2.4. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына:
1) объектілік белгісі бойынша құқықтық кадастрдан тіркелген құқықтар туралы ақпарат беру;
2) кепіл шарттары негізінде ауыртпалықтарды электрондық тіркеу;
3) кепіл шарттары бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарттары негізінде кепіл ұстаушылар құқықтарының өтуін электрондық тіркеу;
4) кондоминиум объектісін электрондық тіркеу және тіркеу мерзімін қысқарту;
5) құқық иеленушінің деректері және жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы өзгерген кезде мемлекеттік тіркеуге өтініш берудің күшін жою;
6) тіркеуші органның иесіз тұрғын үй ретінде жылдан астам есепте тұрған жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мәліметтерді жергілікті атқарушы органдарға жіберуі;
7) жылжымайтын мүлікке құқықтардың тоқтатылуын тіркеуге өтініш беру мерзімін белгілеу;
8) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге ұсынылатын құжаттар тізбесінен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ-та болатын құжаттарды алып тастау;
9) сот орындаушылары салған ауыртпалықтар болған кезде сот актілерін орындау бойынша өткізілетін сауда-саттықта сатып алынған мүлікке меншік құқығын тіркеу міндеті;
10) нотариустар беретін құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқаларын электрондық тіркеу;
11) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру кезінде тіркеуші органның өзі жол берген бұзушылықтар үшін, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіндегі жазбалардың уақтылығы мен анықтығы үшін жауапкершілігін белгілеу;
12) тіркеуші органның өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін залалдарды өтеу тетігін енгізу;
13) өтініш беру кезінде және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі түскен кезде мемлекеттік тіркеу сәтін айқындауға қатысты Заңның 7-бабындағы қайшылықты жою;
14) жылжымайтын мүлікті құқыққа сыйымсыз иеліктен шығаруға жол бермеу мақсаттарында, меншік иесін әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, қорғаншылықтағы меншік иелері туралы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған меншік иелері туралы мәліметтерді жылжымайтын мүлік тіркеліміне енгізу;
15) сот, құқық қорғау, салық органдарының, сот орындаушыларының және басқалардың ақпараттық жүйелеріндегі құжаттар негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтық ауыртпалықтарды электрондық тіркеуді енгізу;
16) тіркеуші органға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде сот актілерінің базасымен міндетті түрде салыстырып-тексеруді жүзеге асыру қажеттігі туралы міндетті жүктеу;
17) мәміле жасаған тұлғалардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолдарының төлнұсқалығын, олардың әрекетке қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ нотариус куәландырмаған мәмілелер бойынша олардың ерікті түрде жасалғанын тексеру тәртібін заңнамалық тұрғыдан белгілеу және осындай әрекеттерді жасау кезінде аудио және бейне тіркеу бөлігінде.