Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет3/4
Дата26.04.2023
өлшемі65,84 Kb.
#87197
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан жастарының құндылықтары.Баяндама

ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикадағы, саяси - әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы орайда қоғамның келешегі жастар болғандықтан,оларды тәрбиелеу мәселесі бүгінде бірінші кезектегі мәселе болуға тиіс.
Жастар тәлім тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, ұстаздардан насихат жолымен емес, шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы да
осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп өзін-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Қарапайым мысал, аңшының қолында қаруы болмаса басқа құрал-жабдығы жоқ болса, ол аң атып аулай алмайды. Нағыз құралайды көзге атқан аңшы болу үшін алдымен қару болуы қажет. Сол сияқты адам нағыз рухани сауатты да, салауатты боллуы үшін оның жадында рухани ілімнің ірге тасы берік қаланып, одан іс алатын жағдай болуы керек. Рухани ілімді жай ғана біліп, онымен таныс болу ешнәрсеге жарамайды. Аңшының қолында қаруы жоқ болып алднан аң кездессе оны аулай алмайды. Сол сияқты адам жадында сақталып тұрмаған рухани ілімнен тәрбие алу мүмкін емес. Топыраққа тастаған дәннің өсіп шығып, жайқалып өсіп шығып, гүлдеп, түйін байлап, жеміс беруі үшін, оған үздіксіз күтім керек. Түбінің кеуіп кетпей арам шөптен шырматылып қалмауы үшін, қайта-қайта тазартылып отыруы тиіс. Сол сияқты санаға егілген рухани дәндерінің жемісін көру үшін сан мәрте сараптап отыру қажет. Ол жүректің түбіне жеткенде ғана өзінің жемісін бере бастайды.
Осы орайда, біздің зерттеуіміз жастар бойында рухани құндылықты қалыптастыру мәселесі төңірегінде болып отыр.
Көптеген педагогикалық психологиялық,халықтық әдебиеттерге талдау жасай отырып біздің тәжірибе жұмысымыздың нәтижесіне сүйене отырып,жастардың бойына рухани құндылықтарды қалыптастырудың маңызы зор деп есептейміз.
Жас ұрпақтың дүние танымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, зерделеу болса, өмірлік мақсат-мүдеден де солай маңызды.Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яғни азаматтығымызды алып, көк туымыз көтерілуі,ұлттың дамуына, өркендеуіне бөгеу жоқ дегенмен түсіндіріледі.
Жастардың рухани құндылықтарын қалыптастыру мәселесіне жан-жақты көңіл бөлінбесе, жастар ата тегін,руын,жеті атасын білмеуден қалуы мүмкін. Сондықтанда “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дейді. Жастар тәрбиесінен ешкім де бейтарап қалуға тиісті емес. Себебі ол келер қоғамның бет бейнесін айқындайтын күрделі, аса маңызды іс. Қорыта келе айтарымыз,біздің мақсатымыз интелектуальды ,парасатты, тарихи әлеуметтік-эконмикалық ахуалды терең танитын егеменді елдің саналы азаматын тәрбиелеу болмақ.
Білім берумен қатар жастардың бойына жақсылықтың дәнін себу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет