Зерттеу жұмысының мақсаты:Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру
Зерттеу міндеттері: “Құндылық”,“рухани құндылық”, “Жалпы адамзаттық құндылық” ұғымдарының ғылыми–теориялық мәнін, әлеуметтік– педагогикалық маңызын ашып көрсету.
- рухани құндылық мазмұнына сипаттама беру;
-жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
-жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың модульдік технологиясын жасап, оның тиімділігін тәжрибелік педагогикалық эксперимент арқылы көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері анықталса, сонда ғана өркениетті ортада жастардың рухани құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндіктері артып, қойылып отырған қазіргі заман талаптары жүзеге асады.
1 ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қазіргі жастарды рухани құндылықтар негізінде әлеуметтендіру
ХХ -ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда.
Жастарға рухани–адамгершілік тәрбие беру – қазіргі қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, өйткені, біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдік фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.
Әрбір қоғам алдына қойған мақсаты - сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл–парасаты мол мәдени ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу.
Ендеше жаңа дәуірде жаңашыл адамды қалыптастыру қажеттілігі туып отыр. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибелерімізге, бай мұраларымызға талдау жасалып, жіктеліп ойларымыз қорытылып, нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу өмір талабы.
Заман ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет- халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы-өзге елді де, өз елін де сыйлайтын жан -жақты азамат қалыптастыру қоғамның басты міндеті.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз - өзінің өміріндегі орынын жауапкершілігін түсініп, өзін- өзі жетілдіру. Қазақ даласының ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Б. Баласағұн, М. Қашқари, ғұлама ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, ХХ-ғасырдың бірінші жартысындағы педагог ағартушылар тобы М. Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев , М .Дулатов , А.Байтұрсынов, С.Торайғыров ұлттық құндылықтарының негізін қарастырған.
Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамыту, жетілдіру.
Қазіргі уақытта халқымыздың әдет–ғұрып салт-сана дәстүр, рухани және мәдениет мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру жөнінде Президентіміз ұдайы айтады. Бұл орайда іске асырылып жатқан нақты іс-шаралар баршылық болғанмен тоқмейілсуге әлі ерте. Егер жастарға ең алдымен саналы тәрбие керек десек, оны түбегейлі қалыптастыратын тағы да сол ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер ғана болмақ.
Біз зерттеу барысында қарастырып отырған мәселелерінің теориялық әдіснамалық негізін дәлелдеу мақсатында ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы “құндылық”, “рухани құндылық”, “адамгершілік құндылық”, “жалпы азаматтық құндылық” ұғымдардың өзара байланысына, олардың анықтамаларына, құрастырылған жүйелерге мазмұндық сипаттама беруге талпындық.
Сондықтан құндылықтарға теориялық тұрғыдан талдауды өзекті мәселесі деп қарастырамыз. Осыған орай, біз зерттеу тақырыбына байланысты аксиологиялық теориясына сүйендік. Бұл мәселені құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде “ахіс” – құндылық және “Іоgоs” – ілім) қарастырады. Аксиология-құндылықтар жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтың әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлғаның құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім деп түсіндіріледі.
1.2. Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдары
Жастарды рухани дүниесі бай, ой парасаты кемелденген, бойында адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттері дарыған, жан-жақты дамыған білімді де мәдениетті етіп тәрбиелеу қазіргі кезеңдегі ең келелі мәселе. Жалпы парасатты тұлға рухани құндылығымыздың бет бейнесі. Парасат- жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жйынтық ұғым. Әдетте, бұл сөз тілімізде ақыл,пайым сөздерімен қосарлана, қос сөз жасайтын ақыл-парасат, парасат-пайым түрінде айтылады. Соған байланысты терминологиямызда парасат сөзі орыстың разум атауының орнына алынып жүргенімен, олардың мағыналары барлық уақытта бірдей бір-біріне сәйкес келе бермейді. Парасат ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Француз философы Г.Мабли (1709-1785), “Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі-парасат”, - дейді. Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілігі жағынан кінаратсыздық, салиқалықпен мейірімділік, ізгілікпен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәндеде қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек, шәмкес, шәлкес мінезді адамдарды парасатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді.
Мынау сан құбылып, кейде алай-дүлей, бұрқ-сарқ қайнап жататын тіршілікте адамның парасат биігінде қалуы үшін,ақыл мен мінезге қоса, үлкен ерік-жігер керек. Даналардың тұжырымдауынша,ақыл-парасаттылық мынадай он нәрседен: біріншіден, адамдарға кіші пейіл һәм нәзік сезімталдықпен қараудан; екіншіден, өзінің кім екенін біліп,соған орай әрект жасаудан; үшіншіден, өзінің және басқаның сырын сақтаудан; төртіншіден, қатесін бірден мойындап кешірім сұраудан; бесіншіден, біреудің ісіне араласпаудан, басыңа пайдасы жоқ сөзді сөйлемеуден тұрады. Адам парасатты болу үшін,сондай-ақ терең ілім-білім болу керек.Білім адамды надандық тұмшалаған қараңғы қапастан жарық, кең әлемге алып шығады. Бұл жағынан алғанда, ақыл парасаттың өзі білім-миуа ағашының жемісі іспеттес. Білім парасаттың ішкінәрі, сыртқы шырай, әрі деуге болады. Оның жемісі–көптің игілігі, оның жарығы айналасына түседі, оның нәрі қайырымдылық, қамқорлық тамырлары арқылы төңірегіне тарайды, оның биікте мығым діні, яғни әулетті тұлғасы-көптің сүйеніші. Білім әрине, тек басқаларға үйрету үшін қажет емес, қызығын иесі көрмеген білімнің мәні болмайды. Сондықтан шығар, бұрынғының ақылмандары; “Адам білім мен дәулетін әуелі өзі пайдаланып, содан кейін басқаларға үлестіріп беруі керек” дейді екен. Парасатты адам әрқашан да алды-артын бағамдап алып, әрекет жасайды. Қолға алған ісінің ақыры қалай аяқталатынын, сөйлеген сөзінің түбі неге соғатынын ойлап болжап алады. Яғни, тәмсіл сөзде айтылатындай, кірер есігін ғана емес, шығар есігін де біліп алып табалдырықтарын содан кейін аттайды. Парасатты адам тарих тағылымын, ата-бабалардан қалған өмір сабақтарын, жол-жосынды,үлгі-өнегені зердесіне ұстап,өз кезінің ерекшеліктерін ескере отырып, пайдаланады.Ол әрқашан өзінің іс-қылығына сын көзбен қарап, өзім білермендіктен сақтанады.Білімді парасатты адамға тән ерекше қасиет-зиянды нәрсенің өзінен пайдалы сабақ ала білу,яғни пайымшылдық жасампаздық. Парасатты кісі жанына қанша ауыр тисе де, өз қатесін еркін мойындап, қисығын түзеп, теріс жолдан қайта біледі.Тек жетесіз,тәрбиесіз адамдар ғана тоң мойындық жасап, өзін-өзі тексермейді,өмір бойы қатесіне қате жамап, адасқан үстіне адаса береді. Осы орайда орыстың ұлы суреткері Л.Н.Толстой “Даналық білмеуден қорықпайды, күдіктенуден, еңбектен, зерттеуден қорықпайды, бір ғана нәрседен-білмейтінін білем деуден қорқады”, - дейді. Бұл яғни аса мол білім-білікке ие бола отырып, болдым-толдым демеу-парасаттылықты басты белгілерінің бірі. Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жастардың тәрбиесімен тығыз байланыста.Сондықтанда жастарды тәрбиелеу ісінде оларды рухани дамытуға баса назар аударғанымыз жөн. Радио мен телеарналарда біраз ұлттық болмысымызға сай бағдарламалардың жүргізілуін үлкен игіліктің бастауы деп санауға болады. Мәселен “Мың бір мақал жүз бір жұмбақ”, “Күлтөбе”, “Дода”, “Тіл т.б. бағдарламалардың тәлім-тәрбиелік құндылығы өте зор. Жастардың бүгінгі таңдағы өміріне қатысты ең өзекті мәселе-ол олардың бос уақыттарын дұрыс пайдалана білмеу мәселесі болып отыр. Жастардың бос уақыттарын дұрыс пайдалана білмеу басты өзекті бола түсуде.Бос уақыттың қаншалықты қызықты өтуі үйренуге, шығармашылық мазмұндағы ізденіске,дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталса, ол денені жетілдіруге ғана емес сонымен бірге рухани баюға да мұрындық болады. Жастардың бос уақытының сипаты оның оқуы мен өндірістік қызметіндегі мүделеріне байланысты болуы керек.Егер жас адам енжар,ешқандай ақыл-ой және іс-қимымылын жұмсаусыз демалыс күннің негізгі уақытын теледидар алдында өткізіп,уақытты босқа өткізуге салынса,оның еңбектегі белсендігі де азаяды.Жастардың бос уақытын дұрыс пайдалана білу өндірістік қызмет кезіне істерімен байланысты жүргізілсе тұлғаны сипаттайтын моральдық, рухани және физикалық сапалардың да сапалығы арта түседі.Жастарға оқу, махаббат,бос уақыт т.б. мейлінше қызықты.” Сондықтан жастардың уақыт тынысын нәзік сезінуге қабілеттілігіне таң қалуға болмайды. Жеке адамның рухани адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Рухани адамгершілік мәселесіндегі ең басты мәселе ол тұлғаны құрметтеу.
Ұлт тағдыры білімге байланысты болған соң, ең алдымен,білім берудің ұлттық моделін жасаумыз қажет.Бұл мәселеге неге сонша үлкен мән беріп отырмыз? Оның себебі, біз әлі жоғары білімнің ұлттық жүйесін қалыптастырып үлгермеген елміз.Сондықтан да білім саласына да көп көңіл бөлгеніміз жөн.
“Ұлтты жою үшін ең алдымен оның жастарын аздыру керек”- дейді екен батыстың саясатшылары. Ендеше біздің алдымызға қойған ең алғашқы шарт білім және тәрбие саласынағы ұлттық тәрбие ісін мемлекеттік деңгейге көтеру болып отыр. Ал біліммен тәрбиенің түпкі мақсаты- ұлтымыздың рухани өмірін сақтап қана қоймай оны байытып, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихи құндылықтарын, әсіресе сана-сезімін қазіргі адамзат өркениетінің биігіне көтеру қажет. Осындай біліммен тәрбиені жастардың бойына ұялату керек.
Әдептілік,имандылық,мейірімділік,қайырымдылық ізеттілік,құндылықтары қалыптасқан халқымыздың абыройлы қасиеттері жастардың ақыл парасатына азық ете білу үшін әрбір ұстаз, әдет-ғұрыптарды, білумен қатар өз бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген рухани таза адам болуы керек.Ол адамгершілік – рухани тағылымдары өркениетті өмірмен байланыстыра отырып,білім беруде оны негізге алғанымыз қалағанымыз жөн.
Қазір көп шулап айтып жүрген технология талаптары да білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттай беру ісі болып отыр. Адамның “Мен” деген менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану, өмірден өз орнын таба білуге баулу мәселелерінің маңызы ерекше. Жеке тұлға, индивид туралы ғалымдар ізденісіне назар аударсақ, мына мәселелерге ерекше көңіл бөлуге болады. Қазіргі педагогика баланы оқу тәрбие ісінде субьекті ретінде қарастырды. Ол өзін-өзі тануға, өзін- өзі дамытуға мақсатты түрде ұмтылуы керек. Ал жеке тұлға бойында рухани құндылық тәрбиелеу жайлы Эльконин, Давыдов, Платоновтар ізденісі баршамызға аян. Олар әрбір жеке тұлғада шыққан тегіндегі қасиеттердің болуымен қатар, олардың жан- жақты мәдени жағынан дамуы жайлы айтып кеткен. Ғалымдар пікіріне сүйенсек, дарынсыз, мүлде қабілетсіз адам болмайды. Сол қабілеттің көзін ашу, оны ары қарай дамыту әрбір ұстазыдың қасиетті борышы. Жалпы оқытушылар эстетикалық сезімі жетілген, рухани құндылық тәрбиелеудің қайнар көзі десек қателеспейміз. Тек қана оңтайлы технологияда іздену жүйесімен жұмыс істеу ұстазды осы мақсат биігіне жеткізбек.