімен,  оған  қол  жеткізе  алмайды.  Көп 

жағдайда  ол  мұндай  мүмкіндіктің  бар  екенін 

білмегендіктен  пайда  болады.  «Жастар» 

ғылыми-зерттеу  орталығы  жас  отбасыларға 

кеңес  берумен  айналысатын  мемлекеттік 

органдардың  қызметіне  талдау  жүргізді. 

Жастарға,  жас  отбасыларына  бағытталған 

мемлекеттік 

бағдарламалар 

зерттелді. 

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері осы еңбекте, 

сондай-ақ 

Қазақстан 

Республикасының 

білім  және  ғылым  министрлігіне  ұсынылған 

сараптамалық есепте көрніс тапты. 

Әдістемелік нұсқаулық жас отбасыларға кеңес 

беретін  әлеуметтік  қызметтердің  жұмысында, 

сонымен қатар республикалық және аймақтық 

деңгейлердегі  жас  отбасылармен  жұмыс 

жасайтын  мемлекеттік  органдар,  қоғамдық 

ұйымдардың қызметінде қолданыла алады. 


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

6

Жас отбасы – екі жұбайы да жиырма тоғызға 

толмаған отбасы, немесе жасы жиырма тоғызға 

жетпеген жалғыз басты ата, ана бала тәрбиелеп 

жатқан толыққанды емес отбасы. 



Әлеуметтік  қорғау  –  бұл  қоғамның  өз 

мүшелеріне  көрсететін  көмегінің  түрлі 

формалары.

Отбасыларды  әлеуметтік  қорғау  —  бұл 

отбасыларға  түрлі  күйзелістік  жағдайларды 

еңсеруді,  олардың  өз  ішкі  ресурстарының 

есебінен  шеше  алмайтын  мәселелерді 

шешуге көмектесуді мақсат көретін отбасылық 

саясаттың формасы болып табылады. 



Отбасылармен  әлеуметтік  жұмыс  жүргізу  — 

бұл әлеуметтік қолдауды іске асыратын қызмет 

болып табылады. 

Мемлекеттік әлеуметтік көмек – ҚР бюджеттік 

жүйесінің  тиісті  бюджеттік  қаржысы  есебінен 

тұрмыс 

жағдайы 


нашар 

отбасыларды 

әлеуметтік жәрдемақылармен қамтамасыз ету. 

Әлеуметтік  жәрдемақылар  –  бюджеттік 

қаржының 

есебінен 

азаматтарға 

қайтарылымсыз  белгілі  бір  ақша  сомасын 

ұсыну; 


Өтемақы  –  азаматтардың  шығындарын 

заңмен бекітілген нормалар бойынша өтеу. 



Жастарға  арналған  әлеуметтік  қызмет 

жастардың 

интеллектуалды, 

рухани, 


физиологиялық,  шығармашылық  әлеуетін, 

кәсіби  дайындығы  мен  кәсіпкерлік  әлкеуетін 

жоғарылату үшін жұмыс жасайды [3, 25 бап].

ГЛОССАРИЙ

қиын өмірлік жағдайда қалған, білім берудің 

арнайы мекемелерінен және ерекше 

режимдегі білім беру мекемелерінен 

оралған, ішімдік, нашақорлық, 

токсикоманиядан емделген, сонымен қатар 

мүгедектер қатарындағы жастарға 

психологиялық, педагогикалық, 

медициналық әлеуметтік, заңгерлік қызмет 

көрсету және кеңес беру

жастардың заңға қарсы әрекеттерін алдын 

алу


мекен жай бойынша жастардың демалысын 

ұйымдастыру

жастардың өзін өзі басқаруын дамытуға 

септігін тигізу;

Қазақстан Республикасының заңына қайшы 

келмейтін басқа да әлеуметтік маңызды 

бағыттар. 

ЖАСТАРҒА

АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК

ҚЫЗМЕТТІҢ

НЕГІЗГІ

БАҒЫТТАРЫ:

жастардың кәсіпкерлік 

қызметіне қолдау көрсету 

және дамыту



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

7

1. БАЛА (БАЛАЛАР) ТУУ (АСЫРАУ) 

ЖАҒДАЙЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК 

ТӨЛЕМДЕРДІ АЛУ БОЙЫНША 

МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАС ОТБАСЫҒА 

КӨРСЕТЕТІН ҚОЛДАУЫ

Жас отбасыларға арналған қандай әлеуметтік 

көмек түрлері бар?

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы 

Қазақстанды  адамның  еркін  дамуы  мен 

жоғары  деңгейдегі  өмірін  қамтамасыз  ететін 

әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Осы 

саясатқа  сәйкес  азаматтардың  еңбегі  мен 

денсаулығы (оның ішінде мүгедектер мен қарт 

адамдардың)  сақталып,  отбасы  мен  аналарға 

мемлекеттік  қолдау  көрсетіліп,  әлеуметтік 

қызмет  жүйесі  дамып,  әлеуметтік  қорғалудың 

басқа да кепілдіктері ұсынылуда.

Қолжетімді  баспананы  сатып  алу  — 



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

МЕМЛЕКЕТ 

ҚАРЖЫСЫНАН 

АҚША ТҮРІНДЕГІ 

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ 

КӨРСЕТУЛЕР

ХАЛЫҚТЫҢ 

ҚАРЖЫСЫНА

1 сурет. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік 

қолдау 

Міндетті әлеуметтік 



сақтандыру

Жалпы әлеуметтік 

қызмет көрсетулер

Арнайы әлеуметтік 

қызмет көрсетулер

Республикалық 

бюджеттер

Жергілікті бюджеттен

Жинақтық зейнетақы

қоры


Еркін 

сақтандыру



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

8

мемлекеттік қызмет бағыттарының бір тармағы 



ғана. Одан бөлек әлеуметтік қолдаудың басқа 

да түрлері бар:

Кәмелетке толмаған балаға ай 

сайын жәрдемақы беру — табысы 

өмір сүрудің шектік белгісінен 

төмен отбасылар үшін 

Жалғыз басты ата аналарға 

арналған жәрдемақыларды 

жоғарылату

Екі жасқа дейінгі балаларға 

арналған тегін сүтпен 

қамтамасыз ететін ас үй

Жеті жас және одан да кіші 

балалардың қоғамдық көлікте 

тегін жүруі және мәдени білім 

беру мекемелеріне тегін қатысу 

(мұражай, театр, көрмелер)  

2 сурет. Әлеуметтік қолдаудың басқа 

шаралары

Қазақстан  Республикасының  «Балалары  бар 

отбасыларға  мемлекеттік  жәрдемақы  беру 

туралы» заңы және «Еңбек туралы» заңның 66 

бабына сәйкес Қазақстанда осы жылға баланың 

туылуына  байланысты  бір  реттік  жәрдемақы 

мен  баланың  бір  жасқа  дейінгі  күтіміне  ай 

сайынғы жәрдемақы беру қарастырылған.

Егер  нәрестенің  анасы  (анасы  болмаған 

жағдайында  әкесі)  жұмыс  істемесе  жүктілік 

пен  бала  туу  үшін  мемлекеттік  жәрдемақы 

беріледі.  Баланың  туылу  кезінде  баланың 

ата  анасы  жұмыс  істесе  де,  істемесе  да  тиісті 

құжаттарымен  баланың  туылуына  қатысты 

мемлекеттік  бюджеттен  төленетін  «Бір  жолғы 

мемлекеттік  жәрдемақсын»  тағайындауды 

талап ете алады. 

Бір  жолғы  мемлекеттік  жәрдемақының 

мөлшері: 2016 жылы Қазақстандағы бір айлық 

есептік көрсеткіш 2121 теңгені құрайды [5].

•  Бірінші,  екінші  және  үшінші  балаға  -  31.41 

АЕК; 31.41 х 2121= 66620.61теңге.

•  Төртінші  және  кейінгі  балаға  –  52.35  АЕК; 

52.35  х  2121=  111034.35  теңге.  Бала  туылған 

кезде  берілетін  әлеуметтік  жәрдемақы  тиісті 

құжаттарды  ұсынған  сәттен  бастап  он  күн 

ішінде беріледі. 

• Жәрдемақыны алу үшін қажетті құжаттар:

• куәлік

• ЖСН;


• үй кітабы;

БАЛА ТУУҒА БАЙЛАНЫСТЫ 

ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

3 сурет. Бала тууға байланысты жас отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету

Баланы туу мен тәрбиелеуге бөлінетін 

кепілді ақшалай төлемдер 

(балаларды тәрбиелеп жатқан 

отбасыларға мемлекеттік 

жәрдемақылардың жүйесі)

Бір жасқа толмаған балаға қарау үшін 

берілетін демалыс бойы бір реттік 

жәрдемақы

Балаға ай сайын жәрдемақы алу 

Аз қамтылған отбасылардағы екі жасқа 

толмаған балаларды жастық 

физиологиялық нормаларға сәйкес тегін 

тамақтандыру 

Ата аналар мен балаларға 

еңбектік, салықтық, баспаналық, 

медициналық және басқа да 

жеңілдіктер жасау


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

9

отбасы  болса  әр  баланың  куәлігін  көрсету 



керек).

Әйел адам жұмыс істеген жағдайда

1. Жүктілік пен босануға әлеуметтік төлемдер 

беріледі. Қазақстан Республикасының міндетті 

әлеуметтік сақтандыру туралы заңы бойынша 

еңбек  келісім  шарты  бойынша  жұмыс  істеп 

жүрген  әйелге  жүктілік  пен  босану  (босану 

жәрдемақысы) бойынша бір жолғы әлеуметтік 

төлем Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік 

қорынан  беріледі.  Бұл  жағдайда  еңбекке 

жарамсыздық  парағы  берілгенге  дейін 

ақырғы  12  ай  ішінде  ай  сайынғы  әлеуметтік 

аударымдар жүріп тұруы тиіс. Жәрдемақының 

мөлшері  табыстың  орташа  айлық  мөлшерін 

тиісті  коэффициентке  көбейту  арқылы 

шығарылады.  Табыстың  орташа  айлық 

көрсеткіші:  әрбір  айға  берілген  табыс  сомасы 

жұмыс  істеген  айлар  санына  бөлінеді.  Бір 

жолғы  төлем  беру  жағдайында  табыстың 

орташа  айлық  мөлшері  келесі  жолмен 

анықталады:  он  екі  айда  жиналған  табыстың 

сомасы,  еңбекке  жарамсыздық  қағазы 

берілген айды қоса есептегенде, 12-ге бөлінеді. 

•  карточкалық  есеп  шот  немесе  дербес 

шоттың номері. 

Барлық 


құжаттар, 

көшірмелері 

мен 

түпнұсқалары  қалалық  Жәрдемақыларды 



төлеудің мемлекеттік ортылығымен беріледі. 

Бір  жасқа  толмаған  бала  күтіміне  берілетін 

ай  сайынғы  жәрдемақы.  Егер  баланың  анасы 

немесе  әкесі  жұмыс  істемеген  жағдайда 

Қазақстанда  мемлекеттік  бюджет  есебінен 

ай  сайынғы  ақша  төлемдерін  беру  тәжірибесі 

қарастырылған.  Ақша  бала  туылғаннан  кейін, 

яғни баланың туылу туралы куәлігінің негізінде 

аударылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет